Автор: Лейла Болтаева

марсаход

Марс планетасының бетінде бұрын су болғаны туралы дәлелдер артып келеді. NASA-ның «Perseverance» марсоходы георадар көмегімен жер астынан ежелгі өзен атырауының іздерін анықтады, деп жазады Ertenmedia.kz. Зерттеу Жезеро кратерінде жүргізілген. Бұл аймақ Марстың солтүстік жарты шарында орналасқан және бұрын суға толы көл болған деген болжам бар. Марсоход 6,1 шақырым жүріп өтіп, 35 метр тереңдікке дейінгі геологиялық қабаттарды зерттеген. Ғалымдар қабатталған шөгінділер мен эрозияланған беттерді анықтап, бұл жердің өзен атырауы болғанын растады. Мұндай атыраулар өзеннің үлкен су айдынына құятын тұсында қалыптасады. Зерттеулерге сәйкес, бұл құрылым шамамен 3,7-4,2 миллиард жыл бұрын пайда болған. Бұл кезең Марстың бастапқы қалыптасу уақытына жақын. Яғни, планета тарихының…

Толық оқу
Пәкістан

АҚШ барлау қызметінің соңғы бағалауы халықаралық қауіпсіздік күн тәртібінде жаңа пікірталас туғызды. Вашингтон Пәкістанды Ресей, Қытай, Солтүстік Корея және Иранмен қатар атап, оның зымырандық әлеуеті ұзақ мерзімде АҚШ аумағына қауіп төндіруі мүмкін екенін мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz. АҚШ Ұлттық барлау директоры Тулси Габбард Сенаттағы тыңдауда 2026 жылға арналған қауіп-қатерлер туралы баяндама ұсынып, бірнеше елдің жаңа буындағы зымыран жүйелерін дамытуы стратегиялық тәуекелге айналып отырғанын айтты. Оның сөзінше, Пәкістан да алыс қашықтыққа ұшатын баллистикалық зымырандарды әзірлеу бағытын күшейтіп келеді. Алайда бұл мәлімдемелерге сарапшылар мен Пәкістан тарапынан күмәнмен қарау байқалады. Ресми Исламабад әзірге жауап бермегенімен, бұрынғы дипломаттар мен әскери сарапшылар бұл бағалауларды «саяси…

Толық оқу
наурыз көже

Көктемнің ең шуақты әрі көпшілік асыға күтетін мерекесі – Наурыз жақындап келеді. Бұл күндері дастарқан молайып, наурыз көже, бауырсақ, бешбармақ, қазы-қартамен бірге түрлі тез бұзылатын тағамдар кеңінен дайындалады, деп жазады Ertenmedia.kz. Мереке қарсаңында халық жаппай азық-түлік сатып алып, жәрмеңкелер ұйымдастырылып, мектептер мен балабақшаларға тағам апару дәстүрі де күшейеді. Осындай кезеңде тағамнан улану мен инфекциялық аурулардың алдын алу өзекті мәселеге айналады. Сондықтан мамандар мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру кезінде санитариялық талаптарды қатаң сақтауды ұсынады. Ең алдымен, іс-шаралар кестесі нақты жоспарланып, адамдардың шамадан тыс жиналуына жол берілмеуі тиіс. Тағам дайындау мен сату барысында қауіпсіздік басты назарда болуы қажет. Үй жағдайында дайындалған өнімдерді сатуға жол…

Толық оқу
ақырзаман

Әлемге әйгілі ғалым Стивен Хокинг қара құрдымдар туралы зерттеулерімен ғана емес, адамзат болашағына қатысты батыл пікірлерімен де танымал болған, деп жазады Ertenmedia.kz. Оның көптеген ойлары оптимистік емес, керісінше ескерту сипатында болды. Хокингтің айтуынша, адамзаттың жойылып кету қаупі бар, бірақ оны алдын алуға мүмкіндік те жеткілікті. Ғалымның пікірінше, ең үлкен мәселе – адамзаттың бір ғана планетада өмір сүруі. Егер Жерде ғана қалсақ, бір астероид, бір індет немесе бір ірі соғыс бүкіл өркениетті жойып жіберуі мүмкін. Хокинг адамзатқа қауіп төндіретін бірнеше негізгі сценарийді атап өткен. Климаттың өзгеруі Ғалым жаһандық жылынудың қайтымсыз деңгейге жету қаупі бар екенін ескерткен. Оның пікірінше, егер бұл үдеріс…

Толық оқу
Энергетика министрлігі

Қазақстанда энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту бағытында маңызды келісім жасалды. Ақтау қаласында қуаты 160 МВт болатын бу-газ қондырғысын салу туралы инвестициялық жоба іске асырылмақ, деп жазады Ertenmedia.kz. Келісімге ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов пен «Ақтау энергетика компаниясы» ЖШС басшысы Гэ Личунь қол қойды. Бұл компания 2024 жылы Қытайдың ірі энергетикалық корпорацияларының бірі China Huadian Corporation қатысуымен құрылған. Жобаның жалпы құны шамамен 108 млрд теңгені құрайды. Қаржыландырудың басым бөлігі – 70 пайызы қытайлық серіктес есебінен қамтамасыз етіледі. Қондырғы Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының аумағында салынып, 2027 жылдың маусымында іске қосылады деп жоспарланған. Жоба аясында 300-ден астам жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар кадр даярлау мәселесіне…

