Автор: Лейла Болтаева

Полиция парақорлық

Атырау облысының Мақат ауданында екі полиция қызметкері жемқорлық күдігіне ілікті, деп жазады Ertenmedia.kz. Оқиға жергілікті тұрғынның облыстық полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік қызметіне шағымдануынан кейін анықталды. Оқиғаның мән-жайы бойынша, Мақат ауданының тұрғыны көлікті мас күйінде жүргізіп келе жатқанда полиция қызметкерлері тоқтатқан. Жүргізушінің мәлімдеуінше, әкімшілік жауапкершілікке тартылмас үшін полицейлерге 300 мың теңге көлемінде қаражат берген. Кейінірек азамат берген ақшасын қайтаруды талап етіп, полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік қызметіне ресми шағым түсірген. Өтініш бойынша 2025 жылдың 24 желтоқсанында қылмыстық іс қозғалып, күдікті полицейлер сол күні-ақ ұсталған. Тәртіп сақшылары жалпы жиналыс үстінде қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Қазіргі уақытта қызметтік тексерудің нәтижесі бойынша аталған…

Толық оқу
Жаңғыртылған эенергия

Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) нарығының дамуы сәтті іске асып жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Бүгінде еліміздің энергетикалық балансында ЖЭК-тің үлесі артып, тұрақты даму көрсеткішіне қол жеткізілді. Қазіргі таңда жалпы қуаты 3,5 гигаватт болатын 162 ЖЭК нысаны жұмыс істеп тұр. Оның ішінде 67 жел электр станциясы, 49 күн электр станциясы, 43 су электр станциясы мен 3 биогаз электр станциясы бар. 2025 жылдың қорытындысына сәйкес, елдің энергетикалық жүйесіндегі «таза» генерация үлесі 7%-ға жетті. Алдыңғы жылғы көрсеткіштен айтарлықтай жоғары. Мысалы, 2024 жылы осы көрсеткіш жалпы электр өндірісінің 6,43%-ын құраған болатын. Мұның өзі энергетикалық сектордың орнықты әрі таза бағытқа қарай бет алғанын аңғартады. Өткен…

Толық оқу
Ақорда Қасым-Жомарт Тоқаев сұхбат

Президент Тоқаевтың жыл басында «Turkistan» басылымына берген сұхбатыдағы көтерілген мәселелері мен келтірген деректері жағынан шағын жолдауға ұқсайды, деп жазады Ertenmedia.kz. Президент бұл жолы елдің экономикалық жағдайы, салық саясаты, энергетика мен коммуналдық тарифтер реформасы, агроөнеркәсіп, логистика мен туризм саласы, цифрландыру, қоршаған ортаны қорғау, заңсыз шығарылған активтерді қайтару мәселелерін ашық қозғады. Сұхбат формасындағы бағдар Сарапшылардың пікірінше, сұхбатта айтылған ойлар қоғамның күтіп жүрген сұрақтарына нақты әрі толыққанды жауап болды. Сарапшы Нұрлан Жұмаханның айтуынша, Президент сұхбатының ерекшелігі мемлекет пен қоғам арасындағы жаңа әлеуметтік келісімнің бағыт-бағдарын айқындап бергендігінде. Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Салық кодексіне баса мән беріп, салық төлеудің мәні мен мағынасын жаңа тұрғыдан түсіндірді. Оның…

Толық оқу
Каспий оптикалық кабель

Қазақстан мен Әзербайжан Каспий теңізінің табаны арқылы оптикалық кабель тарту жобасы сәтті іске асуда, деп жазады Ertenmedia.kz. Үкімет отырысында ҚР Цифрлық даму және жасанды интеллект министрі Жаслан Мадиев халықаралық маңызы зор осы жобаның келешегі туралы баяндады. Оның айтуынша, Каспий теңізінің түбімен жүргізілетін оптикалық талшықты байланыс желісінің құрылысы 2026 жылдың соңына дейін аяқталады. Министр бастаманың стратегиялық маңызына ерекше тоқталды. Оның сөзінше, Қазақстан Еуропа мен Азияның ортасында орналасқандықтан, халықаралық интернет-трафик транзитінде маңызды орын алады. Жобаның басты мақсаты осы транзиттік әлеуетті одан әрі арттыру. Оптикалық кабель Қазақстанның Ақтау қаласы мен Әзербайжанның Сумгаит шаһарын жалғамақ. Қазіргі таңда қос ел арасындағы теңіз түбі арқылы салынатын…

