Автор: Лейла Болтаева

референдум

Жетісу облысында республикалық референдум ерекше белсенділікпен өтуде. Өңір тұрғындары бүгін таңнан бері учаскелерге бірлесіп келіп, өз таңдауын жасауда. Әсіресе, ауыл тұрғындары ұйымшылдық пен азаматтық белсенділіктің жарқын үлгісін көрсетіп жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Қаратал ауданының Кәлпе ауылында бір мезетте 400 адам келіп дауыс берсе, Көксу ауданының 10 жылдық Қазақстан ауылында 200 адам, ал Кербұлақ ауданының Басши ауылында 100-ден астам тұрғын дауыс беруге бірге жиналды. Бұл ауылдардағы тұрғындардың осындай бірлігі референдумның маңыздылығын одан әрі арттыра түскендей. Кәлпе ауылында дауыс беруге ауылдың 14 көшесінің тұрғындары түгелге жуық жиналды. Ауылдың құрметті ақсақалы, 40 жылдық тәжірибесі бар мал дәрігері Сүлеймен Андасбаев пен денсаулық сақтау саласының ардагері Бәтен…

Толық оқу
Қарадала референдум

Алматы облысы Қарадала өңірінің тұрғындары ел өміріндегі тарихи маңызды күнді ерекше форматта өткізуді ұйғарды. Бүгін өтіп жатқан республикалық референдумға жергілікті тұрғындар ерекше дайындықпен, көтеріңкі көңіл-күймен келіп, азаматтық белсенділіктерін көрсетуде, деп жазады Ertenmedia.kz. Аудан аумағындағы әрбір дауыс беру учаскесінде халықтың белсенділігі жоғары екені анық байқалады. Солардың ішінде «Қарадала орман шаруашылығы» мекемесінің қызметкерлері өздерінің табиғатқа деген сүйіспеншілігін және ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтық ұстанымдарын нақты іс-әрекетпен көрсетті. Орман шаруашылығының ұжымы Шонжы ауылындағы Жаңабай Құдайбергенов атындағы орта мектептегі дауыс беру учаскесіне бір адамдай келіп, референдумға қатысып, өз таңдауларын жасады. Дауыс бергеннен кейін олар мектеп ауласына 30 түп ағаш отырғызды. Бұл бастама көпшіліктің көңілінен шығып, тұрғындардың…

Толық оқу
Нұрбақыт

Кеген ауданының орталығындағы референдум учаскелерінде таңғы сағаттардан бастап дауыс берушілер легі толастар емес, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдауға арналған жалпыхалықтық референдумға аудан тұрғындарымен қатар, өңірге белгілі азаматтар да белсенді түрде қатысуда. Белгілі спортшы, Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері, бүгінде Кеген ауданының әкімі қызметін атқаратын Нұрбақыт Теңізбаев та ел тағдыры үшін маңызды бұл шарадан тыс қалмай, өз дауысын берді. Ол аудан орталығындағы Ө.Жаңабаев атындағы орта мектеп ғимаратында орналасқан №558 референдум учаскесіне келіп, азаматтық таңдауын жасады. Спортшы бұл референдумның тарихи маңызы зор екенін атап өтті: «Еліміз үшін бүгінгі күннің маңызы ерекше. Әр азамат мемлекетіміздің болашағын айқындайтын тарихи сәттен қалыс қалмауы…

Толық оқу
Төреғали

Бүгін еліміз үшін тарихи маңызы бар саяси науқан – республикалық референдумға Түркістан қаласына жақында ғана қоныс аударған танымал әнші Төреғали Төрәлі де қатысып, өз таңдауын жасады, деп жазады Ertenmedia.kz. Әнші өз дауысын беру арқылы Қазақстанның болашағына бейжай қарамайтынын көрсетті. Сонымен қатар ол тұрғындарды қоғамдағы маңызды саяси оқиғаларға белсенді араласуға шақырып, әрбір азаматтың дауысы ел болашағы үшін маңызды екенін айтты. – Ел дамуы бәріміздің ортақ мақсатымыз. Сондықтан да бүгінгі референдумға қатысып, өз таңдауымды жасадым. Мұндай маңызды күнде әрбір азаматтың пікірі ескерілуі тиіс деп ойлаймын. Елдің жарқын болашағы сіз бен біздің қолымызда, – деді Төреғали Төрәлі. Айта кетейік, бүгін Түркістан қаласында өтіп…

Толық оқу
хандар

Бүгін Түркістан облысы Жетісай ауданындағы республикалық референдум учаскелерінде ерекше әрі тағылымды көрініс орын алды. Референдумға аудан тұрғындарымен қатар, қазақ тарихында өшпес із қалдырған ұлы тұлғалардың бейнесін сомдаған театр әртістері де арнайы келіп, өз таңдауларын жасады, деп жазады Ertenmedia.kz. Құрманбек Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының әртістері ел тарихындағы көрнекті тұлғалардың кепйіпдеі келді. Тәуке, Абылай хан және үш биіміз Төле би, Қазыбек би және Әйтеке биді көргендей болдық. Олардың бұл қадамы сайлаушылардың ерекше қызығушылығын оятып, көпшілікке терең әсер қалдырды. – Бұл бастама тарихи тұлғаларымыздың асқақ рухын бүгінгі ұрпаққа танытып, халықты елдің тағдырына бейжай қарамауға, азаматтық жауапкершілікті терең сезінуге шақыруды көздейді. Әр азамат…

