Су ресурстары және ирригация министрлігі еліміздегі су ресурстарының әлеуетін тиімді пайдалану мақсатында жаңа үш шағын гидроэлектр станциясын салуды жоспарлап отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Министрліктің мәліметінше, Қарағанды облысындағы Самарқанд су қоймасында, Ақтөбе облысындағы Қарғалы су қоймасында және Абай облысындағы Қаракөл су қоймасында жаңа гидроэлектр станцияларының құрылысы басталады. Қазіргі уақытта осы үш нысан бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтуде. Министрлік алдағы уақытта тағы бес нысан бойынша жобалау жұмыстары жоспарланғанын хабарлады. Олардың үшеуі жеке инвесторлардың қатысуымен жүзеге асырылады деп күтілуде. Бұл жұмыстар былтыр қыркүйекте қабылданған «Қазсушар» РМК гидротехникалық құрылыстарында шағын ГЭС-терді дамыту жөніндегі жол картасы аясында жүргізілуде. Қазірдің өзінде шағын ГЭС орнатуға…
Автор: Лейла Болтаева
Жұлдыздар жаңа күннің тосын сыйларына дайын болуға кеңес береді. Осы бейсенбіде сізді не күтіп тұрғанын жұлдыз жорамалдан біліңіз, деп жазады Ertenmedia.kz. ТОҚТЫ Бұл бейсенбіде Тоқтыларға позитивті адамдармен көбірек араласқан дұрыс. Олар көңіліңізді көтеріп қана қоймай, қызықты идеяларымен де бөліседі. ТОРПАҚ Басқа адамдардың мәселелеріне бас қатырмай, өз өміріңізге назар аударыңыз. ЕГІЗДЕР Оқиғалар толқынында адаспауға отбасыңыз көмектеседі. Жақындарыңызға уақыт бөліңіз, олар сізге қамқорлықпен жауап береді. ШАЯН Бейсенбі күні Шаяндардың бойында қуат пен күш тасиды. Осы энергия кешкі уақытта сіз үшін маңызды оқиға болған кезде өте қажет болады. АРЫСТАН Бұл күнгі шаруаларыңызды жақсы көңіл-күймен еңсересіз. Еңсеңізді түсірмеңіз, бәрін сәтті аяқтайсыз! БИКЕШ Бикештерге адамдардың…
Көктемнің соңғы күндері Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болмақ. 26 наурызда елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталғанымен, кейбір өңірлерде күн күрт суытып, жел күшейеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Абай облысында күн ашық, жауын-шашын болмайды. Солтүстігі мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Желдің жылдамдығы 9-14, оңтүстік пен орталықта екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -1…-6°С, күндіз +8…+13°С, облыстың оңтүстігінде +18°С, шығысында +2°С жылы. Ақмола облысында жауын-шашынсыз ауа райы. Батыс, оңтүстік және шығыс аудандарда тұман түсіп, түнде жолдарда көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с. Түнде 0…+5°С, күндіз +8…+13°С жылы. Ақтөбе облысында күн ашық. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14, облыстың орталығы мен оңтүстігінде…
Елімізде тұрмыстық газ баллондарының қауіпсіздігіне қатысты мәселе өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Аталған мәселе ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел штабындағы кеңесте кеңінен сөз болды. Жиында тұрмыстық газ баллондарын пайдалану тәртібі, олардың техникалық жағдайы, ескі баллондардың айналымда жүруі және халық қауіпсіздігін күшейту мәселесі жан-жақты талқыланды, деп жазады Ertenmedia.kz. Басқосуға қатысқанымызда еліміздегі тұрмыстық газ баллондарының едәуір бөлігі белгіленген пайдалану мерзімінен әлдеқашан асып кеткені айтылды. Соңғы үш жылдағы деректер алаңдатарлық. Қазақстанда тұрмыстық газ баллондарының 30 жарылысы тіркеліп, 110 адам зардап шеккен. Оның 27-сі көз жұмған. Әрбір осындай оқиғаның артында бір отбасының қайғысы, бір шаңырақтың күйреуі, бір ауыл немесе бір көшенің қауіптен көз ашпай отырған…
2026 жылдың алғашқы екі айында мемлекеттік жәрдемақылар мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін қаражат 597, 4 мың адамды қамтыды. Мұның ішінде жаңа туған сәби, бала күтіміне шыққан ана, жұмысынан уақытша қол үзген ата-ана, отбасының күнделікті шығынын жоспарлап отырған азаматтар бар. Сондықтан әлеуметтік қорғау жүйесі елдегі демографиялық саясаттың да, отбасылық тұрақтылықтың маңызды құралына айналған, деп жазады Ertenmedia.kz. Бала дүниеге келген кезде берілетін жәрдемақы мемлекеттің отбасына алғашқы қаржылық қолдауы. Жыл басынан бері республикалық бюджеттен осы бағытқа 10, 1 млрд теңге бөлініп, 50, 9 мың адам қамтыған. Ақпан айының өзінде 22, 4 мың адамға 4, 5 млрд теңге төленді. Мұндай қолдау бала туған,…
