Автор: Асылхан Бөрібай

Қытай сапары

Алматы қаласы әкімі Дархан Сатыбалды Қытай Халық Республикасына жұмыс сапармен барды. Әкім  Қытайдың ең ірі көпсалалы компанияларының бірі «Yuexing Group» корпорациясының өндірістік және іскерлік кешенімен танысты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қытайдың озық жекеменшік компанияларының қатарына кіретін «Yuexing Group» ұлттық нарықтағы ең ірі қатысушылардың бірі. 35 жылдан астам уақыт ішінде компания жиһаз өндірісі, бөлшек сауда, девелопмент, қонақ үй бизнесімен айналысады. Бұдан басқа түрлі бағыттарды біріктіретін әртараптандырылған бизнес құрылымын қалыптастырған. Кездесу барысында Дархан Сатыбалды екі тарап арасындағы өзара іс-қимылдың зор әлеуеті бар екенін атап, корпорацияның Алматыда ауқымды жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін жоғары бағалады. – Алматыда біз өндірісті орналастыруға қажетті барлық инфрақұрылымы бар Индустриялық…

Толық оқу

1998 жылы дүниеге келген астаналық пара спортшы Ақназар Муталипов мұны өз тәжірибесінде дәлелдеді. 2018 жылы темір жолда жұмыс істеп жүргенде ол ауыр өндірістік жарақат алып, бір қолы мен бір аяғынан айырылды. Бірақ бұл жағдай оның өмірге деген құлшынысын тоқтата алған жоқ. Бүгінде Ақназар – пара жүзуден Астана қаласының спортшысы, ел мақтанышы. 2024 жылы ол Таразда өткен ел чемпионатында алтын медаль жеңіп алып, VII Спартакиадада күміс жүлдегер атанды. Ал биыл Балқаш көлін бір жағасынан екінші жағына дейін 20 шақырымды 13 сағатта жүзіп өтіп, Әлемдік рекордтар кітабына енді. Бұған дейін Бурабай көлін 2,5 сағатта жүзіп өткен болатын. Қайсар мінезі мен мықты рухының…

Толық оқу

Әуезов ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны орнықты. Өткен жылы шағын және орта бизнес нысындарының саны 7 пайызға өсіп, 57,1 мыңнан 61 мыңға жеткен еді. Бұл өз кезегінде 9 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Аудан экономикасына 82 миллиард теңге инвестиция тартылды, бұл қалалық жалпы көлемнің 5,8 пайызы деген сөз. Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиев осылай деп мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Әкімнің айтуынша, шағын және орта бизнес — аудан экономикасының негізгі қозғаушы күші. Ауданда қазір 12 ірі кәсіпорын жұмыс істейді. Биылғы жылдың басынан бері олар 83 миллиард теңгенің өнімін өндірген. Жыл соңына дейін…

Толық оқу
Денсаулық пойызы

«Самұрық-Қазына» АҚ ұйымдастырған «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Жылға, Шеңгелді, Бадам, Игілік және Састөбе ауылдарының тұрғындарына тегін медициналық және заңгерлік көмек көрсетеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Пойыздың кестесіне сәйкес: Жылға ауылында – 6-8 қараша, Шенгелдіде – 9-10 қараша, Бадамда – 11-12 қараша, Игілікте – 13-14 қараша, ал Састөбеде – 15 қараша күндері жұмыс істейді. Бұған дейін пойыз Екпінді, Бесарық, Шойтөбе, Күншағыр және Тимур ауылдарының тұрғындарын қабылдап үлгерді. Барлық медициналық қызметтер тегін көрсетіледі. Көмекті міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруы жоқ азаматтар да ала алады. Қабылдауды 29 дәрігер жүргізеді. Негізгі бағыттар: терапия, хирургия, педиатрия, кардиология, неврология, оториноларингология, офтальмология, стоматология, гинекология, урология, функционалдық диагностика, рентген және…

Толық оқу

Цифрлық дәуірдің мүмкіндігін тиімді пайдаланған Қазақстан бюджетіне әлемдік IT-компаниялардан түскен қаржы 118,4 млрд теңгеге жетті деп жазады Ertenmedia. 2022 жылы енгізілген «Google салығы» аясында бүгінде елімізде 118 шетелдік компания тіркелген. Олар қазақстандық пайдаланушыларға көрсеткен қызметі үшін 12% мөлшерінде ҚҚС төлеуге міндетті. 2025 жылы тағы 20 компания тіркеліп, олардың арасында ChatGPT әзірлеушісі OpenAI, дизайн саласында әйгілі Canva, Microsoft Ireland Operations, танымал шахмат платформасы Chess.com және Canyon Bicycles спорттық велосипед өндірушісі бар. Биыл бюджетке осы компаниялардан түскен салық көлемі 48,6 млрд теңгені құрап, өткен жылдан 20 млрд теңгеге артқан. Цифрлық салықты төлеуден көш басында тұрған компаниялар: Valve Corporation (Steam) 8,6 млрд теңге;…

