Автор: Лейла Болтаева

Қышқыл жауын

Ирандағы мұнай зауыттарында болған жарылыстардан кейін атмосфераға улы заттардың таралуы туралы ақпарат күшейді. Сарапшылардың бір бөлігі мұндай ластану салдары қышқыл жауынға (acid rain) әкеліп, оның әсері Орталық Азияға дейін жететінін айта бастады. Сондықтан бұл құбылыстың біз үшін табиғатын, оның қаупін және ықтимал салдарын түсіну маңызды, деп жазады Ertenmedia.kz. Қышқыл жауын тек жаңбыр емес. Бұл термин құрамында қышқылдық деңгейі жоғары болатын барлық жауын-шашын түрлерін қамтиды. Оған қар, бұршақ, тұман және дымқыл қар да кіреді. Мұндай жауын көбіне атмосфераға күкірт диоксиді мен азот оксидтері көп мөлшерде түскен кезде пайда болады. Бұл заттар негізінен көмір, мұнай сияқты қазба отындарды жағу нәтижесінде бөлінеді. Ауаға…

Толық оқу
Найзағай

Аспанды қақ жарып өткен жарқыл найзағайдың ең таныс көрінісі. Осындай сәтте адамдар түрлі әңгімелер айта бастады. Үйде отыр, металл ұстама, телефонды өшір. Бірақ бұл ескертулердің бәрі бірдей ғылыми негізге сүйенбейді, деп жазады Ertenmedia.kz. Найзағай табиғаттағы ең қуатты құбылыстардың бірі. Бір ғана разряд 300 миллион вольттан аса энергия беріп, металлды балқытатын температураға жетеді. Сондықтан оның адам өміріне қауіпті екені анық. Жыл сайын тек АҚШ-та 10-30 адам найзағайдан қаза табады, ал жүздегені жарақат алады. Әлем бойынша бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары. Қауіптің бір бөлігі найзағайдың өзінде емес, оған қатысты қалыптасқан қате түсініктерде. Дәл осы мифтер адамдарды жалған қауіпсіздік сезіміне итермелеп, нақты қатерге душар…

Толық оқу
Кимешек

Наурызнама онкүндігі аясында 18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай елордадағы Белсенді ұзақ өмір орталығында кимешек тігуден шеберлік сабағы ұйымдастырылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Іс-шараға «Тігін» үйірмесінің мүшелері, Байқоңыр ауданы әкімі аппаратының өкілдері және орталық қызметкерлері қатысты. Бағдарлама ұлттық биімен ашылып, қатысушылар бірден мерекелік атмосфераға енді. Шеберлік сабағы барысында қазақ ою-өрнектерінің мазмұнына ерекше мән берілді. Қатысушылар әрбір өрнектің өзіндік мағынасы бар екенін, оның халықтың дүниетанымы мен тұрмыс-салтын бейнелейтінін білді. Байқоңыр ауданы Белсенді ұзақ өмір орталығының бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі Бақыт Байманованың айтуынша, мұндай шаралар дәстүрді жаңғыртуға бағытталған. – Орталығымызда еңбек терапиясы үйірмесі жұмыс істейді. Біз жыл сайын ұлттық киім тігу…

Толық оқу
тазалық трактор

Жетісу облысында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «ECO KERUEN» экологиялық бастамасы өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Іс-шара халық көп жиналатын орындарда ұйымдастырылып, тұрғындар мен жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталды. Басты мақсат қоршаған ортаға жауапкершілікті күшейту және қалдықтарды дұрыс басқару қағидаларын кеңінен түсіндіру. Акция Талдықорған қаласында басталды. Арнайы безендірілген эко-керуен қала көшелерімен жүріп өтіп, тұрғындардың назарын табиғатты қорғау мен қалдықтарды сұрыптаудың маңыздылығына аударды. Шара барысында тұрғындар белсенділік танытып, өз үйлерінен жиналған пластик, қағаз, киім-кешек және электронды қалдықтарды арнайы қабылдау пункттеріне тапсырды. Бұл тұрғындардың экологиялық мәселеге бейжай қарамайтынын көрсетті. Эко-керуен аясында 100-ге жуық ерікті мен ұйымдастырушылар тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қалдықтарды бөлек…

Толық оқу

Иранда Швеция азаматы өлім жазасына кесіліп, жаза орындалды. Бұл туралы Швецияның Сыртқы істер министрі Мария Мальмер Стенергард мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Министрдің айтуынша, марқұм өткен жылдың маусым айында Иранда ұсталған. Осы уақыт ішінде Стокгольм бұл мәселені бірнеше рет ирандық тараппен көтерген. –  Өлім жазасы адамгершілікке жат, қатыгез және қайтарымсыз жаза. Швеция Еуропалық одақ елдерімен бірге мұндай жазаны кез келген жағдайда қолдануға қарсы, – деді Мария Мальмер Стенергард. Оның сөзінше, сот процесі халықаралық құқық талаптарына сай өтпеген. Яғни айыпталушыға қатысты тергеу мен сот талқылауы әділ сот стандарттарына сәйкес келмеген. Қазіргі уақытта Швеция Сыртқы істер министрлігі оқиғаға қатысты қосымша түсініктеме берген жоқ.…

