Алматы облысы Іле ауданы Асқар Тоқпанов ауылдық округінде республикалық референдум күні ерекше бастама ұйымдастырылды, деп жазады Ertenmedia.kz. №42 мектепте орналасқан дауыс беру учаскесіне келген тұрғындар үшін «Бауырсақ party» атты ұлттық сипаттағы мерекелік шара өткізілді. Бұл күні дауыс беруге келген азаматтарға қазақтың ұлттық тағамы – ыстық бауырсақ үлестіріліп, шараға ерекше мерекелік көңіл күй сыйлады. Мұндай ерекше форматтағы бастама ауыл тұрғындарының азаматтық белсенділігін арттырып қана қоймай, бірлік пен татулықты да нығайта түсті. Шараға келген көпшілік бұл бастаманың ел үшін маңызды күннің маңызын арттырғанын ерекше атап өтті. Ауылдық қоғамдастық мүшесі Салтанат Тәжиева мұндай бастамаларды жоғары бағалап, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді. – Бүгінгі шара тұрғындардың…
Автор: Лейла Болтаева
Марқакөл ауданындағы №749 референдум учаскесінде дауыс беру күні тұрғындарға ерекше мерекелік бағдарлама ұсынылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Дауыс беру учаскесінің жанында ұлттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылды. Тұрғындар арқан тартыс, асық ату, гір көтеру, сондай-ақ тоғызқұмалақ сияқты ұлттық және зияткерлік ойындар бойынша сайысқа түсті. Аудан халқы жарыстарға белсенді қатысып, бір-біріне қолдау көрсетіп, ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады. Спорттық сайыстарға жастармен қатар, үлкен буын өкілдері де қатысып, ауыл тұрғындарының бірлігін көрсетіп, шараның маңызын арттыра түсті. Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар дауыс беру учаскесінің жанында ұйымдастырылған салтанатты шарада арнайы сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды. Жеңімпаздарды ұйымдастырушылар мен жергілікті тұрғындар құттықтап, олардың белсенділігі мен ұлттық…
Бүгін Маңғыстау облысында жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум басталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Таңғы сағат 07:00-ден бастап өңірде 261 референдум учаскесі өз жұмысын бастады. Оның ішінде 12-сі – жабық учаскелер. Дауыс беру кешкі 20:00-ге дейін жалғасады. Ресми мәліметке сүйенсек, Маңғыстау облысында дауыс беру құқығына ие азаматтардың жалпы саны – 444 198 адамды құрайды. Ерте таңнан басталған референдумға облыс тұрғындары белсенді түрде қатысып, азаматтық ұстанымдарын білдіруде. Дауыс беру учаскелеріне келушілердің көптігі – халықтың ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси шараға жауапкершілікпен қарайтынын көрсетеді. Барлық учаскелерде дауыс берушілер үшін қолайлы әрі ыңғайлы жағдайлар жасалған. Референдум процесі заң талаптарына сай, ашық әрі әділ түрде өтіп…
Жаңа Конституцияны қабылдау бойынша өтіп жатқан республикалық референдумда бокстан Әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов те өз таңдауын жасады, деп жазады Ertenmedia.kz. Танымал спортшы №267 сайлау учаскесіне арнайы келіп, дауыс берді. Ол бүгінгі саяси шараның ел үшін маңызы зор екенін атап өтіп, әр азаматтың белсенді болуы қажеттігін айтты. – Спортта жеңіске жету үшін қажырлылық пен өзіңе деген сенімділік маңызды. Дәл сол сияқты қоғам өмірінде де азаматтық жауапкершілік әркімнің өз ұстанымын білдіруінен басталады. Сондықтан мен де бүгін референдумға қатысып, өз таңдауымды жасадым, – деді Бекзат Нұрдәулетов. Айта кетейік, таңғы сағат 07:00-ден бастап дауыс беру процесі жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Тұрғындар референдумға белсенді қатысып, елдің…
Бүгін Тасқала ауданында республикалық референдумға мәдениет саласының өкілдері де белсенді түрде қатысып, азаматтық ұстанымдарын көрсетті, деп жазады Ertenmedia.kz. Ауданның мақтанышына айналған халықтық «Надежда» вокалдық тобының мүшелері де дауыс беру учаскесіне келіп, елдің болашағына қатысты өз таңдауларын жасады. 2009 жылы құрылған өнер ұжымы 2013 жылы «Халықтық» атағын иеленген. Қазір ансамбль құрамында 13 өнерпаз бар. Ұжым жетекшісі – 2023 жылы «БҚО үздік мәдениет қызметкері» төсбелгісімен марапатталған Шукирова Жаңылсын Ұзақбайқызы. «Надежда» вокалдық тобы ауданның мәдени өміріне белсене араласып, қазақ, орыс, татар және украин ұлтының өкілдерін бір шаңырақ астына біріктіріп, ынтымақ пен достықтың үлгісін көрсетіп келеді. Ансамбль репертуарында қазақ және шетел композиторларының 20-ға жуық…
