Семейдегі «Ес-Аймақ» рухани орталығында облыстық этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық институттар арасында өткен «Достық-2025» байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Салтанатты шараға облыс әкімі, Абай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Берік Уәли, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғамдық ұйым жетекшілері қатысты. «Достық-2025» байқауы азаматтық қоғамды жүйелі түрде жаңғырту, жалпыұлттық құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын қорытындылау мақсатында ұйымдастырылды. Шара өңірдегі этносаралық келісім мен қоғамдық бірлікті нығайтуға бағытталған. Салтанатты шара барысында сөз сөйлеген аймақ басшысы этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық институттардың ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайту жолындағы еңбегінің ерекше екенін атап өтті. – Дана халқымызда «Ынтымақты елге бақ қонар» деген аталы сөз…
Автор: Лейла Болтаева
Түркістан облысы Жетісай ауданы Асықата кентінде «SPORT ASSET MANAGEMENT» қоғамдық бірлестігінің жеке инвестициясы есебінен заманауи үстел теннис орталығы қолданысқа берілді, деп жазады Ertenmedia.kz. Орталықтың ашылуына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы қатысып, тұрғындарды құттықтады. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Жолдауларында бұқаралық спортты дамыту, ауылдардағы спорт инфрақұрылымын жаңарту жөнінде нақты тапсырмалар берді. Облыста осы бағытта ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Биыл облыс көлемінде 112 спорт нысанның құрылысы басталып, бүгінгі таңда 102-нің құрылысы аяқталуда. Қалғаны 2026 жылғы өтпелі. Бүгін ашылып отырған нысан стандарттарға сай әрі заманауи үлгіде жабдықталған. Спорт нысаны бір мезетте 200-ге дейін спортшыны қабылдай алады. Мұнда үстел теннисімен бірге бокс,…
Ақтауда отбасы институтын дамыту мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Отбасы және қоғам: жаңа мүмкіндіктер кезеңі» атты өңірлік форум өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Облыс әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия, «AMANAT» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанаты және Жаңаөзендегі «Аналар кабинеті» қоғамдық қоры бірлесіп ұйымдастырған шараға еліміздің әр өңірінен арнайы делегациялар қатысты. Форумның мақсаты отбасы институтын нығайтып, ұлттық тәрбиені насихаттау, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру. Жиынға қатысқан Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев отбасы құндылығын күшейту мен қоғамдағы ананың рөлін ерекше атап өтті. Шарада халық емшісі Қаламқас Күлбарақова, психолог Елжас Ертайұлы, Қызылорда…
Қазақстанда бұқаралық спортты дамыту тек әлеуметтік бастама емес, ұлт денсаулығы мен адами капиталды нығайтудың стратегиялық бағытына айналып отыр. Бүгінде ел бойынша 240 мыңнан астам бала спорт секцияларына тегін қатысады. Бұл соңғы жылдардағы жүйелі мемлекеттік қолдаудың нақты нәтижесі. Ресми деректерге сәйкес, қазіргі таңда Қазақстанда 7-17 жас аралығындағы балалардың шамамен 35-40%-ы спортпен жүйелі түрде айналысады. Соңғы 5 жылда балалар мен жасөспірімдерді қамтитын спорт секцияларының саны 1,5 есеге артып, Тегін спорт үйірмелерінің 60%-дан астамы өңірлер мен шағын қалаларда орналасқан. Бұл көрсеткіштер спорттың қолжетімділігі артқанын және оның тек ірі қалалармен шектелмей, ауыл-аймақтарға да жетіп жатқанын аңғартады. Сарапшылардың пікірінше, ақылы спорт үйірмелерінің орташа айлық құны…
Бүгін Астана қаласындағы Ұлттық баспасөз клубында «ҚазТАГ» ақпараттық агенттігінің бас редакторы Әмір Қасенов пен агенттік иесі Әсет Матаевтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Баспасөз жиыны «ҚазТАГ» агенттігі мен «Фридом Финанс» АҚ арасындағы дау аясында ұйымдастырылды. Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласының Полиция департаменті «Фридом Финанс» компаниясының меншік иесі Тимур Турловтың шағымынан кейін «ҚазТАГ» редакциясы басшылығына қатысты жалған ақпарат тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын. Қазір агенттіктің иесі Әсет Матаев пен бас редакторы Әмір Қасенов осы іске байланысты күдікті деп танылған. Жанжалдың ушығуына Әмір Қасеновтың бұрынғы әйелі, журналист Роза Есенқұлованың әлеуметтік желідегі жазбасы да себеп болған еді.…
