Автор: Лейла Болтаева

Конститутция

Жаңа Конституция Қазақстанның құқықтық жүйесін жаңғыртып қана қоймай, білім мен адами капиталды ел дамуының ұзақ мерзімді басымдығы ретінде айқындады. А. Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» Ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» АҚ Талдау, мониторинг және бағалау департаментінің директоры Гүлсәуле Қайраттың пікірінше, жаңа Негізгі заң мемлекетке заман өзгерісіне бейімделген білім саясатын қалыптастыруға берік құқықтық негіз береді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Бүгін әлем жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Жасанды интеллектінің қарқынды дамуы, цифрлық трансформация, климаттың өзгеруі және еңбек нарығындағы құрылымдық өзгерістер мемлекеттерден даму басымдықтарын қайта қарауды талап етіп отыр. Осындай кезеңде Конституцияны тек мемлекеттің Негізгі заңы ретінде қабылдау жеткіліксіз деп ойлаймын. Ол қоғамның алдағы…

Толық оқу

Танымал адамдардың бейнесі мен таныс дауысын пайдаланып жасалған дипфейк ақпараттық ықпал етудің кең тараған құралына айналып келеді. Дезинформацияға қарсы іс-қимыл орталығы жаңа шығарылымында көпшілікке тараған бірнеше жалған видеоны талдап, мұндай контенттің қалай жасалатынын түсіндірді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Орталық мамандары зерттеген роликтерде қоғамға жақсы таныс тұлғаларға шын мәнінде ешқашан айтпаған сөздер телінген. Жасанды интеллект көмегімен адамның дауысы, бет қимылы мен сөйлеу мәнері көшіріліп, көрерменге шынайы мәлімдеме секілді ұсынылады. Мұндай технологияның негізгі күші – адамның танымал тұлғаға деген бастапқы сенімін пайдалану. Көрермен таныс жүзді көріп, таныс дауыс естігенде ақпараттың түпнұсқалығына күмән келтірмеуі мүмкін. Дәл осы психологиялық әсер жалған мәліметтің тез таралуына…

Толық оқу

Шығыс Қазақстанның шалғай аудандарында ірі туристік инфрақұрылым салу табиғи ортаға белгілі бір салмақ түсіргенімен, экономикалық тұрғыдан тұтас өңірге жаңа тыныс бере алады. Катонқарағай, Марқакөл, Риддер және Алтай секілді аумақтар үшін туризм жай демалыс индустриясы емес, халықты ұстап қалатын, шағын бизнесті жандандыратын және жаңа жұмыс орнын ашатын мүмкіндікке айналып отыр, – деп жазады Ertenmedia.kz. Қазіргі турист бір ғана қызмет түрімен шектелмейді. Біреу тауға шаңғы тебуге келсе, екіншісі табиғат аясында серуендегісі келеді. Тағы бірі тыныш демалыс пен жоғары деңгейдегі сервисті таңдайды. Сондықтан заманауи туристік кластер әртүрлі табыс деңгейіндегі қонаққа лайық өнім ұсынуға тиіс. Премиум сегмент тек бес жұлдызды қонақүй салумен аяқталмайды. Жоғары…

Толық оқу

23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауы Қазақстандағы жаңа парламенттік модельді қалыптастырудың шешуші кезеңіне айналады. APRI Armenia қолданбалы саяси зерттеулер институтының сарапшысы Сергей Мелконянның пікірінше, дауыс беру қорытындысы елдің алдағы бес жылдағы заңнамалық күн тәртібіне ғана емес, Қазақстанның шетелдік серіктестерімен парламентаралық байланысына да ықпал етеді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан тарихында алғаш рет Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді. Науқан жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін ұйымдастырылып отырған алғашқы жалпыхалықтық сайлау саналады. Жаңа Негізгі заңға сәйкес, Құрылтай заң шығару билігін жүзеге асыратын жоғары өкілді орган мәртебесіне ие болды. Бір палаталы орган 145 депутаттан құралады. Депутаттар біртұтас…

Толық оқу

Қазақстанның ақпараттық кеңістігінде шетелдік әртістердің, спортшылардың және өзге де танымал тұлғалардың бейнесі мен дауысын пайдаланған дипфейктердің жаңа толқыны байқалды. Жалған бейнероликтерде елдегі көші-қон режимі күшейтілді деген шындыққа жанаспайтын мәлімет таралып, қолданушыларды эмоциялық реакция арқылы адастыру көзделген, – деп жазады Ertenmedia.kz. JAQ. OrtCom орталығының мәліметінше, арандатушылық сипаттағы роликтер жасанды интеллект көмегімен әзірленген. Бейнежазбада танымал адамның түрі, дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері қолданылғанымен, айтылған сөздердің шынайы тұлғаға қатысы жоқ. Дипфейк технологиясы адамның бейнесін, бет қимылын немесе дауысын цифрлық жолмен көшіріп, оған бұрын айтпаған сөзді айтқызуға мүмкіндік береді. Мұндай контенттің қауіптілігі сапасының артуымен байланысты. Кей ролик шынайы сұхбаттан немесе жаңалық сюжетінің үзіндісінен айыру…

