Экономист Расул Рысмамбетов Қазақстандағы инвестиция мен іскерлік ахуалдың шынайы көрінісі туралы ой қозғады, деп жазады Ertenmedia.kz. – Қазақстандағы бизнес-климат пен инвестициялық ортаның деңгейін екі фактор нақты көрсетеді. Біріншісі, бизнесмендер өз активтерін қорғау үшін офшор арқылы өз еліне қайта инвестиция салады. Бұдан ел ішіндегі жағдайға сенбейтінін байқаймыз, – дейді экономист. Оның айтуынша, екінші фактор қазақ элитасының басым бөлігі қаражатын шетелге шығарып, Дубайдан жылжымайтын мүлік сатып алуы, Кореяда емделуі, балаларының АҚШ пен Ұлыбританияда білім алуы. – Біздің елдің ауқатты адамдары балаларын мектеп жасынан бастап Біріккен Араб Әмірліктеріне жібереді. Мұндай тенденцияны шектеу немесе оған тыйым салу нәтиже бермейді, тіпті, бұл дұрыс шешім де…
Автор: Лейла Болтаева
Қоғам белсендісі Ғалым Байтук «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басшысы Нұрлан Жақыповтың үш жылда тапқан табысының көлеміне наразылық білдірді, деп жазады Ertenmedia.kz. «Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыповтың соңғы үш жылдағы табысы 800 миллион теңге! Бұл экономикалық қиындықтар мен дағдарыс жағдайында өмір сүріп жатқан елде болып отыр. Сонда «Самұрық-Қазына» – ұлттық әл-ауқат қоры ма, әлде Нұрланның жеке дәулет қоры ма?» – деп жазды қоғам белсендісі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында. Ғалым Байтук мемлекеттік және квазимемлекеттік секторларда мұндай жоғары жалақының болуы әділетсіздік екенін айтты. Оның пікірінше, бюджет есебінен жұмыс істейтін ұйымдардың басшылары мен қатардағы қызметкерлердің арасындағы жалақы айырмашылығы тым үлкен. – Ұстаздар мен дәрігерлер мемлекеттің…
Бүгін Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Әуезов ауданы әкімдігінің ғимаратына барып, күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты, деп жазады Ertenmedia.kz. Жұмыс сапары барысында құрылыс-монтаж жұмыстарының мерзімі мен сапасын сақтау, сондай-ақ қызметкерлер мен аудан тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мәселелері талқыланды. Әсіресе, әкімдік ғимаратының ішкі жоспарлануы, инженерлік желілердің сапасы мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімді орта құруға ерекше көңіл бөлінді. Одан кейін Дархан Сатыбалды Н.Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театрына барып, ғимаратты қайта жаңғырту жұмыстарының барысын көрді. Қала басшысы театрдың функционалдық ерекшелігін сақтау, көрермендер мен шығармашылық ұжымға қолайлы жағдай жасауға бағытталған шешімдер мен техникалық жұмыстарды пысықтады. Сонымен қатар қала әкімі Сайран көлі маңындағы аумақ…
Алматы облысында жастар саясаты белсенді түрде жүзеге асып, мыңдаған жас азамат нақты жұмыс орындарымен қамтылған, деп жазады Ertenmedia.kz. 2025 жылдың қорытындысы бойынша өңірде 27 360 жас жұмысқа орналасты. Оның ішінде 7 мыңға жуық азамат тұрақты жұмысты мемлекеттік «Enbek.kz» порталы арқылы тапты. Сондай-ақ, «Алғашқы жұмыс орны», жастар тәжірибесі және ұрпақтар келісімшарты сияқты арнайы бағдарламаларға 3900-ден астам жас тартылды. Өз ісін ашуға ниеттенген жастарға да мемлекеттік қолдау көрсетілді. Атап айтқанда, «Бизнес бастау» жобасы бойынша 91 азаматқа өз кәсіптерін дамыту үшін 1,5 миллион теңгеден мемлекеттік грант берілді. Бұдан бөлек, өңірде «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттары табысталып, «Заңғар сыйлығы» аясында қаржылай ынталандыру шаралары іске асырылды. Жастардың…
Биылдан бастап Қазақстанда ірі қара мал етін экспорттауға қатысты жаңа тәртіп енгізілді, деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа тәртіп бойынша Қазақстан аумағынан үшінші елдер мен Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттеріне экспортталатын ірі қара мал етіне арналған квоталардың жалпы көлемі 20 000 тонна деңгейінде бекітілді. Аталған норма 2026 жылдың 30 маусымына дейін қолданыста болады. Квота тек меншігіндегі бордақылау алаңдарында өсірілген малдың етін экспорттайтын кәсіпорындарға ғана беріледі. Бұл ретте бір кәсіпорынға бөлінетін квота мөлшері бордақылау алаңының қуаттылығына қарай белгіленеді: 5000 бастан жоғары – 1000 тонна; 10 000 бастан жоғары – 2000 тонна; 15 000 бастан жоғары – 3000 тонна; 20 000 бастан жоғары – 4000…
