Автор: Асылхан Бөрібай

Отандық

Өңдеуші өнеркәсіптің отандық кәсіпорындарын қолдаудың пәрменді құралдарының бірі реттелетін сатып алуларға қатысуға басым құқық беруден басталады, деп жазады Ertenmedia.kz. Осыған байланысты мемлекеттік сатып алу шеңберінде ұлттық режімнен 4 834 позицияға дейін алып қою белгіленді. Жыл басынан бері 9 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар 399,9 млрд теңге сомасына 140,7 мыңнан астам шарт жасасқан. Ал өткен жылдың осы кезеңінде жалпы сомасы 202,5 млрд теңгеге 109,9 мың шарт жасалыпты. Бүгінде «Самұрық-Қазына» қоры отандық тауар өндірушілерді қолдау сапасын жетілдіруге басымдық беріп отыр. Ағымдағы жылғы қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша 141,6 млрд теңге сомасына 266 офтейк-келісімшарт және 340,1 млрд теңгеге 320 ұзақ мерзімді шарт жасалған. 2024…

Толық оқу
Сирия Трамп

Бұрынғы джихадшы, Хайят Тахрир әш-Шам қозғалысының бұрынғы жетекшісі, бүгінде Сирияның уақытша президенті Ахмед аш-Шараа Ақ үй табалдырығын аттады, деп жазады Ertenmedia.kz. Бір күн бұрын ғана АҚШ Мемлекеттік департаменті оның есімін террористер тізімінен алып тастаған болатын. Бұдан басқа БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі де санкцияны жұмсартты. Бұған дейін ешбір сириялық басшыға мұндай есік ашылмаған-ды. Сол есікті Ахмед аш-Шараа ашты. Ресми Вашингтон Сирияны қайтадан өңірлік ойынға кіргізуді көздеп отыр. Сирияның жаңа басшысы соны дер кезінде түсініп, айтқанға көніп отыр. Аш-Шараа 2010 жылдардың соңында әлемдік ақпараттың басты нысанасына айналып, Әбу Мұхаммед әл-Джулани деген есіммен танылған болатын. Сол кезде Батыс пен БҰҰ оны Сириядағы әл-Каида желісінің…

Толық оқу
Алматы қаласы әкімдігі

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында қала әкімінің орынбасары Нұрлан Әбдірахым әлеуметтік көмектің тек қаржылық емес, сонымен бірге азаматтарды еңбекке тартуға бағытталғанын атап өтті. Соның бірі мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту және бейімдеу мақсатындағы «JOBCOACH» жобасы. Жыл басынан бері мегаполисте 1 620 адам жұмыспен қамту бағдарламаларына қатысқан, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Сонымен қатар, 34 мың қалалық инфрақұрылым нысанын бейімдеу үшін 2030 жылға дейін паспорттау жүргізілуде. Бұл процесті «Цифрлық инклюзия» платформасы арқылы бақылау қамтамасыз етіледі. – Әлеуметтік қызмет көрсету саласында 9 медициналық-әлеуметтік мекеме, 14 үкіметтік емес ұйым және аудандық әкімдіктердің 8 үйде қызмет көрсету бөлімшесі лицензияланған. Жыл сайын 7 мың қызмет алушы…

Толық оқу

Алматыда аз қамтылған және әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек көрсету және арнайы әлеуметтік қызметтер ұсыну жұмысы жалғасып келеді. 2025 жылдың басынан бері әлеуметтік қорғау саласында қала тұрғындарына 21 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде жәрдемақы рәсімдеу, аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету және әлеуметтік қызмет көрсету бар. Бұл туралы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері хабарлады, деп жазады Ertenmedia.kz. Егде жастағы азаматтарға, ерекше қажеттілігі бар адамдарға (оның ішінде балаларға) және қиын өмірлік жағдайда қалған тұлғаларға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуге ерекше көңіл бөлініп отыр. Жыл басынан бері шамамен 9 мың алматылық осындай арнайы әлеуметтік қызметтерді пайдаланды. Көмек…

Толық оқу

Қазіргі заманда спорт әлеуметтік әділдіктің жаңа формасына айналуда. Бұл үрдіс әсіресе Ақмола облысында айқын байқалады. Мұнда әрбір азамат, ауыл баласынан бастап ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға дейін, спортпен айналыса алатындай жағдай жасалуда, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. – Біздің мақсатымыз спортты тек рекордтарды бағындырудың жолы ғана емес, өмірдің бір бөлігі ету. Ерекше қажеттіліктері бар адам да, ауыл баласы да, зейнеткер де өзін үлкен қозғалыстың бір бөлігі екенін сезінсін, – дейді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ардақ Төлендин. Бүгінде өңірдің 329 мыңнан астам тұрғыны, яғни халықтың 41,8%-ы жүйелі түрде спортпен айналысады. Олардың жартысына жуығы – ауыл тұрғындары. Бұл бұқаралық спортты және қолжетімді…

