«Қазіргі заманғы қазақ романы» конкурсының үшінші кезеңінде өз шығармасын жазып жатқан Айым Ақылтаймен сұқбат – Айым, 2025 жылдың 15 тамыз күні есіңде шығар. Онда «Қазіргі заманғы қазақ романы» конкурсының бірінші және екінші кезеңдері аяқталып, сарапшылар жеті романның жобасын мақұлдаған болатын. Сол кезде конкурстың құрылтайшысы және демеушісі, ERG компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Шухрат Алиджанұлы Ибрагимов болашақ жеті роман авторларының қатарында жас қаламгер жоқтығын байқап, ол үшін қосымша бір орын беретінін айтты. Содан кейін сарапшылар түскен жобаларды қайта қарап, сенің шығармаңның жобасын қолдады. – Ол күнді неге ұмытайын. «Қазіргі заманғы қазақ романы» сайтынан конкурсының бірінші және екінші кезеңдерінен өтіп, соңғы үшінші…
Автор: Асылхан Бөрібай
Алмалы ауданында «Халық қатысатын бюджет – 2025» бағдарламасы аясында барлық жоба жүзеге асырылды. Тұрғындардың белсенді қатысуы және қаланың қолдауы арқасында аудан айтарлықтай өзгерді. Аудан көркейіп, өмір сүру жайлылығы артты, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Биыл Алмалы ауданының тұрғындары жоғары белсенділік танытты. Олар 726 жоба ұсынды, оның 45-і дауыс беру қорытындысы бойынша бағдарламаға енгізіліп, сәтті жүзеге асты. Соның арқасында ауданда аулалар жаңарды, көгалдандыру бойынша 27 жоба, абаттандыру жөнінде 18 жоба, аула аумақтары мен көше учаскелерін көгалдандыру бойынша бірнеше жоба орындалды. Көше бойы абаттандырылды, бұталар отырғызылды, ағаш егілді, автоматты суару жүйелері орнатылды. Соның нәтижесінде сапалы әрі…
Соңғы демалыс күндері Германиядағы Нюрбургринг трассасында өткен Lamborghini Super Trofeo Europe жарыс сериясының төртінші кезеңі аяқталды. Artline Kazakhstan командасы тамаша нәтижелер көрсетіп, үйлесімді жұмыс істеді, деп жазады Ertenmedia.kz.. Бірінші күні өткен квалификациялық кезеңде Шота Абхазава өз санатында үшінші орынды иеленіп, жоғары жылдамдығы мен трассадағы сенімділігін көрсетті. Жарысты белсенді бастаған Шота Абхазава мықты қарқын көрсетіп, команда үшін маңызды басымдық қалыптастырды. Егор Оруджевте квалификацияда жақсы нәтиже көрсетіп, жарыста жоғары орындар үшін табандылықпен күресті. Уақытында орындалған пит-стоптың және үйлесімді командалық жұмыстың нәтижесінде команда өз класында екінші орынға көтерілді. Нәтиже – лайықты күміс жүлдені иеленді. Екінші күні Егор Оруджев поул-позициядан жарысты бастап, қатты бәсекелестік…
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі және Coca-Cola Içecek Kazakhstan компаниясы Kazakhstan Global Investment Roundtable (KGIR) аясында компанияның Ақтөбедегі төртінші зауытын салу туралы шекті келісімге қол қойды. Келісім Қазақстандағы ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асырудағы негізгі серіктес ұлттық Kazakh Invest компаниясы қолдауымен жасалды, деп жазады Ertenmedia.kz. Негізгі құрылыс жұмыстары 2026 жылы басталады деп жоспарлануда. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін аймақ тұрғындары үшін 120-дан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Кәсіпорын экологиялық таза технологиялар мен халықаралық стандарттарға сәйкес келетін қалдықтарды басқару жүйесін пайдаланып, оны тұрақты өндірістік экожүйенің бір бөлігіне айналдырады. «Бұл келісім біздің Қазақстанға ұзақ мерзімді инвестиция салуға деген ниетімізді көрсетеді. Ақтөбедегі жаңа зауыт компания үшін…
Қазақстанда биыл астық рекордтық деңгейде жиналғанымен, былтырғы жағдай қайталанып, қамбада орын тапшы болмай ма деген қауіп бар, деп хабарлайды Ertenmedia. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың айтуынша, элеваторларға осы маусымда 7,7 млн тонна астық түскен. Бұл былтырғы көрсеткіштен екі еседен артық (былтыр 3,4 млн тонна). Қазір элеваторларға жеткізілген жұмсақ бидайдың жартысынан астамы жоғары сапалы, 35%-ы төртінші класс, қалған 12%-ы бесінші класс және классификацияға жатпайтын өнімдер. «Биылғы маусым тек астықпен емес, бұршақ және майлы дақылдардың да рекордтық өнімімен ерекшеленді. Біз осы дақылдарға басымдық беріп отырмыз. Өйткені бұршақ тұқымдастар топырақты азотпен байытып, кейінгі дақылдардың түсімін жақсартады», – деді Сапаров. Министрліктің есебінше, ел бойынша…
