Бүгінде Қазақстанда жер қойнауын игеру бойынша көмірсутек шикізатын барлау мен өндіру саласында 321 келісімшарт жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар көмір өндіруге қатысты 36 келісімшарт қолданыста, деп жазады Ertenmedia.kz. Ресурстарды басқарудың тиімділігі 2025 жылы өткен аукциондардың нәтижесімен дәлелденді. Аталған жылы 6 жер қойнауы учаскесі 1,2 млрд теңге көлеміндегі қол қою бонусымен іске асырылып, олардың геологиялық барлау жұмыстарына құйылған бастапқы инвестиция көлемі 45,5 млн АҚШ долларын құрады. Жер қойнауын игеруде отандық тауарлар мен қызметтердің үлесін арттыру мәселесіне ерекше назар аударылуда. 2025 жылдың қорытындысына сәйкес, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларындағы жергілікті қамту үлесі 65 пайызға жетті. Ақшалай баламада бұл көрсеткіш 3 трлн теңгені…
Автор: Лейла Болтаева
АҚШ президенті Дональд Трамп Иран Ормуз бұғазында кемелерге жасалатын шабуылдарды тоқтатпаса, Иранның негізгі мұнай орталықтарының бірі саналатын Харг аралындағы инфрақұрылымға соққы жасалуы мүмкін екенін ескертті, деп жазады Ertenmedia.kz. Reuters агенттігінің хабарлауынша, Трамп бұл туралы әлеуметтік желіде жариялаған мәлімдемесінде айтқан. Оның сөзінше, АҚШ әскері Харг аралындағы бірқатар әскери нысандарға соққы жасап, оларды толық жойған. Аталған арал Иран мұнайының шамамен 90 пайызы экспортталатын негізгі терминал саналады. Ол Ормуз бұғазынан шамамен 500 шақырым қашықтықта орналасқан. Сонымен қатар Трамп америкалық шабуылдар мұнай инфрақұрылымына бағытталмағанын атап өтті. Алайда Иран немесе басқа тарап Ормуз бұғазы арқылы кемелердің еркін және қауіпсіз өтуіне кедергі келтірсе, АҚШ бұл шешімді…
Білікті аспаз мамандар тамақ дайындамас бұрын жуудың қажеті жоқ бірқатар өнімдерді атады, деп жазады Ertenmedia.kz. Сарапшыларының пікірінше, бұл тізімде ең алдымен шикі балық бар. Мамандардың айтуынша, шикі балықты ағын сумен жуғаннан гөрі, оны дұрыс термиялық өңдеуден өткізген дұрыс. Сонымен қатар, қызыл етті де жумаған жөн. Өйткені еттің бойындағы бактериялардың бәрін сумен жою мүмкін емес, олардың кейбірі бұлшық ет талшықтарының тереңінде болады. Барлық бактерияны толығымен жоятын жалғыз сенімді тәсіл етті жоғары температурада (85 градустан төмен емес) жақсылап пісіру. Құс етін де суға шаймастан, бірден дайындауға кіріскен дұрыс. Сарапшылар құс етін жуған адамдардың ас үйіндегі зерттеулерге сүйене отырып, келесідей деректер анықтаған. Шикі…
Әзербайжан астанасы Баку қаласында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат», ІІІ дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері, Алматы қаласының Құрметті азаматы, танымал суретші Алпысбай Қазғұловқа Түркі дүниесі Көркемсурет академиясының атағы берілді, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл атақ қазақ бейнелеу өнерінің дарабоз шеберінің ұзақ жылғы қажырлы еңбегі мен шығармашылық ізденісіне берілген үлкен баға. Жалпы, Алпысбай Қазғұловтың өзгелерден басты ерекшелігі – тоқтаусыз ізденісі мен еңбексүйгіштігі. Ол үнемі білімін жетілдіруге ұмтылып, жаңашылдыққа құмар болып жүреді. Өз өнерінде «болдым, толдым» деп тоқтап қалмайды, керісінше, әрбір туындысына жан-тәнімен беріліп, ерекше жауапкершілікпен қарайды. Алпысбайдың осы табандылығы мен еңбекқорлығы жемісін беріп, бейнелеу өнерінде өзіне ғана тән дербес стиль қалыптастыра білді. Оның…
Алматыда бес өңірдің фермерлері қатысатын ауқымды ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Жәрмеңке 14-15 наурыз күндері Алатау ауданындағы Нұркент шағынауданы, №6 үйдің алдында («Алатау» дәстүрлі өнер театры алаңында) ұйымдастырылады. Оған Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарының фермерлері мен тауар өндірушілері қатысып, өз өнімдерін тікелей тұтынушыларға ұсынады. Қала тұрғындары мен қонақтары бұл шарада ет, сүт өнімдері, көкөніс, жеміс-жидек және бакалея тауарларын тиімді бағамен сатып ала алады. 15 наурыз күні жәрмеңкелер Алмалы және Әуезов аудандарында, сайлау учаскелеріне жақын жерлерде де өтеді. Алмалы ауданында келесі мекенжайларда ұйымдастырылады: №62 және №167 мектептердің маңы; Дүйсенов пен Прокофьев көшелерінің қиылысы; «Кіші Ганди»…
