«Қазақстан темір жолы» компаниясы Қытай шекарасындағы жүк пойыздарының кідіру себебін түсіндірді, деп хабарлайды Ertenmedia. 2025 жылдың қазан айынан бастап Қазақстаннан Алтынкөл станциясы арқылы Қытайға жөнелтілетін пойыздар саны тәулігіне 14-тен 10-ға дейін, ал кей күндері тіпті 6 пойызға дейін азайған. Компанияның хабарлауынша, мәселе Қытайдың тиісті органдары Қазақстаннан жеткізілетін астық жүктерін тереңдетілген түрде тексеріп жатқанымен байланысты. Тексеру кезінде астық сынамасы алынып, Үрімжі және Бейжіңдегі зертханада сараптамадан өтеді. Процесс орташа есеппен 5-10 күнге дейін созылуда. «Қазіргі жағдай Қазақстанның теміржол инфрақұрылымына айтарлықтай салмақ салып отыр. Қытай бағытында экспорттық және транзиттік жүгі бар шамамен 3 мың вагон жиналып қалды. Бұл Қытай жағына жоспар бойынша өткізілетін…
Автор: Асылхан Бөрібай
Кең далаға ие Қазақстан үшін агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың маңызы зор. Себебі ауыл шаруашылығы бізде тек экономикалық көрсеткіш емес, елдің азық-түлік қауіпсіздігі, ауылдағы жұмыспен қамту, өңірлердің әлеуметтік жағдайы, тіпті ішкі саяси тұрақтылықпен тікелей байланысты. Ең алдымен, агроөнеркәсіптік кешен азық-түлік қауіпсіздігінің негізі. Егер ел ішкі сұранысты өз өнімімен жауып отырса, әлемдік нарықтағы баға құбылуы, логистикадағы қиындықтар, санкциялық текетірестер азық-түлікке қатты соққы болып тимейді. Қазақстанның жері кең, егістікке, мал шаруашылығына қолайлы аймақ көп. Осы әлеуетті толық пайдалану арқылы бидай, ет, сүт, майлы дақылдар, көкөніс-құртпа өнімдер бойынша ішкі нарықты қамтып, артығын экспортқа шығару мүмкіндігі бар. Сол үшін агроөнеркәсіптік кешенді заманауи техникамен, сапалы тұқыммен, суару…
Мемлекеттен көмек көрген Eurasian Bank берешегінің бір бөлігін (30 млрд теңге) мерзімінен бұрын қайтаруға дайын екенін мәлімдеді. Бұл банктің өкіметтен алған жалпы қарызының (150 миллиард теңге) бестен бір бөлігі, деп хабарлайды Ertenmedia. Форбс дерегінше банк әлгі ақшаны 2017 жылы банктердің қаржылық тұрақтылығын арттыру бағдарламасы аясында облигация шығару арқылы алған. Қарызды 2032 жылға дейін өтеу жоспарланған еді. Қазақстан қор биржасында (KASE) жарияланған ақпаратқа сәйкес, банк құны 100 теңгелік 300 млн облигацияны 2025 жылдың соңына дейін кезең-кезеңмен кері сатып алады. Бұған облигацияны ұстаған кезеңдегі есептелген, бірақ әлі төленбеген сыйақы да кіреді. Облигацияларды мерзімінен бұрын сатып алу бір апта бұрын банктің директорлар кеңесінің…
Ресейлік «Лукойл» компаниясы Қазақстандағы «Қаламқас-Хазар» кенішіндегі үлесін сатуға мәжбүр болуы мүмкін. Бұған АҚШ Қаржы министрлігінің компанияға қарсы енгізген санкциясы себеп болған. Соған сәйкес, «Лукойл» өзіне тиесілі үлесі 50 пайыздан асатын шетелдік активтерінен бас тартуы тиіс, деп хабарлайды Ertenmedia. Energy Monitor қоғамдық қорының директоры, мұнай-газ саласының сарапшысы Нұрлан Жұмағұловтың айтуынша, «Лукойл» «Қаламқас-Хазар» жобасында жұмысын жалғастыруы да мүмкін. «АҚШ санкциясы «Лукойлдың» үлесі 50 пайызды құрайтын және одан асып түсетін активтеріне қатысты қолданылады. «Қаламқас теңіз-Хазар» жобасындағы «Лукойлдың» үлесі тұп-тура 50 пайызды құрайды, қалған өзіміздің «ҚазМұнайГазға» тиесілі. Менің пікірімше, егер біздің тараптың үлесі 51 пайызға артатын болса, орыстар жобадағы орнын сақтап қалады», – дейді…
Таяуда Қостанай облысында Ассамблеяның «Ұлы даланың ұлтаралық тілі». Деп аталатын республикалық форумы өтті. Форумда әр ұлттың өкілі бір тілге тоқтасақ, қоғамдағы сенім де нығаяды деген түсінікті алға тартқан ашық алаң болды. Қазақстанда қазақ тілін этносаралық қатынас тіліне айналдыру тек мәдени саясат емес, елдегі тыныштықтың кепілі болатын бағытқа айналып келеді. Президент Жолдауларында ұлтаралық келісімді сақтау мен ортақ тілдің ролін күшейтуді бірнеше рет атап өткені белгілі. Осы форум сол тапсырманың нақты жүзеге асып жатқанын көрсетті. Форумға түрлі өңірден жазушылар, қоғам қайраткерлері, этномәдени бірлестік өкілдері және жастар келді. Сенатор Геннадий Шиповских пен «Ситуативный казахский» кітабының авторы Қанат Тасыбеков қазақ тілін үйренудің тиімді жолдары…
