Автор: Лейла Болтаева

Қазақстан азаматтарының басым бөлігі 2026 жылғы 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауы туралы хабардар. Қоғамдық саясат институтының зерттеуіне қатысқан респонденттердің 72,3%-ы дауыс беруге ниетті екенін мәлімдеді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Құрылтай депутаттарының сайлауы Президенттің 2026 жылғы 1 шілдедегі Жарлығымен 23 тамызға белгіленді. Орталық сайлау комиссиясына қоғамдық пікірді зерттеу жөнінде хабарлама берген ұйымдардың қатарында Қоғамдық саясат институты да бар. Сауалнама нәтижесіне сәйкес, респонденттердің 89,4%-ы алдағы саяси науқан жөнінде белгілі бір деңгейде ақпарат алған. Оның ішінде 55,2%-ы сайлау туралы толық хабардар екенін айтса, 34,2%-ы естігенімен, егжей-тегжейін білмейтінін көрсеткен. Зерттеу сайлау туралы хабардарлық пен респонденттердің жасы арасында тікелей байланыс барын көрсетті. Жас ұлғайған сайын…

Толық оқу

Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде ұлттық гобелен мектебінің негізін қалаушылардың бірі Батима Заурбекованың туғанына 80 жыл толуына арналған «Мұра жіптері» көрмесі өтеді. 2026 жылғы 25 қыркүйек-8 қараша аралығында көрермен назарына музей қорынан және суретшінің отбасылық мұрағатынан алынған 80-нен астам туынды ұсынылады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Ауқымды экспозицияға гобелендермен қатар кескіндеме және графика жұмыстары енгізілген. Ұйымдастырушылар суретшінің шығармашылық жолын жекелеген туындылар арқылы ғана емес, қазақ гобелен өнерінің қалыптасу тарихымен сабақтастыра таныстыруды көздеп отыр. Гобеленде бейне қылқаламмен емес, тоқыма станогындағы жіптің көмегімен жасалады. Әрбір түс, сызық пен композициялық бөлшек матаға қолмен тоқылып түседі. Сондықтан гобелен суретшіден көркемдік қиялмен қатар, ұзақ…

Толық оқу
Атырау қаласы

Атырауда саябақтар мен жағалау аумағын біртұтас серуендеу бағытына біріктіретін жаңа қалалық кеңістік қалыптасуы мүмкін. Өңір әкімі Болат Ақшолақов урбанистермен кездесіп, облыс орталығының мастер-жоспарын әзірлеу тұжырымдамасын талқылады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Кездесуде қалалық ортаны дамытудың заманауи тәжірибелері мен жобаларды кезең-кезеңімен іске асыру тетіктері қарастырылды. Негізгі мақсат Атыраудың архитектуралық ерекшелігін сақтай отырып, тұрғындарға жайлы әрі қауіпсіз қоғамдық кеңістік қалыптастыру. Мастер-жоспарда көлік қозғалысы, көгалдандыру, демалыс орындары мен инженерлік инфрақұрылым өзара үйлестірілуі тиіс. Алғашқы бастамалардың бірі ретінде қаланың бірнеше маңызды нүктесін байланыстыратын серуендеу бағытын құру ұсынылды. Бағыт Жеңіс саябағын, жаяу жүргіншілер көпірін, Тұрғындар қалашығы саябағын, Ретросаябақты және жағажайды қамтиды. Осы нысандарды бір желіге біріктіру…

Толық оқу
Атырау

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов жұмыс сапары аясында алма бағы, жылыжай кешені және құс фабрикасының жұмысымен танысты. Жаңа жобалар өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтып, сырттан тасымалданатын өнімге тәуелділікті азайтуға бағытталған, – деп жазады Ertenmedia.kz. Өңір басшысы алдымен Сарыөзек ауылындағы «Арай» шаруа қожалығының алма бағына барды. Мұнда алты сұрыпты 2 мыңға жуық алма ағашы өсіріліп, өнім сапасын ақпанға дейін сақтауға мүмкіндік беретін заманауи агротехнология қолданылады. Жиналған алма жергілікті жәрмеңкелерде сатылып жүр. Қожалық алдағы уақытта табиғи бал, джем және кептірілген жеміс өндірісін іске қосуды жоспарлап отыр. Мұндай бағыт шаруашылықты тек жеміс өсіретін кәсіптен қосылған құны жоғары өнім шығаратын шағын агроөнеркәсіп орталығына айналдырады. Болат…

Толық оқу

«Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабы Ақмола облысына ат басын тіреп, өңір тұрғындарымен кездесті. Көкшетауда өткен жүздесуде партия өкілдері экология мен инфрақұрылымды дамытуға қатысты бастамаларын таныстырды. Жиынға қатысқан кәсіпкерлер бизнесті қолдаудың жаңа тетіктерін ұсынып, білім саласының өкілдері жасанды интеллектіні оқыту жүйесіне енгізу мәселесін көтерді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Партия төрағасы Айбек Дәдебай мен республикалық штабтың басқа да мүшелері өңірдегі кәсіпкерлермен, білім беру саласының өкілдерімен және тұрғындармен кездесіп, ашық пікір алмасты. Кездесуде кәсіпкерлікті қолдау мәселесіне ерекше назар аударылды. Кәсіпкер Индира Нұрлан өнеркәсіпті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламаларды «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін бірыңғай цифрлық платформаға біріктіруді ұсынды. Оның айтуынша, мұндай жүйе кәсіпкерлерге мемлекеттік…

