Автор: editor

Астанада атышулы Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаеваның апелляциялық шағымы қаралады, деп хабарлайды Ertenmedia. Бұл туралы журналистерге елордалық соттың баспасөз қызметі хабарлады. Бұған дейін, 25 шілде күні, Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Перизат Қайратты алаяқтық пен заңсыз жолмен алынған ақшаны заңдастыру баптары бойынша кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырған еді. Сонымен бірге оған 10 жылға қайырымдылықпен айналысуға тыйым салынып, мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік марапатынан айырылды. Анасы Ғайни Алашбаева дәл осы баптармен 7 жылға сотталды, оған да 10 жыл бойы қайырымдылықпен айналысуға тыйым салынып, мүлкі тәркіленді. Айыптау актісіне сәйкес, Перизат Қайрат пен анасы азаматтардың сенімін теріс пайдаланып, жалпы…

Толық оқу

Қазан айында қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады, деп хабарлайды Ertenmedia. 25 қазан Республика күніне орай қазақстандықтарға қосымша демалыс беріледі. Бұл мереке 2022 жылдан бастап ресми демалыс күні саналады. Биыл Республика күні сенбіге сәйкес келіп отыр. Заңға сәйкес, демалыс күні дүйсенбіге 27 қазанға ауыстырылады. Осылайша бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар 25, 26 және 27 қазан күндері үш күн қатарынан демалады. Ал алты күн жұмыс істейтіндер үшін 25-26 қазан күндері ғана демалыс болып, 27 қазан жұмыс күні саналады. Бұл күндері республика бойынша концерт, фестиваль, көрме мен түрлі спорттық іс-шаралар өткізу жоспарланған.

Толық оқу

Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын қымбаттатқан мыңнан астам сауда нүктесіне айыппұл салынды. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев әлеуметтік тауарларға белгіленген 15 пайыздық үстемеден асырған кәсіпкерлерге бақылау күшейетінін айтты, деп хабарлайды Ertenmedia. Осы бағытта министрдің қатысуымен елдегі ірі сауда желілері басшыларымен және облыс әкімдерінің орынбасарларымен кеңейтілген жиын өтті. Оған Magnum Cash&Carry, Small&Skif, Anvar, Dina, Dana, Norma, Metro, Toimart секілді ірі желілердің өкілдері қатысты. Министрліктің мәліметінше, жыл басынан бері сауда ережесін бұзғандарға қатысты 2562 әкімшілік шара қолданылған. Оның ішінде жалпы сомасы 56,5 млн теңгеден асатын 1360 айыппұл мен 1202 ескерту бар. Әлеуметтік маңызды тауарлардың бағасын шектен асырғандарға қатысты жеке алғанда…

Толық оқу

Қазақстанның Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесі (ҰБТ) терең трансформацияға ұшырайтын болды. Президент Тоқаевтың Нью-Йоркке сапары аясында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Educational Testing Service (ETS) ұйымымен маңызды келіссөз жүргізген, деп хабарлайды Ertenmedia. Әлемге танымал тестілеу компаниясының үздік мамандары қатысатын арнайы жұмыс тобы құрылып, ҰБТ-ның әдістемесі мен мазмұны түбегейлі өзгертіледі. Министр Нұрбектің айтуынша, жаңа тестілеу форматы халықаралық стандарттарға толық сәйкес келеді әрі сұрақтардың сапасы жоғары деңгейге көтеріледі. Президент сапары аясында білім және ғылым саласына қатысты тағы бір маңызды кездесу Смитсон институтының басшылығымен өткен. Бұл АҚШ-тағы ең беделді ғылыми орталықтардың бірі. Кездесу қорытындысында «Болашақ» бағдарламасы арқылы қазақстандық тарихшы, антрополог, мәдениеттанушы ғалымдар…

Толық оқу

Астанада Назарбаев әулетіне қатысты тағы бір іс қозғалды. Бас прокуратураға қарасты Активтерді қайтару комитеті Назарбаев Н.Б. есімді азаматты сотқа беріп отыр. Жауапкердің Болат Назарбаевтың ұлы, 41 жастағы Нұрбол Назарбаев болуы мүмкін деген болжам айтылды, деп хабарлайды Ertenmedia. Әзірге сот талқысына түскен істің мән-жайы ашылған жоқ. Сот та, комитет те істің құпиялығына сілтеп, нақты мәлімет бермеген. Әдетте мұндай құпиялық активтің құны ауқымды болғанда ғана қолданылады. Бізге жеткен мәлімет бойынша, Б.Н-ның мұрагеріне қатысты қозғалған іс жылжымайтын мүлік, кәсіпорындар, акциялар және бағалы заттардың төңірегінде өрбиді. Айта кетейік, 8 қыркүйектегі Жолдауында президент Тоқаев Активтерді қайтару комитетінің атқарған жұмысына жақсы баға берген болатын. Сонымен қатар бұл…

