Күн панельдері сарқылмайтын қуат көзі болғанымен, олардың да белгілі бір уақытқа дейін жұмыс істейтін ресурсы бар, деп жазады Ertenmedia.kz. Әдетте күн панельдерінің қызмет ету мерзімі 25-30 жыл немесе одан да көп уақытқа жетеді. Дегенмен, кез келген технология секілді, уақыт өте келе олардың тиімділігі біртіндеп төмендей бастайды. Мамандар бұл процесті «деградация» деп атайды. Жалпы алғанда, заманауи күн панельдері жылына орта есеппен 0,5% қуатын жоғалтады. Әрине, бұл көрсеткіш панельдердің маркасы, сапасы, орнатылған жердің ауа райы жағдайы және техникалық қызмет көрсетудің жиілігіне байланысты өзгеріп отырады. Яғни, күн панельдері кенеттен жұмысын тоқтатпаса да, олардың энергия өндіру қабілеті уақыт өте баяу кемиді. 25 жылдан кейін…
Автор: Лейла Болтаева
Израиль қарулы күштері Иранның «Басидж» ерікті әскерінің басшысы, бригадалық генерал Голамреза Сулейманиді жойғанын мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz. 62 жастағы Сулеймани соңғы алты жыл бойы ел ішіндегі тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін аса ықпалды күштерге басшылық етті. Оның әскери мансабы 1980-1988 жылдардағы Иран-Ирак соғысының алғы шебінен басталып, бірқатар маңызды операцияларға қатысқан. Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кацтың айтуынша, бұл шабуыл кезінде Иранның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі жоғарғы кеңесінің хатшысы Әли Лариджани де қаза тапқан. Алайда ресми Тегеран бұл ақпаратты әлі растаған жоқ. Голамреза Сулеймани Иранның ішкі саяси жүйесіндегі маңызды тұлғалардың бірі еді. 2019 жылы ол елдегі ең ірі ерікті әскери құрылым «Басидж» күштерінің…
«Қазақстан – Еуропалық Одақ» кіші комитетінің энергетика, көлік, қоршаған орта және климаттың өзгеруі мәселелеріне арналған 9-шы отырысы өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиынға Қазақстан тарапынан Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов, Еуропалық Одақ тарапынан Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметінің Орталық Азия бөлімінің басшысы Дитмар Крисслер төрағалық етті. Отырыс барысында тараптар энергетика саласындағы ынтымақтастықтың бүгінгі ахуалы мен алдағы жоспарларын талқылады. Вице-министр Санжар Жаркешов өз сөзінде Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы стратегиялық серіктестіктің жаһандық энергетикалық диалог пен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты нығайтудағы маңызын ерекше атап өтті. Тараптар шикізат, аккумулятор өндірісі және жаңартылатын сутегі сияқты тұрақты құн тізбегін құру мәселелеріне айрықша тоқталды. Қазақстан осы салада жаңартылатын энергия көздерін…
Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінде өңірлік электр желілік компаниялары мен «KEGOC» АҚ магистральдық электр желілері филиалдары басшыларының қатысуымен тыңдау өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиын барысында биылғы жылыту маусымының нәтижелері, энергетикалық кәсіпорындардың су тасқыны кезеңіне дайындығы және алдағы жөндеу жұмыстарының жоспары талқыланды. Сондай-ақ келесі жылыту маусымына дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Энергетикалық ұйымдардың басшылары электр желілік кешендердің қазіргі жай-күйі туралы баяндап, су тасқынына байланысты қауіпсіздік шаралары мен жоспарланған жөндеу жұмыстары жөнінде есеп берді. Жиында күрделі жөндеу жұмыстарының барысы, инвестициялық бағдарламалардың орындалуы және «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясындағы шаралар да басты тақырып болды. Осы жылы еліміздің…
Кубада жалпыұлттық деңгейдегі электр қуатының толық тоқтауы орын алды, деп жазады Ertenmedia.kz. 16 наурыз күні Кубаның мемлекеттік электр желісі операторы UNE аралдың тұтас аумағында, яғни шамамен 10 миллион адам электр жарығынсыз қалғанын хабарлады. Компанияның мәлімдеуінше, қазіргі таңда электр жүйесін қалпына келтіру бойынша шұғыл шаралар қабылданып жатыр. Reuters агенттігі бұл оқиғаға дейін елде электр қуаты бірнеше рет үзілгенін еске салды. Кейбір аудандарда халық тіпті бірнеше тәулік бойы жарықсыз отырған. Осының салдарынан 14-15 наурыз күндері Кубада жаппай наразылықтар басталды. Кейбір қалаларда қарсылық білдірушілер көшедегі тәртіпсіздіктерге ұласқан. 14 наурызға қараған түні Морон қаласында демонстранттар биліктегі Коммунистік партияның жергілікті штаб-пәтеріне шабуыл жасады. Энергетикалық дағдарыстың…
