Жамбыл ауданында тұратын үшемнің анасы Шолпан Мамашева республикалық референдумға қатысып, өз таңдауын жасады, деп жазады Ertenmedia.kz. Мыңбаев ауылдық округінің тұрғыны, үлгілі ана Шолпан Бегалықызы жолдасымен бірге сегіз бала тәрбиелеп отыр. Былтыр ол үшем дүниеге әкеліп, көпбалалы аналардың қатарын толықтырған еді. Бала тәрбиесімен қатар шаңырағының берекесін арттырып жүрген Шолпан бүгінгі саяси шараға белсене қатысып, азаматтық жауапкершіліктің жоғары үлгісін көрсетті. Көпбалалы ана бұл референдумның ел болашағы үшін маңыздылығын ерекше атап өтті. – Бүгінгі күн еліміз үшін ерекше маңызды. Әрбір азаматтың таңдауы – мемлекеттің дамуына жасалған нақты қадам. Мен де осы жауапкершілікті сезініп, еліміздің болашағы үшін өз таңдауымды жасадым, – деді Шолпан Мамашева.…
Автор: Лейла Болтаева
Батыс Қазақстан облысында жастар республикалық референдумға белсенді қатысып, ел болашағына қатысты маңызды таңдау жасап жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Солардың бірі Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледждің 18 жастағы студенті А. Ермекқали. Бұл – оның өміріндегі алғашқы саяси науқан. Болашақта жас студент өз өмірін жас ұрпақты тәрбиелеу саласымен байланыстырғысы келеді. Сондықтан ол жаңа Конституцияның қабылдануын ел үшін аса маңызды қадам деп санайды. А. Ермекқали дауыс беруге алдын ала дайындалып келген. Ұқыпты студент ретінде ол жаңа Конституцияның жобасымен мұқият танысып, достарымен референдум күні алдымен дауыс беріп, содан кейін демалыс жоспарлауға келіскенін айтты. – Елімізде референдум өтетінін естігенде, міндетті түрде қатысу керек деп шештім. Алғашында…
Төлеби ауданында самбо мен дзюдодан әлем чемпионы атанған Мәди Нәбиев бүгінгі республикалық референдумда өз таңдауын жасады, деп жазады Ertenmedia.kz. Еліміз үшін маңызды саяси шарада белсенділік танытқан танымал спортшы Мәди Бәйділләұлы таңғы уақыттан бастап дауыс беру учаскесіне келіп, алғашқылардың бірі болып дауыс берді. «Мұндай маңызды сәтте азаматтық белсенділік танытып, өз таңдауымызды жасау – баршамыздың ортақ парызымыз. Мен де ерте тұрып, дауыс беру учаскесіне алғашқылардың бірі болып келдім. Барлық отандастарымды осындай жауапты саяси шараға белсене қатысуға шақырамын», – деді чемпион. Айта кетейік, Мәди Нәбиев 2021 жылы Португалияның Лиссабон қаласында өткен ардагерлер арасындағы дзюдодан әлем чемпионатында 90 келі салмақта жеңімпаз атанған. Бұған дейін…
Астана қаласындағы референдум учаскелерінде тұрғындарға арнап арнайы фотозоналар мен фотокабиналар ұйымдастырылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Бүгін дауыс беруге келген елордалықтар өз таңдауын жасап қана қоймай, осы тарихи сәтті естелік суретпен қалдыруға мүмкіндік алды. Учаскелердегі фотозоналар арнайы тақырыптық стильде безендірілген. Сонымен қатар кейбір учаскелерде қала тұрғындарына арналған фотокабиналар орнатылып, азаматтар сол жерде-ақ бірден суретке түсе алады. Айта кетейік, бүгін Қазақстанда жаңа Конституция жобасын қабылдау бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. Ел азаматтары дауыс беру учаскелеріне келіп, маңызды қоғамдық-саяси мәселеге қатысты өз таңдауларын жасай алады. Қанның қалыпты сұйықтық деңгейінде болуы, адам ағзасының дұрыс жұмыс істеуі үшін аса маңызды. Сол себепті күніне 1,5-2 литр сұйықтық тұтыну…
Маңғыстау облысының тұрғындары республикалық референдум күні әлеуметтік желілерде ұлттық киіммен челлендж бастады, деп жазады Ertenmedia.kz. 15 наурыз күні Маңғыстау өңірінде ерекше бастама жүзеге асты. Өңір тұрғындары референдумға ұлттық киім киіп барып, челленджге белсенді қатысуда. Игі шара әлеуметтік желілерде тез таралып, халықтың ықыласына бөленіп жатыр. Челлендждің басты мақсаты – халықтың саяси белсенділігін арттырып қана қоймай, ұлттық салт-дәстүрді, мәдени құндылықтарды кеңінен насихаттау. Облыс тұрғындары ұлттық киімдерін киіп, референдум учаскелеріне келуде. Дауыс бергеннен кейін олар суреттері мен видеоларын әлеуметтік желілерде жариялап, ұлттық мәдениетке деген құрметтері мен азаматтық ұстанымдарын көрсетіп жатыр. Биыл республикалық референдум Амал мерекесімен тұспа-тұс келіп отыр. Амал – Маңғыстауда ерекше тойланатын…
