Автор: Лейла Болтаева

Энергетика

Қазақстанның Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің АҚШ-тағы сапары аясында Shell компаниясының бас атқарушы директоры Ваэль Саванмен кездесуі стратегиялық сипатқа ие маңызды қадам болды. Бұл кездесу Қазақстан үшін де, инвесторлар үшін де елдің мұнай-газ секторындағы жағдайды бағалап, келешекті нақтылауға мүмкіндік берді, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібі үшін Shell аса ірі және жүйеқұрушы инвесторлардың бірі. Компания Қазақстанның екі негізгі кен орны Қашаған мен Қарашығанақ жобаларына белсенді түрде қатысып келеді. Бұл кеніштер ел экономикасы үшін стратегиялық маңызға ие және республиканың мұнай экспортындағы негізгі кіріс көздері болып отыр. Келіссөздер барысында тараптар осы екі кен орнының қазіргі жағдайын талқылап, болашақта өндірісті арттыру мен кеңейту мүмкіндіктерін…

Толық оқу

Елімізде мүгедектігі бар адамдар мен ерекше күтімді қажет ететін балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға бірқатар салық жеңілдігі қарастырылған. Мұндай жеңілдіктер әлеуметтік қорғау жүйесінің бір бөлігі ретінде отбасылық бюджетке түсетін қысымды азайтуға бағытталған, деп жазады Ertenmedia.kz. Өйткені мүгедектігі бар азаматтың күнделікті шығыны біршама жоғары болады. Ем, оңалту, дәрі-дәрмек, арнайы құрал-жабадықтар ерекше адамдарды қатты сынайтыны жасырын емес. Сондықтан оларға салықтық жеңілдік ауадай қажет. Мүгедектігі бар азаматтар белгілі бір мөлшерге дейінгі табысынан жеке табыс салығын төлемей, стандартты салық шегерімін пайдалана алады. Бұл жеңілдік адамның ай сайынғы табысының бір бөлігін өз қолында қалдыруға мүмкіндік береді. Бір қарағанда, мұндай тетік үлкен өзгеріс әкелмейтіндей көрінуі мүмкін. Алайда…

Толық оқу
жемқорлық

Алматы облысында стоматологиялық қызмет көрсету кезінде 66 млн теңгенің жалған медициналық көмегі рәсімделгені мәлім болды. Осылайша медициналық сақтандыру жүйесі жемқорылықты ушықтыратын тетікке айналып бара жатқанына тағы да куә болдық, деп жазады Ertenmedia.kz. Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында стоматологиялық қызмет көрсету кезінде жасалған алаяқтық дерегі бойынша тергеуді аяқтады. Тергеу дерегіне сүйенсек, стоматологиялық клиникалардың директоры Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен 450 млн теңгеден асатын медициналық қызметтерді сатып алу туралы шарттар жасасқан. Қағаз жүзінде бәрі заңды көрінгенмен клиникалар азаматтарға шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек көрсетуге міндеттенген. Бірақ жүйеге енгізілген қызметтің бәрі бірдей нақты пациентке көрсетілмеген.…

Толық оқу
навес

Қазіргі уақытта көп адамдар табиғатпен етене араласатын, экологиялық таза әрі көз тартатын демалыс орындарын жақсы көреді. Осындай сұранысты қанағаттандыратын құрылыстардың бірі ағаштан жасалған заманауи павильондар. Бұл құрылыс түрі дәстүрлі ағаш өңдеу технологияларын жаңа инженерлік шешімдермен біріктіреді, деп жазады Ertenmedia.kz. Жоғарыда айтылған павильонның құрылысы қарапайым ағаш үй салудан әлдеқайда күрделі. Оның себебі – құрылымда қолданылатын ауыр ағаш бөлшектері мен үлкен тас пеші және шатырдың ерекше конструкциясы. Бұл ғимараттың басты ерекшелігі ішінде тіреуіш қабырғалар жоқ, оның орнына арнайы ағаш тіректер мен балкалар (бөренелер) қолданылады. Сондықтан, мұндай павильонды салу үшін әрбір бөлшекті мұқият есептеп, арнайы сызба жасау керек. Құрылыс барысында 8х8 және 4х14…

Толық оқу
Жаттығу спорт

Жаз мезгілі келгенде көптеген адамдардың салмақ тастауға деген құлшынысы артады. Өйткені күн ыстықта тәбет төмендеп, керісінше суға деген қажеттілік жоғарылайды, деп жазады Ertenmedia.kz. Сонымен қатар дәл осы кезеңде қолжетімді әрі пайдалы жеміс-жидек пен көкөніс түрлері көбейеді, дейді фитнес-жаттықтырушы, салмақ түсіру бойынша маман Қуаныш Ерғабыл. Дегенмен, салмақ тастауды тек белгілі бір мезгілге байланыстырмау қажет. Арықтау үшін арнайы бір маусым таңдау міндетті емес. Барлығы адамның өзінің шешіміне байланысты. – Артық салмақ жүрек-қан тамырлары ауруларына, қан қысымының жоғарылауына, буын ауруларына және басқа да денсаулық мәселелеріне әкелуі мүмкін. Сондықтан, егер артық салмақтан арылғыңыз келсе, шешімді ұзаққа созбай, бірден іске кірісіңіз. Қай мезгіл екеніне қарамаңыз, –…