Толық оқу
Рубио Қазақстан Астана

АҚШ Мемхатшысы Марко Рубио келесі жылы Астанаға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Ertenmedia. МемДеп-те Орта Азияның Сыртқы істер министрлерін қабылдаған Рубио Әміриканың аймаққа қатысты ұзармерзімді жоспарымен бөлісті. «Алдағы жылы Орта Азиядағы бес елдің барлығын аралап шығамын. Сапар бір аптаға, бәлкім одан да ұзақ мерзімге созылуы мүмкін», – деді ол. Айтуынша, Уашингтонның өңірге қатысты ұстанымы мен саясаты өзгеру үстінде. Ұзақ уақыт бойы тасада қалып келген Орта Азия әзір Ақ үйдің ұлттық мүдделерімен тығыз қабысады. «Экономикалық өсім, тұрақты дамуға келгенде аймақ елдері мен АҚШ-тың мүддесі үйлеседі. Жер қойнауындағы қазба байлықты сіздермен бірлесе игеріп, осы процеске барынша атсалысуға әзірміз», — деген Рубио әмірикалық…

Толық оқу

Желідегі қауым ЛҒБТ туралы біртүрлі пікір білдірген «Жұрттың баласы» арнасының авторына бойкот жариялап жатыр деп жазады Ertenmedia. Бұған дейін Мәжіліс депутаттары «ЛҒБТ-ның үгіт-насихатына тыйым салу туралы» заң жобасын ел назарына ұсынған. «Жұрттың баласы» атты Youtube арнаның авторы Мұрат Данияр әлгі бастамаға күмән келтіріп, «мемлекет шынайы мәселеге көңіл бөлуі керек» деген сыңаржақ пікір білдірген екен. Ол депутаттардың әрекетін «балаларды қорғау деген желеумен жасалған манипуляция» деп бағалап, «Қазақстанда мұндай насихат мүлде жоқ» деп отыр. «Әлемде ЛҒБТ насихатына тыйым салатын заң санаулы елде ғана бар. Мәжілістің 15 депутаты талқыға салып отырған заң жобасы мемлекеттің өзін қысым мен кемсітудің ошағына айналдыратын түрі бар. Әрине,…

Толық оқу

Алматы облысына қарасты Жамбыл ауданында ауыл оқушыларын мектепке тасымалдау мәселесі біртіндеп шешіліп келеді, деп хабарлайды Ertenmedia. Шалғайдағы шағын елді мекендерде білім алудың қолжетімділігі мен балалар қауіпсіздігі аймақтағы басым бағыттың бірі. Өйткені мұнда кейбір ауылдар мен мектептің арасы бірнеше шақырымға дейін жетеді. Бұрын балалардың білімге ұмтылған жолы жаяу немесе жолай көлікпен жалғасса, бүгінде бұл көрініс өткен күннің еншісінде қалған. Қазір аудандағы 65 мектептің 51-і орта, 6-уы негізгі, 8-і бастауыш мектеп санатына жатады. Орта мектебі жоқ ауылдардағы балалар көрші елді мекендегі білім ошақтарына жеткізіледі. Жамбыл аудандық білім бөлімінің бас маманы Светлана Сүлейменованың айтуынша, бүгінде аудандағы 12 мектепте арнайы тасымал қызметі жолға қойылған.…

Толық оқу

Алматы облысында төтенше жағдай кезіндегі дайындықты тексеруге арналған радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс бойынша тактикалық оқу-жаттығу өтті. Жаттығуға Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері, Ұлттық ұланның бөлімшелері және облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мамандары бірігіп қатысты, деп жазады Ertenmedia.kz. Сценарий шартты түрде радиациялық немесе химиялық заттың таралуын моделдеуге негізделді. Алдымен әскери мамандар жағдайды барлап, ластану ауқымын бағалау міндетін өз мойнына алды. Арнайы қорғаныс костюмдері мен өлшеу құралдарын қолдана отырып, олар қауіпті аймақты белгілеп, шектеу сызығын қойды. Бұл кезеңде Ұлттық ұлан қызметкерлері аумақты қоршап, бөгде адамдардың кіруін тоқтатуға бағытталған жұмыс атқарды. Қауіпсіздік периметрін құру – осындай оқиғаларда ең бірінші кезекте орындалатын шаралардың бірі. Денсаулық…

Толық оқу
Сабан той

Мемлекет басшысының жарлығымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Көп ұзамай Үкімет осы бағытта арнайы ұлттық жоспар бекіткен еді. Сол жоспар шеңберінде ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек адамдары мемлекет назарынан тыс қалмауда. Әңгімені арыдан бастамай, бірден ауыл шаруашылығындағы мамандарға мемлекеттен қандай қолдау көрсетіледі деген сұраққа жауап берсек. Бүгінде фермерлерге тұрғын үй субсидиялары, жас мамандарға жалақы субсидиялары, сондай-ақ «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы жеңілдетілген несиелер беріледі. Бұл шаралар аграрлық еңбекке ынтаны күшейтіп, ауылды жерлерде әлеуметтік жағдайды жақсартуға мүмкіндік беріп отыр. Биыл Премьер-министрдің орынбасары С.М.Жұманғариннің қатысуымен өткен Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші республикалық форумында 107 ауыл еңбеккері марапатталды. Оның 79-ы – тікелей жұмысшы мамандық…

Толық оқу