«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы экологиялық кеңестің көшпелі жиыны өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиында Сайрам ауданындағы тұрмыстық қалдықтар полигонына мұнай қалдықтарының заңсыз көмiлуі, аудандағы құм-тас каръерлерінің Ақбай-Қарасу су қорына кері әсері мен оның экологиялық салдары талқыланды. Жиынға партияның облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттағы фракция жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев, экологиялық кеңестің төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Бегімбет Байғараев, Сайрам ауданының әкімі Мадияр Оразалиев, Түркістан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры Бақытжан Әбдешев, аудан прокуроры Бақытжан Байғозиев, партия өкілдері мен жергілікті қоғам белсенділері қатысты. Жиынды ашқан Алтынсары Үмбетәлиев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауындағы экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған тапсырмалардың маңыздылығына тоқталды. – Сайрам ауданы халық тығыз…
Автор: Лейла Болтаева
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Әли Бектаев, Мұрат Қадырбек және Әлішер Сатыбалдиев Түркістан облысына жұмыс сапарымен барып, өңірдің өндірістік әлеуетімен танысты, деп жазады Ertenmedia.kz. Сенаторлармен бірге сапар барысында Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, облыстық мәслихат депутаттары Дулат Әбіш, Ғани Райымбеков және Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев та қатысты. Халық қалаулылары алдымен Ордабасы ауданы Ақбұлақ ауылындағы «KAZ KIOTI» ЖШС ауыл шаруашылығы техникасын өндіретін зауыт жұмысымен танысты. Бұл кәсіпорын 2015 жылы «Үдемелі индустриялды-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған. Жылына 2000 дана техника шығаруға қауқарлы зауытта бүгінде 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Кәсіпорын басшысының айтуынша, зауытта тракторлардың 5 түрі құрастырылып, өнімге сұраныс…
Мәжілісінің депутаты Темір Қырықбаев Түркістан облысында маңызды нысандарды аралап, жергілікті тұрғындардың мәселелерін тыңдады, деп жазады Ertenmedia.kz. Сапар кезінде депутатпен бірге облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов пен облыстық мәслихат депутаты Нұржан Әшіров Қазығұрт ауданындағы Қақпақ ауылдық округіне барып, мал бордақылау кешенінің құрылысымен танысты. Жалпы құны 4,1 млрд теңгені құрайтын «Қарқын-2030» ЖШС жобасы іске қосылғанда, 5000 бас ірі қара малды бордақылап, Америка технологиясы қолданылады. Жоба аудан тұрғындары үшін 30-ға жуық тұрақты жұмыс орнын ашады деп күтілуде. Одан әрі Мәжіліс депутаты мен облыстық мәслихат төрағасы аудан әкімі Азизхан Исмаиловпен бірге «Нұх пайғамбар кемесі» мемориалдық кешенінде жүргізілген абаттандыру жұмыстарымен танысты. Қазығұрттың символына айналған бұл…
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Мемлекет басшысының Turkistan газетіне берген сұхбатында айтылған міндеттерді жүзеге асыру бойынша кеңес өткізді, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиында әкім шағын және орта бизнесті қолдау, туризмді дамыту, әлеуметтік саладағы бастамалар мен білім беру жүйесін жетілдіруге ерекше назар аударды. Қаладағы кәсіпкерлік саладағы жетістіктерге тоқталған әкім бүгінде Алматыда 405 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істеп тұрғанын айтты. Шағын және орта бизнес қаланың экономикасына қосып отырған үлесі 60%-ға жеткен, ал осы секторда еңбекке жарамды тұрғындардың шамамен 90%-ы жұмыспен қамтылған. 2025 жылы шағын және орта бизнес субъектілерінен қала бюджетіне 1,2 трлн теңге салық түсімі түскен. Туризм бағытында да…
Маңғыстау облысында North Caspian Operating Company компаниясы бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық бастамалар жүзеге асыруда, деп жазады Ertenmedia.kz. Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай NCOC компаниясының басқарушы директоры Джанкарло Руюмен өткізген кездесуде көптеген мәселелер талқыланды. Кездесу барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, сондай-ақ Маңғыстау аумағында әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелері кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, NCOC қолдауымен биыл көрнекті жазушы Әбіш Кекілбаев дүниеге келген Оңды ауылында кешенді абаттандыру жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар теңіз жағалауын қайта жаңғырту және Ақтаудағы «Ақбота» саябағын жаңарту жобалары қарастырылған. Әлеуметтік салаға бағытталған нақты қадамдардың бірі ретінде өңірдің жедел медициналық көмек қызметін нығайту мақсатында толық жабдықталған 20 жаңа…
