Атырау облысында өткен жылдың күзінде жоғалып кеткен зейнеткер ерлі-зайыптыға қатысты тың деректер белгілі болды, деп жазады Ertenmedia.kz. Тергеу барысында олардың екінші қызының ел аумағынан шығып кеткені анықталды. Жангелдин ауылында тұрған отбасының жоғалғанына бірнеше ай өткен. Көршілерінің айтуынша, зейнеткерлер тыныш, еңбекқор, ешкімге зияны жоқ жандар болған. Үйде екі мүгедек баласы бар отбасы ауыл ішінде күдік тудырмаған. «Ешқандай күмән болған жоқ. Кейін ғана олардың жоғалғанын білдік. Содан соң туыстары полицияға жүгінді», – дейді көршісі Үсен Жолдасұлы. Зейнеткерлердің соңғы күзі Туыстарының мәліметінше, отбасының ұлы Наурыз алғашқы уақытта байланысқа шыққан. Ол WhatsApp арқылы хабарлама жазып, мал сатқысы келетінін айтқан. Мұны анасының сырқаттануымен түсіндірген. Алайда…
Автор: Лейла Болтаева
Банкке түскен дақ: Жерлестерін алдаған алаяқ банкирдің хикаясы «БанкЦентрКредиттің» топ-менеджері Біржан Нәбиев таныстарын Құрбан айт кезінде ірі қара мал саудасына ақша салуға көндіріп, ақыры олардың қаржысына жаңа «Тойота Камри» сатып алғаны үшін сот алдында жауап берді, деп жазады Ertenmedia.kz. Оқиға былай өрбіген. 2022 жылдың жазында банктің ірі және орта бизнес сегменті бойынша кредиттік тәуекелді бағалау дирекциясын басқарған Біржан Нәбиев Семейден келген жерлестерімен танысып, олардың арасында достық қарым-қатынас орнайды. Кейін ол жаңа таныстарына Шығыс Қазақстан облысынан семіз бұқаларды сатып алып, Алматыда Құрбан айт мерекесі кезінде қайта сатып, мол табысқа кенелуді ұсынады. Нәбиевтің есептеуінше, әр бұқадан кем дегенде 100 мың теңге таза…
Қызылорда қаласында Ассамблеясының 30 жылдығы аясында салынған жаңа «Достық үйі» ғимараты ашылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Маңызды шараға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов қатысты. Бұдан басқа депуттатыр, «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК мен «Самұрық-Қазына Траст» қорының өкілдері, зиялы қауым қатысты. Достық архитектурасы Аймақ басшысы жаңа ғимараттың облыс тұрғындары үшін ерекше маңызға ие екенін атап өтіп, құттықтау сөз сөйледі. – Бірлік халқымыздың тұтастығы мен ырыс-ынтымағының, үйлесімді қарым-қатынасының көрінісі. Ел болудың ең басты алғышарты. Қазір өңірімізде 30-дан астам этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Ассамблея жанындағы 11 этномәдени бірлестік бір мүдде, бір мақсат жолында ел бірлігін нығайтуда нәтижелі жұмыс атқаруда.…
Саясаткер Болат Әбілов білім беру мен денсаулық сақтау салаларындағы жемқорлық мәселесіне қатысты ойын ашық айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Бүгінде Қазақстандағы білім беру, денсаулық сақтау мен әлеуметтік қамтамасыз ету салалары жемқорлық ең көп таралған бағыттар қатарында тұр. Осыған орай Үкімет басшысы Олжас Бектенов жекеменшік мектептер мен медицина ұйымдарын субсидиялау кезіндегі алаяқтыққа қарсы шараларды бір апта ішінде дайындауды тапсырды. Әбілов сипаттаған жемқорлық инерциясы Болат Әбіловтің пікірінше, жемқорлық жүйенің ажырамас бөлігіне айналып кеткен салада бір аптада нақты нәтиже беретін шешім табу мүмкін емес. Ол білім саласындағы министрліктің бірнеше рет бөлінгенін, басшылар ауысқанын, сан түрлі стратегиялар мен жол карталары қабылданғанын еске салып, алайда мұның…
Асанәлі Әшімовтің зайыбы Бағдат Әшімова әлеуметтік желідегі парақшасында жүректі тебірентерлік жазба жариялады, деп жазады Ertenmedia.kz. Актердің жары өмір мен өлімнің арасы қас-қағым сәт екенін айтып, жан жарына деген сағынышы мен жүрекке түскен ауыр қайғысымен бөлісті. Бағдат Әшімованың айтуынша, ол құдай қосқан қосағымен 23 жыл, бір ай, үш күн ғұмыр кешкен. Алайда өмірлік серігінен бар болғаны үш минуттың ішінде айырылып қалуы өміріндегі ең ауыр сынақ болған. «Адамның айтқаны орындалмайды, Алланың қалауына ешкім қарсы тұра алмайды», – деп жазды ол. Бағдат Әшімова жазбасында жұбайын ақтық сапарға шығарып салуға жиналған қалың елге ерекше алғыс білдіріп, қайғысына ортақтасып, қолдау көрсеткен барша азаматтарға бас иетінін…
