Катонқарағай ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Тазалық жұмысына мемлекеттік мекеме қызметкерлері, еріктілер мен жергілікті тұрғындар қатысып, аудан аумағынан 3 тонна қоқыс шығарылды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Акцияның ашылуында Катонқарағай ауданы әкімі аппаратының басшысы Айтас Нұрқас сөз сөйледі. Ол қоршаған ортаны қорғау мен туған жердің тазалығын сақтау әр азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтті. Сондай-ақ игі бастамаға қолдау білдірген тұрғындарға алғыс айтты. Қатысушылар аудан көшелерін, қоғамдық орындарды, бұлақ маңы мен жол жиектерін тұрмыстық қалдықтан тазартты. Ортақ іске жұмылған жұрт туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне өз үлесін қосты. Табиғи аумақтарды күтіп ұстауға ерекше көңіл бөлінді. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, экологиялық шараға 300…
Автор: Лейла Болтаева
Атырауда ондаған жыл бойы қордаланған экологиялық және көлік мәселелерін шешуге бағытталған ірі жобалар іске асырылып жатыр. Облыс әкімі Болат Ақшолақов қалдықтар полигонын, кәріз тазарту жүйесін, «Квадрат» булану алаңын және солтүстік айналма жол құрылысын тексерді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Өңір басшысы алдымен ұзындығы 16 шақырым болатын «Ерік Мостовой» арнасына барды. Соңғы жылдары арнаны жаңғырту және инженерлік инфрақұрылым тарту жөнінде бірнеше жоба қарастырылғанымен, нақты жұмыс басталмаған. Болат Ақшолақов жауапты органдарға қаржыландыру көзін, іске асыру мерзімін анықтап, кешенді қайта жаңарту жөніндегі ұсынысты қысқа уақытта әзірлеуді тапсырды. 1977 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан тұрмыстық қатты қалдықтар полигонында 3 млн тоннадан астам қоқыс жиналған. Мұнда…
Қазақстанда шығармашылық сала өкілдеріне арналған QazaqCreative бірыңғай цифрлық платформасы іске қосылды. Жаңа жүйе креаторларға мемлекеттік қолдау тетіктерін бір жерден пайдаланып, жобаларын таныстыруға мүмкіндік береді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Платформа Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Креативті индустрияларды дамыту қоры тарапынан әзірленді. Жоба шығармашылық кәсіпкерлікті дамытуға және саланың цифрлық экожүйесін қалыптастыруға бағытталған. Жүйе жеке тұлғалармен қатар креативті индустрияда жұмыс істейтін ұйымдарға да қолжетімді. QazaqCreative платформасына авторлар, дизайнерлер, суретшілер, фотографтар, музыканттар мен қолөнершілер тіркеле алады. Шығармашылық студиялар, бірлестіктер, агенттіктер және продюсерлік орталықтар да жүйенің мүмкіндігін пайдаланады. Платформа өзге бағыттағы креаторлар мен салалық ұйымдарға да ашық. Тіркелу үшін qazaqculture. com порталындағы QazaqCreative бөліміне өтіп,…
Корея Республикасының Пусан қаласында ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра комитетінің 48-сессиясы өз жұмысын бастады. Сессия 29 шілдеге дейін жалғасады. Шараның ресми ашылу рәсіміне Корея Республикасының Президенті Ли Чжэ Мён және ЮНЕСКО-ның Бас директоры Халед Әл Анани қатысты. Сессияға ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраны қорғау туралы конвенциясына 196 мемлекеттен шамамен 3 000 қатысушы, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен сарапшылық қауымдастықтың өкілдерін біріктірді. Отырыс барысында Ұйым Дүниежүзілік мұра тізіміне 30 жаңа ұсыныстың енгізілуін, сондай-ақ мұра объектілерінің сақталу жай-күйіне қатысты 147 есепті қарастырады. Қазақстан делегациясы Дүниежүзілік мұра комитетінің мүшесі ретінде сессия жұмысына белсенді қатысуда. Сессия барысында Қазақстан ұсынған «Маңғыстаудың жерасты мешіттері және олармен байланысты киелі…
Орталық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына «Байтақ» жасылдар партиясының тізімін тіркеді. Партия атынан сайлау додасына 47 кандидат қатысады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Тиісті шешім ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтің жетекшілігімен өткен комиссияның жетінші отырысында қабылданды. Уәкілетті мемлекеттік органдар партия ұсынған құжаттарды тексеріп, тізімге енгізілген азаматтардың Конституция мен сайлау туралы заң талаптарына сәйкестігін растады. Отырыс соңында комиссия мүшелері партиялық тізімді тіркеуге қатысты хаттамаларға қол қойды. Құрылтай депутаттығына кандидат ретінде тіркелген азаматтарға тиісті куәліктер табысталды. ОСК шешімінен кейін «Байтақ» партиясы алдағы сайлау науқанына ресми түрде қатысу құқығына ие болды. Саяси ұйым енді заңнамада белгіленген тәртіппен сайлауалды…
«Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған сұхбатта Астана қаласындағы өзбек этномәдени орталығының төрағасы, Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңес мүшесі Шерзод Пулатов алдағы Құрылтай сайлауының саяси маңызына тоқталды. Оның айтуынша, 23 тамыздағы дауыс беру Қазақстанның саяси және құқықтық жүйесін жаңа институционалдық кезеңге бастайтын тарихи таңдау болмақ, – деп жазады Ertenmedia.kz. Шерзод Пулатов қос палаталы Парламенттің елдің құқықтық жүйесін қалыптастыруға, мемлекеттік институттарды нығайтуға және заң шығару мәдениетін орнықтыруға елеулі үлес қосқанын атап өтті. Алайда қоғам өзгерген сайын саяси институттар да жаңа талапқа бейімделуі қажет. Бір палаталы Құрылтайға көшу қалыптасқан тәжірибеден бас тарту емес, заң шығарушы билікті заман талабына сай жаңғыртуға бағытталған қадам…
Жетісу облысының тұрғыны Руслан Мұхамедов журналист Лұқпан Ахмедияров жариялаған «жалдамалы жауынгерлер» тізіміне негізсіз енгізілгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, тексерілмеген ақпарат құқық қорғау органдарының назарына ілігіп, айналасындағы адамдардың өзіне деген көзқарасын өзгерткен, – деп жазады Ertenmedia.kz. Мұхамедовтің сөзінше, дау тудырған бейнеролик 2025 жылы YouTube желісінде жарияланған. Онда Ресей Қорғаныс министрлігімен келісімшарт жасасып, Украинадағы соғысқа қатысқан деген 661 Қазақстан азаматының тізімі көрсетілген. Жетісу тұрғыны сол тізімде өзінің де аты-жөні болғанын айтады. Руслан Мұхамедов ешқандай соғыс қимылына қатыспағанын мәлімдеді. Ол Ресейге тек вахталық жұмыс үшін баратынын, 2024 жылы Иркутск облысында жүргізуші-экспедитор болып еңбек еткенін жеткізді. Қазір Ямал-Ненец автономиялық округінде жүк көлігін жүргізіп жүргенін айтты.…
2026 жылдың алғашқы жартысында Алматы облысының экономикалық өсім қарқыны 114, 8 пайызға жетіп, өңір республикадағы үздік үштіктің қатарына енді. Өсімнің негізгі драйвері өнеркәсіп, соның ішінде өңдеу секторы болды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Жартыжылдық қорытындысы облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің төрағалығымен өткен әкімдік отырысында қаралды. Жиынға әкім орынбасарлары, департамент пен басқарма басшылары, аудан және қала әкімдері, құқық қорғау органдары мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Басқосуда әлеуметтік-экономикалық даму, бюджеттің атқарылуы және алдағы кезеңнің міндеттері талқыланды. Өңірдегі жаңа өндіріс орындарының саны артып, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың қуаты кеңейіп келеді. Әкімдік жыл соңына дейін өнеркәсіп өнімінің көлемін 2, 7 триллион теңгеге жеткізуді жоспарлап отыр. Өңдеу…
Мәдениет және ақпарат министрлігі бас жүлдесі 100 мың доллар болатын «Қала хикаялары» әдеби байқауын жариялады. Қоғам қайраткері Нұртөре Жүсіптің пікірінше, жаңа жоба қаламгерлерге заманауи қазақ қоғамының болмысын әдебиетке әкелуге үлкен мүмкіндік береді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, жазушылар ауыл тақырыбы мен өткен дәуірдің оқиғасына ғана байланып қалмай, бүгінгі қала қазағының тыныс-тіршілігіне батыл бет бұруы қажет. Мегаполистегі адамның күнделікті өмірі, ішкі арпалысы, баспана мәселесі, қызметтегі бәсеке мен әлеуметтік өзгеріс әдеби шығармаға сұранып тұрған дайын сюжет. Нұртөре Жүсіп Мемлекет басшысының қолдауымен балалар әдебиетін дамытуға да бұрын-соңды болмаған қаржы бөлініп отырғанын атап өтті. Сондықтан қаламгерлерге кітап өтпейді немесе жаңа тақырып табу қиын…
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шанхайға жұмыс сапары мен Жасанды интеллект жөніндегі дүниежүзілік конференцияда көтерген бастамалары халықаралық ақпарат кеңістігінде кеңінен талқыланды. Шетелдік басылымдар Қазақстанның жасанды интеллектіні басқаруға араласуын, 15 миллиард доллардан асатын келісімдер топтамасын және Еуразиядағы көлік-цифрлық көпір ретіндегі орнын ерекше бағалады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Мемлекет басшысы Шанхайға 15 шілдеде келіп, келесі күні Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді. 17 шілдеде «Жарқын болашақ жолындағы жасанды интеллект саласындағы әріптестік» ұранымен өткен WAIC конференциясының ашылу рәсімінде сөз сөйледі. Кездесулер мен іскерлік келіссөздердің қорытындысында қазақстандық және қытайлық компаниялар жалпы құны 15 миллиард доллардан асатын 70-тен астам коммерциялық құжатқа қол қойды. Келісімдер…