Түркістан облысы елді мекендерді бас жоспармен қамту көрсеткіші бойынша республика көлемінде алтыншы орында тұр, деп жазады Ertenmedia.kz. Өңірде жалпы 801 елді мекен бар, соның 794-і бүгінде бас жоспармен қамтылған. Қалған жеті елді мекеннің бас жоспарын 2026 жылы толық аяқтау жоспарланып отыр. Сәулет және қала құрылысы саласындағы өзекті мәселелер облыс әкімдігі жанындағы мәжілісте арнайы қаралды. Жиында облыс әкімі Нұралхан Көшеров жауапты басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне жұмысты күшейтуді тапсырды. Өңір сәулетін жаңарту Өңір басшысы сәулет пен қала құрылысы бағытында еліміздің өзге аймақтарының және шетелдің озық тәжірибесін кеңінен қолдану қажеттігін атап өтті. Аудан және қала орталықтарының сәулеттік келбетін жақсарту, урбанистикалық дамуды…
Николас Мадуромен бірге ұсталған жұбайы Силия Флоресті Венесуэладағы ең ықпалды әйелдердің бірі болған, деп жазады Ertenmedia.kz. АҚШ арнайы жасағы 3 қаңтарға қараған түні Каракаста Венесуэла басшысы Николас Мадуроны ұстау кезінде оның жұбайы Силия Флоресті де қамауға алған. Қоғам назарында көбіне Мадуроның өзі жүргенін білеміз. Бірақ режимді зерттеген сарапшылар Силия Флоресті елдегі ең ықпалды саяси фигуралардың бірі деп сипаттап отыр. Чавестен Мадуроға дейін Силия Флорес 1956 жылы Венесуэланың солтүстік-батысындағы шағын ғана Тинакильо қаласында дүниеге келген. Жергілікті тұрғындардың естелігіне қарағанда, оның отбасы бастапқыда жер еденді қарапайым лашықта тұрған. Кейінірек отбасы Каракасқа көшкен. Оқудағы үлгерімі арқасында Флорес жекеменшік университетке түсіп, қылмыстық құқық мамандығын…
Әскерге шақыру науқаны кезінде азаматтардың әскери қызметке жарамдылығын анықтау жергілікті жердегі мемлекеттік органдардың қатысуымен жүзеге асырылады, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл үдерістің негізгі кезеңдерінің бірі медициналық тексеру. Оны жергілікті денсаулық сақтау органдарының мамандарынан құралған дәрігерлік комиссиялар жүргізеді. Комиссия мүшелері шақырылатын азаматтардың денсаулық жағдайын бағалап, олардың мерзімді әскери қызметке жарамдылық санатын айқындайды. Әскерге шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету өз құзыреті аясында жергілікті атқарушы органдарға жүктелген. Әскерге шақыру комиссиясының төрағасы қызметін Жетісу облысы әкімінің орынбасары атқарады. Ал шақырылатын азаматтардың тізімін қалыптастыру, шақыртуларды жолдау және шақырылымға қатысты іс-шараларды үйлестіру жергілікті әскери басқару органдарының міндетіне кіреді. Шақырту алған азаматтар комиссияның талап етуімен жиын пунктіне келуге…
Экономист Расул Рысмамбетов қазақ элитасының Дубайға ұмтылысы тұрмыстық жайлылықпен, климатпен немесе сәнмен байланыстырмайтынын ашып айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. 2025 жылдың жазында Дубайға барған кезде қымбат мейрамханалар мен люкс қонақүйлерде қазақстандық шенеуніктерді, бизнес өкілдерін, әкімдердің отбасыларын жиі кездестіруге болатынын байқадым. Бұрын осы адамдар Швейцария мен Лондоннан көру үйреншікті жағдай еді. География өзгергенімен, мазмұн сол күйінде қалыпты. Ақша отанға емес, заңға сенеді Осы көріністер бір қарағанда қарапайым, бірақ өте маңызды сұрақ туындатады. Олар капиталын Қазақстанда тауып, ақшасын неге елімізден тыс жерде сақтап, жаратады? Неге қазақ капиталы бөтен юрисдикциялардың дамуына қызмет етеді? Экономистің ойынша, мәселенің түп-төркінінде елге деген сүйіспеншілік пен патриотизмнен іздеуге болмайтынын…
Саясаттанушы Уәлихан Төлешов қазіргі таңда тараған «халықаралық құқықтың уақыты өтті» деген пікірге салмақты көзқарас білдірді, деп жазады Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, әлемдік қауіпсіздік жүйесі терең дағдарысты бастан өткеріп отырғаны рас. Күш құқығының орнын құқық күші алмастырып жатқанын көпшілік байқап отыр. Әлем аморальды емес, тек тұрақсыз кезеңге кірдік Алайда бұл үдеріс кеше немесе бүгін басталған жоқ. Шамамен алпыс жыл бұрын Таяу Шығыста Израиль мемлекетінің құрылуынан кейінгі соғыстар кезінде басталған. Одан кейінгі Қырғи қабақ соғыс, Кеңес Одағының ыдырауы, Ауғанстан мен Шешенстандағы қақтығыстар кезінде жаңаша сипат алған. Ал Молдованың бір бөлігінің аннексиясы, Ресейдің Грузия мен Украинадағы соғыс кезінде бұл ушығып кеткен. БҰҰ Жарғысы қабылданғаннан…










