Алматыда жастардың креативті ойлауын дамытуға және шығармашылық индустриядағы жаңа бастамаларды қолдауға арналған «ALMATY CREATIVITY STEP 2026» форумы өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Іс-шара Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жастарының «Қазақстан жастары – креатив амбассадоры» бағдарламасын қорытындылады. Бағдарлама екі ай бұрын басталып, 1000-нан астам жасты қамтыды. Осы уақыт ішінде креативті ойлау қабілетін дамытуға бағытталған 30-дан астам тренинг өткізілді. Форумды Алматы қаласындағы «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдігі ұйымдастырды. Іс-шара Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының, Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасына қарасты «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қолдауымен өтті. Сонымен қатар G35 студенттік өзін-өзі басқару көшбасшылары ұйымы, Алмалы және Медеу аудандарының жастар комьюнити-орталықтары бірлесіп…
Автор: Лейла Болтаева
30 сәуір күні Қазақстанның басым бөлігінде күн жылы әрі жауын-шашынсыз болады, деп жазады Ertenmedia.kz. «Қазгидромет» болжамынша, оңтүстік өңірлерде ауа температурасы +34 градусқа дейін көтеріледі. Ал батыс пен солтүстік-батыстың кей қалаларында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оралда түнде топырақ бетінде үсік жүруі мүмкін. Астанада күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде +6…+8 градус, күндіз +25…+27 градус жылы болады. Алматыда да жауын-шашын күтілмейді. Жел секундына 3-8 метр жылдамдықпен соғады. Түнде +11…+13 градус, күндіз +25…+27 градус жылы. Шымкентте күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел секундына 8-13 метр. Түнде +14…+16 градус, күндіз +30…+32 градус ыстық болады. Ақтауда күн бұлтты, жаңбыр жауып,…
Шығыс Қазақстан облысында цифрландыру жаңа кезеңге өтіп, жекелеген жобалардан тұтас басқару жүйесіне айнала бастады, деп жазады Ertenmedia.kz. Өңірде цифрлық трансформация енді бір ғана қызметті онлайн форматқа көшірумен шектелмейді. Негізгі мақсат мемлекеттік басқару, коммуналдық қызмет, қауіпсіздік, экология, энергетика және тұрғындармен кері байланысты бірыңғай цифрлық экожүйеге біріктіру. Облыстық цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы Қайрат Бимағамбетов мәслихат сессиясында осы бағыттағы негізгі жұмыстарды баяндады. Оның айтуынша, Шығыс Қазақстанда «ақылды қала» стратегиялары мен цифрлық трансформация карталары бекітіліп, оларды кең көлемде енгізу басталды. Бұрын цифрлық жобалар әр салада жеке-жеке іске асса, қазір басты назар ведомствоаралық байланысқа, деректердің бір ортаға жиналуына және шешім қабылдау сапасын арттыруға бағытталып…
Жетісу облысында газдандыру жұмысы өңірдің әлеуметтік дамуына тікелей әсер етіп, ауыл мен қала арасындағы тұрмыс айырмасын азайта бастады, деп жазады Ertenmedia.kz. Облыс құрылғаннан бері көгілдір отынға қосылған елді мекендер саны 5-тен 110-ға жетті. Соның нәтижесінде газдандыру деңгейі 27 пайыздан 67 пайызға дейін өсті. Бұл 467 мың тұрғынның табиғи газға қол жеткізуіне мүмкіндік жасалды деген сөз. Мұндай көрсеткіш өңір үшін жай инфрақұрылымдық есеп емес, мыңдаған отбасының күнделікті тұрмысын жеңілдететін нақты өзгеріс. Газ тарту жұмысы әсіресе ауылдық жерлер үшін маңызды. Себебі көмір тасу, күл шығару, қысқа дайындалу, пеш жағу сияқты бейнетті шаруа көп отбасына жақсы таныс. Көгілдір отын келген жерде үй жылыту…
Батыс Қазақстан облысында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жүздеген мың тұрғынның күнделікті тұрмысына тікелей әсер ететін маңызды жұмысқа айналып отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Өңірде «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында электр, жылу, су бұру және өзге де инженерлік желілерді жаңарту жұмыстары жалғасуда. Орал қаласында және ауылдық елді мекендерде іске асып жатқан жобалар ескі инфрақұрылымның тозуын азайтып, апат қаупін төмендетуге және тұрғындарға көрсетілетін коммуналдық қызмет сапасын арттыруға бағытталған. БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры кезінде өңірдегі 4 негізгі жоба таныстырылды. Соның бірі – Орал қаласындағы №29 кәріз сорғы станциясын қайта жаңарту. Құны 1, 8 млрд теңге болатын бұл жоба аяқталғаннан кейін 50…
