Жетісу облысында Республика күніне орай бір күнде тақырыптық 3 мурал бір уақытта ашылды. Жоба Президенттің «Әділетті Қазақстан» идеологиялық бағдарламасы аясында өңір жастарының бастамасымен жүзеге асырылып, азаматтық жауапкершілікті, экологиялық мәдениетті және қоғамдағы әділдік қағидаттарын нығайтуға бағытталды, деп жазады Ertenmedia.kz. «Таза Қазақстан», «Адал Азамат», «Заң мен Тәртіп» қағидаларының негізгі принциптерін насихаттау мақсатында салынған бұл муралдар Сарқан ауданының Сарқан қаласындағы, Қаратал ауданының Үштөбе қаласындағы және Көксу ауданының Балпық би ауылындағы көп қабатты үйлер қабырғасының көркін кіргізіп тұр. – Біз үшін мурал қабырғадағы сурет қана емес, өмірде қандай ұстанымдарды таңдайтынымызды еске салатын маңызды жазба. Сондықтан салынған бұл муралдар қоршаған ортаға ұқыпты қарау мен экологиялық…
Автор: Асылхан Бөрібай
Куала-Лумпурда өткен АСЕАН саммиті қай ел келіссөзге қабілетті, қайсысы бітімгерлікке дайын екенін көрсетіп берді. Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің басшылары жиылған бұл жиында Мьянмадағы ішкі қақтығыс, Газадағы жағдай, цифрлық алаяқтықтың өршуі, АҚШ пен Қытай арасындағы текетірестің күшеюі кеңінен сөз болды. Әңгіме тек аймақтың ішкі мәселесімен шектелмейді, жаһандық сауда жүйесінің шайқалуына дейін барып тірелгенін байқадық. Тариф саясаты арқылы басталған экономикалық тартыстар қазір қауіпсіздік күн тәртібіне шығып отыр. Көпшіліктің назары, әрине, АҚШ пен Қытай арасындағы әңгімеге ауғаны белгілі. Дональд Трамптың Куала-Лумпурге бір аптаға созылатын Азия турының басталуы ретінде қаралуда. Саммитке Жапония, Қытай, Оңтүстік Корея, Бразилия, ОАР, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия лидерлері келді, ал АСЕАН-ға…
Түркістан облысы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен туристік аймақта «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында фотокөрме өтті. Экспозицияда полиция қызметінің сан қырын көрсететін фотожұмыстар пен полицейлердің ұл-қыздары өз қолдарымен салған әсерлі балалар шығармашылығы ұсынылды. Сонымен қатар шара барысында полиция қызметіне берілген жаңа қызметтік автокөліктердің таныстырылымы өтті. Яғни кішкентай тұрғындар қызметтік көлікке отырып көріп, ондағы құрылғылармен еркін танысып шықты. Жеке құрам мен «Жас сақшы» сыныбының оқушылары сапқа тұрғызылып, салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Түркістан облысының бас полицейі Мұрат Қабденовтің өзі арнайы қатысып, жастармен тілдесіп, тұрғындарға көрменің маңыздылығын жеткізді. «Бүгін Сіздерге қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жедел іс-шаралар мен халықпен күнделікті қарым-қатынас…
Мұхтар Әуезов атындағы кітапханада «Кітаптар әлемі» жобасының бес жылдық мерейтойы аясында жазушы Салтанат Әбдіғалидың «Жаназық» және «Кішкентай әйел» кітаптарының таныстырылымы өтті. Шараны Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, жазушы Нұрдәулет Ақыш жүргізіп отырды. Алғашқы болып сөз сөйлеген Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасының орынбасары, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Қасымхан Бегманов жас жазушының аяқ алысы – қос кітабы қомақты еңбек екеніне тоқталып, ақжарма тілегін білдірді. Ал арнайы Тараз қаласынан ат терлетіп келген Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, жазушы Көсемәлі Сәттібайұлы мен «Шалқар» радиосының директоры, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, жазушы…
Президент Тоқаев Уашингтонда өтетін «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне Әзербайжанның да қатысуын қолдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia. Тоқаев Бакудің өңірлік рөлін жоғары бағалап, Әзербайжанды «үлкен Орталық Азияның ажырамас бөлігі» деп атады. «Әлиевтің мұндай маңызды мәжіліске қатысқанын қалар едім. Энергетикалық әлеуеті, оңтайлы географиялық орналасуы, президент Әлиевтің стратегиялық ұстанымы мен саяси ерік-жігерінің арқасында Әзірбайжан Оңтүстік Кавказда ғана емес, одан тыс аймақта да маңызды рөл атқарып, іс жүзінде аймақтық көлік-логистикалық және энергетикалық орталыққа айналды. Бакуді үлкен Орталық Азияның ажырамас бөлігі ретінде қарастыру қажет», – деді Тоқаев. Қазақстан басшысы АҚШ президентінің саммит өткізу бастамасын уақыт талабына сай деп отыр. «Жиын барлық тарап үшін тиімді…
