Бүгін Қаратал ауданына қарасты Кәлпе ауылында республикалық референдум жоғары деңгейде, ерекше мерекелік атмосферада өтуде, деп жазады Ertenmedia.kz. Кәлпе ауылының тұрғындары ұйымшылдық танытып, таңертеңгі уақытта №157 сайлау учаскесіне бір мезетте 400-ге жуық адам жиналып, азаматтық белсенділік пен бірліктің жарқын үлгісін көрсетті. Бұл күннің ерекшелігі сол, республикалық референдум Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесінің онкүндігімен тұспа-тұс келіп, ауылда ерекше көңіл күй қалыптастырды. Сайлау учаскесінің маңында тігілген киіз үйлерде тұрғындарға ұлттық тағамдар ұсынылды. Ауыл жастары алтыбақан теуіп, балалар асық ойнап, айнала дәстүрлі думанға толды. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» демекші, ауылдың тоқсаннан асқан ақсақалдары мен апалары да бұл маңызды қоғамдық-саяси шарадан тыс қалмады.…
Автор: Лейла Болтаева
Бүгін Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов республикалық референдумға қатысып, өз таңдауын жасады, деп жазады Ertenmedia.kz. Нұралы Әлмаханұлы Түркістан қаласындағы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде орналасқан №133 дауыс беру учаскесінде азаматтық ұстанымын білдірді. – Бүгінгі референдум қарапайым дауыс беру ғана емес, еліміздің ертеңіне, ұрпақ болашағына деген жауапкершіліктің көрінісі. Бұл шара мемлекетіміздің даму бағытын айқындайтын маңызды тарихи оқиға. Дауыс беру учаскесіне келген халықтың көптігі елдің болашаққа деген зор сенімін аңғартады. Ел тағдырына бейжай қарамай, азаматтық белсенділік танытып жатқан барша жерлестерімізге алғысым шексіз, – деді Нұралы Әбішов. Айта кетейік, бүгін Түркістан облысы бойынша таңғы сағат 07:00-ден бастап 947 референдум учаскесі өз…
Бүгін Түркістан облысындағы дауыс беру учаскелерінде ерекше форматтағы «Baursak party» шарасы ұйымдастырылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Өңір тұрғындары референдумға қатысып, өз таңдауларын жасауға келген сәтте оларға ұлттық тағамдар ұсынылып, ыстық бауырсақтан дәм татуға мүмкіндік жасалды. Әсіресе Қазығұрт және Түлкібас аудандарында жайылған мерекелік дастарқаннан дәм татушылардың саны көп болды. – Бүгінгі ерекше бастаманы ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз. Ұлттық тағамдарымыздан дәм татқызған бұл шара дауыс беру күніне ерекше рең беріп, мерекелік көңіл-күй қалыптастырды. Саяси науқан мен Наурыз мерекесі қатар келіп отыр, сондықтан мұндай шараның маңызы зор, – деді Түлкібас ауданының тұрғыны Жібек Ибрагим. Айта кетейік, Түркістан облысында бүгінгі республикалық референдум күні таңғы сағат 07:00-ден…
Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев жұбайымен бірге Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында орналасқан №389 референдум учаскесінде дауыс беріп, өз таңдауын жасады, деп жазады Ertenmedia.kz. Өңір басшысы бұл референдумның Қазақстанның болашағы үшін аса маңызды тарихи қадам екенін ерекше атап өтті. – Бүгін азамат ретінде конституциялық құқығымды пайдаланып, жаңа Конституцияны қабылдау бойынша өтіп жатқан референдумға қатыстым. Мен Қазақстанның тұрақты дамуы, өркендеуі мен жарқын болашағы үшін дауыс бердім, – деді Бейбіт Исабаев. Айта кетейік, Жетісу облысы бойынша референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың саны 437 мыңнан асады. Оның ішінде 2600-ге жуық адам алғаш рет дауыс береді. Облыс аумағында барлығы 468 дауыс беру…
Орал қаласының студенті Аяулым Батырғалиева 18 жасқа толған туған күнінде өмірінде алғаш рет республикалық референдумға қатысып, өз таңдауын жасады, деп жазады Ertenmedia.kz. Тәуелсіз Қазақстан тарихында осымен төртінші рет өтіп жатқан республикалық референдум мыңдаған жас қазақстандықтар үшін алғашқы дауыс беру мүмкіндігі болды. Солардың бірі – бүгін 18 жасқа толған оралдық студент Аяулым Батырғалиева. Аяулым өз туған күнінде учаскеге келіп, азаматтық ұстанымын білдірді. «Бүгін мен үшін ерекше күн, өйткені мен тек кәмелетке толып қана қоймай, алғаш рет дауыс беріп, азаматтық ұстанымымды білдірдім. Енді мен өзімді шын мәнінде ересек адаммын деп санаймын», – дейді Аяулым. Жас дауыс берушінің айтуынша, референдумға қатысу туралы шешімді…