Атырауда еріктілік мәдениетін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған «ATYRAU VOLUNTEER FEST» фестивалі өтіп жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Ауқымды шараға өңірдің 1000-ға жуық волонтері мен белсенді жасы, халықаралық және отандық ұйым өкілдері жиналды. Фестиваль бір күндік басқосу ғана емес, жастардың қоғамдағы рөлін, азаматтық жауапкершілігін және еріктіліктің нақты мүмкіндіктерін көрсететін үлкен алаңға айналды. Іс-шараның басты ерекшелігі – ашық форматтағы кездесулер. Күні бойы түрлі сала мамандары, халықаралық ұйым өкілдері, қоғам белсенділері және жастар көшбасшылары қатысушылармен тәжірибе бөлісіп, еріктіліктің қазіргі мәні туралы пікір алмасты. Алғашқы сессияда UNICEF жастармен жұмыс координаторы Шарбану Нұрғазы мен қоғам белсендісі, IT-кәсіпкер Алпамыс Жарилкасинов сөз сөйледі. Олар волонтерлік қазір тек қайырымдылық…
Қостанайда ғылым, технология және жасанды интеллект тақырыбын бір арнаға тоғыстырған «QOSTANAI TECH» отбасылық ғылыми-инновациялық фестивалі жалғасып жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Жылдың ең ірі технологиялық іс-шараларының біріне облыс тұрғындары, еліміздің әр өңірінен келген қонақтар, бизнес өкілдері, ғалымдар, IT мамандар, студенттер мен оқушылар жиналды. Таңертеңнен бастап «Жастар сарайы» мен оған іргелес аумақ цифрлық экономиканың болашағына қызығатын жұрттың ортақ алаңына айналды. Фестивальдің ашылуына Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов қатысып, технология мен жасанды интеллект қазір өңірдің ғана емес, бүкіл елдің бәсекеге қабілетін айқындайтын негізгі фактордың біріне айналғанын атап өтті. Оның айтуынша, цифрландыру, роботтандыру және жасанды интеллект өндіріс, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім беру және…
Түркістан қаласында «Таза Қазақстан» акциясы аясында түлектердің ағаш егу эко-челленджі өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. 29 сәуір күні №33 жалпы білім беретін келешек мектебінің 11-сынып оқушылары республикалық экологиялық бастамаға қолдау білдіріп, мектеп аумағына шырша көшеттерін отырғызды. Бұл шара табиғатты қорғауға арналған кезекті акция ғана емес, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған түлектердің туған мектебіне, өз қаласына және болашақ ұрпаққа қалдырған белгісі ретінде қабылданды. Ағаш егу рәсіміне қатысқан түлектер үшін бұл күннің мағынасы ерекше болды. Олар мектеп қабырғасындағы соңғы көктемін пайдалы іспен байланыстырды. Жерге отырғызылған әрбір көшет балалық шақпен қоштасудың, жауапкершілікке бет бұрудың және елге пайда тигізуге деген ниеттің көрінісіне айналды. Биыл аталған…
Қазақстанда бөліп төлеу және BNPL сервистеріне қатысты жаңа талаптар енгізілуі мүмкін, деп жазады Ertenmedia.kz. Ұлттық банк маркетплейстер мен сауда желілеріндегі бөліп төлеу қызметін реттеудің жаңа тәсілдерін қарастырып жатыр. Бұл мәселе Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдармен бірге талқылануда. Нақты шешім нарыққа жасалған талдаудан кейін қабылданады. Қазір бөліп төлеу қызметі көпшілік үшін ыңғайлы қаржылық құралға айналды. Адам тауарды бірден толық төлемей, бірнеше айға бөліп алады. Бірақ мұндай жеңілдіктің екінші жағы да бар. Егер тұтынушы өз табысын дұрыс есептемесе, бірнеше бөліп төлеу қатар жиналып, қарыз жүктемесін арттыруы мүмкін. Ұлттық банк реттеу тәсілі қызметті кім ұсынатынына байланысты болатынын…
Елорда әкімінің орынбасары Ерік Мейірханның төрағалығымен нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға арналған ведомствоаралық штабтың отырысы өтті. Жиында биылғы бірінші тоқсанда атқарылған жұмыс қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған міндеттер белгіленді, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазір есірткі саудасының сипаты қатты өзгерген. Бұрын мұндай қылмыс көбіне көзбе-көз байланыс арқылы жасалса, бүгінде негізгі қауіп интернетке көшті. Астана қаласы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мақсат Абикеннің айтуынша, есірткі заттарының 90 пайызы байланыссыз тәсілмен сатылады. Сондықтан құқық қорғау органдары онлайн-сату арналарына, күмәнді төлем карталарына, есірткі жарнамасына және жасырын жеткізу тізбектеріне басымдық беріп отыр. Бірінші тоқсанда 562 есірткі сайты бұғаттауға жіберілген. Олардың арасында жастар арасында…