Толық оқу

Министр Арман Шаққалиев бағаны тұрақтандыруға бағытталған қосымша шараларды жариялап,кең көлемді «Береке Fest» акциясының өтетінін хабарлады. Сауда министрлігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің сақталуын бақылауды күшейтуде. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің төрағалығымен еліміздің барлық өңірлерінен 80-нен астам сауда желілерінің өкілдері қатысқан кеңейтілген отырыс өтті. Іс-шараға Қазақстан сауда желілері қауымдастығы, облыс әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ Magnum Cash&Carry, Small&Skif,Anvar, Dina, Dana, Norma, Metro, Toimart, Galmart, INMART, Greenwich және басқада ірі сауда желілері қатысты. Министр Үкімет бекіткен әлеуметтік маңызы бар тауарларға 15% мөлшеріндегі сауда үстемесін сақтау қажеттігін еске салып, бұзушылық орын алған жағдайда қатаң шаралар қолданылатынын ескертті. Жыл басынан бері Министрліктің аумақтық…

Толық оқу

Бүгін І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Алаяқтардан қорғанудың актуалды әдістері мен құралдары» тақырыбында студенттермен кездесу өтті. Жиынның мақсаты – жастарды алаяқтықтың жаңа түрлерінен сақтандыру, киберқауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру сондай-ақ, қаржылық және құқықтық сауаттылықты арттыру. Іс-шараға Жетісу облысы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция капитаны Ернат Абдрахимов, Талдықорған ҚПБ Тергеу бөлімінің аға тергеушісі, полиция аға лейтенанты Айдана Башчикулова, Халық Банк карталық бизнес орталығының бөлім басшысы Әлібек Керімбаев, Халык Банк қауіпсіздік қызметінің бас маманы Саликов Ринат қатысып қатысып, маңызды мәліметтермен бөлісті. Жиында алаяқтықтан қорғанудың негізгі әдістері мен заманауи құралдары түсіндірілді. Интернет арқылы жасалатын қаржылық алаяқтық, әлеуметтік желілердегі жалған парақшалар,…

Толық оқу

Астана қаласындағы Сарайшық ауданында ерекше бір мәдени шара өтті. Жаңа муралдың бейнесі тұрғын үйдің қасбетін айшықтап, қалаға жаңа реңк берді. Бұл сурет Президенттің 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялаған бастамасына орай жасалған екен. Көрнекі паннода қарапайым еңбектің қадірін арттырған тұлғалар – құрылысшы, дәрігер, агроном, электрик, өрт сөндіруші және теміржолшы бейнеленіп, қоғамның тірегі саналатын әрбір мамандықтың маңызын айшықтап тұр, – деп жазады  Ertenmedia.kz Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жарқын бояулармен салынған суреттің өзі еңбекке деген құрметтің символына айналғандай. Көшеде жүрген әрбір адам осы бейнелерге көз тастап, еңбек адамының қадірін еске алады. Бұл бір ғана өнер туындысы емес, қоғамға…

Толық оқу

Елордада «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында кезекті рейдтік шара өтті. Сарыарқа ауданы әкімдігі, аудан прокуратурасы, полиция басқармасы және «Жастар рухы» еріктілері бірігіп, ойын-сауық орындарын аралады. Негізгі мақсат – кальян мен электронды темекіні қоғамдық орындарда тұтынуға тыйым салатын заң нормаларының орындалуын қадағалау, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл жай ғана тексеріс емес, қоғамдық мәдениетті қалыптастыруға, жастардың денсаулығын қорғауға бағытталған бастама. Өйткені қоғамда қалыптасқан салт-сана мен заң талаптарын елемеу – ертеңгі ұрпаққа қауіп төндіреді. Қазіргі таңда заң бәріне бірдей. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 441-бабында қоғамдық орындарда темекі өнімдерін қолдануға қатаң тыйым салынған. Оған кәдімгі шылым…

Толық оқу

Елордада ерекше мазмұндағы көрме өтті. «Таза Қазақстан» акциясының аясында Байқоңыр аудандық әкімдігінің ұйымдастыруымен жасанды интеллект технологияларының көмегімен жасалған суреттер жұртшылық назарына ұсынылды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шараға Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Esil University студенттері қатысып, ондаған жұмыстары қойылды. Көрменің ерекшелігі – экология тақырыбының жаңа қырынан көрсетілуінде. Табиғатты қорғау, қоршаған ортаның бүгінгі сын-қатерлері мен Қазақстанның болашағы студенттердің көзқарасымен бейнеленіп, жасанды интеллект арқылы көркем тілмен жеткізілді. Байқауға барлығы 30-ға жуық студент қатысса, соның ішінен 10 үздік жас суретші финалға өтті. Олардың жұмыстары қазылар тарапынан түпнұсқалық идеясына, көркемдік сапасына, «Таза Қазақстан» тақырыбына сәйкестігіне…

Толық оқу