Автор: Лейла Болтаева

Наурыз әжелер

Наурызнама онкүндігі аясында Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күніне арналған тағылымды кездесу өтті, де жазады Ertenmedia.kz. Іс-шараны Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырды. Кездесудің басты мақсаты – бабалардан аманат болған салт-дәстүрлерді дәріптеп, ұлттық құндылықтарды жас ұрпаққа кеңінен насихаттау. Жиынды Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Эльмира Жанғазиева жүргізді. Кездесуде ұлттық дәстурлер туралы бейнеролик көрсетіліп, ақжаулықты әжелер шашу шашып, ән шырқап, жиынға ерекше ұлттық рух берді. Қатысушы жастарға «Бестемше», «Асық ату» ойындарының ережелері түсіндіріліп, жастар бұл ойындарды іс жүзінде ойнап көрді. Жиынға арнайы шақырылған спикерлер құнды ойларымен бөлісті. «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» ардагер…

Толық оқу
Тоқаев Конститутция

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиынға қатысып, сөз сөйледі, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ақордада өткен маңызды шараға Үкімет басшысы Олжас Бектенов, Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай, Үкімет мүшелері, әкімдер және Конституциялық комиссия мен Жалпыұлттық коалиция мүшелері қатысты. Мемлекет басшысының айтуынша, бүгін еліміз үшін тарихи күн болды. – Бүгін баршаңыз тарихымыздағы аса маңызды, мән-мағынасы айрықша, ел өмірінде өшпес із қалдыратын оқиғаның куәсі болдыңыздар. Мен Мемлекет басшысы ретінде бүкіл халық атынан Ата заңымызға қол қойдым. Сонымен қатар Конституцияны іске асыру жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойдым. Енді…

Толық оқу
Жағымсыз Лимон

Жағымсыз иіс адамның өзіне деген сенімділігін төмендетіп қана қоймай, айналасындағылармен қарым-қатынасқа да кері әсер етеді. Тыныс алу жолдары мен ауыз қуысының денсаулығы дұрыс болса, бұл мәселені табиғи өнімдермен-ақ оңай шешуге болады, де жазады Ertenmedia.kz. Шөптер мен дәмдеуіштер Жағымсыз иіспен күресте петрушка, жалбыз, розмарин, кориандр, даршын, фенхель, қалампыр мен насыбайгүл сияқты шөптер мен дәмдеуіштер көмектеседі. Бұлардың табиғи эфир майлары бактерияларды жойып, тынысты сергітеді. Цитрус жемістері Апельсин, лимон, лайм сияқты жемістердің құрамындағы С дәрумені ауыз қуысын тазалап, иісті сергітеді. Жемістің орнына табиғи шырын ішуге де болады. Пробиотиктер Йогурт сияқты пробиотиктерге бай өнімдер ауыз қуысындағы жағымсыз иістің басты себебі болып табылатын анаэробты бактериялардың санын азайтады.…

Толық оқу
Казино

Қазақстанның бірнеше өңірінде тек шетелдіктерге арналған жаңа казино ашылады, деп жазады Ertenmedia.kz. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев туризм саласы мен балалар спортын қолдау мәселелері бойынша заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы құжатқа қол қойды. Соның ішінде ойын бизнесіне қатысты жаңа ережелер бекітілді. Жаңа заңға сәйкес, Маңғыстау облысының Каспий теңізі жағалауында казино салынады. Жетісу облысының Панфилов ауданында және Алакөл көлінің жағалауында, Алматы облысының Талғар ауданында да ойынханлар салынбақ. Ал Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл мен Зайсан аудандарында казино, ойын автоматтары залдары, букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар ашуға рұқсат етіледі. Бұл ойын мекемелеріне тек шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар, ойын бизнесінің қызметкерлері, сондай-ақ қызмет бабымен…

Толық оқу
Алматы Павел Леденцов

2025-2026 жылғы жылыту маусымы Алматыда қалыпты режимде өтуде. Қазандықтарда технологиялық ақаулар мен апаттар тіркелмеген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Алматытеплокоммунэнерго» ЖШС бас инженері Павел Леденцов мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz. «Алматытеплокоммунэнерго» ЖШС қаладағы жылу өндіретін ірі кәсіпорын. Кәсіпорын балансында жалпы саны 86 қазандық бар, оның ішінде тоғыз ірі қазандықтың қуаты сағатына 35-тен 502 Гкал-ға дейін жетеді. Қалған 77-сі шағын қазандықтар, олардың қуаты 0,1-ден 30 Гкал/сағ аралығында. Аталған қазандықтар Алматының жеті ауданында орналасып, тұрғын үйлерді, әлеуметтік мекемелерді, кәсіпорындар мен ұйымдарды жылумен қамтамасыз етеді. Кәсіпорын қаладағы жылу мен ыстық суға деген сұраныстың шамамен 35 пайызын қамтамасыз етеді. Жалпы қазандықтардың орнатылған қуаты 1877,23…

