Автор: Лейла Болтаева

Алатау

Алматының Алатау ауданындағы Ақсақалдар кеңесінің мүшелері бүгін өтіп жатқан республикалық референдумға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасады, деп жазады Ertenmedia.kz. Таңертең ерте сағат 07:00-де «Ақкент» шағын ауданындағы №161 сайлау учаскесінде адам қарасы қалың болды. Мұнда дауыс беруге келгендердің арасында аудандық Ақсақалдар кеңесінің өкілдері де бар. Олар ұлттық нақыштағы киімдерін киіп, референдумға мерекелік көңіл-күй сыйлады. «Бүгін біз ақсақалдар қауымы болып учаскеге жиналып, дауыс бердік. Ұлттық киім киіп келуіміз — бүгінгі күннің маңыздылығын, халқымыздың бірлігі мен ауызбіршілігін көрсетеді. Тұрғындардың белсенділігі жоғары, ел тағдырына бейжай қарамайтыны қуантады», – дейді ақсақалдар кеңесінің мүшесі. Комиссия мүшелерінің мәліметінше, дауыс беру ұйымдасқан түрде, барлық заң талаптарына сай өтіп…

Толық оқу
Төле Ағабеков

Қазығұрт ауданында республикалық референдумға Социалистік Еңбек Ері Төле Ағабеков қатысып, өз дауысын берді, деп жазады Ertenmedia.kz. Ауданның №307 дауыс беру учаскесіне келген ақсақалдың бұл ісі қоғамға деген жауапкершіліктің айқын көрінісі болып, жастар мен тұрғындарға үлгі болды. – Референдум бұл мемлекеттің маңызды мәселелері бойынша халықтың тікелей өз еркін білдіретін демократиялық құралы. Әр азаматтың дауыс беруі – оның ел тағдырына бейжай қарамайтындығының белгісі. Сондықтан қоғамның әрбір мүшесі белсенділік танытып, ел болашағына ықпал ететін шешімдер қабылдауға атсалысуы тиіс, – деді Төле Ағабеков. Айта кетейік, бүгінде Қазығұрт ауданында 60 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Аудан бойынша 64 473 азамат дауыс беру құқығына ие. Барлық…

Толық оқу
ұлттық

Маңғыстау облысында республикалық референдум күні ұлттық ойындар ұйымдастырылып, тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлауда, деп жазады Ertenmedia.kz. Өңірдегі бірқатар референдум учаскелерінің маңында түрлі ұлттық және спорттық сайыстар өтуде. Атап айтқанда, №40 учаскеде гір көтеру жарысы ұйымдастырылса, №42 учаскеде қол күресінен жарыс өтіп жатыр. №44 учаскеде ақыл мен зердені шыңдайтын тоғызқұмалақ ойыны көпшіліктің қызығушылығын тудырса, №45 учаскеде асық атудан жарыс болып, оған жастар мен балалар белсенді қатысуда. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шараның басты мақсаты – тұрғындардың референдумға деген қызығушылығын арттырып, ұлттық спорт түрлерін насихаттау, сондай-ақ қоғамның бірлігі мен татулығын нығайту. – Референдумға дауыс беруге келген тұрғындар ұлттық ойындарға да қатысып жатыр. Мұндай бастамалар халықтың…

Толық оқу
Келес

Келес ауданында республикалық референдумға қатысушылар ерекше белсенділік танытып жатыр. Аудан тұрғындары мен ақсақалдар сайлау учаскелеріне ұлттық киіммен келіп, саяси науқанды ұлттық рухпен байланыстырып, мерекелік көңіл-күй қалыптастыруда, деп жазады Ertenmedia.kz. Учаскелерде ауданның өнерпаздары домбыра тартып, келген жұртқа көтеріңкі көңіл-күй сыйлауда. Аудан тұрғыны Өмірзақ Әбдірахманұлы референдумның демократиядағы маңызды рөлін атап өтті: – Референдум ел тағдырындағы маңызды шешімдерді халықтың өзі қабылдайтын ерекше мүмкіндік. Бұл – әрбір азаматтың мемлекет дамуына қосар үлесі әрі үлкен жауапкершілік. Әркімнің дауысы маңызды. Референдумға қатысу арқылы азаматтар қоғам өміріне бей-жай қарамайтынын дәлелдейді. Сондықтан, белсенділік танытып жатқан барша жерлестеріме алғыс айтамын, – деді ол. Келес ауданында бүгін 61 референдум учаскесі…

Толық оқу
Көмек Ыбырайұлы

Маңғыстау облысында белгілі балалар ақыны әрі сазгер Көмек Ыбырайұлы отбасымен бірге республикалық референдумға қатысып, өз таңдауын жасады, деп жазады Ertenmedia.kz. Ақтау қаласының 32А шағынауданындағы №29 мектепте орналасқан №248 дауыс беру учаскесіне келген ақын ел өміріндегі саяси шараның маңыздылығына тоқталды. «Бүгін біз отбасымызбен келіп, азаматтық таңдауымызды жасадық. Конституциямызға өзгеріс енгізу бойынша референдум уақтылы әрі маңызды қадам болып отыр. Бұрынғы Конституция қабылданғаннан бері отыз жылдай уақыт өтті. Осы аралықта өміріміздің барлық саласы – мәдениет, экономика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп қарқынды дамыды. Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект сияқты көптеген ғылыми жетістіктер өмірімізге еніп, саяси көзқарасымыз да жаңаша қалыптасуда. Сондықтан Конституцияның жаңаруы – заман талабы.…