Толық оқу
Дебат

«Жетінші арнада» өткен сайлауалды теледебаттан кейінгі онлайн дауыс беруде «Әділет» партиясы 45, 48% жинап, бірінші орынға шықты. QR-код арқылы ұйымдастырылған сауалнамаға 73 мыңнан астам көрермен қатысып, саяси пікірталасқа жоғары цифрлық белсенділік танытты, – деп жазады Ertenmedia.kz. Телевизиялық дебат 5 тамызда тікелей эфирде өтті. Пікірталасқа Құрылтай сайлауына қатысып жатқан жеті саяси партияның өкілдері шықты. Олардың қатарында «Әділет», «Ақ жол», «Ауыл», Respublica, Қазақстан Халық партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия және «Байтақ» болды. Бағдарламаның негізгі тақырыбы білім мен ғылым жүйесін дамытуға арналды. Партия өкілдері білім сапасы, мұғалім мәртебесі, ауыл мен қала мектептерінің мүмкіндігі, ғылымды қаржыландыру және еңбек нарығына қажет маман даярлау жөніндегі ұсыныстарын таныстырды.…

Толық оқу

Атырау облысында 2026-2027 жылдары 393 шақырымға жуық электр желісі қайта құрылып, 23 жаңа трансформаторлық пункт орнатылады. Жаңғырту жұмысы апат санын азайтып, тұрғындар мен кәсіпорындарды электрмен тұрақты қамтуға бағытталған, – деп жазады Ertenmedia.kz. Ауқымды жоба «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық бағдарламасы аясында іске асырылады. Жұмыс Атырау қаласын, Жылыой, Исатай, Мақат және Қызылқоға аудандарын қамтиды. Төрт қосалқы станциядағы ескі трансформатор да ауыстырылады. Өңірдегі әуе желілерінің, қосалқы станциялар мен трансформаторлардың басым бөлігі 1960-1980 жылдары пайдалануға берілген. Кей нысандарда содан бері толық жаңғырту жүргізілмеген. Жұмыс негізінен ақауды жою және ағымдағы жөндеумен шектеліп келді. Соның салдарынан «Атырау Жарық» ЖШС электр жабдықтарының орташа тозу деңгейі…

Толық оқу
Өскеменде

Жаңа саяси модельде өңірлер партиялық бағдарламалардың қарапайым нысаны емес, жалпыұлттық күн тәртібін қалыптастыратын толыққанды күшке айналуға тиіс. Өскеменде сарапшылар сайлау талабының күшейгенін, партиялық тізімдердегі аумақтық теңгерімсіздікті және азаматтарды шешім қабылдау үдерісіне тұрақты тартудың маңызын атап өтті, – деп жазады Ertenmedia.kz. Сараптамалық отырыста қоғамдағы электоралдық көңіл күй, партиялардың өңірлермен байланысы және жергілікті мәселелердің жалпыұлттық саяси бағдарламада көрініс табуы талқыланды. Қатысушылардың пікірінше, қазіргі сайлау науқаны саяси ұйымдардың беделін ғана емес, олардың нақты шешім ұсыну қабілетін де сынайды. Сарапшы Азамат Байғалиев әлеуметтанулық зерттеу нәтижелеріне назар аударды. Сауалнамаға қатысқан азаматтардың басым бөлігі елдегі қоғамдық-саяси ахуалды тұрақты әрі қолайлы деп бағалаған. 80%-дан астам респондент болашаққа…

Толық оқу

Жаңа Конституция адам құқықтарын қорғау, заң үстемдігін нығайту және мемлекеттік институттардың тиімділігін арттыру бағытындағы жаңа құқықтық бағдарды айқындады. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Астана қаласы бойынша өкілі Баян Жалмағанбетованың айтуынша, мемлекеттік орган қабылдайтын кез келген шешімнің өзегінде адамның құқықтары, бостандықтары мен қадір-қасиеті тұруға тиіс, – деп жазады Ertenmedia.kz. Қазақстанның жаңа Конституциясы 2026 жылғы 15 наурызда жалпыхалықтық референдумда қабылданып, 1 шілдеде күшіне енді. Негізгі заң елдің саяси жүйесін, мемлекеттік институттарын және азаматтық қоғаммен өзара қатынасын жаңғыртудың құқықтық негізін қалыптастырды. Баян Жалмағанбетованың пікірінше, жаңа Конституция мемлекеттің саяси-құқықтық дамуындағы маңызды кезеңге айналды. Құжат заң үстемдігін күшейтіп, адам мен азаматтың құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіруге бағытталған.…

Толық оқу

«Бүгінде сайлаушының талабы күшейді. Азаматтар енді ұрандарға емес, инфляцияны тежеу, жаңа жұмыс орындарын ашу, инфрақұрылымды, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты және жол сапасын жақсарту сияқты нақты мәселелердің кәсіби шешімдерін күтеді», – деп атап өтті Азамат Байғалиев. Партиялар қызу жұмысын бастады. Павлодар облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Борис Поломарчук 2016, 2021 және 2023 жылдардағы сайлаулардағы партиялық тізімдер мен әлеуметтанулық зерттеулердің нәтижелерін таныстырды. Оның айтуынша, кандидаттардың географиясы кеңейгенімен, алдыңғы парламенттік науқандарда партиялық іріктеу орталықтандырылған сипатта болды: кандидаттардың шамамен 43%-ы астаналық бола отырып, депутаттық мандаттардың **65%-**дан астамын елорда өкілдері иеленді. Ал кандидаттардың шамамен 40%-ын ұсынған өңірлер депутаттық орындардың 20%-ға да жетпейтін үлесін ғана иеленді. Сарапшының пікірінше, бұл теңгерімсіздікті жою үшін саяси партиялар…

Толық оқу