Түркістан қаласында гүл егіліп, санитарлық тазалық және көгалдандыру жұмыстары қарқын алды, деп жазады Ertenmedia.kz. Қала аумағында тазалықты сақтау жүйелі бақылауға алынған. Туристік нысандарда, орталық көшелерде және тұрғын үйлердің аулаларында қоқысты уақытылы шығару, жол жиектерін ретке келтіру жұмыстары күнделікті жүргізіліп жатыр. Көктемгі кезеңге сай көгалдандыру бағытына ерекше мән берілген. Көгалдарды күтіп-баптау, суару жүйелерін реттеу, гүлзарлар мен жасыл аймақтарды қалпына келтіру жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асуда. Сонымен қатар инфрақұрылым нысандарын жаңарту да назардан тыс қалмаған. Атап айтқанда, орындықтар мен жарықшамдар жөнделіп, ағаштар әктеліп, бұталар қырқылып жатыр. Балалар және спорт алаңдары да ретке келтірілуде. Осы жұмыстар аясында қалада ауқымды гүл егу науқаны басталды. Жалпы…
Автор: Лейла Болтаева
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және заң мен тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін бірқатар азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады, деп жазады Ertenmedia.kz. Марапатталғандардың қатарында Маңғыстау өңірінің қоғам қайраткерлері де бар. Атап айтқанда, Маңғыстау облыстық мәслихатының төрағасы Жаңбырбай Матаев пен облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Бекмұрат Жүсіпов «Парасат» орденіне ие болды. Марапат мемлекеттік басқару жүйесінде, қоғамдық қызметте және өңірдің дамуына қосылған нақты еңбектің бағасы. Екі азамат та ұзақ жылдар бойы аймақтың әлеуметтік мәселелерін шешуге, қоғамдық диалогты дамытуға және жергілікті басқару сапасын арттыруға атсалысып келеді. Маңғыстау өңірінде соңғы жылдары инфрақұрылым, инвестиция және әлеуметтік бағыттағы жобалар жүйелі түрде іске асып жатыр. Осындай процестерде…
Алматыда қазақтың сирек кездесетін қолданбалы өнерінің бірі, зерлеу қайта жанданып келеді. Осы ретте «Зерлеу» авторлық үйі алтын және күміс жіппен кестелеу дәстүрінің қалай жаңғырып жатқандарын айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл шеберханаға кірген сәтте көзге бірден түсетіні – нәзік өрнек пен терең мағына. Алтын жіппен зерленген камзолдар мен күрделі оюлар тек сән үшін емес, тұтас тарихтың ізі іспетті. Бір кездері дәл осындай әдіспен хандар мен сұлтандардың киімдері тігілген. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында зерлеу өнері жойылып кетудің алдында тұрды. Көптеген технологиялар мен тәсілдер ұмытылып, бұл бағыт зерттелмей қалған еді. Бүгінде сол үзіліп қалған сабақтастық қайта жалғасып жатыр. Осы істің басында тұрған санаулы шебердің…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповты қабылдап, холдингтің 2025 жылғы жұмыс қорытындыларын тыңдады, деп жазады Ertenmedia.kz. Кездесуде компанияның негізгі жетістігі ретінде оның нарықтық құнының айтарлықтай өсуі атап өтілді. 2018 жылы IPO-ға шыққан сәттен бері «Қазатомөнеркәсіптің» капитализациясы жеті еседен астам артқан. Бұл – компанияның халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін көрсететін басты индикатор. Өткен жыл холдинг үшін белсенді кеңею кезеңі болды. Уран сатылымы 11 пайызға өсіп, 18,5 мың тоннаға жетті. Компания Швейцария, Чехия және Жапония нарықтарында позициясын нығайтып, жаңа келісімдерге жол ашты. Қазір Үндістанмен ұзақ мерзімді жеткізілім бойынша келісімшартты аяқтау сатысында. Өндірістік көрсеткіштермен қатар, компания болашаққа бағытталған стратегияны…
Иран соңғы екі аптада Парсы шығанағы елдеріне бағытталған соққылары арқылы Вашингтонға қысым көрсетіп, АҚШ-тың Тегеранға қарсы әскери әрекеттерін тоқтатуды көздеп отыр. Алайда сарапшы Тимур Сейітмұратов осы әрекеттер Иран күткеннен де мүлде басқа нәтижеге әкелуі мүмкін екенін айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Саясаттанушы Тимур Сейітмұратовтың пікірінше, Иранның қазіргі стратегиясы Ньютоның үшінші заңын еске салады. Әрбір әрекетке кері реакция туындайды. Саясат әлемінде де физика заңдылықтары жиі көрініс табады. Осы тұрғыда, Иранның әрекеттері аймақтағы елдерді, керісінше, АҚШ-ты әскери операцияларды соңына дейін жеткізуге итермелеп отырғандай… 17 наурызда Reuters агенттігі Парсы шығанағы мемлекеттері енді Вашингтонға соғысты логикалық аяғына дейін жеткізу туралы ұсыныс жасап отырғанын хабарлады. Бұл…
