1 қараша сенбі күні. Астанада көрнекті жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың есімі берілген аллеяда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай мен елордалық жоғары оқу орындарында оқитын маңғыстаулық студенттердің қатысуымен экологиялық сенбілік өтті. Акция аясында қатысушылар аллея аумағын тазалап, жапырақтарды жинап, жас көшеттер отырғызды. Шара жылы әрі достық атмосферада өтіп, қоғамдық орындарды абаттандыру мен экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталды. Облыс әкімі мұндай бастамалардың маңыздылығын атап өтіп, тазалық пен табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындап берген басым бағыттардың бірі екенін айтты. «Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев экологиялық жауапкершілікті күшейту мен елдің көркейуіне әр азаматтың үлесін қосуы керектігін үнемі айтып…
Автор: Асылхан Бөрібай
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Астанада қаза тапқан бұрынғы шенеунік Ержан Бабақұмаров туралы пікір білдірді деп жазады Ertenmedia. Оның айтуынша, марқұм мемлекеттік мүддеге адал азамат болған. «Ержанды жақсы танитынмын. Оның мемлекетшілдігі мен халыққа деген адалдығын көрдім. 2022 жылдың қаңтарында басқа басшылардай Алматыны тастап кетпей, күштік құрылымдармен келісімге бармады», – дейді депутат. Бапи Бабақұмаровтың Қаңтар оқиғасынан кейін «Қаңтардың ақиқаты» атты деректі фильм түсіруге мұрындық болғанын да еске алды. Бірақ фильмнің кейінгі тағдыры белгісіз күйінде қалған. «Егер ол расында Мәсімовтың адамы болса, Қаңтар ақиқаты туралы фильм түсірер ме еді?», – дейді ол. Сонымен бірге депутат Бабақұмаровпен қоштасу рәсімі елеусіз, қарапайым өткеніне таңданысын жасырмады.…
Ауыл шаруашылығы министрлігі таратқан мәлімет бойынша, бүгінде агроөнеркәсіптік кешендегі субсидияның жалпы берешегі 341,3 млрд теңгеге жеткен. Оның 152,2 млрд теңгесі несие пайызын субсидиялауға тиесілі деп жазады Ertenmedia. Субсидия бойынша берешек барлық өңірде дерлік тіркелген. Әсіресе, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында қарыз көлемі жоғары. Үш өңірдің берешегі 173,7 млрд теңгеге жетіп, елдегі жалпы қарыздың 51%-ын құрап отыр. Дегенмен, биыл субсидия берешегін өтеу қарқыны артты. Жыл басынан бері шаруалар алдындағы 148,5 млрд теңге қарыз жабылған. Ауыл шаруашылығын субсидиялауға бөлінетін қаражат жергілікті атқарушы органдар арқылы жүзеге асырылады. 2023 жылдан бастап субсидия шығындары толығымен жергілікті бюджеттердің қарауына берілген. 2025 жылы агроөнеркәсіп кешенін субсидиялауға…
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің басқарма төрағасы-ректоры Ербол Исакаев Аризона университетімен ынтымақтастықтың нәтижелері мен жаңа кезеңдері туралы айтты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, Қазақстан Президентінің бастамасымен іске асқан бұл серіктестік еліміздің жоғары білім беру жүйесін және ғылыми зерттеулерді дамытудағы маңызды қадам болды. Бүгінде бірлескен білім беру бағдарламалары бойынша 1200-ден астам студент білім алып жатыр. Жалпы университеттегі студенттер саны 6,5 мыңға жетті. Студенттердің географиясы Қазақстанның барлық өңірлерін және бірқатар шетел мемлекеттерін қамтиды. Ербол Исакаевтың айтуынша, соңғы үш жылда екі университет арасындағы серіктестік білім беру бағдарламаларынан ғылыми жобаларды бірлесіп жүзеге асыру кезеңіне өтті. Қазір Аризона университетімен және «ҚазМұнайГаз» АҚ-мен бірлесіп, күкіртті…
Қостанайда өткен «Ақ жол» партиясының барлық деңгейдегі депутаттарының форумы биылғы саяси маусымның маңызды оқиғасына айналды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жиынға еліміздің әр өңірінен халық қалаулылары, кәсіпкерлер, қоғам белсенділері қатысты. Олар елдің дамуы, кәсіпкерлікті қолдау және өңірлердегі өзекті әлеуметтік мәселелерді талқылады. Партия төрағасы Азат Перуашев форум барысында белсенді партия мүшелеріне мемлекеттік және партиялық марапаттар табыстап, олардың аймақтардағы белсенді еңбегін жоғары бағалады. Форумның негізгі мақсаты – партияның саяси жауапкершілігін арттыру және өңірлердегі халықтың мүддесін қорғау жолында нақты істерді атқару. Қазір «Ақ жол» партиясы Парламент деңгейінде ғана емес, жергілікті мәслихаттарда да өз ұстанымын айқын білдіріп келеді. Форумда аймақтардан келген депутаттар – Сергей Горяной, Евгений…