Ақтау қаласына күз салқыны енді ғана енгендей. Аспан бұлтты, бірақ әкімдік ғимаратының ішіндегі ауа райы жылы. Бүгін мұнда бірлік пен сабыр жайлы әңгіме өрбіді. Жай ғана кездесу емес, түбі тереңнен тартатын әңгімелер айтылған басқосу өтті. Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай мен Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері бас қосты. Ақсақалдар, Аналар кеңесінің өкілдері, этномедиаторлар – бәрі осында. – Қазір бейбіт өмірдің қадірін түсінетін уақыт. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтып жүрген «Біздің байлығымыз – бірлікте» деген сөз жай ұран емес. Бұл саяси бағдар, – деді жиынды ашқан әкім. Ассамблея адам мен адамның арасына көпір бола білген құрылым. Онда шенеунік те бар, шебер де бар,…
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін инватакси қызметінің тәртібі біртіндеп өзгеруде. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бастаған пилоттық жоба аясында Астана мен Алматыда инватаксиге такси агрегаторларын қосу қолға алынған. Соның нәтижесінде 2025 жылдың басынан бері екі қалада арнайы қызмет 401,9 мың рет пайдаланылған. Салыстыру үшін айтсақ, 2024 жылдың қорытындысы бойынша инватакси қызметін пайдалану саны 207,2 мың шамасында болған. Яғни жаңа тәсіл сұраныстың артуына да, қызметтің жиі қолданылуына да әсер еткен, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұған дейін инватакси алудың өз ережесі болды. Адам бір жерге баруы керек болса, бір күн бұрын телефон соғып жазылуға тиіс еді. Көлік жетіспесе, кезек күтуге тура келетін.…
2025 жылы тоғыз ай ішінде Алматының жергілікті бюджет кірісі 1,6 трлн теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20% жоғары. Жыл қорытындысы бойынша қала бюджетіне түсетін жалпы түсім көлемі 2,3 трлн теңгеден асуы мүмкін. Бұл қала тарихындағы рекордтық көрсеткіш, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бюджет кірістерінің артуы Алматының тұрақты дамып келе жатқанын көрсетеді. Қалада ауқымды экономикалық және әлеуметтік бастамалар жүзеге асырылып келеді. 35 жыл ішінде Алматы жасампаздық пен дамудың символына айналып, оның жетістігі бүкіл елдің мақтанышына айналды. Шаһарда кәсіпкерлік пен инновацияны қолдайтын жаңа бизнес-алаңдар мен технопарктер құрылып жатыр. Әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларды,…
Сирек кездесетін металдар үшін басталған жаһандық тартыс Орталық Азияны геосаяси ойын алаңына айналдырғандай… Бұрын тек шикізат көзі ретінде саналып келген Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстанның жер қойнауындағы литий, никель, титаномагнетит пен уран секілді ресурстар қазір жаңа экономикалық дәуірдің «валютасына» айналып отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Әлемдік державалар, әсіресе АҚШ, ЕО мен Ұлыбритания, бұл байлықты өз пайдасына икемдеу үшін түрлі дипломатиялық, экономикалық және саяси тетіктерді іске қосып , әрекет ете бастады. Сырт көзге серіктестік ұсынысы сияқты көрінгенімен, шын мәнінде олар аймақты технологиядан алыстатып, шикізаттық шеңберден шығармауға тырысатыны сөзсіз. Ал Орталық Азия елдері ресурстық әлеуетін қайта қарап, оны тиімді игерудің жолын іздеуі керек.…
Орта Азия елдерінің басшылары Доналд Трамппен өтетін кезектен тыс саммитке қызу дайындық үстінде. Қарашаның 6-сына жоспарланған кездесуде Уашингтонның аймақтағы ұзақмерзімді жобалары сөз болады деп жазады Ertenmedia. Eurasianet-тің мәліметінше Астана мен Тәшкент бірнеше ай бойы Трампты С5+1 форматын Орта Азияда өткізуге көндірмек болған. «Аймаққа аяқ басқан Әміриканың алғашқы президенті боласыз» деген уәж айтылған. Алайда қыңыр мінезді Ақ үй басшысы мұндай аргументке иланбаса керек, сөйтіп саммитті Уашингтонда өткізуді құп көрген. Трамп әкімшілігі Орта Азиямен қарым-қатынаста минералды ресурстар мәселесіне басымдық беріп отыр. АҚШ-тың екі жоғары дәрежелі дипломаты, Орта Азия бойынша арнайы өкіл Сержио Гор мен Мемхатшының орынбасары Кристопер Ландау 26-30 қазан аралығында Қазақстан…










