Ресейдегі pravda.ru сайты Қазақстанда ұлтшылдық өршіп барады деп байбалам салғанша, әуелі адам аттарын дұрыс жазып үйренсе жақсы болар еді. Журналистикасы жалған патриотизмге сүйеніп, фактімен емес, фантазиямен жұмыс істейтін осы сайт жуырда ҚР Сыртқы істер министрінің аты-жөнін шатастырып, Ермек Көшербаевтың орнына «Мурад Көшербаев» деп жазып жіберді, деп жазады Ertenmedia.kz. Мұны жай ғана техникалық қателік десек, тым аңғалдық болар еді. Себебі Ресейдің ақпарат алаңында Қазақстанға қатысты есімдерді бұрмалап жазуы (айтуы) әуелден келе жатқан әдеттері екенін жақсы білеміз. Ойдан құрастырылған «ұлтшылдар» мен ел ішіндегі «тіл дағдарысы» pravda.ru үшін сүйікті тақырып. Түймедей дүниені түйедей етіп көрсетпесе, ішкен астары бойларына сіңбейтіндей… Таяуда Ertenmedia елімізде тұратын…
Автор: Асылхан Бөрібай
Алматыда Каныш Сәтбаев атындағы 56-мектеп жайлы хабар әлеуметтік желіде тез тарады. Әсіресе карниз бұзылған сәттің видеосы шыққаннан кейін жұртшылық «тарихи ғимаратты құлатып жатыр» деп ойлады. Осы кезде эмоция алдыға шығып, ресми ақпарат кейін қалып қояды. Сол үшін Құрылыс басқармасы дер кезінде түсініктеме беріп, ғимараттың сүру жоспары жоқ екенін, керісінше сейсмикалық күшейту мен күрделі жөндеу жүріп жатқанын айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Енді мәселені сабырмен тарқатайық. Алматы сейсмикалық аймақта орналасқан қала. Көпқабатты үйлерге қойылатын талап қандай қатал болса, балалар оқитын мектепке қойылатын талап одан кем болмауы керек. 56-мектептің ғимараты ескі, тарихи мәні бар, әрі орталықта орналасқан. Мұндай ғимараттарды екі жолмен ғана сақтауға…
Алматы әкімдігі Сәтбаев атындағы №56 гимназияның ғимараты бұзылады деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia. Қала әкімінің кеңесшісі Ілзат Ақчурин әлемжелі мен БАҚ-та тарап жатқан гимназия ғимараты бұзылады деген мәліметтің жалған екенін айтты. Құрылыс басқармасының ресми мәліметіне сәйкес, мектеп ғимараты толық бұзылмайды, қазір нысанда тек күрделі жөндеу және сейсмикалық күшейту жұмысы жүргізілуде. Сондай-ақ, тарихи ғимараттың сәулеттік келбеті сақталатынын атап өтті. «Қазіргі ғимаратты сүріп тастау жоспарланбаған. Жоба аясында ғимараттың тарихи қасбеті міндетті түрде сақталады», – деп сендірді басқарма өкілдері. Жөндеу жұмысынан кейін мектеп заманауи оқу кеңістігіне айналып, білім берудің жаңа стандартына сай болады деп күтілуде. Жаңарту жобасына сәйкес, гимназиядағы барлық…
Алматыда соңғы жылдары әскерге шақыру науқандарының саны ғана көбеймей, оның ұйымдастырылу мәдениеті де өзгеріп келеді. Әскерге барар алдында қаланың әр түкпірінен жиналған жігіттер тар әрі уақытша бейімделген ғимаратта кезек күтіп отыратын күн артта қалуға жақын. Қала әкімдігі әскери міндетті азаматтармен жұмыс қалаға лайық деңгейде болуы керек деген қағиданы ұстанып, жинақ пунктін Түрксіб ауданындағы Беринга, 31 мекенжайындағы бұрынғы ІІМ академиясының кең ғимаратына көшіру туралы шешім қабылдады, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алматының мобилизациялық дайындығын заманауи форматқа көшіру талабы. Жаңа пункттің 2800 шаршы метр аумағы, 0,63 гектар іргелес жері, акт залы, спорт залы, асханасы бар екені…
Ресей мен Қытай арасындағы «Сила Сибири-2» жобасына бойынша меморандум қол қойылғанын білеміз. Құжаттың мазмұны мен шарттары теңдіктен гөрі тәуелділікке көбірек ұқсайды. Ertenmedia осы мәселені байыппен саралап, қарапайым сандардың астарында қандай сыр жатқанын білуге тырысты. Бүгінде Қытай Ресейден газдың әрбір текше/метрін 100-110 доллардан алып отыр. Бұл Ресейдің ішкі нарығында бағасымен бірдей. Бұрын Еуропа орыстың газының әрбір текше/метірен 300-400 доллар төлеуші еді. Осыан-ақ, ресми Бейжіңнің өз шарттарын өткізіп, энергетикалық келісімді өз пайдасына шешкенін байқауға болады. Оның үстіне «Сила Сибири-2» әлі салынып бітпеген жоба. Ресей миллиардтаған инвестиция құйып құбырды салып жатқанда, Қытай бүкіл шартты өз мүддесіне қарай бұрған ойыншыға айналды. Меморандум ниет…
