Қазақстанда жыл басынан бері тексеру нәтижесінде 78 медициналық мекеме лицензиясынан айырылды. Олардың қатарында стоматологиялық клиникалар да бар.
Автор: Лейла Болтаева
Ташкентте өткен халықаралық турнирге барған қарағандылық 15 жасөспірім тағамнан уланып, ауруханаға түсті. ҚР СІМ жағдайды бақылауға алды.
eGov Business қосымшасында кәсіпкерлерге арналған кредиттік және сақтандыру тарихы бойынша жаңа сервис іске қосылды. Бизнес өкілдері енді қажетті есептерді онлайн ала алады.
Ақтөбеде есірткі дүкенінің 400 миллион теңгеден астам қаражатын криптовалютаға айналдырған қылмыстық топ әшкереленді. Күдіктілер дропперлердің 22 банк картасын пайдаланған.
Базалық мөлшерлеме төмендегенімен, екінші деңгейлі банктер жыл соңына дейін теңгелік депозиттердің кірістілігін өзгертпейді.
Флорида штатында Learjet 60 жеке бизнес-джеті апатқа ұшырап, 9 адам опат болды. Ұшақтың жерге құлаған сәті куәгерлердің видеосына түсіп қалған.
Алматы соты ауғандық әйелдің босқын мәртебесіне өтінішін қабылдаудан бас тартқан шенеуніктердің шешімін заңсыз деп танып, істі қайта қарауды жүктеді.
Қазақстанға визасыз келетін шетелдіктер үшін шекарадан өтудің жаңа QazETA цифрлық жүйесі енгізілді. Енді сапарға кемінде 72 сағат қалғанда электронды рұқсат алу міндеттеледі.
Қанат Бозымбаев Маңғыстау облысында су, энергетика және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жобаларымен танысып, өңірдің Мастер-жоспарын талқылады.
Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде Қасым-Жомарт Тоқаев өзара сауда, инвестиция, көлік дәліздері мен жасанды интеллект саласын дамыту бойынша маңызды бастамалар көтерді.










