Автор: Асылхан Бөрібай

Жер телімдері

Астанада өткен ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлерінің II форумында президент Тоқаев жер мәселесін реттеуге қатысты бірқатар тапсырма берді деп жазады Ertenmedia. Президент бұған дейін пайдаланылмай, заңсыз иемденген жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтаруды тапсырған еді. Мемлекет басшысының айтуынша, осы тапсырма аясында 2022 жылдан бері мемлекетке 14 миллион гектардан астам ауылшаруашылық жерлері қайтарылған. «Жер халықтың игілігі. Жер телімдері еңбек етемін деген, шаруашылық жүргізуге ниетті азаматтарға берілуі тиіс екенін бірнеше рет айттым. Өкінішке қарай, бұл жұмыс өте баяу жүріп жатыр. Сондықтан биылғы Жолдауда келесі жылдың ортасына дейін мемлекетке қайтарылған барлық жерлерді толықтай айналымға енгізуді тапсырдым. Әкімдіктер ұсынған жоспар қағаз жүзінде қалмауы керек. Ең басты…

Толық оқу

Жұма күні өткен XIII Қазақстан қаржыгерлер конгресінде Halyk Bank басшысы Үміт Шаяхметова банк саласының ел экономикасының цифрлық трансформациясына қалай қатысып жатқанына тоқталды деп жазады шараға қатысқан Ertenmedia тілшісі. Шаяхметованың айтуынша, бүгінде банк секторы Қазақстан экономикасының ең қарқынды дамып жатқан әрі цифрландырудың көшбасшысы саналатын бағытының бірі. Соңғы уақытта жиі айтылатын «дәстүрлі банктердің орнын IT-компаниялар мен финтех-компаниялар басады» деген болжам шындыққа жанаспайды. Керісінше, классикалық банктердің цифрлық технологияға салған инвестициясы мен жаңа бағыттарға тез бейімделуі арқасында олардың нарықтағы орны нығая түскен. «Қазір банктер тек несие берумен шектелмейді, олар цифрлық жобаларға да белсенді инвестиция салуда. Төлем жүйелері, активтерді сақтау мен басқарудан бастап, компанияларға арналған…

Толық оқу
жастар алаяқтар

Қазіргі интернет кеңістігіндегі алаяқтық пен заңбұзушылықтың жаңа түрлері пайда болып жатқан кезде, жастардың ақпараттық сауаттылығын арттыру және оларды онлайн қауіптерден қорғау – құқық қорғау органдарының басты міндеттерінің бірі, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Атырау облысы  әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Осы мақсатта Атырау облысы полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қатысуымен Дінмұхаммед Қонаев атындағы Binom мектеп-лицейінде кездесу өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың, соның ішінде интернет-алаяқтықтың алдын алу және киберқауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру. Кездесуге Атырау облысы полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны Дәурен Мұханбеталиев қатысып, оқушыларға елімізде жиі кездесетін интернет-алаяқтық түрлері туралы жан-жақты ақпарат берді.…

Толық оқу
Тасмағамбетов ОДКБ

Иманғали Тасмағамбетов украиналық «Миротворец» сайтының «қара тізіміне» енді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Украинадағы қақтығыс басталғалы бері Ресейдің әскери әрекетін қолдағандарды әшкерелеп жүрген «Миротворец» сайты бұл жолы ҰҚШҰ-ның бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовке айып тақты. Украиндар Тасмағамбетовті «соғысты насихаттап, Кремль агрессиясын қолдады» деп айыптап отыр. Сайт авторларының жазуынша, Тасмағамбетов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы ретінде ұйымға мүше елдердің әскерін Мәскеуге көмек ретінде Киевке жіберуге дайын болған. «Тасмағамбетов Ресейдің Украинаға жасаған зымыран шабуылдарын ақтап сөйлеген. Сондай-ақ ол Батыстың Киевке қару жеткізуіне қарсы шығып, ресейлік агрессияны толық қолдап келеді. Бұған қоса, Выборг кеме жасау зауытының акционері және КамАЗ-дың директорлар кеңесінің мүшесі», – делінген…

Толық оқу
Жол жөндеу

«Алматы-Өскемен» күрежолының бойында орналасқан Сарқан ауданында жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі биыл 73%-ға жеткізіледі, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Сарқан ауданының әкімі Ғалымжан Маманбаевтың Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингідегі мәліметтеріне қарағанда, «Алматы-Өскемен» автомобиль жолының Сарқан ауданын басып өтетін 325-410 шақырымдық учаскесіндегі негізгі құрылыс -монтаждау жұмыстары толық аяқталған. Алмалы, Абай, Бақалы, Қойлық, Қарабөгет ауылдарына кіреберіс жолдар жарықтандырылып, жол жиектерін қоршау жұмыстары бітуге таяды. Жол таңбаларын салу, жол белгілерін орнату, трассаны кешенді абаттандыру және пайдалануға беру келесі жылға жоспарланып отыр. Ол сөз сөзінде облыстық маңызы бар жолдар «Лепсі-Төлебаев-Құрақсу-Матай» жолындағы көпір күрделі жөндеуден өткізіліп, қолданысқа берілгенін…

