Жуырда І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенті Әлихан Әскербай Манама қаласында өткен ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында өнер көрсетіп, екі рет әлем рекордын жаңартты, деп жазады Ertenmedia.kz. Ол жұлқа көтеруде 144 келі, ал серпе көтеруде 172 келіні еңсерді. Екі нәтиже де жасөспірімдер арасында әлем рекорды болып тіркелді. 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, алтыннан алқа таққан Әлихан Әскербайды бүгін Басқарма Төрағасы-Ректор Ермек Бөрібаев құттықтап, Жетісу университетінде тегін білім алуы үшін грант серификатын табыстады. – Білім ордасында еліміздің мерейін үстем еткен Әлихандай спортшы студент барына мақтанамыз. Қазақстанның көк байрағын әлемдік ареналарда желбіретіп, абыройын асқақтатты. Өзі білім алып жатқан университетінің имиджін…
Автор: Асылхан Бөрібай
Көп адамның жүрегіне жылу сыйлайтын шаралар сирек ұйымдастырылады. Әсіресе баланың ішкі әлеміне сәуле шашатын мәдени алаңдар шын мәнінде қоғамның тынысына айнала бастайды. Алматыда өтетін «Әлемнің дыбыстары» халықаралық фестивалі дәл сондай рухани кеңістікті қалыптастыруға бағытталған, деп жазады Ertenmedia.kz. Есту қабілетінде іркілісі бар балалардың шығармашылыққа қадам басуы, сахнаға шығуы, өз үнін қоғамға жеткізуі ұзақ еңбектің нәтижесі. Осындай балалардың өмірінде әр дыбыс жаңа бетбұрысқа жол ашады. Сол бетбұрыстың алғышарты кохлеарлық имплантация арқылы жасалды, ал фестиваль осы еңбектің жалғасы сияқты әсер қалдырады. Фестивальдің ауқымы жыл сайын кеңейіп келеді. Қазақстанның әр өңірінен жиналған балаларға шетелден келген жас таланттар қосылады. Бұл үрдіс халықаралық тәжірибеде бар. Еуропада…
Бүгінгі жаһандық жағдайда экономикалық тұрақтылық – ел дамуының басты кепілі. Бұл ұғым тек макроэкономикалық көрсеткіштермен шектелмейді. Тұрақты экономика – халықтың тұрмыс деңгейі мен жалақысының тұрақтылығы, кәсіпкерліктің дамуы, мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін уақытында орындауы деген сөз. Әлемде орын алып жатқан түрлі саяси, қаржылық және экологиялық өзгерістерге қарамастан, мемлекеттердің экономикалық беріктігі олардың ішкі әлеуетіне, яғни үш негізгі факторға – қаржы тұрақтылығына, экономикалық әртараптандыруға және адам капиталына байланысты қалыптасады, деп жазады Ertenmedia.kz. Қаржылық және бюджеттік тұрақтылық – елдің берік іргетасы Экономиканың тұрақтылығы ең алдымен ұлттық қаржы жүйесінің сенімділігімен өлшенеді. Яғни мемлекет табысын тиімді жұмсап, бюджеттің тепе-теңдігін сақтап отырса ғана дағдарыс кезеңдерінен қорықпай өте…
Жетісу облысында инвестициялық белсенділік жоғары деңгейде. Жыл басынан бері өңір экономикасына 330,3 млрд теңге инвестиция тартылса, соның ішінде шетелдік инвесторлардың тікелей құйған қаражаты шамамен 35 млрд теңгені құрап отыр. Былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда бұл үш есеге жуық жоғары, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазір облыста жалпы құны 2,9 трлн теңге болатын 110 инвестициялық жоба әзірленген. Осы жобалардың нәтижесінде 13 мыңнан астам жұмыс орны пайда болады деп күтілуде. Ірі жобалардың қатарында «Шоғырландырылған тау-кен құрылыс комбинатының» металлургиялық кешенін айтуға болады. Бұл кәсіпорын екі мың адамды жұмыспен қамтымақ. Сонымен бірге, «Қорғас – Шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймағында германиялық «Skyhansa» компаниясымен бірлесіп халықаралық әуежай құрылысы жоспарланған. Әуежайда…
Бүгін Түркістан қаласында Қазақстанның мемлекеттік статистика қызметінің 105 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, сала ардагерлері мен өңірдің статистика органдарының қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мерекелік іс-шара барысында облыс басшысы статистика саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, олардың қоғам мен мемлекеттің дамуына қосып келе жатқан еңбегін жоғары бағалады. – Бүгін біз Қазақстанның мемлекеттік статистика қызметінің 105 жылдық мерейтойын атап өтудеміз. Осы айтулы мерекемен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы биылғы Жолдауында ел дамуының жаңа басымдықтарын айқындады. Цифрлық даму, инвестиция тарту, экономиканы әртараптандыра отырып, шикізаттық сектордан терең өңдеуді дамытуды тапсырды. Осыған сәйкес статистика жүйесі…
Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Исатаев Данияның аквамәдениетке арналған жем өндіру бойынша әлемдік көшбасшыларының бірі Aller Aqua компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында тараптар өңір аумағында балық жемін өндіретін зауыт салу мәселесін талқылады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Кездесуге Aller Aqua компаниясының бас директоры Андерс Биллинг, TMT Group компаниясының құрылтайшысы Марлен Тұрсынәлі және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Серік Сермағамбетов қатысты. Рустам Исатаев өз сөзінде Алматы облысының табиғи және логистикалық мүмкіндіктері мұндай жобаларды жүзеге асыруға қолайлы екенін атап өтті. – Алматы облысына инновациялық технологияларды тарту басым бағыттардың бірі. Aller Aqua компаниясымен әріптестік орнату арқылы біз аквамәдениет саласының өндірістік әлеуетін арттырамыз…
Қаржы саласының мониторингіне қарап отырған адам үшін, Қазақстанyың мемлекеттік қарызы жайлы жаңа деректер ойландырады. Елдің жалпы ішкі өнімге (ЖІӨ) шаққандағы мемлекеттік қарызы қазіргі болжам бойынша шамамен 24-25 % деңгейінде, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл көрсеткіш көп елдердің қарыз деңгейімен салыстырғанда өте төмен, әрі қаржылық тәуекелдер тұрғысынан жағымды позицияны көрсетеді. Бірақ оң жайттармен қатар белгіленбеген мәселелер де бар, сондықтан сараптамалық тұрғыдан қарауды қажет етеді. Алдымен айтарлықтай позитивті жәйтке тоқталайық. Мемлекеттік қарыздың жалпы ЖІӨ-ге шаққандағы деңгейінің 24-25% шамасында болуы қаржылық тұрақтылықтың айғағы. Мысалы, кейбір көршілерімізде қарыз деңгейі әлдеқайда жоғары. Қазақстан үшін бұл жағдай сыртқы шоктарға төтеп беру қабілетін күшейтеді. Халықаралық резервтер мен ұлттық…
Мәжіліс депутаттары ЛҒБТ насихатына тыйым салатын заң жобасын қайта мақұлдады, деп хабарлайды Ertenmedia. Құжат енді Сенаттың қарауына жіберіледі. Бұған дейін қоғамда қызу талқыланып келген бұл норма мұрағат ісі бойынша заңға енгізілген еді. Депутаттардың сөзінше, заң жобасының басты мақсаты жас ұрпақты зиянды ақпараттан қорғап, олардың санасында ЛҒБТ-ны жағымды етіп көрсетуге тосқауыл қою. Заң жобасының авторларының бірі, мәжілісмен Еділ Жаңбыршин бүгін парламент мінберінен ЛҒБТ мәселесін талқылау бірнеше жылдан бері жалғасып келе жатқанын айтып, бұл идеологияның қоғамға жат екенін мәлімдеді. «Бұл топ біздің қасиетті шаңырағымызда тайраңдап, ұлттық құндылықтарымызды аяққа таптады. Ұлттық фольклорда гомосексуализм бар деп тұтас халыққа жала жапты. Олар мектептерге барып, ашық…
Жоғары аудиторлық палатаның тексерісінен кейін ондаған спорт шенеунігі тәртіптік жазаға тартылды, деп хабарлайды Ertenmedia. Палата төрағасы Әлихан Смайыловтың жетекшілігімен өткен аудит барысында Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мен оған бағынысты мекемелерде бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалып, қаржылық есеп жүргізуде көптеген заңсыздық болғаны анықталды. Сондай-ақ мемлекеттік мекемелердегі ішкі бақылаудың нашарлығы сынға алынды. Тексеріс нәтижесінде: «Спортты дамыту дирекциясы», «Республикалық спорт колледжі», «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мектеп-интернат-колледжі», Алматыдағы «Олимпиадаға даярлау орталығы», «Алатау» қысқы спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебінің басшылары мен лауазымды қызметкерлері жауапқа тартылды. Аудиторлардың айтуынша, жауапкершіліктің жоқтығы мен қаржы ашықтығының төмен болуы мемлекеттік спорт бағдарламаларының тиімділігіне кері әсерін…
Президент Тоқаев Мәскеуге Владимир Путиннің шақыруымен мемлекеттік сапармен барды. Екі елдің басшысыы Кремльде ресми келіссөз өткізді деп жазады Ertenmedia. Кездесудегі басты тақырып бұған дейін Ресейдің ресми басылымында жарияланған Тоқаевтың сұхбатында да айтылған еді. Қазақстан президенті Мәскеу сапарын «2025 жылдың ең маңызды саяси оқиғасы» деп бағалады. Тараптар өзара сауда көлемін алдағы уақытта 30 млрд долларға жеткізуге мүдделі екенін мәлімдеді. Сондай-ақ Қазақстанда «Росатом» корпорациясының қатысуымен АЭС салу туралы құжатқа қол қоюға жақын қалғандары белгілі болды. Бұған қоса, елімізде Ресейдің тоғыз университетінің филиалдары ашылғаны айтылды. Тоқаев екі ел арасындағы гуманитарлық байланыс туралы да пікір білдірді. «Орыс тілін қолдауды екі ел арасындағы сенім мен…