Түркістан қаласындағы №881 референдум учаскесінде 18 жасқа толған жас сайлаушы алғаш рет дауыс беріп, азаматтық ұстанымын көрсетті, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл – жас азаматтың ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси шараға алғаш рет қатысуы. Сонымен қатар Келес ауданындағы №324 референдум учаскесінде де 18 жастағы азамат дауыс беріп, өзінің алғашқы саяси таңдауын жасады. Жалпы, биылғы референдумның бір ерекшелігі – саяси науқанға алғаш рет қатысатын жастардың санының көптігі. Түркістан облысы бойынша жалпы 37 796 жас азамат тұңғыш рет дауыс беруге мүмкіндік алды. Сонымен бірге, дәл 15 наурыз күні 135 жас азамат кәмелеттік жасқа толып, өз таңдауын жасау құқығына ие болып отыр. Бақылаушылардың айтуынша, алғаш…
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев бүгін республикалық референдумға қатысып, өз таңдауын жасады, деп жазады Ertenmedia.kz. Өңір басшысы Қонаев қаласындағы №949 дауыс беру учаскесіне барып, дауыс берді. Аймақ әкімі бұл күннің еліміз үшін тарихи маңызын ерекше атап өтті. – Бүгін мемлекетіміз үшін тарихи маңызы зор күн. Алматы облысының тұрғыны әрі осы елдің азаматы ретінде өзім тіркелген учаскеге келіп, өз таңдауымды жасадым. Әрбір азаматтың таңдауы – еліміздің тұрақты дамуы мен жарқын болашағының кепілі, – деді Марат Елеусізұлы. Ол сонымен қатар референдумның өңірде жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. «Облыс бойынша жалпы саны 677 референдум учаскесі ашылды. Оның ішінде 36 учаске ауруханаларда, әскери бөлімдерде…
Алматы облысында бүгін, 15 наурыз күні, республикалық референдум аясында барлығы 677 дауыс беру учаскесі өз жұмысын бастады, деп жазады Ertenmedia.kz. Жалпы өңір бойынша дауыс беру құқығына ие азаматтардың саны – 1 029 611 адам. Оның ішінде 5871 тұрғын биыл алғаш рет дауыс береді. Барлық референдум учаскелері қажетті материалдық-техникалық жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Атап айтқанда, дауыс беруге арналған кабиналар, стационарлық және тасымалды жәшіктер, сондай-ақ комиссия мүшелері мен бақылаушыларға арналған арнайы жұмыс орындары дайындалған. Дауыс беру таңғы сағат 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жалғасады, одан кейін бюллетеньдерді санау басталады. Облыс орталығы – Қонаев қаласындағы №949 референдум учаскесінде де жұмыс таңғы сағат 07:00-де Қазақстан…
Түркістан облысы Қарабұлақ ауылдық округінде тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Ахмеджан Анартаев бүгінгі референдумда өз таңдауын жасады, деп жазады Ertenmedia.kz. Қарт майдангер Қарабұлақ ауылындағы №580 референдум учаскесіне келіп, дауыс берді. Ел үшін маңызды бұл саяси шараға белсене қатысқан ардагер ақсақал учаскеге келген азаматтарға, комиссия мүшелері мен бақылаушыларға ақ батасын беріп, референдумның ел игілігі үшін табысты өтуіне тілектестік білдірді. Қазіргі таңда Ахмеджан ақсақалдың 9 баласы, 28 немересі мен 5 шөбересі бар. Айта кетейік, бүгін, 15 наурыз күні Түркістан облысы бойынша жалпы саны 947 референдум учаскесі таңғы сағат 07:00-ден бастап жұмыс істеп тұр. Өңірде дауыс беру құқығына ие азаматтар саны – 1…
Түркістан облысында дауыс беруге келген азаматтар таңғы жаттығу жасап, ерекше белсенділік танытты, деп жазады Ertenmedia.kz. Түркістан қаласындағы №109 референдум учаскесінде таңмен таласа келген 50-ден астам спортшы мен жаттықтырушы дауыс беріп қана қоймай, учаске алдында таңғы жаттығуларын да өткізді. «Бүгін еліміз үшін маңызды күн. Осы айтулы шараға белсенді қатысып, азаматтық борышымызды орындауға келдік. Сонымен қатар біз тұрғындарға спорттың денсаулыққа пайдасы мен бұқаралық спорттың маңызын жеткізгіміз келді», – деді Түркістан қаласының тұрғыны Дәуіржан Мергенбай. Айта кетейік, Түркістан облысы бойынша жалпы 947 референдум учаскесі таңғы сағат 07:00-ден бастап жұмыс істеп тұр. Учаскелердің ең көбі Сайрам ауданында – 89, Сарыағаш ауданында – 82, Жетісай…