Алматы облысында 14 наурыз Амал мерекесі, яғни Көрісу күні ерекше ықыласпен әрі жоғары деңгейде аталып өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Ұлыстың ұлы күні саналатын Наурыз мерекесінің бастамасы болған бұл күнде облыстың барлық аудан-қалаларында ұлттық нақыштағы ауқымды мәдени шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, 13 наурыз күні Іле, Ұйғыр, Еңбекшіқазақ, Талғар және Жамбыл аудандары көрісу дәстүрін алғаш болып бастаған еді. Ал Алатау, Қонаев қалалары мен Райымбек, Балқаш, Кеген, Қарасай аудандары мерекенің жалғасын 14 наурыз күні сән-салтанатымен жалғастырды. Бұл күні тұрғындар бір-бірімен арнайы жүздесіп, қол алысып, төс қағыстырып, үлкендерден бата алып, ізгі тілектер айтты. Жастар қауымы қазыналы қарттарды ардақтап, ұлттық дәстүрді дәріптеуге ерекше мән берді.…
Түркістан облысында 14 наурыз Көрісу күні мерекесі ерекше аталып өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Осы күні облыстың барлық аудан-қалаларында арнайы челлендж ұйымдастырылды. Аталған шараның басты мақсаты қазақ халқының ғасырдан ғасырға жалғасқан көне дәстүрлерін жаңғырту, рухани мұраны жас ұрпаққа кеңінен дәріптеу. Іс-шараға өңірдің абыз ақсақалдары мен ақжаулықты аналары қатысып, жастарға көрісудің мән-мағынасын тереңінен түсіндіріп, ақ баталарын берді. Көрісу күні халқымыздың ежелден келе жатқан ізгі дәстүрінің бірі. Бұл күні жасы кіші азаматтар үлкендерге арнайы барып сәлем беріп, қол алысып, төс қағыстырып көріседі. Бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, өткен өкпе-назды артқа тастап, татулық пен бірліктің негізін нығайтады. Осы дәстүр арқылы ұрпақтар сабақтастығы беки түседі. Айта…
Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театры көрермендер назарына жазушы Тынымбай Нұрмағанбетовтің «Табалдырығыңа табын» атты драмасын ұсынады, деп жазады Ertenmedia.kz. Қойылымның режиссері Айдар Наурызбаев. Қоюшы суретші Қанат Шериев спектакльдің көркемдік шешімі мен сахналық безендірілуін асқан шеберлікпен іске асырды. Ал костюм суретшісі Маржан Досанқұлова кейіпкерлердің болмысын ашатын киім үлгілерін әзірлеген. Ал театрдың көркемдік жетекшісі мәдениет саласының үздігі Бағлан Төлендиев. Спектакльде қоғамда жиі кездесетін өзекті тақырып – ата-ана қадірін білмейтін перзенттің қателігі көрсетіледі. Қойылымның негізгі кейіпкері университет ректоры болса да, ауылдағы қарт ата-анасынан қол үзіп, олардан хабарсыз қалған ұлдың өмірін баяндайды. Анасы қайтыс болғанда да туған жеріне келіп, бір уыс топырақ салуға…
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путиннің Ирандағы 450 кг 60%-ға байытылған уранды Ресейге әкету туралы ұсынысынан бас тартты, деп жазады Ertenmedia.kz. Axios порталының дерегінше, бұл ұсынысты Ресей басшысы 9 наурыз күні АҚШ президентімен телефон арқылы сөйлескен кезде айтқан. Әңгіме барысында Путин АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тоқтатудың бірнеше нұсқасын ұсынған. Солардың бірі – Ирандағы байытылған уранды Ресейге тасымалдау идеясы болған. 60 пайызға дейін байытылған уранның қауіптілігі – оны қару деңгейіне (90%) бірнеше аптаның ішінде жеткізуге болады. Иранда сақталған 450 келі мұндай уран 10-нан астам ядролық бомба жасауға жеткілікті. «Уранды Ресейге әкету идеясы алғаш рет ұсынылып тұрған жоқ.…
Абай облысында қолға алынған «Қаладан ауылға» пилоттық жобасына Көкпекті ауданының Көкжайық ауылы қосылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Болат Бекбердинов басқарып отырған «Елім-ай Көкпекті» шаруа қожалығы 2011 жылы құрылған. Қожалық асыл тұқымды ірі қара өсірумен және егін шаруашылығымен айналысады. Мұнда қазіргі таңда 150-ден астам адам еңбек етеді. 10 мың жуық мал ұстап отыр. Бүгінде мал тұқымын асылдандыру бағытында ауқымды жұмыс жүргізілуде. Шаруашылықта 2650 бас сиыр бар. Оның 1600-і қазақтың ақбас тұқымы, 1050-і Австралиядан әкелінген ангус тұқымды сиырлар. Шаруашылық ет және сүт бағытындағы өнімдерді ішкі нарыққа ұсынумен қатар, экспортқа шығаруға да әлеуетті. «Елім-ай Көкпекті» ЖШС облысымызда тұңғыш болып Өзбекстан мемлекетіне 700 бас ірі…