Толық оқу

Бостандық ауданындағы көшелердің жүктемесі, инженерлік желілердің жағдайы және абаттандыруға мұқтаж аумақтар интерактивті карта арқылы анықталып жатыр. Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі Азамат Қалдыбековтің айтуынша, жаңа тәсіл жұмысты дұрыс жоспарлауға және тұрғындарға әр жобаның мәнін ашық түсіндіруге мүмкіндік береді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Ауданда жүзеге асырылатын жобалар инженерлермен, салалық мамандармен және сарапшылармен бірлесіп талқыланады. Әр учаске бойынша жеке шешім қабылданып, алдымен оның техникалық жағдайы зерттеледі. Интерактивті картада көлік қозғалысы тығыз көшелер, электр желілеріне шамадан тыс жүктеме түсетін аумақтар және абаттандыруды қажет ететін нүктелер белгіленген. Қалдыбековтің ойынша, мұндай жүйе жұмыстың басым бағытын нақты дерекке сүйеніп анықтауға көмектеседі. – Интерактивті картадан қай көшеде…

Толық оқу

Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданында Күмістау және Алтай станцияларындағы екі теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, жолаушыларға қызмет көрсете бастады. Президент тапсырмасы аясында жүргізілген жұмыстар тарихи ғимараттардың келбетін сақтап, оларды қауіпсіздік пен қолжетімділіктің заманауи талаптарына бейімдеуге мүмкіндік берді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңғыртылған нысандардың бірі Серебрянск қаласындағы Күмістау станциясында орналасқан. Вокзал ғимараты 1954 жылы салынған. Мұнда соңғы күрделі жөндеу 2013 жылы жүргізілген еді. Зубовск кентіндегі Алтай станциясының вокзалы да ауқымды жөндеуден кейін қайта ашылды. Ғимарат 1953 жылдан бері пайдаланылып келеді. Оның соңғы күрделі жөндеуі де 2013 жылға тиесілі. Вокзалдардың ашылу рәсіміне Алтай ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының өкілдері,…

Толық оқу

Семейде өткен сараптамалық жиында өңірлердің сайлау алдындағы күн тәртібін қалыптастырудағы рөлі талқыланды. Сарапшылар партиялық бағдарламалар жергілікті сұранысқа сүйеніп, жастар мен азаматтық қоғам саяси шешім қабылдау үдерісіне кеңінен тартылуға тиіс екенін айтты, – деп жазады Ertenmedia.kz. Қазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 31 шілдеде «Өңірлердің сайлау алдындағы күн тәртібін қалыптастырудағы рөлі» тақырыбында «Sarap» сарапшылар клубының аймақтық отырысын өткізді. Басқосуға Астана, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының сарапшылары, академиялық орта өкілдері, азаматтық сектор мен жастар ұйымдарының жетекшілері қатысты. Жиында өңірлердің сайлау процесіндегі салмағы, қоғамдық-саяси трендтер, партиялардың азаматтық қоғам институттарымен байланысы және жастардың электоралдық белсенділігі қаралды. Қатысушылар саяси партиялар өкілдерінің теледебаттағы ұстанымдары мен үгіт…

Толық оқу
Үкіметі

Қазақстанда салық реформасының алғашқы нәтижелері кәсіпкерлік сектордың құрылымы қайта қалыптасып жатқанын көрсетті. Алты айда шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 550 мыңға артса, жалдамалы қызметкері жоқ 260 мыңға жуық кәсіпкерлік нысаны жұмысын тоқтатты, – деп жазады Ertenmedia.kz. Премьер-министр Олжас Бектенов Қаржы, Ұлттық экономика министрліктері және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басшылығының қатысуымен кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Жиында салық реформасының алдын ала нәтижесі, іскерлік белсенділік және бизнесті әділ реттеу тетіктері қаралды. Өңірлер мен экономика салаларындағы көрсеткішке де жеке назар аударылды. Қаржы министрі Мәди Такиевтің мәліметінше, алғашқы жартыжылдықта республикалық бюджетке корпоративтік табыс салығынан түскен түсім 15,7%-ға көбейген. Оң серпін қаржы секторында…

Толық оқу
дауыс беру сайлау

Құрылтай сайлауына дейін күн жақындаған сайын сайлауалды науқан да ұраннан гөрі нақты ұсыныстарға көбірек сүйене бастады. Кеше партиялар пікірталасты телеэфирден қоғамның нақты сұранысы қалыптасатын орындарға – өндіріс орындарына, әлеуметтік мекемелерге және өңірлік жұмыспен қамту орталықтарына алып шықты, – деп жазады Ertenmedia.kz. Ал бағдарламалар мазмұнды әрі нақтылана түскен сайын, партиялар арасындағы пікірталас та жалпы ұрандардан гөрі қарсыластары ұсынған нақты бастамалар мен шешімдер төңірегінде өрби бастады. Қарағанды облысында Айбек Дадабай бастаған «Әділет» партиясының делегациясы «Qarmet» АҚ еңбек ұжымымен кездесті. Кездесу барысында өндіріс орындарын жаңғырту, еңбек қауіпсіздігіне бақылауды күшейту және индустриялық қалалар үшін білікті кадрлар даярлау мәселелері талқыланды. Осыған ұқсас бағытты Қазақстан Халық партиясы да…

Толық оқу