Жетісу облысы Алакөл ауданы Достық ауылында «Келешек мектебі» ұлттық жобасымен заманауи жаңа мектеп салынып, пайдалануға берілді. Алты жүз орынға арналған бұл білім мекемесі аталған жоба аясында тұрғызылған облыстағы екінші мектеп. Бұған дейін осындай 1200 орындық Панфилов ауданының Жаркент қаласында ашылған болатын, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жаңа мектептің ашылуына арнайы барған облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов ауыл тұрғындарын қуаныштарымен құттықтады: – Республикалық Тамыз конференциясында Президентіміз қала мен ауыл мектептеріндегі білім беру деңгейін теңестіру міндетін қойған болатын. Соған сәйкес облыста әсіресе ауылдық жерлердегі білім саласының инфрақұрылымын жақсартуға көп көңіл бөлініп келеді. Жыл сайын мектептердің…
Автор: Асылхан Бөрібай
Түркияның ірі мұнай өңдеу зауыттары Ресейден келетін шикізатқа тәуелділікті азайтып, балама көздерден мұнай сатып ала бастады, деп хабарлайды Ertenmedia. Reuters-тің мәліметінше бұған дейін Түркия Ресей мұнайын ең көп тұтынатын елдердің қатарында Қытай мен Үндістанмен бірге алдыңғы орында тұрған еді. Алайда Батыс елдерінің, атап айтқанда АҚШ, Ұлыбритания және Еуроодақтың Украинадағы соғысты қаржыландыруға жол бермеу үшін ресейлік мұнайға қарсы санкцияны күшейтуі Анкараны шикізат нарығындағы саясатын қайта қарауға мәжбүр етті. Дереккөздердің айтуынша, Әзербайжанның SOCAR компаниясына тиесілі Түркиядағы ең ірі мұнай өңдеу зауыты SOCAR Turkey Aegean Refinery (STAR) соңғы уақытта Қазақстан, Ирак және басқа елдерден төрт партия мұнай сатып алған. Reuters агенттігінің есебіне сәйкес,…
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының мәліметінше, ағымдағы жылдың қыркүйек-қазан айлары аралығында Қазақстаннан жаңа өнімді астықтың 2 миллион тоннасы экспортталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Салыстырмалы түрде қарасақ, өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 1,8 миллион тонна болған. Бұл экспорт көлемінің тұрақты өсіп келе жатқанын көрсетеді. Атап айтқанда, Өзбекстанға экспорт көлемі 42%-ға артып, 738 мың тоннадан 1 049 мың тоннаға дейін артты. Қырғызстанға жеткізілім көлемі 2,6 есеге, 24 мыңнан 64 мың тоннаға дейін, Әзербайжанға 3,1 есеге (18 мыңнан 56 мың тоннаға дейін), Ауғанстанға 42,5%-ға (73 мыңнан 104 мың тоннаға дейін), ал Түрікменстанға 2,3 есеге (3 мыңнан 7 мың тоннаға дейін) өсті. Астық экспортының…
Қазақстанда кедендік рәсімдерді жеңілдету мен толық цифрландыру бағытында жаңа қадам жасалды. «АСТАНА-1» (Keden) ақпараттық жүйесінде тауарларға арналған декларацияның жаңартылған форматы енгізілді, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл өзгерістер Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 30 мамырдағы №75 шешімін іске асыру аясында жүзеге асырылып отыр. Негізгі мақсат кедендік процестерді автоматтандыру және қағаз құжат айналымын барынша қысқарту. Жаңа формат аясында декларанттарға жіберілетін барлық сұраулар, декларацияға өзгерістер енгізу туралы талаптар мен шешімдер, сондай-ақ басқа да рәсімдер толық автоматтандырылған. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 2025 жылғы 3 қарашадан бастап «Тауарларға арналған декларация» модулін барлық кедендік рәсімдер бойынша сынақтан өткізу басталады. Сынақ онлайн және офлайн форматта өтеді. Оған…
Алматы облысы әкімінің өкімімен Қанат Болатұлы Есболатов 2025 жылғы 3 қарашасынан бастап Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды. Қанат Болатұлы 1982 жылы туылған, білімі жоғары, 2008 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2002 «Досанов» шаруа қожалығы төрағасының орынбасары болып бастаған. Әр жылдары Алматы облысы қаржы басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша бір жолғы талондарды беру және есепке алу жөніндегі инспекторы, бас инспекторы, аға инспекторы, «Megaron & K» ЖШС-нің қаржы директоры, Ескелді ауданы Көкжазық ауылдық округінің әкімі, Ескелді ауданы әкімінің орынбасары, Алматы облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары, басқарма басшысы, Жетісу облысы ауыл шаруашылығы…