Бірқатар қазақ сарапшылары Ирандағы жағдайды Қаңтар оқиғасымен салыстырса, Венесуэладағы операцияны геосаяси тектониканың жаңа кезеңі ретінде бағалауда, деп жазады Ertenmedia.kz. Венесуэладағы жағдайдың ықпалы әлемдік мұнай нарығынан бөлек, Орталық Азия елдеріне, әсіресе Қазақстанға жанама түрде әсер етеді. Америкалықтардың Каракастағы операциясы бастапқыда бейбіт өткені хабарланғанымен, кейінірек кем дегенде 40 венесуэлалық әскердің қаза тапқаны анықталды. Венесуэла, Иран және Қазақстан тағдырының қиылысы Дегенмен қазақстандық саясаттанушы Марат Шибутов АҚШ-тың жылдам әрі нәтижелі әрекеттерін Ресейдің Украинадағы ұзаққа созылған соғысымен байланыстырып, Кремльдің беделіне үлкен нұқсан келгенін айтады. – Бұл операция Ресейдің тығырыққа тірелген әскери іс-қимылымен салыстырғанда Вашингтонның жедел әрі нақты нәтижеге қол жеткізе алатынын көрсетті. Кремль үшін бұл…
Абзал Достияров Қазақстан Жазушылар одағына қатысты өз ұстанымын қайта қарап, көпшіліктен «одақтан кешірім сұрайын ба?» деп сұрады, деп жазады Ertenmedia.kz. Өткен жылдың соңында ол Қазақстан Жазушылар одағының елдегі маңызды мәселелерге үнсіздігін, белсенділік танытпай отырғанын сынаған болатын. Ол жазушылардың қазақ тілі мәселесіне қатысты ашық пікір білдірмейтінін алға тартқан еді. Тіпті бұл ұйымды «сүмелектер мен сатқындардың мекені» деп өткір сынға алған болатын. – Одақтың басшылығы ештеңе айта алмады, бірді-екілі мүшесі ғана сөз қайтарды. Бірақ олар да «бізге тиісе бермеңдерші, суретшілер мен композиторлар одағы бар ғой, соларға да ұрыссаңдаршы» деп бала сияқты жауап берді, – дейді қоғам белсендісі. Алайда кеше Жазушылар одағының төрағасы…
Қазақстанда кәсіпкерлердің қолма-қол ақша алуына қатысты жаңа лимиттер енгізілді, деп жазады Ertenmedia.kz. Өзгерістің жеке кәсіпкерлерден бастап ірі компанияларға дейінгі барлық бизнес субъектілеріне тікелей қатысы бар. Ал жеке тұлғалар өздерінің жеке шоттарын пайдалану кезінде әзірге бұл шектеулерге түспейді. Әрі олардың деректері автоматты түрде салық органдарына берілмейді. Жаңа лимит қалай жұмыс істейді? Енді жаңа ережелер бойынша банктер кәсіпкерлерге қолма-қол ақша алу бойынша ай сайынғы лимиттер орнатады. Белгіленген соманың көлемінде кәсіпкерлер ешбір қосымша рұқсатсыз қаражатты еркін ала алады. Алайда, егер қолма-қол ақша алу сомасы белгіленген лимиттен асып кетсе, банк клиенттен: ақшаның қандай мақсатқа алынатынын түсіндіруді; растайтын құжаттарды ұсынуды; мәліметтерді Мемлекеттік кірістер комитетіне жіберуге…
Венесуэланың уақытша үкіметі АҚШ-қа 30-дан 50 миллион баррельге дейін санкцияға іліккен жоғары сапалы мұнай жеткізбек, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп 7 қаңтарда өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді. Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын АҚШ күштері Венесуэла президенті Николас Мадуроны ұстау операциясын жүргізген болатын. – Мұнай нарықтағы бағамен сатылып, қаржыны Венесуэла халқы мен АҚШ-тың мүддесіне жұмсалуын президент ретінде өзім бақылаймын, – деп жазды Трамп. Оның айтуынша, Венесуэладан алынған мұнай кемелерге тиеліп, тікелей АҚШ порттарына жеткізіледі. DPA агенттігінің хабарлауынша, мұнайдың бұл көлемі өте ауқымды қаржыны құрайды. Венесуэла мұнай қоры бойынша әлемде бірінші орында. 2005 жылға дейін…
Белгілі қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан жұбайы Айгүлмен отасқанына 30 жыл толғанын айтып, қуанышымен бөлісті, деп жазады Ertenmedia.kz. Осы ерекше күні ол жас отбасыларға арнап ізгі тілегі мен өнегелі өсиетін жеткізді. – Жастарға айтарым, махаббат деген ұлы ұғым өмірде бар, оған күмәнданбаңдар! Бір-бірімен тату-тәтті ғұмыр кешіп, шаңырақты биік, керегесін кең етуге әркімнің шамасы жетеді. Ұрпақ сүйіп, балаларға жақсы тәрбие берсеңдер, олардың қызығын көресіңдер. Лайым әр қазақтың әулеті берік болсын, ажырасу дегенді мүлде ұмытсын! Бір-біріңді сыйлаңдар, қадірлей біліңдер! – деп жазды Мұхтар Тайжан. Сонымен қатар, қоғам белсендісі жұбайы екеуі бүгін шаңырақтарының 30 жылдығын атап өтетінін жеткізіп, қуанышымен бөлісті. Президент Тоқаев халықты Жаңа…