Бүгін Байсерке ауылындағы №12 мектепте орналасқан №361 референдум учаскесінде тұрғындар ерекше форматта – этно-брейк мәдени шарасымен қатар дауыс беруде, деп жазады Ertenmedia.kz. Этно-брейк стилінде ұйымдастырылған іс-шараның басты мақсаты – тұрғындардың азаматтық белсенділігін арттырып, ұлттық мәдениетті кеңінен насихаттау. Референдум учаскесіне келген азаматтар өз таңдауын жасап қана қоймай, этно-брейк өнерін тамашалап, ұлттық дәстүрлердің заманауи үлгісімен танысуға мүмкіндік алды. Ұйымдастырушылардың пікірінше, мұндай тың бастама тұрғындардың саяси науқанға деген қызығушылығын арттырып, қоғамның бірлігі мен азаматтық белсенділігін нығайта түседі. Учаскеге дауыс беруге келген жұртшылық та бұл ерекше форматтағы шараны жылы қабылдап, белсенді түрде дауыс беріп, өз таңдауын жасауда. №361 референдум учаскесінде дауыс беру бекітілген уақытқа…
2026 жылғы 15 наурыз күні Аягөз қаласындағы №204 референдум учаскесінде «Айтаңсық» әжелер ансамблінің мүшелері дауыс беріп, белсенді азаматтық ұстанымдарын танытты, деп жазады Ertenmedia.kz. «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» мәдениет үйінде орналасқан референдум учаскесіне ансамбль мүшелері ерекше көңіл-күймен, ұлттық киіммен келді. Қаланың мәдени өміріне белсене араласып, ұлттық дәстүр мен рухани құндылықтарды насихаттап жүрген өнерлі әжелердің бұл қадамы жастарға үлгі-өнеге болды. Ансамбль мүшелері ел өміріндегі маңызды шараларға қатысу әрбір азаматтың парызы екенін атап өтті. Олардың пікірінше, мемлекет тағдырына қатысты шешімдерге белсене атсалысу – азаматтық жауапкершіліктің басты көрінісі. «Айтаңсық» әжелер ансамблінің мүшесі Айтыман Алабаева: – Бүгін біздің ансамбль мүшелері дауыс беруге арнайы келіп,…
Бүгін елімізде жаңа Конституция жобасын қабылдауға байланысты республикалық референдум өтіп жатыр. Түркістан облысында халықтың белсенділігі жоғары, тұрғындар ел болашағы үшін аса маңызды шешімді қабылдауға белсене атсалысып, көтеріңкі көңіл-күймен дауыс беруде, деп жазады Ertenmedia.kz. Өңірдегі барлық референдум учаскелері таңғы сағат 07:00-де Қазақстан Республикасының Әнұранымен өз жұмысын бастады. Алғашқы сайлаушылар ертемен келіп, дауыс беруде. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров те алғашқылардың бірі болып, Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде орналасқан №133 учаскеде дауыс берді. Мұнда 18 жасқа жаңа толған жастардан бастап, ардагерлер мен зейнеткерлер де белсенділік танытуда. Айта кетейік, Түркістан облысында жалпы 948 референдум учаскесі бар, оның ішінде 26-сы…
Түркістан облысында республикалық референдумға келген тұрғындарға арнап ерекше кітап және қолөнершілер жәрмеңкесі ұйымдастырылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – ұлттық мәдениетімізді дәріптеп, тұрғындарға ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлау. Мұнда ағаштан жасалған бұйымдар, тоқымадан өрілген заттар, сондай-ақ түрлі қазақы нақыштағы қолөнер туындылары қойылған. Дауыс беруге келген азаматтар ұлттық мәдениеттің озық үлгілерімен танысып, ерекше әсер алуда. Жәрмеңке аумағында киіз үй тігіліп, оның айналасына көркем құрақ көрпелер төселген. Осылайша, тұрғындар дауыс беріп қана қоймай, тарихи және рухани құндылықтарға толы ерекше атмосфераны сезінуде. Сонымен қатар, кітап көрмесі де ұйымдастырылып, онда тарих пен рухани мұраны дәріптейтін шығармалар көпшілік назарына ұсынылды. Айта кетейік, бүгін Түркістан облысында…
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай республикалық референдумда өз таңдауын жасады, деп жазады Ertenmedia.kz. Аймақ басшысы таңғы сағат 07:00-де Ақтау қаласындағы №68 дауыс беру учаскесіне барып, жаңа Конституция жобасы бойынша өтіп жатқан референдумға қатысты. Таңертеңгі ерте уақыт болса да, өңір тұрғындары референдумға белсенділік танытып, учаскелерге келіп, өз таңдауын жасауда. Бұл – маңғыстаулықтардың ел болашағы үшін маңызды шараға ерекше жауапкершілікпен қарайтынын көрсетеді. Өз дауысын бергеннен кейін облыс әкімі референдумның тарихи маңызын атап өтті. – Бүгін еліміз үшін ерекше күн. Референдум әрбір азаматтың мемлекеттің дамуына тікелей қатысып, өз пікірін білдіруіне мүмкіндік береді. Жаңа Конституция Қазақстанның одан әрі тұрақты дамуына, заң үстемдігі мен әділеттіліктің…










