Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында жасыл энергиканы даыту аясында қуаты 1 ГВт болатын «Мирный» жел электр станциясының құрылысы қарқын алды. Қазақстандағы жаңартылатын энергетика саласындағы ең ауқымды жобалардың бірі, деп жазады Ertenmedia.kz. Жобаны француздық әйгілі «Total Energies» компаниясы жүзеге асырады. Инвестицияның жалпы көлемі – 1,1 миллиард доллар. Электр станциясын 2028 жылдың төртінші тоқсанында іске қосу жоспарланған. Жоба аясында Envision және SANY компанияларының 150 заманауи жел турбинасы орнатылады. Сонымен қатар француздық Saft компаниясының 600 МВт·сағ энергия сақтау жүйесі де енгізіледі. Бұл станция жыл сайын 4 миллиард кВт·сағатқа дейін электр қуатын өндіреді деп күтілуде. Мұндай өндіріс көлемі атмосфераға шығатын көмірқышқыл газының мөлшерін жылына кемінде…
Автор: Лейла Болтаева
АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери қимылдары әдетте ядролық қауіпсіздік пен аймақтық тұрақтылықты сақтау мақсатымен түсіндіріледі. Алайда соңғы оқиғалар мұның артында әлдеқайда терең әрі күрделі мүдде жатқанын байқауға болады. Мәселе капиталистік экономиканың басты тірегі саналатын мұнайдың қауіпсіз тасымалына байланысты, деп жазады Ertenmedia.kz. Соңғы уақытта АҚШ Ирандағы маңызды мұнай экспорттайтын Харг аралына шабуыл жасады. Аталмыш арал Иранның негізгі мұнай терминалы, әлемдік мұнай нарығындағы маңызды нүктелердің бірі. Әлемдік мұнай тасымалының шамамен бестен бір бөлігі дәл осы аумақ арқылы өтетін Ормуз бұғазына жақын орналасқан. Сондықтан бұл аймақтағы кез келген қақтығыс әлемдік мұнай нарығына бірден әсер етеді. АҚШ президенті Дональд Трамп бұл операцияны ашық…
Таяуда Алматыда «Айбын-2026» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысатын қалалық құрама анықталды. Бауыржан Момышұлы атындағы әскери-спорт колледжінде өткен іріктеуде жасөспірімдердің әскери дайындығы мен төзімділігі сынға түсті. Осы шарада Ertenmedia.kz тілішсі Алматы қалалық «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы филиалының төрағасы, запастағы подполковник Марат Қанатов жолығып, жас буынның арасындағы әскери-патриоттық тәрбиеге қатысты көпшіліктің көкейінде жүрген сұрақтарды қойып, тұщымды жауап алды. – Марат мырза, Алматыда өткен «Айбын-2026» іріктеуінің басты ерекшелігі турасында айтып өтсеңіз? – Биылғы қалалық іріктеу өте жинақы әрі мазмұнды өтті. Бауыржан Момышұлы атындағы әскери-спорт колледжінің базасында ұйымдастырылған жарысқа оқушылардың үлкен дайындықпен келгенін байқадым. Біз жарысқа қатысушылардың тек дене дайындығын ғана емес, олардың…
Алматы облысында биыл агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағытында жалпы құны 44,6 млрд теңгені құрайтын 7 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл жобалар ауыл шаруашылығы өндірісін кеңейтуге, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған. Сонымен қатар, олар аграрлық сектордағы өңдеу үлесін арттырып, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге мүмкіндік береді. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, агросалаға инвестиция тарту – өңірдегі негізгі басым бағыттардың бірі. Осы мақсатта мемлекеттік қолдау тетіктері де белсенді іске қосылған. Солардың бірі «СҚО тәжірибесімен АӨК саласындағы инвестициялық жобаларды несиелеу бағдарламасы». Бағдарлама аясында 4 млрд теңге бөлініп, екі жоба қаржыландырылды. Атап айтқанда, су үнемдеу технологияларын…
Ақ үй жанындағы Экономикалық кеңесшілер кеңесі жариялаған «Artificial Intelligence and the Great Divergence» атты баяндама әлемдік тәртіптің өзгеріп жатқанын айқын көрсетеді. Бұл құжат қарапайым талдау емес, АҚШ үкіметінің ресми ұстанымын білдіретін стратегиялық сигнал, деп жазады Ertenmedia.kz. Қаржыгер, экономист Алмас Шөкиннің айтуынша, аталған баяндама жасанды интеллекттің тек технологиялық құрал емес, ХХІ ғасырдың негізгі геосаяси факторы екенін ашық мойындайды. Шөкиннің пікірінше, «Ұлы дивергенция» ұғымы кездейсоқ таңдалмаған. Өнеркәсіптік революция кезінде әлем бай және кедей елдерге бөлінсе, енді жасанды интеллект дәуірінде жаңа бөлініс қалыптасуы мүмкін. – Бұл жолы әлем тағы да екіге бөлінеді. Бірақ айырмашылығы байлар мен кедейлер емес, байлар мен өте байлар арасында…