Толық оқу
Алматы туризм

Алматы қаласында 2025 жылы қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша туристік саладағы негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 113,2 млрд теңгеге жетті. Бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 47,4% көп, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   2025 жылы бірінші жартыжылдықта саланың жалпы қосылған құны 559,3 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың алты айымен салыстырғанда екі есе жоғары әрі туристік сектордың экономикалық маңыздылығы артып келе жатқанын көрсетеді. Қаладағы орналастыру нарығында да айтарлықтай өзгеріс бар. Алматыдағы нөмірлік қор 12 552 нөмір (өсім 8%), 377 орналастыру орны жұмыс істейді, бір мезетте 22 768 адам қабылдай алады. 2025 жылдың басынан бері…

Толық оқу

Арыс қаласының Тараз мөлтек ауданында жаңа №2 «Келешек мектебі» өз жұмысын бастады. Заманауи білім ордасының ашылуы қаладағы үш мектептегі орын тапшылығы мен жүктемені азайтып, оқушылар мен ата-аналардың көптен күткен мәселесін шешті, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Мектеп директоры Талғат Сағатұлының айтуынша, жаңа нысан Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асқан «Келешек мектептері» бағдарламасы аясында бой көтеріп, биыл жаңа оқу жылының басында пайдалануға берілген. – Жаңа №2 «Келешек мектебінің» ашылуы Арыс қаласындағы үш білім ошағында қордаланған негізгі мәселені толық шешті. Бұған дейін Нұрсая мөлтек ауданындағы И.Журба атындағы мектепте, Ақдала ауылындағы С.Ерубаев атындағы мектепте 1100-ден аса оқушының…

Толық оқу
Kazakhstan

8-9 қараша күндері Италиядағы әйгілі Marco Simoncelli автодромында өткен финалдық бәсекеде қазақ команда тарихи жетістікке қол жеткізді. ArtLine Kazakhstan командасы үшін Lamborghini Super Trofeo жарысының 2025 маусымы тек жеңіс ғана емес, тұтас бір дәуірдің қорытындысы болды, деп жазады Ertenmedia.kz. Бірінші жарыста жеңіске жеткен ArtLine Kazakhstan финалдың кіл мықтыларына қарсы сенімді шабуыл жасап, алтын кубок жолындағы басты фаворитке айналды. Екінші жарыста жарыстың алғашқы кезеңін бастаған Егор Оруджев таза әрі дәл жүргізумен көзге түсіп, командаға жүлделі үштіктен түспеуге жол ашты. Ал шешуші сәтте трассаға шыққан Шота Абхазава өз шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеп, команда көлігін екінші орынға дейін алып шықты. Осылайша қос…

Толық оқу
Мұнай өңдеу алаңы

Қазақстан өз өңдеу өнеркәсібін дамытуға және тұрақты өндірістер құруға нақты қадамдар жасап отыр. Елдің бұл стратегиялық бағыты тек қана өндірісті көбейтуге емес, сонымен қатар экономикалық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған бизнеске көрсетілетін қолдау және жеке инвестицияларды біріктіру. Бұл үйлесім Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетін жаңа деңгейге көтеріп, ішкі нарықты қамтамасыз етіп қана қоймай, елдің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Осындай жүйелі әрекеттер Қазақстанды тек шикізатқа тәуелді елден технологиялық, өндірістік қуаты мықты мемлекетке айналдырудың кепілі болып отыр, деп жазады Ertenmedia.kz.  Өнеркәсіпті дамытуға қаржылық мүмкіндіктер Өнеркәсіпті дамыту қаржыландыруға қол жеткізусіз мүмкін емес. 2025 жылы «Бәйтерек» холдингі 1 трлн теңгеге дейін қосымша капиталдандырылып, бизнес пен жобаларды қолдаудың жалпы…

Толық оқу
Фотосуретті түсірген Жеңіс Ысқабай

Қазақстандағы еңбек нарығы 2025 жылдың соңына қарай бірқалыпты тұрақтылық көрсетіп отыр. Enbek.kz порталында қазан айында 132 мың бос жұмыс орны жарияланғанына қарамастан, сұраныс сәл төмендеп, жұмыс берушілер мен ізденушілер тарапынан белсенділік біршама бәсеңдеген. Дегенмен негізгі үрдістер сақталып, еңбек нарығындағы теңгерім бұзылған жоқ, деп жазады Ertenmedia.kz. Білім беру саласы жұмыспен қамтудың негізгі драйвері Қазан айында бос жұмыс орындарының басым бөлігі білім беру саласына тиесілі болды 41,1 мың немесе барлық ұсыныстың 31%-ы. Одан кейін қызмет көрсету саласы (17,5 мың) және денсаулық сақтау мен әлеуметтік қорғау (11,7 мың) орналасқан. Яғни, бұл үш сала барлық бос жұмыс орындарының шамамен жартысын құрап, әлеуметтік бағыттағы сектордың…

Толық оқу