TikTok-та «Әнуарбек-мотиватор» атымен танымал спортшы Әнуарбек Бекембетов 15 тәулікке қамалды, деп хабарлайды Ertenmedia. Әлемжеліге мониторинг жасаған полиция қызметкерлері атышулы видео кейіпкерін анықтады. Видеода әуесқой жекпе-жекпен айналысатын, реалити-жобаларға қатысқан Әнуарбек жұртқа доқ көрсетіп, дөрекі сөйлеп, өзін «батыл әрі адуынды» кейіпте көрсеткен. Кейін полицияға жеткізілген спортшы мұның бәрі «қойылым» екенін, тек желіде танымал болу үшін түсіргенін мойындапты. Министрліктің мәліметінше, желіде «крутой» болып көрінген бейнежазба шын мәнінде арзан-құрзан танымалдыққа деген ұмтылыс қана. Сот шешімімен Әнуарбек Бекембетовке ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулікке қамау жазасы берілді. Полиция өкілдері агрессия, дөрекілік және жасанды батырлықты жастарға үлгі етудің қауіпті екенін ескертті. «Мұндай әрекет әсіресе спортшыларға жараспайды.…
Автор: Асылхан Бөрібай
1 қараша сенбі күні. Астанада көрнекті жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың есімі берілген аллеяда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай мен елордалық жоғары оқу орындарында оқитын маңғыстаулық студенттердің қатысуымен экологиялық сенбілік өтті. Акция аясында қатысушылар аллея аумағын тазалап, жапырақтарды жинап, жас көшеттер отырғызды. Шара жылы әрі достық атмосферада өтіп, қоғамдық орындарды абаттандыру мен экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталды. Облыс әкімі мұндай бастамалардың маңыздылығын атап өтіп, тазалық пен табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындап берген басым бағыттардың бірі екенін айтты. «Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев экологиялық жауапкершілікті күшейту мен елдің көркейуіне әр азаматтың үлесін қосуы керектігін үнемі айтып…
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Астанада қаза тапқан бұрынғы шенеунік Ержан Бабақұмаров туралы пікір білдірді деп жазады Ertenmedia. Оның айтуынша, марқұм мемлекеттік мүддеге адал азамат болған. «Ержанды жақсы танитынмын. Оның мемлекетшілдігі мен халыққа деген адалдығын көрдім. 2022 жылдың қаңтарында басқа басшылардай Алматыны тастап кетпей, күштік құрылымдармен келісімге бармады», – дейді депутат. Бапи Бабақұмаровтың Қаңтар оқиғасынан кейін «Қаңтардың ақиқаты» атты деректі фильм түсіруге мұрындық болғанын да еске алды. Бірақ фильмнің кейінгі тағдыры белгісіз күйінде қалған. «Егер ол расында Мәсімовтың адамы болса, Қаңтар ақиқаты туралы фильм түсірер ме еді?», – дейді ол. Сонымен бірге депутат Бабақұмаровпен қоштасу рәсімі елеусіз, қарапайым өткеніне таңданысын жасырмады.…
Ауыл шаруашылығы министрлігі таратқан мәлімет бойынша, бүгінде агроөнеркәсіптік кешендегі субсидияның жалпы берешегі 341,3 млрд теңгеге жеткен. Оның 152,2 млрд теңгесі несие пайызын субсидиялауға тиесілі деп жазады Ertenmedia. Субсидия бойынша берешек барлық өңірде дерлік тіркелген. Әсіресе, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында қарыз көлемі жоғары. Үш өңірдің берешегі 173,7 млрд теңгеге жетіп, елдегі жалпы қарыздың 51%-ын құрап отыр. Дегенмен, биыл субсидия берешегін өтеу қарқыны артты. Жыл басынан бері шаруалар алдындағы 148,5 млрд теңге қарыз жабылған. Ауыл шаруашылығын субсидиялауға бөлінетін қаражат жергілікті атқарушы органдар арқылы жүзеге асырылады. 2023 жылдан бастап субсидия шығындары толығымен жергілікті бюджеттердің қарауына берілген. 2025 жылы агроөнеркәсіп кешенін субсидиялауға…
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің ректоры басқарма төрағасы Ербол Исакаев Аризона университетімен ынтымақтастықтың нәтижелері мен жаңа кезеңдері туралы айтты деп Ertenmedia. Оның айтуынша, Қазақстан Президентінің бастамасымен іске асқан бұл серіктестік еліміздің жоғары білім және ғылыми зерттеулер жүйесін дамытудағы маңызды қадам болды. Бүгінде бірлескен бағдарламалар бойынша 1200-ден астам студент оқып жатыр, университет студенттерінің жалпы саны 6,5 мыңға жетіп, олардың географиясы Қазақстанның барлық өңірлерін және бірқатар шетел мемлекеттерін қамтиды. Исакаевтың айтуынша, соңғы үш жылда екі университет арасындағы ынтымақтастық білім беру бағдарламаларынан ауқымды ғылыми жобаларды жүзеге асыру деңгейіне өтті. Аризона университетімен және «ҚазМұнайГаз» АҚ-мен бірлесіп, күкіртті экологиялық таза материалдар мен тыңайтқыштарға қайта…