Толық оқу
Астана

Астанада Наурызнама онкүндігі аясында атап өтілетін Жаңару күні ерекше мазмұнмен өтті. Есіл ауданындағы №2 көпсалалы қалалық ауруханада дүниеге келген сәбилерге арналған салтанатты шара ұйымдастырылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Іс-шараның негізгі мақсаты отбасылық құндылықтарды нығайту және экологиялық мәдениетті өмірдің алғашқы сәтінен бастап қалыптастыру. Жаңа туған нәрестелер мен олардың ата-аналарына арнайы құттықтау хаттар табысталды. Бұл хаттардың ерекшелігі әр отбасыға QR-код ұсынылуында. Сол код арқылы сәбидің дүниеге келуіне орай отырғызылатын атаулы ағаштың нақты орналасқан жерін көруге болады. Осылайша, әрбір бала туған сәттен бастап табиғатпен байланысқан символдық бастаманың бір бөлігіне айналады. Есіл ауданының әкімі Дарменияр Қыдырбекұлы бұл бастаманың маңызын атап өтті.  – Әр бала жаңа…

Толық оқу
Жаңа қару

Қытай ғалымдар энергияға негізделген жаңа қару түрін жасап, әскери технологияда маңызды қадам жасады. Жаңа жүйе спутниктерді жерден істен шығаруы мүмкін, деп жазады Ertenmedia.kz. TPG1000Cs деп аталатын бұл құрылғы жоғары қуатты микротолқынды импульстарды бұрынғы жүйелерге қарағанда әлдеқайда ұзақ уақыт бойы шығара алады. Егер бұрынғы үлгілер бірнеше секундтан кейін қызып, жұмысын тоқтатса, жаңа жүйе бір минутқа дейін үздіксіз 20 гигаватт энергия өндіруге қабілетті. Жүйені Сиань қаласындағы Солтүстік-Батыс ядролық технологиялар институты әзірлеген. Құрылғының ұзындығы небәрі 4 метр, салмағы шамамен 5 тонна. Осындай ықшам өлшем оның түрлі платформаларда қолданылуына мүмкіндік береді. Оны жүк көліктеріне, кемелерге, ұшақтарға және тіпті спутниктерге орналастыруға болады. Жаңа технологияның басты…

Толық оқу
кәріз

Алматы облысының Қонаев қаласында кәріз тазарту жүйесін салуға бағытталған ірі инфрақұрылым жобасы іске асырылуда, деп жазады Ertenmedia.kz. Жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жүзеге асып жатыр. Негізгі мақсат – коммуналдық қызметтердің сапасын арттыру, экологиялық жағдайды жақсарту және қала дамуына сай заманауи инфрақұрылым қалыптастыру. Жекеменшік әріптес ретінде «Daur Capital» ЖШС таңдалды. Компания 2023 жылы өткен конкурс нәтижесінде жеңімпаз атанған. Жобаның постинвестициялық кезеңі 2026 жылдан 2030 жылдың соңына дейін жалғасады. Ал жобалық-сметалық құжаттама 2025 жылдың шілдесінде мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алған. Жоба бойынша тәулігіне 25 мың текше метр су тазарту қарастырылған. Қажет болған жағдайда бұл көрсеткіш 31 мың текше метрге дейін ұлғайтылуы мүмкін. Орташа…

Толық оқу
Ақмолжан

Алматы қаласында Отбасын қолдау орталығы қиын жағдайға тап болған азаматтар мен отбасыларға кешенді көмек көрсетуді жүйелі түрде жалғастырып келеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте орталық директорының міндетін атқарушы Ақмолжан Зарипов мекеме жұмысының нәтижелерімен таныстырды. Оның айтуынша, орталық әлеуметтік қолдау жүйесінің маңызды буынына айналған. – Біздің мақсат тек мәселені шешу емес, оның алдын алу. Біз түрлі мекемелермен бірлесе жұмыс істеп, отбасыларды жағдайы толық тұрақталғанша сүйемелдейміз, – деді спикер. 2025 жылы орталыққа 1341 өтініш келіп түсіп, оның 1283-і толық орындалған. Осы кезеңде 1566 мемлекеттік қолдау шарасы көрсетілген. Мамандар 527 психологиялық және 325 заңгерлік кеңес берген. Ал 2026 жылдың басынан…

Толық оқу
Аида Балаева

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы ұжымымен кездесті, деп жазады Ertenmedia.kz. Кездесу барысында елдегі жаңа саяси кезең жағдайында музей саласын дамытудың басым бағыттары талқыланды. Министрдің айтуынша, жаңа Конституцияның қабылдануы Қазақстан үшін тарихи бетбұрыс кезеңін ашты. – Еліміз жаңа кезеңге қадам басты. Халық референдумда маңызды шешім қабылдап, жаңарған Ата заңды қолдады. Ендігі міндет осы реформаларды жүйелі түрде жүзеге асыру, – деді Аида Балаева. Оның сөзінше, бұл кезеңде мәдениет пен ақпарат салаларына ерекше жауапкершілік жүктеледі. Себебі қоғамдағы құндылықтар жүйесі мен ұрпақтар сабақтастығы дәл осы бағыттар арқылы қалыптасады. Осы тұрғыда «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының рөлі…

Толық оқу