Орыстардың ең ірі сұйытылған табиғи газ (СТГ) жобасы «Ямал СПГ» санкцияға түсуі әбден мүмкін, деп хабарлайды Ertenmedia. Түнеукүні Трамп орыстардың ең ірі мұнай өндірушілері «Роснефть» пен «Лукойлға» санкция салған. Бұған дейін аталған компаниялардың кей басшысы санкцияға іліккенімен, олардың өзіне шектеу қойылмаған еді. АҚШ-тың шешімінен кейін іле-шала Еуроодақ та Мәскеуден келетін СТГ импортына тыйым салу мерзімін бір жылға қысқартып, 2027 жылдың 1 қаңтарына ауыстырды. Қазірдің өзінде Ресейдің бірнеше миллиардтаған долларлық «Арктик СПГ» мен «Балтық СПГ» жобалары АҚШ пен Еуроодақ санкциясынан кейін ауыр стресске түскен. Жо Бәйденнің тұсында енгізілген санкция Ресейдің болашақ мұнай-газ өндірісіне ғана әсер етіп, қазіргі, нақты тасымалды тоқтатпаған еді.…
Трамп әкімшілігі Қазақстандағы вольфрам қорына әмерикалық компанияны кіргізіп, Бейжіңнің алдын ораудың амалын жасауда, деп жазады Ertenmedia АҚШ-тың Сауда министрлігі Cove Kaz Capital Group компаниясы мен Қазақстанның «Самұрық-Қазына» қоры арасындағы келіссөзді құптап отыр. Мақсат елдегі ең ірі вольфрам кен орындары «Жоғарғы Қайрақты» мен «Солтүстік Қатпарды» игеруге құқық алу. Уашингтон жобадан үлес сұрамайды, керісінше инвестиция тартуға және жеңілдетілген несие ұсынуға дайын екенін жеткізген. Bloomberg мәліметінше, әмірикалық Cove Kaz-дың басты бәсекелесі Қытай. Әзір әлемдегі вольфрам нарығын басыбүтін Қытай бақылап отыр. Бейжің компаниялары кен өндіруден бастап өңдеу және экспорттауға дейінгі бүкіл тізбекті уысында ұстауда. Еліміздегі вольфрам қоры 2 млн тоннадан асып жығылады екен, олардың…
Премьер Бектенов «Ақ жол» партиясының» Тоқаев тапсырмасы бұрмаланды» деген мәлімдемесіне жауап қатты, деп жазады Ertenmedia. Бұған дейін «ақжолдықтар» президент Тоқаевтың экономикадағы мемлекеттің үлесін қысқарту мақсатында енгізген «сары парақ» (yellow pages) қағидаты толық орындалмай отыр деп дабыл қаққан. Депутаттардың айтуынша ҚаржыМин тендірге квазимемлекеттік сектордың қатысуын шектеуді тек тікелей мемлекетке тиесілі ұйымдарға ғана қолданған. Ең қызығы «Самұрық-Қазына» қорының еншілес компаниялары шектеуден тыс қалып қойған. Премьер Бектенов жауабында биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енген «Мем.сатып алу туралы» заңның жаңа тәртібін егжей-тегжейлі түсіндіріп өтті. «Заңда жеке кәсіпкерден екі немесе одан көп өтініш түссе, мемлекеттік кәсіпорындардың өтініші веб-портал арқылы автоматты түрде кері қайтады. Норма…
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, агроөнеркәсіптік кешенде барлық түрдегі субсидиялар бойынша берешек 341,3 млрд теңгені құрайды, оның 152,2 млрд теңгесі несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялауға тиесілі. Берешек барлық өңірлерде бар. Ең көбі Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелген, жиыны 173,7 млрд теңге, бұл жалпы соманың 51%-ын құрайды. Дегенмен, субсидиялар бойынша берешек біртіндеп азайып келеді, тек биылдың өзінде 148,5 млрд теңге қарыз өтелді. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды мемлекеттік реттеу туралы» ҚР Заңына сәйкес, субсидияларды төлеу жергілікті атқарушы органдар арқылы жүзеге асырылады. 2023 жылдан бастап аграрлық секторды субсидиялауға арналған барлық шығыстар жалпы сипаттағы трансферттер туралы заң аясында жергілікті бюджеттерге жүктелген.…
TikTok-та «Әнуарбек-мотиватор» атымен танымал спортшы Әнуарбек Бекембетов 15 тәулікке қамалды, деп хабарлайды Ertenmedia. Әлемжеліге мониторинг жасаған полиция қызметкерлері атышулы видео кейіпкерін анықтады. Видеода әуесқой жекпе-жекпен айналысатын, реалити-жобаларға қатысқан Әнуарбек жұртқа доқ көрсетіп, дөрекі сөйлеп, өзін «батыл әрі адуынды» кейіпте көрсеткен. Кейін полицияға жеткізілген спортшы мұның бәрі «қойылым» екенін, тек желіде танымал болу үшін түсіргенін мойындапты. Министрліктің мәліметінше, желіде «крутой» болып көрінген бейнежазба шын мәнінде арзан-құрзан танымалдыққа деген ұмтылыс қана. Сот шешімімен Әнуарбек Бекембетовке ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулікке қамау жазасы берілді. Полиция өкілдері агрессия, дөрекілік және жасанды батырлықты жастарға үлгі етудің қауіпті екенін ескертті. «Мұндай әрекет әсіресе спортшыларға жараспайды.…