Президент Тоқаев Токиода сумо күресінің майталманы Ерсін Балтағұлмен кездесті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мемлекет басшысы Жапонияда білім алып, он жылдан бері әлемдік аренада атой салған отандасымыздың жетістігіне қазақстандықтар ерекше мақтанышпен қарайтынын жеткізді. «Бүгін Император Нарухитомен болған кездесуде де әңгіме арасында сенің жетістіктерің туралы сөз қозғалды», – деді Президент. Ерсін Балтағұл Жапонияда «Кимбозан» деген лақап атпен танымал. Бұл атауды оған Кумамото префектурасының символы саналатын таудың құрметіне берген. Сол өңір – әйгілі жаттықтырушы, сумо мектебінің негізін қалаған ояката Кисэнің туған жері. Айта кетелік, Тоқаевтың Токио сапары барысында екі ел арасында жалпы құны 3,7 миллиард доллардан асатын 40-тан астам келісім жасалады. Келіссөздердің негізгі бағыты…
Бүгін Астана қаласында «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының Республикалық «Рухтастар» сыйлығы табысталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Биыл бесінші рет ұйымдастырылған іргелі іс-шарада қоғамдық бастамаларға айрықша үлес қосқан еліміздің ең белсенді жас азаматтары марапатталды. Ел болашағына қызмет еткен жастар Салтанатты рәсімге Мәжіліс депутаттары, қоғам қайраткерлері жәнебелсенді жас көшбасшылар қатысты. Айта кетейік, биыл байқауға 18 бен 35 жас аралығындағы жастардан 500-ден астам өтінім келіп түсті. Жалпы осы жылдар аралығында 100-ге жуық жас азамат «Рухтастар» сыйлығының иегері атанды. Әр марапат – еңбекпен келген жетістіктің және тынымсыз ізденістің нағыз үлгісі. Өз кезегінде «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек жастардың ел дамуындағы рөліне тоқталып, бұл…
Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Құрық портынан 20 шақырым қашықтықта, Каспий теңізінің акваториясында орналасқан, Орталық Азиядағы алғашқы теңізде балық өсіру фермасының жұмысымен танысты, деп жазады Ertenmedia.kz. Жоба Мемлекет басшысының агроөнеркәсіп кешенін әртараптандыру, аквашаруашылығын дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында іске асырылуда. Жоспарға сай тор қоршамаларға 6 000 келі шамамен 30 000 дана албырт балығының шабағы салынды. Бұған дейін жобаны іске асырушы «Organic Fish» ЖШС теңіздегі тор қоршамаға 30 мың дана балық шабағын жіберген болатын. Сапар барысында аймақ басшысы теңіз аквашаруашылығы саласының елімізде алғаш рет дамып жатқанына тоқталып, бұл жобаның Маңғыстау облысының экономикасы үшін стратегиялық маңызға ие екенін айтты. – Бұл Қазақстандағы…
Үндістанда туып-өсіп, карьерасын Ұлыбританияда жалғастырған әлеуметтанушы ғалым Дип Шикхадан Азия мен Еуропадағы гендерлік ахуал жайында айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Шығыс қоғамында әйел бейнесі ғасырлар бойы отбасының ұйытқысы, әулеттің абыройын сақтаушы, дәстүрдің үзілмеуіне жауапты тұлға ретінде қалыптасқаны белгілі. Мұнда әйелдің мәртебесі көбіне оның ана, жар, келін ретіндегі рөлімен өлшенді. Отбасының беріктігі мен қоғамдағы тұрақтылық әйелдің сабыры мен жауапкершілігіне телінді. Осы себепті Шығыста әйелдің жеке таңдауынан гөрі, ортақ мүдде алдыңғы қатарға шықты. Батыс елдерінде әйелдің қоғамдық рөлі мүлде басқа тарихи жолмен дамыды. Жеке тұлғаның еркіндігі басты құндылыққа айналып, әйелдер білім алуға, еңбек нарығына, саясатқа ертерек араласа бастады. Гендерлік рөлдер қайта қаралып, «әйел…
Елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы театрда «AMANAT» партиясы ұйымдастырған дәстүрлі «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауы қорытындыланды, деп жазады Ertenmedia.kz. Абай рухы мен жаңа буын Биылғы байқау Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналып, маңызды мәдени шараға Мәжіліс Спикері, «AMANAT» Төрағасы Ерлан Қошанов қатысты. Өз кезегінде партия жетекшісі «AMANAT» партиясы «Ұлы дала» байқауын алтыншы мәрте өткізіп отырғанын және жыл өткен сайын оның ауқымы кеңейіп келе жатқанын атап өтті. Биыл байқау алғаш рет өңірлік деңгейде өткізілді. Осы уақыт аралығында 100-ге жуық жас ақын-жазушы конкурс лауреаты атанып, бүгінде кеңінен танымал қаламгерлерге айналып отыр. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев руханиятқа ерекше көңіл бөлетінін жақсы білесіздер. Президентіміз халқымыздың…