Қонаев қаласында бірден екі жағажайды абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Әкімдік жағажайларды заманауи талапқа сай жарақтандырмақ, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл туралы Қонаев қаласы әкімдігінің ТҮКШ бөлімінің басшысы Тимур Ақмырзаев хабарлады. Оның айтуынша, №6 және №7 жағажайлардағы құрылыс жұмыстарын шомылу маусымына дейін аяқтау жоспарланған. Жаңа жағажайларда визит-орталық, 50-ден астам кәсіпкерлік нысан, 53 киім ауыстыру орны, 21 санитарлық орын орнатылмақ. Демалушыларға арналған тапшан, шатырлар да бірыңғай дизайнмен бой көтереді. Сонымен бірге балалар ойын алаңдары, воркаут және жағажай спортына арналған алаңдар жасалады. Қауіпсіздік шаралары мен көгалдандыру жұмыстары да назардан тыс қалмайды. «Мердігер компания ескірген инженерлік желілерді жаңартады. Барлық құрылыс жеңіл конструкциялар есебінен салынатындықтан, жұмыстар ұзаққа…
Израиль Иранның қауіпсіздік басшысы Әли Лариджанидің көзін жойғанын хабарлады. Осыған орай, Иранның жоғары лауазымды шенеунігі жаңа жоғарғы көшбасшының арадағы елдер ұсынған шиеленісті бәсеңдету ұсыныстарынан бас тартқанын мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Иран тарапы шиеленісті азайтуға бағытталған ұсыныстарды екі делдал ел арқылы алған. Бұл туралы аты-жөнін жария етпеуді сұраған Иранның жоғары лауазымды шенеунігі хабарлады. Алайда жаңа жоғарғы көшбасшы Аятолла Моджтаба Хаменеи АҚШ пен Израиль «тізерлеп кешірім сұрамайынша, жеңілісін мойындап, шығынды өтемейінше» келіссөзге келмейтінін жеткізген. Хаменеи ақпан айының соңында әуе соққысы кезінде қаза тапқан әкесі Аятолла Әли Хаменеидің орнына келген болатын. Оның осы пікірді қандай форматта – жеке өзі немесе онлайн түрде жеткізгені…
Алматыда Наурыз мерекесі қарсаңында ерекше оқиға болды: Almaty Arena-да 11 мыңнан астам жас домбырашы қатысқан ірі флешмоб өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қаланың барлық аудандарынан жиналған оқушылар бір мезетте қазақтың ұлттық аспабы – домбырада күй шертті. Домбырашылар бірлесе орындаған әуендерден бүкіл зал ерекше күйге бөленіп, ұлттық рух пен заманауи өнер керемет үйлесім тапты. Жаппай орындалған шығармалардың ішінде танымал қазақстандық композиторлардың туындылары, сондай-ақ атақты күйші-виртуоз Асылбек Еңсеповтің көпке белгілі күйлері де бар. Оның шығармалары бірнеше буынның сүйікті туындысына айналып, ұрпақтар сабақтастығын көрсетуде. Іс-шараға Қазақстандық Гиннестің рекордтар кітабының өкілдері, танымал мәдениет қайраткерлері мен сахна жұлдыздары құрметті қонақ ретінде арнайы келді. Бұл жиынның маңызын…
Түркістан облысы демографиялық өсім көрсеткішінен республикада алға шықты, деп жазады Ertenmedia.kz. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, былтыр Қазақстанда дүниеге келген сәбилер саны 335 мыңнан асты. Жаңа туған нәрестелердің 51,5 пайызы ұл болса, 48,5 пайызы – қыз. Елдегі туу көрсеткіші жағынан Түркістан облысы көш бастады. Мұнда әрбір мың тұрғынға шаққанда 22,22 сәби дүниеге келіп, бір жыл ішінде облыста туған балалар саны 45 мыңнан асқан. Жоғары көрсеткіштер бойынша Маңғыстау облысы (21,40) және Шымкент қаласы (21,76) да алдыңғы үштікке енді. Туған сәбилердің негізгі үлесі 25-29 жас аралығындағы әйелдерге тиесілі, олардың көрсеткіші – 27 пайыз. Ал 30-34 жас аралығындағы әйелдердің үлесі 26,1 пайызды құрады.…
Ұлттық бірыңғай тестілеудің биылғы науқаны басталған алғашқы екі аптасында еліміз бойынша 67 мыңнан астам талапкер сынақтан өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Тестілеуге қатысушылардың басым бөлігі қазақ тілінде тапсырса (66,99%), қалғандары орыс тілінде (32,88%), ал 85 талапкер ағылшын тілінде өз білімдерін сынаған. Алғашқы екі апта қорытындысында тест тапсырушылардың 61 пайызы шекті балды еңсеріп отыр. Бес пән бойынша орташа нәтиже 59 баллды көрсетсе, ең жоғары балл – 136. ҰБТ-ға ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлер үшін арнайы қолайлы жағдайлар жасалып, осы санаттағы 192 жас түлек өз бақтарын сынауға мүмкіндік алды. Айта кету керек, сынақ аяқталған соң тест тапсырмаларының мазмұнына қатысты 30 минут ішінде…