Қостанай қаласында өткен «Ақ жол» партиясының барлық деңгейдегі депутаттарының форумы биылғы саяси өмірдің елеулі оқиғасына айналды. Елдің түкпір-түкпірінен келген халық қалаулылары мен партия мүшелері бір алаңда бас қосып, ел дамуы мен кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы өзекті мәселелерді талқылады. Партия төрағасы Азат Перуашев форумда белсенді мүшелерге жоғары мемлекеттік наградалар мен партиялық марапаттарды табыстап, әр аймақтан келген депутаттардың тәжірибесі мен қоғамдық еңбегін атап өтті. Форумның басты өзегі – партияның елдің саяси жүйесіндегі жауапкершілігін күшейту және аймақтардағы халықтың мүддесін нақты іспен қорғау. Соңғы жылдары «Ақ жол» партиясы тек парламенттік мінберде ғана емес, жергілікті мәслихаттар деңгейінде де өз позициясын айқын көрсете бастады. Партия қатарында шағын…
Бүгін Орал қаласында Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментіне қызметтік жаңа техникалардың кілттерін табыстау рәсімі өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов және Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қатысты. Рәсім барысында министр мен облыс әкімі құтқарушыларға жаңа арнайы автокөліктердің кілттерін салтанатты түрде табыстады. Бұл – өңірдің төтенше жағдайлар қызметінің материалдық-техникалық базасын нығайту бағытындағы маңызды қадам. Жалпы сомасы 2 миллиард теңгеден астам қаржыға 30 бірлік жаңа техника сатып алынды. Оның ішінде: 19 өрт сөндіру автоцистернасы, 8 жүріс қабілеті жоғары жедел-жеңіл автокөлік, 1 құтқару қайығы және республикалық бюджет есебінен алынған 2 сорғы-жеңді автомобиль бар. Өз сөзінде облыс әкімі…
2 жыл ішінде жоба мыңдаған адамның тағдырын өзгертті. Адамдарға қиын өмірлік жағдайдан шығуға көмектесті. Кәсіп табуға, өз ісін ашуға және өзіне деген сенімді қайтаруға мүмкіндік берді. Мен өзім “JOLTAP” жобасымен танысып, бұған көз жеткіздім. Сыныптарға бардым, қатысушылармен және ұйымдастырушылармен сөйлестім — нәтижесінде адамдар туралы шынайы өмірлік фильм шықты. Әр кадрдың артында – шынайы тағдырлар, нақты эмоциялар және жобаның көмегін алғаг адамдардың жүздері. Толық сұхбатты “JOLTAP” YouTube-арнасынан көріңіз.
Қазақстанда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес білім беру жүйесіне жаңа технологиялық шешімдер мен жасанды интеллектті енгізу бойынша кешенді бастамалар мен жобалар қолға алынуда. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова елордада өтіп жатқан «Цифрлық дәуірдегі мектеп білімі: басты трендтер мен талаптар» XIV халықаралық конференция аясында халықаралық жетекші сарапшылармен кездесіп, жаңа буын технологияларын білім беру жүйесіне енгізу мәселесін талқылады. Министрмен кездесуге британдық білім берудегі ЖИ саласындағы сарапшы Дэн Фицпатрик, Bedrock AI, Diverse AI негізін қалаушы және бас директоры Тоджу Дьюк, аустралиялық Кертин университетінің Білім беру мектебінің жоғары оқу орнынан кейінгі зерттеулер жөніндегі директоры Кок-Синг Танг, Аделаида университетінің жасанды интеллект және білім беру саласындағы профессоры Райан…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыр еліне жұмыс сапарымен келді. Президент өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен, өндіріс, инфрақұрылым, мәдениет және спорт нысандарымен танысты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Сапар «Қорқыт ата» халықаралық әуежайының жаңа терминалын аралаудан басталды. Мемлекет басшысына өткізу мүмкіндігі жылына 300 мың жолаушыдан 500 мыңға дейін артқан әуе айлағын аралады. Әуежайдың тіркеу және тексеру аймақтары, шекаралық-кедендік бақылау пункттері, күту залы, сондай-ақ автоматтандырылған жүк беру жүйесі көрсетілді. Өнер орталығында аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысы, «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар, облыс орталығы мен елді мекендерді абаттандыру жөнінде есеп берді. Инвестициялық жобалар таныстырылып, Orient Ceramic KZO…