Толық оқу
Air Astana

Air Astana әуе паркін жаңарту мақсатында Boeing-тен 15 дана 787 Dreamliner ұшағын сатып алатын болды, деп хабарлайды Ertenmedia. Әмерикалық компанияның ресми сайтындағы мәлімет бойынша келісім АҚШ-та өткен «С5+1» саммиті аясында бекітілген. Қазақстандық әуекомпания 15 дана Boeing 787-9 Dreamliner ұшағын сатып алып, алдағы онжылдықта Орта Азия мен Қапқазды Азия, Еуропа және Солтүстік Америкамен жалғайтын жаһандық бағыт желісін кеңейтуді жоспарлап отыр. Келісім түпкілікті рәсімделген соң, Air Astana-ның тарихындағы ең ауқымды бір жолғы ұшақ сатып алу келісіміне айналады. Boeing компаниясының ақпаратына сәйкес, тапсырыстың арқасында Әмірика аумағында қосымша 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. «Осынау келісім Air Astana тарихындағы жаңа дәуірдің басталуы. Boeing…

Толық оқу

Қытайдың Гуанчжоу қаласындағы зауыттардың бірінен ұшатын көлік шыққаны туралы хбар тарауда, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл ақпараттан автокөлік пен авиация саласының шекарасы жойылып бара жатқанын байқадық. XPENG-тің еншілес Aridge компаниясы «Land Carrier» деп атаған көлігін сериялы өндіріске шығарса, ұшатын көлік туралы әңгіме фантастика жанрынан экономикалық жоспарлау деңгейіне өтетні сөзсіз. Қытайлық басылымдар зауыт толық қуатында жұмыс істегенде әр 30 минут сайын бір ұшатын көлікті конвейерден шығаратынын жазып жатыр. Зауыттың жылдық жобалық қуаты 10 мың дана, бастапқы кезеңде 5 мың. eVTOL бағытындағы өзге ойыншылар әзірше прототип пен шоу-үлгі деңгейінде жүргенін білеміз. Ал Арidge компаниясы ертерек қимылдап, 7 мың адамнан алдын ала тапсырыс қабылдап…

Толық оқу
сібір жарасы

Алматы облысы билігі Іле ауданына қарасты Байсерке ауылындағы сібір жарасына қатысты жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ресми мәліметке қарағанда, Байсерке ауылдық округінің аумағында, «Транспетролеум» ЖШС-іне тиесілі жер телімінде сібір жарасымен ауырған малдың көмілімі орналасқан. Архив құжаттарына сүйенсек, 1958 жылы бір бас ірі қара, 1968 жылы екі жылқы осы жерде көміліпті. Яғни сөз болып отырған нысан ондаған жыл бұрын жасалған ветеринариялық көмілім. Осы объектінің айналасында радиусы 1000 метр санитарлық-қорғау аймағы белгіленген. Бұл шеңбер Байсерке ауылының бір бөлігін, сондай-ақ Талғар ауданына қарасты Кіші Байсерке ауылындағы кейбір жер телімдерін қамтиды. Дегенмен, облыс әкімдігі қазіргі кезде жергілікті тұрғындарды көшіру, үйлерді немесе басқа да нысандарды…

Толық оқу

Мәдениет және ақпарат министрлігіне бұқаралық ақпарат құралдарынан түрлі бағыттағы сұрақтар жиі түседі. Сол сауалдардың бір бөлігі – кино саласына қатысты. Бұл ретте қазақстандықтардың ұлттық мәдениет пен отандық киноның дамуына бейжай қарамайтыны қуантады. Кейінгі жылдары көпшілік көрерменнің, соның ішінде шетелдік аудиторияның да қазақ фильмдеріне деген ықыласы артып келеді. Тек 2024 жылдың өзінде ғана отандық фильмдер прокаттан жиырма екі миллиард теңгеден астам табыс тапты. Біздің картиналар халықаралық байқауларда жиі жеңіске жетіп жүр. Соңғы бес жылда отандық фильмдер үш жүзден астам фестивальге қатысып, жүз жетпіс жеті марапатқа ие болды. Биыл кейінгі 30 жылда алғаш рет Қазақстан Канн қаласында өткен ең ірі кинонарықтардың бірі…

Толық оқу

Жас кәсіпкерлер мен IT-мамандардың дамуына ерекше назар аударып отырғаны үшін Алматы облысының жас кәсіпкері Бағлан Бауыржанұлы Олжабаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдірді, деп жазады Ertenmedia.kz Alataunews.kz сайтына сілтеме жасап. Кәсіпкер өз сөзінде Президенттің бастамалары жаңа буын кәсіпкерлері мен инноваторлардың қалыптасуына зор серпін беріп отырғанын атап өтті. «Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Қазақстанның жаңа элитасын – жас кәсіпкерлерді, инженерлер мен IT-мамандарды дамытуға ерекше назар аударып келе жатқаныңыз үшін өз алғысымды білдіремін. Мен қазақстандық стартаптардың дамуына, инвестиция тартып, халықаралық деңгейге шығуына қолдау көрсететін Pul.vc венчурлік құрылымының негізін қалаушымын. Мемлекет пен кәсіпкерлердің бірлескен еңбегі арқылы Қазақстан инновациялар саласында өңірлік көшбасшы болатынына сенімдімін», — делінген…

Толық оқу