Spark of Light сайтында Назарбаевтың немересі өзін рухани ұстаз, яғни «рухани көсем» ретінде таныстырады, деп жазады Ertenmedia.kz. Нұрәли Әлиев Рахат Әлиев пен Дариға Назарбаеваның ұлы, Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі екені көпшілікке мәлім. Сайттағы сипаттамаға сүйенсек, қозғалыс жетекшісі ретінде Нұрәли Әлиевтің миссиясы адамзаттың санасын жоғары деңгейге көтеруге ықпал ету. Нұрәли осыған дейінің өзінің парақшасына Тибетке барған сапарынан фотолар жариялаған болатын. Онда оның жұмысы адамдарға ішкі үйлесімге, айқын ойға және саналы өмір салтына жетуге көмектесуге бағытталғаны айтылады. Авторлар «адамзат 3D-сана деңгейінен 5D-сана деңгейіне өту кезеңін бастан кешіп жатыр» деген тұжырымды алға тартып, осы үдерісте Нұрәли Әлиевтің рөлі жол көрсету, құралдар…
Автор: Лейла Болтаева
Қазақстан киносына еңбегі сіңген танымал актер Мұрат Бисембин 53 жасында ауыр дерттен өмірден өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Қаралы хабарды марқұмның қызы растаған. Ашық дереккөздерге сүйенсек, актерге 2024 жылдың қыркүйек айында ауыр диагноз қойылған. Дәрігерлер ұйқыбез обырына шалдыққанын анықтаған. Осы уақыттан бері ол дертпен күресіп келген. Мұрат Бисембин қазақстандық көрерменге бірқатар кино және тележобалар арқылы кеңінен танылды. Әсіресе оның қылмыстық драма жанрындағы туындыларда сомдаған рөлдері жұртшылықтың есінде қалды. Өнер жолындағы еңбегімен ол отандық кинода өз орнын қалыптастырды. Марқұмның жақындары мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Оның жарқын бейнесі мен өнері көрермен жадында сақтала береді. Таяуда актердің қызы Мұрат Бисембин инсульт алып, жедел…
Кезінде ел аумағында қаншама құнды тарихи ескерткіштің көз алдымызда жоғалып кеткеніне іштей қынжылатынмын, деп жазады Ertenmedia.kz. «Сол кезеңде болашақта тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғауға арналған заң жобасының авторларының бірі боламын деп ойлау да мүмкін емес еді», дейді Асхат Аймағамбетов. Тарихи мұраны қорғайтын жаңа заң Арада жылдар өтсе де, тарихи ескерткіштердің жойылу мәселесі өзектілігін жоғалтқан жоқ. Сондықтан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында мәдени мұра нысандарын сақтау жөнінде нақты міндет жүктеген сәтте, осы бағытта арнайы заң жобасын бастамашылық ету туралы шешім қабылданды. Президент тапсырмасы жай сөз күйінде қалмай, нақты құқықтық тетікке айналуы тиіс еді. – Заң жобасын әзірлеу барысында ғалымдармен, сала…
Белгілі қаламгер Көсемәлі Сәттібайұлы Атырау облысында орын алған ауыр оқиғаға байланысты ой бөлісіп, көпшілікті бейжай қалмауға шақырды, деп жазады Ertenmedia.kz. Атырауда «жоғалған» деп іздестірілген отбасы мүшелерінің мәйіттері өз қораларынан табылғаны қоғамды есеңгіретіп жіберді. Ал күйеу бала мен қызы әлі күнге дейін із-түзсіз жоқ. Кей деректерде олардың Өзбекстанға өтіп кеткені айтылады. Оқиғаның өзі ғана емес, оны тергеу барысындағы олқылықтар да көп сұрақ тудырып отыр. Осы жағдайға байланысты ең әуелі сол өңірде тұратын, компьютерлік технологияны жетік меңгерген бір азамат өз еркімен із кесу жұмыстарын жүргізген. Оның анықтауынша, қорадан мәйіті табылған әйелдің банк картасынан соңғы рет Бали аралдарында ақша шешілген. Бұл дерек оқиғаның…
Атырау облысының Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында тіркелген ауыр қылмысқа байланысты тергеу шаралары жалғасып жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Ерлі-зайыптының қаза табуы және отбасының тағы екі мүшесінің хабар-ошарсыз кетуі қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызды. Мәйіттер табылғаннан кейін тергеу назары марқұмдардың күйеу баласына аударылғанымен, ресми органдар әзірге толық мәлімет таратқан жоқ. Резонансты іске қатысты соңғы деректер жария болды. Тергеу материалдарына сәйкес, күдікті ерлі-зайыптыларды қасақана өлтіріп, кейін қылмыс ізін жасыруға тырысқан болуы мүмкін. Қаза тапқандардың денелері ауладағы шаруашылық мақсаттағы құрылыстан табылған. Бұған дейін әлеуметтік желілерде Мирамгүлдің мәйіті Геолог шағын ауданындағы септиктен табылды деген ақпарат тараған еді. Алайда бұл дерек расталмады. Полиция аталған аумақта тінту…