Орыс жауынгерлері Украин топырағын тыңайтып жатқан тұста, Кремль тағы бір интригаға тұмсық тығып жатыр деп жазады Ertenmedia. Қазақстанға ерекше екпін беріп, Ресей агрессиясының қауіп-қатерін талдаған Washington Post-тың мәліметінше Мәскеу жақын уақытта іргедегі көршілерін түртпектей бастайды. Киевті үш күнде басып алмақ болған Кремльдің басқа елге соғыс ашуға дәрмені жоқ. Сол себепті арандатудың астыртын амалдарына көшеді. «Орыстар дезинформация, іштен іріту, барлау қызметі арқылы тұрақсыздық туғызуды мақсат тұтып отыр. Осыған дейін Шығыс Еуропа елдерінде сыналған алгоритмді енді Қазақстан мен Әрменияда тексеріп көрмек», — дейді Washington Post. Басылымның жазуынша, соңғы жылдары Астана мен Ереван Мәскеуден алшақтай бастаған. 2024 жылы Кремльге тапсырған құпия баяндамасында премьер…
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы жанындағы Мұхтар Әуезов ғылыми кабинетінің жабылуы туралы бірқатар БАҚ-та пайда болған ақпаратқа байланысты оның толыққанды жұмысын жалғастырып, оқырмандар мен зерттеушілерді штаттық режимде қабылдайтынын хабарлаймыз. Мұхтар Әуезовтің ғылыми кабинеті ҚР Ұлттық кітапханасында қалыпты түрде қызмет көрсетіп, келушілерді қабылдауды жалғастырып жатыр және кітапхананың экскурсиялық маршрутына енгізілген. Кабинеттің кітап қоры алдағы уақытта да толықтырылатын болады, сондай-ақ жазушының шығармашылығына арналған іс-шаралар тұрақты өткізіледі. Еске сала кетейік, биылғы қазан айында «Алматы қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КМҚК-нің №4 кітапхана-филиалына Мұхтар Әуезовтің есімін беруге және онда жазушының мемориалдық кабинеті ашылуына байланысты, Мұрат Әуезовтің бірқатар жеке заттары мен кітаптары жазушының отбасынан осы филиалға берілді.…
Ақтөбе облысында шенеунік шөп шабуға жер телімін беремін деп пара алған, деп хабарлайды Ertenmedia. Ырғыз ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы Медет Бердалин жергілікті тұрғыннан шабындық үшін жер телімін рәсімдеуге көмектесемін деп 300 мың теңге талап еткен. Сот дерегіне сүйенсек, шенеунік тұрғынмен кабинетте емес, көшеде кездесіп, сұраған ақшасын сол жерде айтқан. Бердалинге ақша бергісі келмеген азамат бірден Ұлттық қауіпсіздік комитетіне арыз түсірген. Кейін ҰҚК қызметкерлері пара беру сәтін құжаттап алған. 2025 жылдың қыркүйегінде Бердалин әйелі атына ашылған банк шотына алдымен 200 мың, кейін 100 мың теңге алған. Тергеу барысында шенеунік ақшаны отбасының қажеттілігіне жұмсап жібергенін айтқан. Сот Бердалинді «пара алу» бабымен…
Алдағы екі жылда Атырау облысындағы барлық ауылдық округ спорттық инфрақұрылыммен қамтылады. Бұл туралы Үкімет отырысында өткен жиында Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов айтты. Ол баяндамасында өңірде бұқаралық спортты дамыту, спорт нысандарының санын көбейту және дарынды балаларға жағдай жасау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазір облыста 800 спорт нысаны жұмыс істейді. Оның ішінде 8 стадион, 53 спорт кешені, 702 спорт алаңы, 50 метрлік олимпиадалық бассейн, «Атырау» спорт сарайы, теннис орталығы және мұз сарайы бар. Сонымен қатар 17 жеке спорт нысаны да халыққа қызмет көрсетіп тұр. Бұл – қаладағы тұрғынға да, аудан орталығындағы жасөспірімге де спортпен шұғылдануға мүмкіндік бар…
Құлыбаевқа тиесілі компания Қонаевта ірі агрокешен ашты, деп хабарлайды Ertenmedia. Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында Тимур Құлыбаев жанама иелік ететін «Қапшағай бидай өнімдері» кешені іске қосылды. Кәсіпорын астық пен майлы дақылды терең өңдеумен айналыспақ. Forbes мәліметінше жоба туралы алғашқы ақпарат биылғы мамырда шыққан. Сол кезде кәсіпорын аумағында үш жаңа зауыт, қоймалар мен өндірістік терминал салынып, теміржол инфрақұрылымының жаңартылатыны хабарланған болатын. Компания өз өнімін қаптау мәселесін де шешкен арнайы қап шығаратын желі іске қосылған еді. Бес ай бұрын кешенге салынатын қаржы көлемі 8 млрд теңге деп көрсетілсе, Ауыл шаруашылығы министрлігі ашылу рәсімінде инвестиция сомасы 15 млрд теңгеден асатынын мәлімдеді. Кәсіпорын жылына…