Толық оқу
Трамп Галибаф

Иранға 48 сағат ультиматум қойып, артынша әскери соққыны кейінге қалдырған Дональд Трамптың мәлімдемесі халықаралық сарапшылар арасында сұрақ тудыруда. Иранның ресми өкілдері АҚШ-пен тікелей келіссөз болмағанын жоққа шығарғанымен, жабық дипломатиялық арналардың жұмыс істегені байқалады, деп жазады Ertenmedia.kz. Ирантанушы Қуанышбек Қаридың айтуынша, Трамптың «нәтижелі келіссөз» туралы сөзі формалды дипломатиядан гөрі бейресми байланыстарға қатысты болуы мүмкін. Себебі Иран үшін АҚШ-пен ашық келіссөз жүргізу – ішкі саяси тұрғыдан өте сезімтал мәселе. Сол себепті Тегеран әдетте мұндай диалогтарды үшінші тарап арқылы, көбіне жабық форматта өткізеді. Сарапшының пікірінше, бұл жолы да дәл сондай сценарий қайталанған. Иранның Пәкістан арқылы АҚШ-қа белгілі бір «жолдау» жібергені туралы ақпарат соның…

Толық оқу
марко рубио

Белгілі саясаттанушы Тимур Сейітмұратовтың пікірінше, АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранға қатысты әскери операцияны бес күнге тоқтата тұру туралы шешімі екі түрлі саяси астарды білдіретінін айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Біріншіден, бұл жаңалық Вашингтон мен Тегеран арасында шын мәнінде келіссөздер жүріп жатқанын растайды. Екіншіден, бұл шешім АҚШ-тағы жас буын республикандық саясаткерлердің арасындағы саяси бәсекенің күшейгенін көрсетеді. 24 наурыз күні Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф Исламабадтың АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер үшін алаң ұсынуға дайын екенін мәлімдеді. Ирандық ақпарат көздері кездесу осы аптада өтетінін растап отыр. The Guardian басылымының дерегінше, АҚШ тарапынан басты келіссөз жүргізушісі ретінде вице-президент Джей Ди Вэнс белгіленген. Иран тарапын парламент…

Толық оқу
жұлдыз жорамал гороскоп

25 наурызға арналған жұлдыз жорамал сізден жауапкершілік пен жинақылықты талап етеді. Бүгін эмоцияларға ерік бермей, маңызды шешімдерді асықпай қабылдаған дұрыс, деп жазады Ertenmedia.kz. Тоқты Бүгін алдыңызға үлкен сынақтар мен жауапкершілік келеді. Өз мақсатыңызға айқын қарап, энергияңызды маңызды жобаларға бағыттаңыз. Әрбір әрекетті нақты жоспармен жасаңыз. Торпақ Өзгелерге көмектесу — жақсы қасиет, бірақ бәрінің шегі бар екенін естен шығармаңыз. Айналаңыздағы адамдардың да сізге қамқорлық көрсетуіне мүмкіндік беріңіз. Жақсылықтың өзара болуы маңызды. Егіздер Жақын достарыңызбен арадағы қарым-қатынасқа көңіл бөліңіз. Егер кей әзілдер мен сөздер сізге ұнамаса, бұл туралы ашық айту керек. Өз шекараңызды құрметтетуді үйреніңіз. Шаян Жаңа бастамаларға дайын болатын кез келді. Алдыңызға…

Толық оқу
Мөлдір бұлақ

Табиғаттың тазалығы адамзаттың амандығының негізі. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы – осы жауапкершілікті нақты істер арқылы жүзеге асырудың жарқын көрінісі, деп жазады Ertenmedia.kz. «Мөлдір бұлақ» акциясы – жай ғана табиғатты тазарту шарасы емес. Бұл – экологиялық мәдениетті қалыптастырып, халықтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыратын маңызды жоба. Акцияның негізгі мақсаты – ел аумағындағы бұлақ көздерін ашу, өзен-көлдерді тазарту, айналасын абаттандыру және ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізу. Бұл арқылы таза ауыз су қорын сақтап, экологиялық тепе-теңдікті нығайту көзделген. Түркістан облысында акция ерекше белсенділікпен өтуде. Әсіресе, табиғаты әсем Түлкібас ауданында «Әулие бастау» бұлағы тазартылып, айналасына ағаш көшеттері отырғызылды. Бұл…

Толық оқу
Тоқаев Трамп

Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылуы Таяу Шығыстағы күрделі дипломатиялық кеңістікте Астананың теңгерімді ұстанымын тағы бір мәрте көрсетті. Бұл шешім бір қарағанда Израильмен байланысты қалыпқа келтіру қадамы секілді көрінуі мүмкін. Бірақ Қазақстан үшін оның мазмұны әлдеқайда кең. Мұнда бір жағынан өңірлік тұрақтылыққа үлес қосу ниеті тұрса, екінші жағынан Палестина халқының егемен мемлекет құру құқығына қатысты бұрынғы ұстанымнан бас тартпау қағидасы сақталып отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылатыны туралы ақпарат АҚШ-тағы Орталық Азия саммиті қарсаңында жарияланған болатын. Сол кезде бұл қадамды көбіне символдық сипаттағы шешім деп бағалады. Себебі Қазақстан Израильмен дипломатиялық және экономикалық байланысты 1992 жылдан бері сақтап келеді. Яғни Астана…

Толық оқу