Бүгін әрбір әрекетке байыппен қарау маңызды. Сөзге, қаржыға және эмоцияға мұқият болу керек, деп жазады Ertenmedia.kz. Тоқты Бүгін мансапта маңызды кезең басталады. Жауапкершілік танытып, кәсіби деңгейіңді көрсету қажет. Уәдеңде тұрып, тәртіпті сақта – бұл сенің келесі сатыға өтуіңе жол ашады. Торпақ Ішкі сезімдерің күшейеді. Оларды жасырып қалудың қажеті жоқ. Жақын адаммен ашық сөйлесу жеңілдік береді. Егіздер Қоршаған ортаңа қайта көз жүгірт. Кімге сенуге болатынын анықта. Шынайы қарым-қатынас орнату үшін өзің де уақыт пен күш жұмсауға дайын бол. Шаян Бүгін басты мақсаттан ауытқыма. Жоспарды нақтылап, артық нәрсеге алаңдама. Маңызды әңгіме болуы мүмкін – өзіңді сенімді ұста. Арыстан Өміріңді жақсартуға бағытталған қадам…
Қазақстанда көктем мезгілі өзіне тән құбылмалы ауа райымен жалғасуда. Елдің әр өңірінде температура айырмашылығы байқалып, кей жерлерде жылылық орнаса, кей аймақтарда қыс ызғары әлі сезіледі, деп жазады Ertenmedia.kz. Синоптиктердің мәліметінше, 19 наурыз күні ел аумағында ауа райы әркелкі болады. Оңтүстікте жаңбыр мен найзағай күтілсе, солтүстік пен орталық өңірлерде түнгі аяз сақталып, кей жерлерде қар жауады. Астанада құбылмалы бұлтты ауа райы болжанады, жауын-шашын болмайды. Желдің жылдамдығы 3–8 м/с. Түнде −8…−10°C, күндіз +1…+3°C. Алматыда да жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Жел 3–8 м/с. Түнде −1…+1°C, күндіз +13…+15°C. Шымкентте бұлтты, жаңбыр мен найзағай болжанады. Жел 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді.…
Көп адам ноутбукті қуаттандыратын сым ортасында тұрған «қорапшаға» мән бере бермейді. Бірақ дәл сол бөлік болмаса, құрылғы мүлде қуатталмас еді, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл элементтің ресми атауы адаптер. Оның негізгі міндеті розеткадан келетін электр қуатын ноутбукке қауіпсіз әрі қолайлы форматқа айналдыру. Үйдегі электр желісінен келетін ток айнымалы ток (AC). Ал ноутбук батареясы тұрақты токпен (DC) жұмыс істейді. Осы екі жүйе бір-біріне сәйкес келмейді. Егер ноутбукты тікелей розеткаға қосса, ол қажетті кернеуді ала алмайды әрі құрылғыға зиян келуі мүмкін. Дәл осы жерде адаптердің рөлі басталады. Ол айнымалы токты тұрақты токқа айналдырып, кернеуді реттейді. Яғни, розеткадан келген энергияны ноутбук қабылдай алатын деңгейге…
Жүзім өсіруде өнімділікті арттыру үшін арнайы тәсілдер қолданылады. Соның бірі – екі деңгейлі кордон жүйесі. Бұл әдіс қарапайым тілмен айтқанда, бір түп жүзімді жоғары және төмен екі қабатқа бөліп өсіру арқылы көбірек өнім алуға мүмкіндік береді, деп жазады Ertenmedia.kz. Әдетте жүзім бір деңгейде ғана өсіріледі. Ал бұл тәсілде негізгі дің жоғары қарай өсіп, кейін екі бөлек көлденең бұтаққа бөлінеді. Бірі төменгі деңгейде, екіншісі жоғарыда орналасады. Осылайша бір өсімдік екі қабатта қатар өнім береді. Бұл жүйеде ең бастысы құрылым. Жүзімнің негізгі сабағы тігінен өсіп, одан екі «қол» сияқты көлденең бұтақтар тарайды. Олар арнайы сымдарға байланады. Сол сымдар жүзімді ұстап тұратын тірек…
Күнделікті қолданатын батарейкалар уақыт өте қуатын жоғалтады. Бірақ олардың «өмірі» қоқыс жәшігінде аяқталмайды. Керісінше, дұрыс утилизацияланған батарейкалар қайта өңделіп, жаңа өнімдердің құрамына айналады, деп жазады Ertenmedia.kz. Мамандардың айтуынша, батарейкаларды қарапайым қоқысқа тастау қауіпті. Себебі олардың құрамында қоршаған ортаға зиян келтіретін химиялық элементтер бар. Егер олар полигондарға түссе, топырақ пен суға зиянды заттар тарауы мүмкін. Сондықтан көптеген елде батарейкаларды арнайы қабылдау жүйесі жолға қойылған. Қолданылған батарейкалар дүкендер мен арнайы пункттер арқылы жиналып, қайта өңдеу зауыттарына жіберіледі. Қайта өңдеу процесі бірнеше кезеңнен тұрады. Алдымен мамандар батарейканың жағдайын тексереді. Егер ол толық істен шықпаған болса, оны қайта қолдануға мүмкіндік бар. Мысалы, электр көлігінен…