Толық оқу
Алпысбай

Қазақстанның танымал қылқалам шебері Алпысбай Қазғұлов бүгін  Бакудегі елшілікте Конституция жобасына қатысты республикалық референдумда дауыс берді, деп жазады Ertenmedia.kz. Қылқалам шебері шетелде жүрсе де, ел болашағына қатысты маңызды саяси науқаннан тыс қалмауды азаматтық парыз санап, өз таңдауын жасады. – Қазір шетелдемін, бірақ осындай маңызды тарихи оқиғаға қатыспауға болмайды деп ойлаймын. Сондықтан Бакудегі Қазақстан елшілігінде ұйымдастырылған дауыс беру учаскесіне келіп, еліміздің болашағы үшін таңдауымды жасадым. Әрбір азамат осындай тарихи сәттерде белсенділік танытып, мемлекетіміздің дамуына үлес қосуы қажет деп білемін, – деді суретші. Айта кету керек, Алпысбай Қазғұлов екі күн бұрын Баку қаласында өткен арнайы іс-шара барысында Түркі әлемі көркемөнер академиясының академигі…

Толық оқу
референдум

Бүгін Алматы қаласының Наурызбай ауданына қарасты Таужолы шағынауданының тұрғындары республикалық референдумға ерекше ұйымшылдықпен қатысты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Олар дауыс беру учаскесіне алдын ала өзара келісе отырып, көршілерімен бірге келіп, азаматтық таңдауларын жасады. Тұрғындардың айтуынша, маңызды саяси оқиғалар кезінде көршілердің бір-бірімен ақылдасып, бірлесіп шешім қабылдауы елдегі қоғамдық бірлікті, татулық пен сыйластықты арттырады. – Біз бүгін референдумға көршілерімізбен бірге келіп, еліміздің болашағына қатысты өз таңдауымызды жасадық. Осындай маңызды оқиғаларға бірлесіп қатысу арқылы көршілік қарым-қатынасымыз да нығая түседі деп ойлаймыз. Елдің болашағы – бәрімізге ортақ, сондықтан әр азамат өз дауысын беруге жауапкершілікпен қарауы тиіс, – дейді Таужолы шағынауданының тұрғындары. Көршілердің осындай бірлесіп дауыс беруі…

Толық оқу
референдум

Алматы қаласының Қоғамдық коммуникациялар орталығында өткен республикалық референдумның аралық қорытындысына арналған баспасөз мәслихаты өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиында «Ер Азамат» қоғамдық бірлестігінің өкілі Алина Кан мен қоғам қайраткері Андрей Андреев дауыс беру барысын бақылаудың нәтижелері туралы айтып берді. Алина Канның айтуынша, сағат 14:00-дегі жағдай бойынша қаладағы референдум учаскелерінде дауыс беру үдерісі белгіленген заң талаптарына сай тыныш әрі тұрақты түрде өтуде. – Қазіргі уақытқа дейін референдум барысында қандай да бір заңбұзушылық немесе дауыс беруге кедергі келтіретін төтенше оқиға тіркелген жоқ. Дауыс беру үдерісі жоспарлы, ұйымдасқан жағдайда өтуде. Учаскелерге әртүрлі жастағы тұрғындар белсенді қатысып жатыр. Әсіресе отбасымен келіп, дауыс беріп жатқандар көп. Барлық учаскелерде…

Толық оқу
дрифт

Қонаевтағы «ASP Аренада» дрифт жарыстарының маусымы ашылды. Алғашқы жарыс қорытындысы бойынша автоспорт шеберлері арасынан Петр Бородин жеңіс тұғырынан көрініп, бірінші орынға ие болды, деп жазады Ertenmedia.kz. Евгений Васкин тартысты бәсекеде екінші орынды иеленді. Дегенмен бұл күні тек жарыс нәтижесі ғана емес, спортшылардың ел өміріндегі маңызды саяси науқан – республикалық референдумға қатысуы да ерекше маңызға ие болды. Жарыс аяқталған соң автоспортшылар бірден референдум учаскесіне аттанып, өз таңдауын жасап, ел болашағына бейжай қарамайтындықтарын көрсетті. Бұл олардың тек спортта ғана емес, азаматтық өмірде де белсенділік танытып, қоғамға үлгі бола білетінін дәлелдеді. Жеңімпаз Петр Бородин автоспорттағы тәжірибесімен бөлісе отырып, спорт пен қоғамдық өмір арасындағы тығыз байланысқа…

Толық оқу
референдум

Бүгін еліміз бойынша өтіп жатқан республикалық референдумға Маңғыстау облысының ең қарт тұрғыны, 104 жастағы Сырға Қалиева да қатысып, ел болашағы үшін өз таңдауын жасады, деп жазады Ertenmedia.kz. Өмірінде бір ғасырдан астам уақытты еңсерген Сырға әже денсаулығына байланысты №140 референдум учаскесіне келе алмағандықтан, учаскелік комиссия мүшелері оның үйіне арнайы жылжымалы дауыс беру жәшігін апарды. Дауыс беру рәсімі барлық заң талаптарына сәйкес жүргізілді. Ғасыр жасаған әжей өз таңдауын жасаған сәтте елдің амандығы мен тыныштығын тілеп, батасын берді. Құрметті ардагердің бұл әрекеті – келешек ұрпаққа ел тағдырына жауапкершілікпен қараудың үлгісі. – Менің ғұмырым еліміздегі көптеген тарихи кезеңдерге куә болды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап…

Толық оқу