Қазақстанда мал шаруашылығында еңбек ететін азаматтарға арналған әлеуметтік және қаржылық қолдау тетіктерін кеңейту көзделіп отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Астанада 2026-2030 жылдарға арналған агробизнесті, оның ішінде мал шаруашылығы саласын дамыту жөніндегі кешенді жоспар таныстырылды. Құжатта фермерлер мен кәсіпкерлерді қолдаумен қатар, дала тіршілігінің негізгі тірегіне айналған шопандар мен бақташыларға арнайы жеңілдіктер қарастырылған. Жоспар аясында шопандар мен бақташылар үшін зейнет жасын төмендету ұсынылып отыр. Сонымен қатар осы салада жұмыс істейтін азаматтарға мерзімді әскери қызметтен кейінге қалдыру мүмкіндігі беріледі. Тағы бір маңызды бағыт олардың балаларына білім беру гранттарын басым тәртіппен ұсыну. Мемлекеттік органдардың пайымынша, мұндай шаралар мал шаруашылығында әлеуметтік тұрақтылықты нығайтып, жастарды ата кәсіпті…
Алматы маңында болған ауыр жол-көлік оқиғасына үнділік студент көз жұмды, деп жазады Ertenmedia.kz. Үндістанның Астанадағы елшілігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, апатқа ұшыраған жеңіл көлікте Үндістанның бес азаматы болған. Олардың төртеуі Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы студенттері, ал біреуі турист ретінде сапарға шыққан. Жолаушылар Шымкент қаласынан Алматы бағытына жол тартқан. Дипломатиялық өкілдіктің хабарлауынша, жол апаты салдарынан екі адам оқиға орнында көз жұмған. Тағы үш жолаушы ауыр жарақат алып, қазір жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер олардың жағдайын тұрақты ауыр деп бағалап отыр. Елшілік қаза тапқан студенттердің отбасына ресми көңіл айтты. Марқұмдар Үндістанның Раджастхан штатынан шыққан жастар екені нақтыланды. Қазіргі уақытта дипломатиялық қызмет өкілдері…
Актер әрі ММА файтері Еркебұлан Тоқтар Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов өзін жекпе-жекке шығуға дайын екенін айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Еркебұлан Тоқтардың айтуынша, титулды боксшының ұстанымы оған толық түсінікті және ол бұл сөздерден ешқандай менсінбеушілік немесе құрметсіздік көріп отырған жоқ. Керісінше, мәселені Даниярдың ашық әрі шынайы қойғанын атап өтті. Тоқтардың пайымдауынша, жекпе-жекті екі қырынан қарау керек. Бірі спорттық, екіншісі қаржылық. Спорт тұрғысынан алғанда, мұндай айқастың мәні жоқ екенін өзі де мойындайды. Себебі, кәсіби спортта басты фактор кім мықты екенін дәлелдеуге деген ішкі қызығушылық. Ал бұл жағдайда Елеусінов өз деңгейінің әлдеқайда жоғары екенін ашық айтқан. Олимпиада чемпионының сөзімен келіспеуге негіз жоқ, оған…
Ресейдің Пермь өңірінде жеке тікұшақтың апатқа ұшырап, кәсіпкер Ильяс Гимадутдинов қаза тапты, деп жазады Ertenmedia.kz. Алдын ала мәліметке сәйкес, әуе апатына қозғалтқыштың мұз қатуынан істен шығуы себеп болуы мүмкін. Қайғылы оқиға Пермь өлкесіндегі Бардым ауданы аумағында орналасқан «Ашатли парк» демалыс базасы маңында тіркелген. Апатқа ұшыраған тікұшақ Robinson R44 Raven үлгісіндегі жеке әуе көлігі. Ол «Таттранском» компаниясына тиесілі болған. Ұшудың рұқсатсыз жүзеге асырылғаны да айтылып отыр. Апат салдарынан Пермь өңіріндегі ірі кәсіпкерлердің бірі, «Таттранском» көлік компаниясының құрылтайшысы Ильяс Гимадутдинов оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар осы компанияның автомобиль колоннасының басшысы Эльмир Коняков та қаза тапқан. Таттранском Ханты-Мансий автономды округі, Ямал-Ненец автономды…
Биіктік символикасы: Марафоншы «Нұрсұлтан шыңын» «Қаңтар шыңы» деп өзгертуді ұсынды Белгілі марафоншы әрі қаламгер Еренғайып Қуатайұлы бүгінде атауы толық айқындалмаған Нұрсұлтан шыңын Қаңтар шыңы деп атауды, деп жазады Ertenmedia.kz. Жексенбі күні автор Талғар асуынан жолға шығып, төрт сағатқа жетпей шың басына көтерілген. Бұрын тауға әуес кезеңде бір күн бұрын етегіне жетіп, түнеп, келесі күні ғана шыңға шығу қалыпты тәжірибе болған. Қазір бағыт пен дайындық өзгергенімен, шыңның өзі бұрынғыдай алыстан менмұндалап көрінеді. Теңіз деңгейінен 4376 метр биіктікте тұрған шың Алматының кез келген нүктесінен көзге шалынады. Альпинизмнен саясатқа – Атаулар тарихына көз жүгіртсек, 1935 жылға дейін шың Кіші Алматы шыңы аталған.…