Толық оқу
Шаңырақ күні

Талдықорған қаласында Наурызнама онкүндігі аясындағы «Шаңырақ күніне» орай «Отбасы – қоғамның тірегі» атты іс-шара өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. КГУ «Jetisy jastary» ұйымдастырған бұл шара Салтанат сарайында өтіп, оның аясында төрт жас жұп ресми түрде некеге тұрды. Жас отбасылар үшін бұл күн тек заңды тіркеу ғана емес, ұлттық дәстүрмен ұштасқан ерекше рәсімге айналды. Іс-шара барысында ақсақалдар жас жұбайларға ақ батасын беріп, өмірлік жолына бағыт-бағдар көрсетті. Олар отбасының беріктігі сыйластық, сабыр мен өзара қолдауға негізделетінін атап өтті. «Отбасы әрқашан қоғамның тірегі болып келеді. Бір-бірлеріңізді қадірлеп, қолдап жүріңіздер. Берік шаңырақ осы құндылықтардың негізінде қалыптасады», – деді ақсақалдардың бірі. Ұйымдастырушылар жас жұбайларды құттықтап, оларға…

Толық оқу
Құстарға ұя жасау

Алматы облысында Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында, Наурыз мерекесіне орай «Табиғат қанатында – Taza Life» экологиялық акциясы басталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл бастама табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Акция өңір жастарын нақты іске жұмылдырып, қоршаған ортаға жанашырлық танытудың нақты үлгісіне айналып отыр. Іс-шара барысында Қонаев қаласының оқушылары мен колледж студенттері орман шаруашылығы мамандарының жетекшілігімен өз қолдарымен құс ұяларын жасап, оларды әлеуметтік нысандар аумағына орнатты. Бұл әрекет арқылы жастар тек құстарға жағдай жасап қана қоймай, табиғатқа ұқыпты қараудың маңызын тәжірибе жүзінде көрсетті. Көктем мезгілінде құстарға қолайлы орта қалыптастыру экожүйенің тепе-теңдігін сақтауға ықпал етеді. Акцияның басты мақсаты жастар арасында…

Толық оқу
Wi-Fi

Үйдегі интернеттің баяулауы көп жағдайда бір ғана себептен болмайды. Видеоның тұрып қалуы, сайттардың баяу ашылуы немесе байланыс үзіліп кетуі әртүрлі факторлардың белгісі болуы мүмкін, деп жазады Ertenmedia.kz. Әдетте қолданушылар мәселені провайдерден немесе роутерден іздейді. Бірақ барлық негізгі себептерді тексеріп шыққаннан кейін де Wi-Fi тұрақсыз болса, кедергі сіз ойлағаннан әлдеқайда жақын болуы ықтимал. Үйдегі кейбір тұрмыстық құрылғылар сигналға әсер етіп, байланыс сапасын төмендетеді. Ең жиі кездесетін кедергілердің бірі микротолқынды пеш. Оның жұмысы электромагниттік толқындарға негізделген. Көп жағдайда бұл құрылғылар 2,45 ГГц жиілігінде жұмыс істейді. Дәл осы диапазонды көптеген Wi-Fi роутерлер де қолданады. Осының салдарынан екі құрылғының сигналдары бір-біріне қабаттасып, интернет уақытша…

Толық оқу
Саяжай Қызғалдақ

Алматы облысында саяжай алқаптарын қала мен ауыл елді мекендерінің құрамына енгізу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Өңір бойынша барлығы 677 саяжай қауымдастығы тіркелген. Соның ішінде 2023 жылдан бері 367 алқап елді мекендердің құрамына қосылған. Саяжай тұрғындарының құқықтық мәртебесін айқындауға бағытталған жүйелі қадам. Саяжайлардың басым бөлігі Қарасай ауданында орналасқан – 203 алқап. Одан кейін Талғар ауданында – 151, Еңбекшіқазақ ауданында – 135, Іле ауданында – 118, Жамбыл ауданында – 21. Қонаев қаласында 9, Алатау қаласында 40 саяжай бар. 2025 жылы төрт елді мекенге 23 бау-бақша қауымдастығын енгізу үшін қажетті қала құрылысы құжаттары дайындалды. Қазіргі кезеңде әкімшілік шекараларды өзгерту процесі…

Толық оқу
тоңазтқыш холодильник

Көпшілік тоңазытқыштың ішіндегі температура тұрақты деп ойлайды. Алайда техника да мінсіз емес, уақыт өте келе оның жұмысы әлсіреп, салқындатуы да өзгеруі мүмкін, деп жазады Ertenmedia.kz. Сарапшылардың айтуынша, мұндай өзгерісті көзбен немесе қолмен анықтау қиын. Тоңазытқыш ашылып тұрғанда бәрі дұрыс сияқты көрінгенімен, ішкі температура қауіпсіз деңгейден асып кетуі ықтимал. Ал бұл тағамдардың бұзылуына, тіпті денсаулыққа қауіп төндіретін жағдайларға алып келеді. Осы тәуекелді азайтудың ең қарапайым әрі тиімді жолы, тоңазытқыштың ішіне арнайы термометр орнату. Бұл құрал нақты температураны көрсетіп, құрылғының жұмысын тұрақты бақылауға мүмкіндік береді. Техникалық ақаулардың түрі көп. Мысалы, компрессордың әлсіреуі, есіктің дұрыс жабылмауы немесе тығыздағыштың тозуы салдарынан салқындату режимі бұзылады.…

Толық оқу