Автор: Лейла Болтаева

Референдум Жұлдыздар

Республикалық референдум елімізде жүргізіліп жатқан Конституциялық реформалардың шешуші кезеңі. Бәріміздің ортақ болашағымызға қатысты шешім қабылданатын сын сағатта дауыс беруден шет қалмау әрбір қазақстандық үшін маңызды борыш, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Осы орайда, қоғам өміріндегі айтулы өзгерістерге қатысты түрлі саланың өкілдері өз пікірлерін білдіріп жатыр. Олардың ішінде өнер майталмандары мен спортшылар, шығармашылық иелері де бар. Белгілі эстрада жұлдызы Ұлықпан Жолдасов әлеуметтік желіде Конституциялық реформа туралы ойын білдіре келе, бұның еліміздің дамуына жаңа серпін беріп қана қоймай, мәдениет пен өнер саласының еркін өркендеуіне де мүмкіндік ашатынын жазды. – Мәдениет ұлттың рухани тірегі. Сондықтан ұлттық құндылықтарды сақтап, заманауи шығармашылықпен ұштастыру ортақ міндетіміз, – деді әнші.…

Толық оқу
Оқушы

Математикадан қиналатын балалардың негізгі проблемасы сандарды түсіну ғана емес, қателіктерге дұрыс реакция көрсету дағдыларының жеткіліксіздігінен болуы мүмкін. Мұны Стэнфорд университетінің ғалымдары жаңа зерттеу барысында анықтады, деп жазады Ertenmedia.kz. Мамандар жүргізген тәжірибеде балаларға екі санның қайсысы үлкен екенін немесе екі топтың қайсысында нүктелер көбірек екенін анықтау тапсырылды. Ғалымдар балалардың жауаптарының дұрыстығымен қатар, олардың қателескеннен кейін стратегиясын өзгертетінін немесе өзгертпейтінін де мұқият бақылаған. Зерттеу нәтижелері The Journal of Neuroscience журналында жарияланды. Тәжірибе барысында математикадан қиналатын балалар қателіктен кейін де өз шешім қабылдау тәсілдерін өзгертпейтіні байқалды. Бұған қоса, ми жұмысын бақылау кезінде осы балалардың мінез-құлықты басқару және жағдайға бейімделу қабілетіне жауап беретін ми…

Толық оқу
OpenAI

OpenAI компаниясы 2030 жылға дейін жалпы есептеу қуатына (compute spend) шамамен 600 миллиард доллар жұмсауды көздеп отыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл жоспар компанияның биржаға шығуға (IPO) дайындық аясында жарияланып отыр. IPO нәтижесінде OpenAI нарықтық құны 1 триллион долларға жетуі мүмкін. 2025 жылы OpenAI-дың жалпы табысы 13 миллиард долларды құрады. Бұл бастапқыда болжанған 10 миллиард доллардан жоғары. Компанияның шығыны 8 миллиард долларды құрап, жоспарланған 9 миллиард доллардан төмен болған. Жақында белгілі болғандай, Nvidia корпорациясы OpenAI-ға 30 миллиард доллар көлемінде инвестиция салуды аяқтауға жақын. Бұл инвестиция тарту кезеңінде компания 100 миллиард доллардан астам қаражат жинауды көздеп отыр. Нәтижесінде компанияның нарықтық құны шамамен…

Толық оқу
Олжас Бектенов

Премьер Олжас Бектенов «С5+1» форматы аясында Орталық Азия елдері мен АҚШ арасындағы мемлекет басшылары қол жеткізген келісімдерді жүзеге асыру мәселелері бойынша Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысын өткізді, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиынға дипломатиялық корпус өкілдері, оның ішінде АҚШ-тың Қазақстандағы жаңа елшісі Джули М. Стаффт, халықаралық компаниялар мен іскер топтардың басшылары, сондай-ақ қазақстандық мемлекеттік органдардың жетекшілері қатысты. Премьер-министр өз сөзінде Қазақстанда жүргізіліп жатқан конституциялық реформаның маңызына тоқталды. – Қазақстан қазіргі таңда маңызды саяси кезеңнен өтуде. Алдағы 15 наурыз күні өтетін жалпыұлттық референдумда азаматтар жаңа Конституцияның жобасын дауысқа салады. Жаңа Конституция – Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Әділетті әрі Қуатты Қазақстан құру…

Толық оқу
Ұйқысыздық

Ғалымдар ұйқы сапасын арттырудың оңай әрі табиғи жолын тапты, деп жазады Ertenmedia.kz. Шетелдік зерттеушілер ұйқысыздықтан құтылып, ұйқыны ұзартуға магний мен түймедақ гүлінен алынатын апигенин флавоноидын бірге қолдану жақсы көмектесетінін анықтады. Ғылыми сынақтың нәтижелері Food & Function журналында жарияланды. Тышқандарға жүргізілген эксперимент магний мен апигениннің қосындысы ұйқы ұзақтығын 44%-ға арттырғанын көрсетті. Қанында кофеин болған жануарларда бұл көрсеткіш 32%-ға, ал жасанды ұйқысыздық кезінде 37%-ға жақсарған. Ғалымдардың айтуынша, бұл екі затты бірге қолданғанда, олардың тиімділігі бөлек-бөлек қолданудан әлдеқайда жоғары. Зерттеу барысында магний мен апигениннің бірігуі қан мен гипоталамуста қабыну процестерін тудыратын цитокиндердің деңгейін төмендеткен. Гипоталамус мида ұйқы циклін реттейтін маңызды бөлік. Зерттеушілер бұл…