7 желтоқсан жан дүниеңізге үңіліп, жүрегіңіздің үніне құлақ асатын ерекше күн, деп жазады Ertenmedia.kz. Бүгін әр адам ішкі түйсігімен үйлесімділік тауып, ойы айқындалып, көңілі орныға түседі. Осы күнгі әрбір ісіңіз бен бастаған қадамыңыз сәтті әрі берекелі болғай, Тоқты Тоқтыларға бүгін сабырлы болу қажет. Қазақ «асықпаған арбамен қоян алады» дейді, сондықтан асығыс шешімге жол бермей, әр мәселеге байыппен қараған жөн. Бұрын байқалмаған дүниелерге көңіл аударсаңыз, болашақта үлкен табыстарға жол ашылуы мүмкін. Ой жинақтап, күшіңізді сақтау маңызды. Торпақ Торпақтар үшін берекелі күн. Қазақ «ақша тиыннан құралады» деп бекер айтпайды. Қаржы мәселесінде батыл қадам жасауға қолайлы сәт туды. Көптен армандаған дүниені сатып алсаңыз,…
Қазақстан жақында жасанды интеллект бойынша Ұлттық тұжырымдама қабылдады, деп жазады Ertenmedia.kz. Стратегиялық мәні зор құжат 2024-2029 жылдар аралығында елімізде жасанды интеллект саласының дамуын айқындап, құқықтық, технологиялық және ғылыми негіздерді қалыптастыруға бағытталған. Алгоритм мен саясат Әлемде жасанды интеллектіні ұлттық дамудың басты драйвері ретінде қарастырып, арнайы концепция қабылдаған мемлекеттер санаулы ғана. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстанның бастамасы цифрлық дербестік пен ақпараттық қауіпсіздікті нығайтуды көздейтін маңызды қадам. Осы ретте журналист Индира Тұрсынбайдың ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиевпен сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз. – Досжан Уалдинұлы, Қазақстан цифрлық даму бойынша әлемдік лидерлердің бірі саналады. Бірақ біз тек тұтынушылық қолданыс аясын ғана білеміз. Тағы…
Ел азаматтары енді көлік нөмірлерін онлайн рәсімдеп, қалаған нұсқасын үйден шықпай-ақ ала алады, деп жазады Ertenmedia.kz. Көлік нөмірлерін таңдауға мүмкіндік берілген сәттен бастап халыққа қызмет көрсету орталықтарына сұраныс күрт артқан. Соңғы дерек бойынша, осы жүйе енгізілгеннен кейін 11 мыңнан астам адам тіркеліп үлгерген. Бұрын көлік нөмірлері автоматты түрде берілсе, енді азаматтардың өз қалауы мен сұранысына қарай рәсімделмек. Онлайн өтініш, офлайн қарбалас Jibek Joly телеарнасының тілшісі Алтынбек Әмиттің айтуынша, қазір халыққа қызмет көрсету орталықтарында ерекше нөмір алғысы келетіндер өте көп. Тіпті, Астанадағы бір ғана орталықта үш сағаттың ішінде 500-ден астам өтініш түскен. Азаматтар көбіне көлігіне өздерінің туған күні немесе аты-жөнінің қысқартылған…
Ақмола облысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде цифрлық технологияларға ерекше басымдық берілуде, деп жазады Ertenmedia.kz. Президент тапсырмасы бойынша Ішкі істер министрлігі мен Freedom Holding компаниясы Қосшы қаласындағы қоғамдық тәртіпті қадағалау жүйесін түбегейлі жаңартты. Бұған дейін жұмыс істеп тұрған 500 бейнекамераға қосымша 1000 жаңа құрылғы орнатылып, барлығы бір орталықтан – жаңа жедел басқару орталығынан бақыланады. Жүйенің басты ерекшелігі жасанды интеллект мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануында. Соның арқасында коммуналдық мәселелер, қараусыз жүрген жануарлар мен жолдардың жай-күйі дер кезінде анықталып, тез арада тиісті шаралар қабылданады. Осылайша, жоба «Таза Қазақстан» және «Заң мен тәртіп» концепцияларын бір арнада тоғыстырған. Сонымен бірге Ақмола облысында «Дрондардың бірыңғай инфрақұрылымы» атты өңірлік…
Ерлан Қарин Президент атынан Зейнеп Ахметоваға «Халық қаһарманы» атағының айрықша белгісі Алтын жұлдыз бен «Отан» орденін табыстады, деп жазады Ertenmedia.kz. 2025 жылдың соңында президент Тоқаев Жамбыл облысына жасаған жұмыс сапармен барды. Сол кезде аты аңызға айналған батыр Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы тарихи шешім қабылдап, арнайы жарлыққа қол қойған болатын. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин оқиғаның тарихи маңызына тоқталды. Бауыржан Момышұлына берілген жоғары марапат ел күткен әділдік екенін айтты. – Халқымыз Бауыржан Момышұлын әрдайым батыр деп біледі, қаһарман деп қастерлейді. Мемлекет басшысының шешімі халықтың оған деген ерекше ықыласын одан әрі арттыра түсті. Ең бастысы, көптен күткен тарихи әділдік қалпына…