Әр күннің өз ерекшелігі бар. Аспан әлеміндегі жұлдыздардың қозғалысы өміріміздің ырғағына, шешімдеріміз бен әрекеттерімізге әсер етеді. Назарларыңызға бүгінгі күннің жұлдыз-жорамалы болжамын ұсынады, деп жазады Ertenmedia.kz. Тоқты Бүгін сізден батылдық пен шешімділік талап етіледі. Маңызды істерді кейінге қалдырмаңыз, әйтпесе мүмкіндікті жіберіп алуыңыз мүмкін. Күтпеген әңгімелер жағдайды айқын етуге көмектеседі. Ақшаға абай болыңыз, импульсивті шығындардан аулақ болыңыз. Кешті демалыс пен жақындарыңызға арнаңыз. Күннің энергиясы күшті, оны пайдалы іске бағыттаңыз. Торпақ Ұсақ-түйекке мұқият болыңыз, қателіктер уақыт жоғалтуға алып келуі мүмкін. Аз болса да жағымды қаржылық түсімдер болуы ықтимал. Қарым-қатынаста жұмсақ әрі сабырлы болған жөн. Бүгін жоспар құруға және үйді реттеуге қолайлы күн. Кешке…
Автоөлік иелері арасында қозғалтқыш майын толық ауыстырмай, мөлшері азайғанда үстінен май құйып тұрса жеткілікті деген жаңсақ пікір тараған, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл миф көбіне қаражат үнемдеу мақсатында пайда болған. Өйткені, техникалық қызмет көрсету мен қозғалтқыш майын толық ауыстыру белгілі бір шығынды талап етеді. Шындығында, көлік майының негізгі міндеті қозғалтқыш бөлшектерін майлап, олардың қажалуын болдырмау, артық жылуды сыртқа шығару және ішкі механизмдерді таза ұстау. Уақыт өте келе май өз қасиеттерін жоғалтып, пайдалануға жарамсыз күйге түседі. Ол қозғалтқыштың ішінде үздіксіз айналып жүріп, жану өнімдерімен араласып, лас күйге енеді. Ал бұл кезде оның бөлшектерді қорғайтын, салқындататын және тазартатын қасиеттері айтарлықтай нашарлайды. Майдың түсі…
Күн панельдері сарқылмайтын қуат көзі болғанымен, олардың да белгілі бір уақытқа дейін жұмыс істейтін ресурсы бар, деп жазады Ertenmedia.kz. Әдетте күн панельдерінің қызмет ету мерзімі 25-30 жыл немесе одан да көп уақытқа жетеді. Дегенмен, кез келген технология секілді, уақыт өте келе олардың тиімділігі біртіндеп төмендей бастайды. Мамандар бұл процесті «деградация» деп атайды. Жалпы алғанда, заманауи күн панельдері жылына орта есеппен 0,5% қуатын жоғалтады. Әрине, бұл көрсеткіш панельдердің маркасы, сапасы, орнатылған жердің ауа райы жағдайы және техникалық қызмет көрсетудің жиілігіне байланысты өзгеріп отырады. Яғни, күн панельдері кенеттен жұмысын тоқтатпаса да, олардың энергия өндіру қабілеті уақыт өте баяу кемиді. 25 жылдан кейін…
Израиль қарулы күштері Иранның «Басидж» ерікті әскерінің басшысы, бригадалық генерал Голамреза Сулейманиді жойғанын мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz. 62 жастағы Сулеймани соңғы алты жыл бойы ел ішіндегі тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін аса ықпалды күштерге басшылық етті. Оның әскери мансабы 1980-1988 жылдардағы Иран-Ирак соғысының алғы шебінен басталып, бірқатар маңызды операцияларға қатысқан. Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кацтың айтуынша, бұл шабуыл кезінде Иранның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі жоғарғы кеңесінің хатшысы Әли Лариджани де қаза тапқан. Алайда ресми Тегеран бұл ақпаратты әлі растаған жоқ. Голамреза Сулеймани Иранның ішкі саяси жүйесіндегі маңызды тұлғалардың бірі еді. 2019 жылы ол елдегі ең ірі ерікті әскери құрылым «Басидж» күштерінің…
«Қазақстан – Еуропалық Одақ» кіші комитетінің энергетика, көлік, қоршаған орта және климаттың өзгеруі мәселелеріне арналған 9-шы отырысы өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиынға Қазақстан тарапынан Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов, Еуропалық Одақ тарапынан Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметінің Орталық Азия бөлімінің басшысы Дитмар Крисслер төрағалық етті. Отырыс барысында тараптар энергетика саласындағы ынтымақтастықтың бүгінгі ахуалы мен алдағы жоспарларын талқылады. Вице-министр Санжар Жаркешов өз сөзінде Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы стратегиялық серіктестіктің жаһандық энергетикалық диалог пен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты нығайтудағы маңызын ерекше атап өтті. Тараптар шикізат, аккумулятор өндірісі және жаңартылатын сутегі сияқты тұрақты құн тізбегін құру мәселелеріне айрықша тоқталды. Қазақстан осы салада жаңартылатын энергия көздерін…










