Маңғыстау облысында референдум күні қоғамдық көліктер тұрғындар мен қала қонақтарын тегін тасымалдауда, деп жазады Ertenmedia.kz. 15 наурызда өңірде Амал мерекесі мен республикалық референдумға орай қоғамдық көлікпен жүру тегін ұйымдастырылды. Осы игі бастама облыс тұрғындары мен қонақтарының қала ішінде еркін әрі қолайлы жүріп-тұруына жағдай жасады. Барлық қоғамдық көлік бағыттары тегін қатынап, халыққа ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлауда. Мұндай әлеуметтік бастама өңір тұрғындары мен қонақтарының тарапынан үлкен қолдау тауып, алғысын білдіруде. Тұрғындар мен қала қонақтары бұл бастаманың маңыздылығын ерекше атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді. – Амал мерекесіне орай қоғамдық көліктердің тегін қызмет көрсетуі біз үшін үлкен сый болды. Осындай маңызды күнде халықтың қамын…
Автор: Лейла Болтаева
Алматыда референдум күні дауыс беру учаскелерінде арнайы фотоаймақтар жасақталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Қала тұрғындары үшін ерекше, әрі заманауи стильде безендірілген фотоаймақтар сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй сыйлады. Бұл бастама дауыс берушілердің азаматтық ұстанымын көрсетіп қана қоймай, өміріндегі тарихи сәтті естелік суретке түсіріп қалдыруына мүмкіндік берді. Барлық фотоаймақтар бірыңғай стильде жабдықталып, арнайы пресс-уоллдар, баннерлер, навигациялық элементтер және символдық бейнелермен көркемделген. Көптеген алматылықтар суреттерін әлеуметтік желіге жүктеп, #Референдум2026 хэштегі арқылы бөлісуде. Мысалы, №89 дауыс беру учаскесіне келген тұрғындардың бірі референдумға қатысу өзі үшін ерекше тарихи оқиға екенін айтып, дәл осы маңызды күнді естелік суретпен бекітуге мүмкіндік туғанына қуанышты екенін жеткізді. Қала тұрғындарының айтуынша,…
Түркістан облысында референдум учаскелерінің комиссия мүшелері ұлттық киім киіп, сайлаушыларды жылы қарсы алды, деп жазады Ertenmedia.kz. Бүгін, 15 наурыз күні, облыста сағат 07:00-де барлық 947 референдум учаскесі өз жұмысын бастады. Комиссия мүшелері сайлау учаскелеріне ұлттық нақыштағы киімдермен келіп, тұрғындардың көңілін көтеріп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Комиссия өкілдерінің айтуынша, ел үшін саяси маңызы зор бұл шара Наурыз мерекесінің онкүндігімен тұспа-тұс келгендіктен, ұлттық киім кию арқылы халықтың патриоттық сезімі мен ұлттық құндылықтарды дәріптеуге көңіл бөлінген. Айта кетейік, Түркістан облысында референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың саны – 1 миллион 187 мың 257 адам, бұл өңір халқының 55,4 пайызын құрайды. Дауыс беру кешкі 20:00-ге дейін…
Маңғыстау облысында таңмен таласа дауыс беруге келген алғашқы сайлаушыларға арнайы сыйлықтар табысталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Бүгін, 15 наурызда, таңғы сағат 07:00-ден бастап өңірдегі барлық референдум учаскелері өз жұмысын бастады. Аймақ тұрғындары да ертемен азаматтық белсенділік танытып, дауыс беру учаскелеріне ағылып келуде. Барлық дауыс беру учаскелері заң талаптарына сай жабдықталып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасалған. Учаскелер қажетті техникалық құралдармен толық қамтылған, дауыс беру процесінің ашық әрі әділ өтуі үшін бақылаушылар мен комиссия мүшелері өз міндеттерін мұқият атқаруда. Таңертеңнен бастап учаскелерде тұрғындардың белсенділігі жоғары. Алғашқылардың бірі болып өз таңдауын жасаған сайлаушыларға қалыптасқан жақсы дәстүр бойынша арнайы сыйлықтар табысталып, ақ тілектер айтылды. Мұндай игі…
Алматыда дауыс беру учаскелері ашылмай тұрып-ақ тұрғындар белсенділік танытып, өз таңдауын жасауға ерте жинала бастады, деп жазады Ertenmedia.kz. Қалада сағат 07:00-де 653 референдум учаскесі ресми түрде ашылып, жалпыхалықтық референдумға дауыс беру басталды. Алматыдағы №8 мектеп-гимназиясында бірден екі – №82 және №85 дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр. Мұнда алғашқылардың бірі болып Ұзынағаштан келген Құмишай Есенбаева дауыс берді. Ол өз таңдауын тұрғылықты жерінен тыс жерде жасауда. «Бүгін мен референдумға арнайы келіп қатысудамын. Мұны өзімнің азаматтық борышым деп санаймын», – деді Құмишай Есенбаева. Дауыс беруге бірінші болып келгендердің қатарында алматылық Дина Утамбетова да бар. «Осындай маңызды шаралар еліміздің болашағы үшін өте қажет.…