Толық оқу
Еңбекшіқазақ

Еңбекшіқазақ ауданындағы жас жұбайлар – Айзат Дәуке мен Айнұр Жұмабай өмірдің ең бақытты сәтін республикалық референдумдағы азаматтық парызын орындаумен ұштастырды, деп жазады Ertenmedia.kz. Есік қаласындағы №125 дауыс беру учаскесіне қол ұстасып, қуанышты көңіл күймен келген жас отбасы өз таңдауларын жасап, ұрпақ алдындағы жауапкершіліктің мәнін айқындай түсті. Айта кетерлігі, олар дәл осы күні мешітте неке қию рәсімін өткізуді жоспарлаған. Отбасының отағасы, APL Construction газбен қамту компаниясының қызметкері Айзат Дәуке бұл күннің жеке өмірінде ғана емес, ел өмірінде де ерекше маңызға ие екенін атап өтті. – Біз бүгінгі таңдауды тек өзіміз үшін ғана емес, болашақ ұрпағымыз үшін де жасадық. Ел ертеңіне үлес…

Толық оқу
Logistics

Бірлік пен жауапкершілікті ту еткен «Everest Logistics Company» ұжымы республикалық референдумға ұйымшылдықпен қатысты, деп жазады Ertenmedia.kz. Бәйтерек ауданындағы №206 референдум учаскесіне компания қызметкерлері 12 арнайы техникамен келіп, ел болашағы үшін өз таңдауларын жасады. Жұмыс қарқынына қарамастан, азаматтық белсенділік танытқан компания қызметкерлері ел өміріндегі маңызды саяси шарадан тыс қалмауды азаматтық парыз санайды. – Референдум еліміздің даму бағытын айқындайтын маңызды кезең. Сондықтан бүгін біз ұжым болып дауыс беруге келдік. Бұл біздің елге, қоғамға, болашаққа деген жауапкершілігіміздің белгісі, – дейді компания қызметкерлері. №206 референдум учаскесінде дауыс беру жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Барлық сайлаушылар еркін әрі қолайлы жағдайда өз таңдауларын жасауда. «Everest Logistics Company» ұжымының…

Толық оқу
Дауыс

Түркістан облысы бойынша «Дауыс» байқаушылар коалициясының жетекшісі Бақытжан Әшірбаев өңірдегі дауыс беру процесіне қатысты түсініктеме берді, деп жазады Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, коалицияның байқаушылары бүгін таңғы сағат 5:45-тен бастап дауыс беру учаскелеріне келіп, референдум барысын бақылауға кіріскен. – Біздің байқаушылар облыс көлеміндегі 922 учаскеге бекітілген. Олардың барлығы арнайы оқудан өтіп, дауыс беру процесін бақылауға қажетті нұсқаулықтар алды. Қазір байқаушылар сайлау учаскелерінде дауыс берудің заңға сәйкес әрі әділ өтуін қадағалап отыр, – деді Бақытжан Әшірбаев. Ол сондай-ақ референдумның ашық әрі заңға сай өтуі үшін коалицияның байқаушылары барынша мұқият бақылау жүргізіп жатқанын атап өтті. Соңғы кезде моншаға бару денсаулықты жақсартудың сәнді трендіне айналды.…

Толық оқу
Медет Дүйсенов

Белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Түпқараған ауданының Құрметті азаматы Медет Дүйсенов республикалық референдумға қатысып, өз таңдауын жасады, деп жазады Ertenmedia.kz. Ақын №234 референдум учаскесінде Таушық ауылында дауыс берді. – Референдумға қатысу әрбір азаматтың парызы әрі қоғам алдындағы жауапкершілігі. Бүгін қабылданатын әрбір шешім еліміздің болашағы үшін маңызды қадам болмақ, – деді Медет Дүйсенов. Ақынның айтуынша, референдум — халықтың еркі мен таңдауының көрінісі. Әр азаматтың дауысы мемлекет дамуына қосылған үлес. Сондықтан, мұндай саяси науқандарда белсенділік таныту әрбір азаматтың міндеті. Танымал New England Journal of Medicine ғылыми журналы ең пайдалы диеталардың жаңа рейтингін жариялады. Екінші жыл қатарынан DASH диетасы жүрек…

Толық оқу
Қонаев

Республикалық референдум күні Қонаев қаласында ерекше акция ұйымдастырылып, тұрғындар дауыс беру учаскелеріне ретроавтокөліктермен келді, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл бастаманың авторы Қонаев қаласының құрметті азаматы, белгілі кәсіпкер әрі меценат Мұрат Сергебаев. Сирек кездесетін ретроавтокөліктерден құралған автошеру шаһардың орталық көшелерімен жүріп өтіп, көпшіліктің ерекше қызығушылығын тудырды. Тұрғындар сән-салтанаты келіскен көне көліктерді қызықтап, естелік суретке түсіп, әлеуметтік желілерде алған әсерлерімен бөлісті. Осылайша, автошеру қала тұрғындары үшін референдум күнін есте қаларлық, ерекше мерекелік көңіл күй сыйлаған шараға айналдырды. Акцияға қатысушылар бұл шара арқылы ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси оқиғаға бейжай қарамайтындықтарын, әрі азаматтық ұстанымдарын көрсеткісі келгендерін айтты. Мұндай бастамалар халықтың қоғамдық өмірге қызығушылығын арттырып, тұрғындардың…

Толық оқу