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) Қазақстан денсаулық сақтау саласының маңызды элементі ретінде соңғы жылдары бірқатар өзгерістерді бастан кешіруде. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ басқарма төрайымы Гүлмира Сабденбек жақында жасаған баяндамасында осы жүйеге жүргізілген кешенді талдау нәтижелерін ортаға салды. Оның айтуынша, медициналық қызметтердің сапасы мен халық денсаулығына тікелей әсер ететін қор жұмысында елеулі кемшіліктер бар, деп жазады Ertenmedia.kz. Негізгі мәселелердің бірі медициналық қызметтер сапасы мен нәтижесіне емес, олардың көлеміне ғана бағдарланған басқару тәсілі. Бұл тәжірибе медициналық қызметтердің тиімділігін төмендетіп, шығындарды ұлғайтады. Осыған байланысты соңғы бір жарым ай ішінде қор тарапынан жүйенің тиімділігін арттыру мақсатында бірқатар шаралар қабылданған. Біріншіден, қаржы ағындарына…
Бағдаршам көлік жүргізушілер үшін ең маңызды құралдардың бірі. Әр түсінің өз міндеті барын бәрі біледі. Қызыл – тоқтау, жасыл – жүру, ал сары түс болса, көбі үшін жылдамдықты арттырып, асыға өту дегенді білдіреді. Әрине, бұл дұрыс емес, бірақ дәл сол сары түстің уақыты қашан аяқталатынын ешкім білмейді, сондықтан жүргізушілер көбіне тәуекелге бел буып, жылдамдықты үдетеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Дегенмен көптеген елдерде, әсіресе Еуропа мен Азияның ірі қалаларында, бағдаршамдарда уақытты кері санау таймері орнатылған. Бұл жүргізушілерге түстердің қашан ауысатынын анық білуге мүмкіндік береді. Ал АҚШ-та неге мұндай таймерлер жоқ? Негізгі себептер қандай? АҚШ Көлік министрлігі бағдаршамдарға қатысты өте қатаң ережелерді бекіткен.…
Әйелдер кәсіпкерлігі Қазақстанда бұрынғыдай қосымша табыс көзі немесе шағын тұрмыстық бастама ретінде ғана қаралмайды. Қазір әйелдер саудада, қызмет көрсету саласында, білім беру, сұлулық индустриясы, әлеуметтік жобалар және өндіріс бағытында да өз орнын қалыптастырып келеді. Осы ретте Ertenmedia.kz тілшілері Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының салааралық іскер әйелдер кеңесі төрағасының орынбасары Альмира Шарафуддинова сұхбаттасып, әйелдер бизнесінің 20 жылдағы өзгерістер жайында сұраған еді. Соған назар аударсаңыздар. – Альмира ханым, соңғы 15–20 жылда әйелдер кәсіпкерлігі қалай өзгерді? – Бұрын «әйелдер кәсіпкерлігі» деген ұғым күнделікті қолданыста көп айтылмайтын. Бизнесті көбіне ер адамның ісі сияқты қабылдайтын көзқарас басым еді. Қазір жағдай басқаша. Әйелдер шағын дүкеннен бастап, білім…
Ғалымдар алкогольдің салдарынан зақымданған бауырды қалпына келтіруде лактобактериялардың маңызды рөл атқаратынын анықтады. Бұл туралы Қытайдың Цзилинь ауыл шаруашылығы университетінің мамандары жүргізген зерттеу нәтижелері көрсетті. Олар өз тәжірибелерін Journal of Medicinal Food ғылыми журналында жариялаған, деп жазады Ertenmedia.kz. Лактобактериялар ашыған сүт өнімдерінің негізгі құрамдас бөлігі. Олар йогурт, айран, қатық, қаймақ, сүзбе секілді тағамдарда кездеседі. Сонымен қатар, пробиотиктер құрамында да болады. Пробиотиктер ішектің микрофлорасын реттеп, иммунитетті нығайтады. Соның ішінде ең кең таралған штамм – Lactobacillus rhamnosus (Лактобактерий рамнозус). Бұған дейін ғалымдар Lactobacillus rhamnosus бактериясының ішек қабырғасының қорғаныш қасиетін күшейтіп, иммунитетті жақсартатынын және бауырдағы липид алмасуын реттейтінін анықтаған. Осы жолғы зерттеудің мақсаты бұл…
Желі қолданушысы Анатолий Иванов Алматыдағы әл-Фараби даңғылы түнгі уақытта «жарыс алаңына» айналып кеткенін айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, бай-манаптың балалары белгіленген сағатына 80 км жылдамдық режиміне пысқырып та қарамайды. Олар түнде жылдамдықты 150-200 км-ге дейін асырып, қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіруді әдетке айналдырған. Жақында болған Zeekr 9X автокөлігінің қарсы бағытқа шығып кетіп, үш адамның өмірін қиған оқиға да осы мәселенің салдары екені анық. Автордың ойынша, мұндай мәселе тек Алматыға ғана емес, Астанаға және басқа қалаларға да тән. Шешім ретінде ол Әзербайжанның тәжірибесін ұсынады. 2017 жылы Бакуде шенеуніктің немересі қатысқан өлімге әкелген жол апатынан кейін, президент Ильхам Әлиев қатаң мәлімдеме жасап,…