Түркістан облысында алғаш рет дауыс берген азаматтарға Абай Құнанбаевтың кітаптары сыйға тартылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл ерекше бастама Сайрам ауданындағы №533 референдум учаскесінде жүзеге асырылды. Алғаш рет дауыс беру құқығына ие болып, учаскеге келген азаматтарға қазақтың ұлы ақыны, кемеңгер ойшыл Абайдың шығармалары ұсынылды. Игі шараның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды насихаттау және тұрғындарды қазақ әдебиетінің классикалық мұрасымен таныстыру. Сайрам аудандық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Сәбит Аппазұлының айтуынша, дауыс беру күні учаскелерде мәдени-ағарту шаралары ұйымдастырылып, келушілерге түрлі кітаптар таратылады. «Мұндай іс-шаралар азаматтардың белсенділігін арттырып қана қоймай, халқымыздың рухани байлығын насихаттауға мүмкіндік береді», – деді ол. Жалпы, Түркістан облысы бойынша бүгін барлығы…
Маңғыстау облысында республикалық референдум аясында 261 дауыс беру учаскесі жұмысын бастады, деп жазады Ertenmedia.kz. Өңір бойынша ашылған 261 учаскенің 12-сі – жабық учаскелер. Барлық референдум учаскелері жергілікті уақытпен таңғы сағат 07:00-де ашылды және кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Жалпы, Маңғыстау облысы бойынша республикалық референдумға қатысу құқығына ие азаматтардың саны – 444 198 адам. Таңғы уақыт болғанына қарамастан, тұрғындар өздерінің азаматтық ұстанымын білдіру үшін белсенді түрде учаскелерге келіп, дауыс беруде. Бұл өңір халқының маңызды қоғамдық-саяси оқиғаға бей-жай қарамай, ел болашағы үшін жауапкершілік танытып отырғанының айқын дәлелі. Дауыс берушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында референдум учаскелерінде барлық қажетті мүмкіндіктер қарастырылған. Заң талаптарына сай…
Қазақстанда 15 наурызда республикалық референдум өтеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы дауысқа салынады. Азаматтар «2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын қабылдайсыз ба?» деген сұраққа жауап береді. Референдум күні дауыс беру учаскелері таңғы сағат 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жергілікті уақытпен жұмыс істейді. Республикалық референдумға қатысушылар тізіміне 12 миллион 461 мың 796 азамат енгізілген. Өзінің дауыс беру учаскесін іздеу үшін арнайы онлайн сервис іске қосылған. Азаматтар өз учаскесін жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) арқылы келесі сілтемелер бойынша анықтай алады: https://www.gov.kz/referendum?lang=ru https://referendum2026.gov.kz/ru https://referendum.gov.kz/ru Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумды…
«Қазгидромет» республикалық қызметі 2026 жылғы 15 наурызға арналған дауылды ескерту жариялады. Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның көптеген өңірінде ауа райы күрт нашарлап, тұрғындардың жүріп-тұруына қиындық туғызуы мүмкін, деп жазады Ertenmedia.kz. Метеоролог мамандардың мәліметінше, Астана қаласында көктайғақ және уақытша тұман болып, жолдағы көру мүмкіндігі төмендейді. Алматы облысының солтүстік және оңтүстік бөліктерінде түнде және таңертең тұман күтілсе, облыстың шығысында күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді деп болжанған. Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында түнде қар жауып, боран мен көктайғақ болуы мүмкін. Ал күндіз жаңбыр аралас қар жауып, боран жалғасады. Көкшетау қаласы мен жақын аймақтарда да тұман мен жауын-шашын күтілуде. Қызылорда облысында күндіз желдің екпіні…
Астрологтар 15 наурызға арналған күнделікті жұлдыз жорамалын ұсынды. Бүгінгі күн сәтті болуы үшін өз мүмкіндігіңізді дұрыс пайдаланып, эмоцияларыңызды бақылауда ұстағаныңыз жөн, деп жазады Ertenmedia.kz. Тоқты Жұлдыздар жағымсыз жағдайлардан аулақ болып, эмоцияға берілмеуге кеңес береді. Көңіліңізді түсіретін адамдарға ренжімей, басты мақсатыңызға ғана көңіл бөліңіз. Торпақ Денсаулығыңызға ерекше мән беріңіз, әсіресе қан қысымын қадағалаған дұрыс. Жұмыста да, үйдегі жағдай да тұрақты, бәрі жоспар бойынша өтеді. Егіздер Апта бойы болуы мүмкін келеңсіздіктерге бола уайымға салынбаңыз. Денсаулығыңызды күтіп, бос уақытыңызды сүйікті ісіңізге арнаңыз. Эмоцияға берілмеңіз. Шаян Жұмыс пен шығармашылық саласында жаңа мүмкіндіктер пайда болады. Коммуникациялық қабілетіңіз бен оптимизміңіз жеке тұлға ретінде дамуға септігін тигізеді.…