Толық оқу
Айман Омарова Назарбаев

Белгілі заңгер Айман Омарова еліміздегі саяси жүйенің астарлы тұстарына қатысты ойын ортаға салды. Ол экс-резидент Назарбаевтың референдум кезінде көрінуіне күмәнмен қарап отыр. Сондай-ақ, алдағы уақытта кімнің вице-президент болатына қатысты ойын да ортаға салды, де жазады Ertenmedia.kz. Әлемжеліде Конституцияны өз ыңғайына жиі өзгерткен бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың референдумда дауыс беріп жатқан видеосы тарады. Не үшін дауыс бергені, әрине, белгісіз. Менің ойымша, бұл оның атақты «көпвекторлық» саясатын сынауы секілді. Ол кісі ертең-ақ, «қарсы дауыс бердім» деп шығуы ғажап емес. Немесе бюллетеньді бүлдірдім деп айтуы ықтимал. Әділдігін айтсақ, атамыз осы уақытқа дейін бюллетеньнен де үлкен дүниелерді бүлдіргенін білеміз. Мүмкін, тағы бір жаңа саяси…

Толық оқу
Италия

ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Италияның Қазақстандағы елшісі Антонелло Де Риумен кездесіп, екі елдің бірлескен энергетикалық жобаларының жүзеге асу барысын талқылады, деп жазады Ertenmedia.kz. Министрдің айтуынша, Италия – Қазақстанның сенімді стратегиялық серіктестерінің бірі. Қазіргі таңда екі ел арасындағы ынтымақтастық нақты өнеркәсіптік жобалар түрінде дамып келеді. Әсіресе, ресурстық базаны кеңейту бойынша маңызды бастамалар қолға алынды. Мысалы, биыл қаңтар айынан бастап QazaqGaz және италиялық Eni компаниясы Каспий маңы бассейніндегі «Каменковский» учаскесін зерттеудің практикалық кезеңін бастады. Сонымен қатар «Оңтүстік Шу-Сарысу» және «Береке» учаскелеріндегі жұмыстар жалғасып жатыр. Қашаған мен Қарашығанақтағы ынтымақтастықтан бөлек, мұнай-газ химиясын дамытуға да ерекше көңіл бөлінуде. Мәселен, «Полиэтилен» жобасы аясында италиялық…

Толық оқу
мұнай құбыры

«КазТрансОйл» компаниясы мен оның қытайлық серіктесі CNODC компаниясы ресейлік мұнай транзитінен түскен кірісті сот арқылы бөліспекші, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жыл сайын «Роснефть» компаниясы шамамен 10 млн тонна мұнайды Қазақстан аумағы арқылы Қытайға екі мұнай құбыры бөліктерімен тасымалдайтыны белгілі. Транзиттік тариф бір тонна үшін 15 долларды құрайды (ҚҚС есепке алынбаған). Алайда 2025 жылдың 8 сәуірінен бастап тарифтің құбыр бөліктері бойынша бөлінуі өзгертілген болатын. Прииртышск – Атасу бағытындағы тариф бір тонна үшін 4,23 доллардан 7,24 долларға дейін өсті. Ал Атасу – Алашанькоу бөлігі үшін тариф 10,77 доллардан 7,76 долларға төмендеген. Қытай серіктесі өз үлесіне тиесілі табыстың азаюымен келіспей, сот арқылы тарифтің өзгеруіне…

Толық оқу
көз жаттығу

Көздің саулығын сақтау үшін дұрыс тамақтанумен қатар, үнемі көзге арналған жаттығуларды жасап тұру өте маңызды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Әсіресе компьютермен жұмыс арасында үзіліс жасап, осы қарапайым жаттығуларды орындап тұрған жөн. Көзге арналған 6 жаттығу: Көзіңізді қатты жұмып, содан кейін кең ашыңыз – 4-5 рет қайталаңыз; Шамамен 10 секунд бойы жиі-жиі көзіңізді жыпылықтатыңыз; Тік алдыңызға қарап, содан кейін мұрныңыздың ұшына қараңыз – 4-5 рет қайталаңыз; Басыңызды бұрмай, алдымен жоғарыға, оң жаққа, төменге, сол жаққа қараңыз – 4-5 рет қайталаңыз. Содан соң керісінше бағытта айналдырыңыз; Алысқа қараңыз, содан кейін көзіңізді жақын орналасқан затқа аударыңыз – 4-5 рет қайталаңыз; Көзіңізді жұмып, 2 минут тынығыңыз.

Толық оқу
жалақы дауы

Екібастұзда 100 жұмысшының төленбей қалған 20 миллион теңге жалақы қызметкерлерге қайтарылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Екібастұз қаласының прокуратурасына «Екібастұз электр машиналары зауыты» ЖШС-ның қызметкерлері жалақының уақытылы төленбеуіне байланысты шағым түсірген. Кәсіпорынның жалпы саны 100 қызметкерінің еңбекақысы кешіктіріліп келген. Прокуратура өкілдері дереу әрекетке көшіп, арнайы тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде қызметкерлер алдындағы берешектің негізгі себебі – кәсіпорынның көрсеткен қызметтері үшін қаржының уақытылы түспеуі екені анықталды. Облыстық прокуратураның мәліметінше, заң бұзушылықты жою мақсатында тиісті шаралар қабылданып, 100 жұмысшыға жалпы сомасы 20 302 336 теңге көлеміндегі жалақы толық төленді. Осылайша, прокуратураның араласуымен қызметкерлердің еңбек құқығы қорғалып, олар заңды еңбекақысын алды. Ал жұмыс беруші болса заңды…

Толық оқу