Финляндия Президенті Александр Стуббтың Қазақстанға ресми сапары аясында ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Финляндия Республикасының Ауыл және орман шаруашылығы министрлігі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Құжат су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту, су ресурстарын тиімді пайдалану мен басқару, тәжірибе және заманауи технологиялар алмасу, сондай-ақ екі елдің тиісті мемлекеттік органдары арасындағы институционалдық және ғылыми-техникалық байланыстарды нығайту бағытындағы ынтымақтастықты дамытуды көздейді. Меморандум сондай-ақ суды өнеркәсіптік жолмен тазарту және қайта пайдалану технологияларын дамыту, су үнемдеу технологияларын қолдану тәжірибесімен алмасу, деректер жинау, су есебін цифрландыру және су мониторингі салаларында инновациялар мен технологиялармен бөлісуді көздейді. Сонымен қатар тараптар су тасқыны мен құрғақшылық қаупін…
Құрықтың төскейінде жастарға арнап жаңа үй ашылды. Үй болғанда ішіне үміт кіргізген, есігінен ертең кірген, қабырғасынан сенім сезілетін орын. Ауылдың бір шетінен көз тартқан, жаңа бояуы кеппеген сол нысанға жұрт таңғы салқынмен жиналды. Көк лента, жарқыраған ғимарат, үстіндегі маңдайшада жазулы «Қарақия аудандық жастар ресурстық орталығы». Маңғыстау облысы әкімі әкім де келіпті. Нұрдәулет Қилыбай бір топ ел ағаларымен бірге Құрық көшесімен кідірмей жетіп, елмен амандасты. Үйдің ішіне кірмес бұрын аз-кем тоқтап, жастармен тілдесті. – Жастар елдің болашағы. Оларға сенім арту біз үшін тек сөз емес, міндет, – деді әкім микрофонды алып. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен жастар саясатының жаңа дәуірі…
Алматыда «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы: адалдыққа әдет – жаңа норма» тақырыбымен қалалық форум өтті. Бүгінде адал жүріс күнделікті дағдыға айналып, жемқорлыққа қарсы көзқарас тек ұран болып қалмауы тиіс. Форумға жастар, билік өкілдері және азаматтық қоғам мүшелері жиналып, ашық диалог форматында сөйлесті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мақсат жастардың өз ойын айтуына, сұрақ қоюына, нақты мысалдар арқылы мәселені түсінуіне мүмкіндік беру, деп жазады Ertenmedia.kz. Форумның өтуіне Алматы қаласының Ішкі саясат басқармасы мен «Парасатты ұрпақ үшін» қоры мұрындық болған. Жиын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Қазақстан халқына Жолдауында айтқан «Заң және тәртіп» қағидаты негізінде ұйымдастырылды. Мұнда негізгі ой анық, ереже бәріне ортақ болуы керек, ал…
Алматы қаласы 2025 жылдың басынан қыркүйекке дейін инвестициялық тұрғыдан айырықша табыстарға қол жеткізді. Қалаға негізгі капиталына 1,5 трлн теңгеге жуық инвестиция тартылғаны хабарланды, оның ішінде жеке сектор үлесі 1,1 трлн теңгені құрады, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл көрсеткіш Алматының республика ішіндегі және аймақтық деңгейдегі инвестициялық орталық ретінде орныққанын нақты айғақтайды. Қазіргі кезде жалпы құны 3,6 трлн теңгеден асатын 189 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, ал олардың арқасында шамамен 33 000 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Осындай көлемдегі инвестициялар шаһар экономикасын әртараптандыруға, индустриялық негізді күшейтуге және инновациялық бағыттарды дамытуға мүмкіндік береді. Шағын және орта бизнес –…
Елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық жалпыұлттық қозғалысы аясында жүзеге асырылып жатқан «Жасыл балабақша» жобасына қатысатын мектепке дейінгі ұйымдардың саны артып келеді. Бүгінде бұл жоба шеңберінде өңірлерде 156 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жүргізуде. Жобаның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру және экологиялық мәдениетті балалық шақтан қалыптастыру. Жаңартылған мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасында балалардың экологиялық білімін дамытуға, табиғатқа ұқыпты қарауға және оны қорғау дағдыларын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінген. «Экологиялық тәрбие балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жүргізіледі. Ол олардың табиғат туралы түсініктерін кеңейтуге, өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен танысуға, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға, өсімдіктерді күтуге…