Корей түбегіндегі әскери қуат жайында сөз қозғағанда, алдымен ауызға Солтүстік Кореяның ядролық бағдарлама түсетіні анық. Бірақ соңғы уақыттары тепе-теңдікті айқындайтын факторлардың бірі ретінде Оңтүстік Кореяның әскери-технологиялық серпілісін де атауға болады. Соның ішінде су асты флотын күшейтудегі талпыныстары ерекше назарға ілігуде. Жақында Оңтүстік Корея Jang Yeong-sil (SS-087) деп аталатын жаңа дизель-электрлік сүңгуір кемесін суға түсірді, деп жазады Ertenmedia.kz. 3600 тонналық алып кеме толығымен Оңтүстік Кореяның өнімі десек болады. Оның бойындағы стелс-технологиялар, соңғы үлгідегі сонар жүйелері және құрлықтағы нысанға дәл соққы беретін қанатты зымырандармен жабдықталуы кәрістердің теңіздегі қорғаныс қабілетін бір саты жоғары көтеріп тастады. Geoje аймағындағы Hanwha Ocean верфінде жасалған бұл сүңгуір…
АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы Қазақстанның Республика күніне орай ресми мәлімдеме жасады. Конгресс мүшелері екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің берік әрі ұзақ мерзімді екенін ерекше атап өтті, деп хабарлайды Ertenmedia ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеп. АҚШ конгрессмендері Билл Хайзенга (Мичиган), Роберт Адерхольт (Алабама), Джимми Панетта (Калифорния), Том Суози (Нью-Йорк) және Сидней Камлагер-Дав (Калифорния) Қазақстанды АҚШ-тың сенімді және болжамды серіктесі деп бағалады. «Америкалық заң шығарушылар Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту жолындағы табыстарын жоғары бағалады. Олар еліміздегі демократиялық институттарды, ашықтықты және заң үстемдігін арттыруға бағытталған саяси-экономикалық реформаларды қолдайтынын жеткізді. Қазақстан ядролық қарусыздану мен дінаралық диалогтың көшбасшысы екені де ерекше аталды. Әсіресе,…
АҚШ санкциясынан кейін Қытайдың ірі-ірі мемлекеттік мұнай компаниялары Ресейден танкер арқылы тасымалданатын мұнай сатып алуды тоқтатты, деп хабарлайды Ertenmedia. Осы аптада Ақ үй «Роснефть» пен «Лукойлға» санкция енгізген болатын. Reuters дерегінше содан кейін-ақ Қытайдың PetroChina, Sinopec, CNOOC және Zhenhua Oil компаниялары санкцияға ілігіп кетуден сақтанып, Ресейдің теңіз жолымен келетін мұнайын сатып алудан уақытша бас тартқан. Жаңалық орыс мұнайын ең көп тұтынатын елдің бірі Үндістан да Путиннің Украинадағы агрессиясына байланысты АҚШ санкциясын қолдап, Мәскеуден мұнай импортын күрт қысқартуға ниеттенген тұста жарияланды. Ресей мұнайының екі ірі нарықтан бір мезетте шеттеуі Мәскеудің мұнайдан табатын табысын ортайтып, ірі мұнай тасымалдаушыларды балама жолды іздеуге мәжбүр…
Ресейлік әнші Ақмал Қостанайдағы концертінің өтпей қалғанын мәлімдеді. Концерттің тосыннан тоқтауына оның сахнадағы өрескел сөзі себеп болған, деп хабарлайды Ertenmedia. Әншінің сөзіне сенсек, шығармашылық топ Қостанай филармониясының сахнасына шығуға әзір отырған. Бірақ кенеттен концерт залында жарық сөніп қалып, іс-шара тоқтаған. «Жарық қайта қосылса, концерт беруге дайын едік. Өкінішке қарай, жағдай солай болды. Бірақ кешті түпкілікті тоқтату туралы ойымыз жоқ. Жақын күндері қайта оралып, міндетті түрде концерт береміз», – деп ақталды Ақмал филармония ғимаратының алдында жиналған көрермен алдында. Алайда оның Қостанайдан бұлай тез қайтуының шынайы себебі басқа. Бұған дейін Қызылжарда өткен концертте әнші көрермен сыйға тартқан көк-сары түсті (Украинаның жалауынан аумайтын)…
Алматы облысында Республика күні ерекше форматта аталып өтті. 5 мың көрерменнің қатысуымен Әнұранның бірегей орындалуы және ауқымды мерекелік концерт Қонаев қаласында алғаш рет ауқымды дрон-шоу өтті. Республика күніне орай ұйымдастырылған ерекше көріністі тамашалау үшін Орталық алаңға 15 мыңға жуық адам жиналды. Әуеде 550 дронның көмегімен ерекше композициялар көрсетілді. Шараның шарықтау шегінде көкте әр қазақстандық үшін қастерлі саналатын «Менің елім, менің елім, Гүлің болып егілемін. Жырың болып төгілемін, елім! Туған жерім менің – Қазақстаным!» сөздері пайда болды. Осы әсерлі сәтте дрон-шоуға жиналған көрермен Мемлекеттік Әнұранды бірге орындады. Дрондар шоуы барысында көкте халықты жігерлендіретін басқа да бейнелер пайда болды. Мысалы, Қазақстан картасы,…