Еңбекшіқазақ ауданы Алға ауылында тұратын 102 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Солтанбай Жарықбасов бүгінгі республикалық референдумға қатысып, азаматтық таңдауын жасады, деп жазады Ertenmedia.kz. Ғасырдан ұзақ өмір сүрген ардагер үшін құрметті жасы жауапты саяси науқаннан тыс қалуға кедергі болған жоқ. Солтанбай ақсақал №187 дауыс беру учаскесіне 15 жастағы шөбересі Дамирмен бірге келіп, белсенділік танытты. Ардагер дауыс беруге әзірленіп келе жатып, қай жерге белгі қоятынын да әзілмен жеткізіп, көпшіліктің көңілін көтерді. Айта кетерлігі, дәл осы учаскеде ақсақалдың балалары мен немерелері де дауыс беріп жатыр. «Мен еліміздің тарихындағы талай кезеңді бастан өткердім. Тәуелсіз Қазақстанның барлық саяси шараларына қатысып келемін. Ешқашан өзгерістерден қорықпау керек,…
Бүгін Маңғыстау облысының Қарақия ауданындағы мұнайшылар республикалық референдумға белсенді қатысып, өндіріс орындарында дауыс беріп жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Аудан аумағындағы мұнай-газ саласында еңбек етіп жүрген жұмысшылар үшін дауыс беруге арнайы жағдай жасалған. Осылайша олар өндірістік үдерістен қол үзбей-ақ азаматтық таңдауларын жасауда. Өңір экономикасының тірегі саналатын мұнай саласының қызметкерлері таңғы уақыттан бастап дауыс беруге келіп, ел болашағы үшін маңызды науқаннан тыс қалмайтындықтарын көрсетті. Көптеген жұмысшылар ауысым арасындағы уақытты тиімді пайдаланып, азаматтық борыштарын орындады. Өндіріс орындарында сайлау үдерісінің ашық әрі заң талаптарына сай өтуі үшін барлық қажетті шаралар қабылданған. Дауыс беру учаскелері тиісті жабдықтармен қамтамасыз етіліп, сайлау комиссиялары мен бақылаушылар жұмыстарын жоғары…
Кентау қаласының «Ынтымақ» орталық алаңында республикалық референдум күні ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Жәрмеңкеге жергілікті шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлер қатысып, халыққа сапалы әрі таза өнімдерін нарық бағасынан 15-20 пайыз төмен бағамен ұсынды. Мұнда ет пен сүт өнімдері, көкөніс, жеміс-жидек және басқа да азық-түлік тауарлары қойылды. Жәрмеңкеге келген тұрғындар мен дауыс берушілер тарапынан төмен бағамен ұсынылған өнімдерге деген сұраныс жоғары болды. Осындай шараны ұйымдастыру арқылы жергілікті кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары халыққа қолжетімді бағамен өнімдерін ұсынып, әлеуметтік жауапкершілік танытты. Айта кетейік, Түркістан облысында бүгінгі күні таңғы сағат 07:00-ден бастап 947 референдум учаскесі өз жұмысын бастады. Өңірде 1 миллион 187…
Алматының Наурызбай ауданында республикалық референдумға 101 жасқа толғалы отырған ғасыр куәгері Кәмилә Қосумаева қатысты, деп жазады Ertenmedia.kz. Жасы жүзден асса да, Кәмилә апа өз учаскесіне шөбересімен бірге келіп, дауыс беріп, белсенділік танытты. Кәмилә Қосумаева Ұлы Отан соғысы жылдары тылда еңбек етіп, ел үшін аянбай тер төккен буынның өкілі. Әжейдің айтуынша, ол өмір бойы мемлекетіміз үшін маңызды шаралардан тыс қалмай, өз таңдауын жасауды азаматтық парызым деп біледі. «Әрбір адам осындай жауапты сәттерде шет қалмауы керек. Мен үнемі дауыс беруге тырысамын. Елдің болашағына қатысты таңдау жасау – әр азаматтың парызы», – деді Кәмилә әжей. Ғасыр жасаған әженің сайлау учаскесіне келуі тұрғындар мен…
Түркістан облысында республикалық референдум күні облыстық «Домалақ ана» ансамблінің мүшелері дауыс беру учаскесіне ұлттық киіммен келіп, өз таңдауларын жасады, деп жазады Ertenmedia.kz. Ұлттық киіммен дауыс беруге келген ансамбль мүшелері бұл маңызды саяси шараға белсенділік танытып, өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдірді. – Бүгінгі саяси науқанға ұлттық киім киіп келуіміз – халқымыздың салт-дәстүріне, ұлттық мәдениетімізге деген ерекше құрметіміздің белгісі. Бұл референдумның маңызын арттырып қана қоймай, ел бірлігі мен ұлттық рухымызды танытудың бір жолы, – деді ансамбль мүшелері. Айта кетейік, Түркістан облысында жалпы саны 947 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Өңірде дауыс беру құқығына ие азаматтардың жалпы саны – 1 187 257 адам, бұл…