Толық оқу
Жұлдыз жорамал

21 ақпан күні эмоционалды сезімталдық артып, әрекет етуге деген ұмтылыс күшейеді. Алайда жұлдыздар ескертеді. Жағымсыз эмоцияларға еріп, қателік жібермеу үшін өте сақ болу қажет, деп жазады Ertenmedia.kz. Тоқты (21 наурыз – 20 сәуір) Бүгін Тоқтылардың күш-қуаты тасиды, бірақ ішкі мазасыздық басым болады. Тез шешім қабылдауға асықпаңыз, маңызды нәрселер назардан тыс қалуы мүмкін. Қаржылық мәселеде сабыр сақтаңыз, асығыс қадам жасамаңыз. Торпақ (21 сәуір – 20 мамыр) Бұл күн – жоспарларыңызға қайта үңіліп, өзгеріс енгізуге қолайлы уақыт. Бұрынғы жұмыс тәсілдері нәтиже бермеуі мүмкін, сондықтан жаңа жобаларға кіріспей, қолға алған істерді аяқтаған дұрыс. Егіздер (21 мамыр – 20 маусым) Ақпаратқа мұқият болыңыз. Әрбір…

Толық оқу
ТЭЦ қыс қар

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде 21 ақпан күні дауылды ескерту жарияланды, деп жазады Ertenmedia.kz. Ұлытау облысында түнде және таңертең жаңбыр мен қар жауып, боран, көктайғақ болады. Солтүстік пен шығыста жауын-шашын қатты жауады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге, шығыс пен оңтүстікте кейде 23 м/с-қа дейін жетеді. Жезқазғанда түнде және таңертең жаңбыр мен қар жауып, боран соғып, көктайғақ болады. Қарағанды облысының батысында түнде қар жауып, боран болады. Солтүстігі мен шығысында қар қалың түседі, күндіз де боран мен көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан батысқа ауысып, екпіні кей жерлерде 25 м/с-қа дейін жетеді. Қарағандыда күндіз қар жауып, боран соғады. Маңғыстау облысының…

Толық оқу
референдум ҚазҰУ

Еліміздегі ең ірі университеттің оқытушылары мен студенттері референдум өткізу идеясын бірауыздан қолдады, деп жазады Ertenmedia.kz. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қазақстандағы Конституциялық реформа: мемлекет институттары мен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылының құқықтық негіздері» атты дөңгелек үстел өтті. Талқылауға Парламент Мәжілісінің депутаттары, прокуратура органдарының өкілдері, заңгер ғалымдар мен сарапшылар қатысты. Кездесуді ашқан ҚазҰУ Басқарма төрағасы – ректор Жансейіт Түймебаев университет әрқашан маңызды қоғамдық-саяси мәселелер талқыланатын зияткерлік алаң болғанын атап өтті. Оның айтуынша, конституциялық жаңғырту саяси жүйені сапалы жаңартуға және азаматтардың құқықтарын қорғауға жаңа серпін береді. – Тәуелсіздік тарихымызда алғаш рет Конституция жобасы бүкіл қоғамның белсенді қатысуымен талқыланып жатыр. Қазақстандықтар 10 мыңнан астам…

Толық оқу
Журналистермен жүздесу

Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бас директоры Елнұр Ахметов журналистермен кездесіп, ұлттық парктің соңғы жылдардағы жұмысы, жетістіктері мен алдағы жоспарлары туралы айтып берді, деп жазады Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, ұлттық парк 1996 жылы 164 мың гектар жермен құрылған болса, бүгінде ерекше қорғалатын аумақ көлемі 200 мың гектардан асқан. Мұны мемлекеттің табиғатты қорғау және табиғи мұраны сақтау бағытындағы жүйелі жұмысының нәтижесі десе болады. – Соңғы отыз жылда ұлттық парк аумағында 5 миллионнан астам ағаш көшеттері отырғызылды. Орманды қалпына келтіру және экожүйелердің тұрақтылығын сақтау жұмыстары одан әрі жалғасады, – деді Елнұр Ахметов. Журналистер ұлттық парктегі өрт қауіпсіздігі жөнінде сұрады. – Биыл өрт қауіпсіздігі…

Толық оқу
Аятолла Әли Хаменеи

Иранның рухани көсемі Аятолла Әли Хаменеи 36 жыл билігі кезіндегі ең күрделі кезеңмен бетпе-бет келіп отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Бүгінде аймақтағы әскери шиеленіс күшейіп, ел ішінде санкциядан шаршаған халықтың наразылығы артып келеді. Қаңтарда мыңдаған адамның өмірін қиған ірі наразылықтар күшпен басылған еді. Былтыр Израиль мен АҚШ соққылары Иранның стратегиялық маңызы бар ядролық және зымыран нысандарына ауыр залал келтірді. Бұған қоса, Иранның өңірдегі одақтастары мен жақтастары да әлсіреді. Хаменеидің АҚШ-пен қауіпті ойыны АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранға қайтадан соққы беру туралы қоқан-лоқысы Хаменеидің жағдайын одан әрі күрделендіре түсті. Әсіресе, былтыр маусымда болған шабуыл кезінде жақын серіктестері мен революциялық гвардия қолбасшылары қаза…

Толық оқу