Бүгін Орал қаласында Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментіне қызметтік жаңа техникалардың кілттерін табыстау рәсімі өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов және Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қатысты. Рәсім барысында министр мен облыс әкімі құтқарушыларға жаңа арнайы автокөліктердің кілттерін салтанатты түрде табыстады. Бұл – өңірдің төтенше жағдайлар қызметінің материалдық-техникалық базасын нығайту бағытындағы маңызды қадам. Жалпы сомасы 2 миллиард теңгеден астам қаржыға 30 бірлік жаңа техника сатып алынды. Оның ішінде: 19 өрт сөндіру автоцистернасы, 8 жүріс қабілеті жоғары жедел-жеңіл автокөлік, 1 құтқару қайығы және республикалық бюджет есебінен алынған 2 сорғы-жеңді автомобиль бар. Өз сөзінде облыс әкімі…
Соңғы екі жыл ішінде «JOLTAP» жобасы көптеген адамның өміріне нақты өзгеріс әкелді. Бұл бастама қиын жағдайға тап болған жандарға жаңа мүмкіндік ұсынып, өз жолын қайта табуға көмектесті, деп жазады Ertenmedia.kz. Жоба аясында қатысушылар кәсіп игеріп, жаңа мамандық меңгеруге, жеке ісін бастауға мүмкіндік алды. Ең бастысы адамдар өзіне деген сенімін қайта қалыптастырып, өмірге жаңа көзқараспен қарауды үйренді. Жобаның тиімділігін оны көзбен көргендер де атап өтуде. Қатысушылармен және ұйымдастырушылармен тікелей кездескендердің айтуынша, әрбір жетістік – нақты еңбек пен қолдаудың нәтижесі. «JOLTAP» тек оқыту немесе жұмыс табу бағдарламасы емес. Бұл – адамның ішкі сенімін оятатын, өз мүмкіндігін қайта бағалауға итермелейтін орта. Жоба негізінде…
Қазақстанда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес білім беру жүйесіне жаңа технологиялық шешімдер мен жасанды интеллектті енгізу бойынша кешенді бастамалар мен жобалар қолға алынуда. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова елордада өтіп жатқан «Цифрлық дәуірдегі мектеп білімі: басты трендтер мен талаптар» XIV халықаралық конференция аясында халықаралық жетекші сарапшылармен кездесіп, жаңа буын технологияларын білім беру жүйесіне енгізу мәселесін талқылады. Министрмен кездесуге британдық білім берудегі ЖИ саласындағы сарапшы Дэн Фицпатрик, Bedrock AI, Diverse AI негізін қалаушы және бас директоры Тоджу Дьюк, аустралиялық Кертин университетінің Білім беру мектебінің жоғары оқу орнынан кейінгі зерттеулер жөніндегі директоры Кок-Синг Танг, Аделаида университетінің жасанды интеллект және білім беру саласындағы профессоры Райан…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыр еліне жұмыс сапарымен келді. Президент өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен, өндіріс, инфрақұрылым, мәдениет және спорт нысандарымен танысты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Сапар «Қорқыт ата» халықаралық әуежайының жаңа терминалын аралаудан басталды. Мемлекет басшысына өткізу мүмкіндігі жылына 300 мың жолаушыдан 500 мыңға дейін артқан әуе айлағын аралады. Әуежайдың тіркеу және тексеру аймақтары, шекаралық-кедендік бақылау пункттері, күту залы, сондай-ақ автоматтандырылған жүк беру жүйесі көрсетілді. Өнер орталығында аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысы, «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар, облыс орталығы мен елді мекендерді абаттандыру жөнінде есеп берді. Инвестициялық жобалар таныстырылып, Orient Ceramic KZO…
Қазақстанда инвесторлардың құқықтарын қорғау тетіктері күшейтіліп, бизнес ортаға деген сенімді арттыру бағытында нақты қадамдар жасалып келеді. Бұл елдің халықаралық стандарттарға сай ашық әрі болжамды экономикалық жүйе қалыптастыруға ұмтылып отырғанын көрсетеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Сарапшылардың пікірінше, инвестициялық климат тек заңнамамен шектелмейді. Сот жүйесінің ашықтығы, әкімшілік кедергілердің азаюы және жемқорлықпен күрестің жүйелі жүргізілуі инвестор сенімінің негізгі тіректеріне айналады. Экономикалық зерттеулер институтының сарапшысы Жанара Берікқызының айтуынша, Қазақстанда инвесторларға арналған қолдау құралдары қалыптасқан. Инвестициялық келісімшарттар, арнайы экономикалық аймақтар мен түрлі салықтық жеңілдіктер бизнес үшін нақты артықшылық береді. «Қазақстан инвестициялық реттеуді жеңілдету бағытында алдыңғы қатарға шықты. Бұл – цифрландыру мен fast-track тетіктерін енгізудің нәтижесі. Сонымен…