Толық оқу
Нұралхан Көшеров

Бүгін Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің қызметіне тағайындалғанына бір жыл толды, деп жазады Ertenmedia.kz. Осы кезең өңір үшін мазмұнды бастамаларға, ауқымды жобаларға және нақты нәтижелерге толы болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылға арналған Жолдауында айқындалған жаңа басымдықтар облыс дамуының негізгі бағыт-бағдарына айналды. Өңір экономикасы жаңа ырғаққа көшті Президент тапсырмасына сәйкес, өңірде экономиканы әртараптандыру, инвестиция тарту, кәсіпкерлік саласы алға басып келеді. Сонымен қатар жасанды интеллект пен IT саласын дамыту, ауыл инфрақұрылымын жаңғырту, адами капиталды күшейту бағытында жүйелі жұмыстар жүріп жатыр. Бір жылдың ішінде Түркістан облысының дамуында бірқатар маңызды жетістіктер мен оң өзгерістерге қол жеткізілді. Облыста экономикалық әртараптандыру жұмыстарының нәтижесінде…

Толық оқу
Қазақстан экономикасы

Қазақстан халықаралық корпорациялар үшін стратегиялық өндірістік орталыққа айналуда, деп жазады Ertenmedia.kz. Ұзақ уақыт бойы әлемдік аренада Қазақстан негізінен өндіруші секторға, ауқымды инфрақұрылымдық жобалар мен транзитке баса назар аударған ел ретінде танылып келген еді. Бірақ 2020 жылдардан бастап мұндай көзқарас біршама өзгере бастады. Көптеген халықаралық компаниялар елді жай ғана өткізу нарығы ретінде қарауды тоқтатып, өндірістерін осында орналастыруға көшті, жергілікті жеткізушілермен ынтымақтастық орнатып, өнім көлемін ұлғайтуда. Нәтижесінде Қазақстан біртіндеп экспорттық әлеуеті зор аймақтық өнеркәсіптік хабқа айналып келеді. Өткізу нарығынан өнеркәсіптік базаға айналу 2025 жылға қарай Қазақстан экономикасы құрылымдық трансформацияның оң нәтижелерін көрсете бастады. Геосаяси және логистикалық тәуекелдер аясында трансұлттық компаниялар өндірістерін әртараптандыруға…

Толық оқу
Ербол Мырзабосынов Олимпиада спорт чемпионат

Қазақстан Италияда өтетін 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына ұлттық құрамаларды дайындау үшін 13,3 млрд теңге бөлді, деп жазады Ertenmedia.kz. Мұны Үкімет отырысында Қазақстанның туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді. Министрдің айтуынша, бөлінген қаржы спортшылар мен жаттықтырушылардың толық дайындық процесін қамтамасыз етуге бағытталған. Жалпы соманың 585 млн теңгесі спорт федерациялары есебінен берілсе, 5,3 млрд теңгесі республикалық бюджеттен, 6,2 млрд теңгесі жергілікті бюджеттерден, ал 1,2 млрд теңгесі Туризм және спортты қолдау қорынан бөлінді. – Ұлттық құрама сапындағы жаттықтырушылар әлем чемпионаттары мен Олимпиада ойындарында тәжірибесі мол білікті мамандар. Бұған қоса, спортшылардың сапалы дайындығын қамтамасыз ету мақсатында Германия, Нидерланд, Испания, Словения, Польша, Ресей…

Толық оқу
Қазмырыш метал

Glencore компаниясына тиесілі қазақстандық Kazzinc тау-кен кәсіпорны өндірілген металдарын бәсекелестеріне де сатпақшы, деп жазады Ertenmedia.kz. Bloomberg келтірген деректерге сәйкес, 2026 жылы Kazzinc компаниясы бүкіл мыс өнімін сату үшін ашық тендер өткізеді. Сондай-ақ компания алдағы жылы мырыш пен басқа да металдарды сатуға арналған тендерлер ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Бұған дейін Kazzinc өндіретін металдарды тек Glencore компаниясының өзі ғана сататын. Дегенмен, Glencore компаниясы өнімдерді сатып алуға басқа трейдерлердің берген ең жоғары ұсынысымен тең баға ұсыну құқығын сақтап қалады. Сарапшылардың пікірінше, бұл қадам металл саудасы нарығындағы бәсекенің күшейгенін көрсетеді. Соңғы уақытта бұл салаға инвестиция көлемі едәуір артқан. Айта кетейік, Kazzinc әлемдегі ірі мырыш пен…

Толық оқу
жұлдыз жорамал 6 қаңтар

Жаңа жыл басталған тұста адам өз көңіліне үңіліп, жүрек қалауын тыңдайды. 6 желтоқсанда әр қадамыңыз сәтті, әр ісіңіз берекелі болсын, деп тілейді Ertenmedia.kz. Тоқты Бүгін Тоқтыларға сабырлы болу қажет. Асығыс шешімге жол бермей, мәселеге байыппен қараған жөн. Қазақ атамыз айтқандай, «асықпаған арбамен қоян алады». Бұрын байқалмаған жайттарға көңіл аударсаңыз, ол болашақта үлкен табыстарға жол ашуы мүмкін. Сондықтан ой жинақтап, күшіңізді сақтау маңызды. Торпақ Торпақтар үшін бүгін берекелі күн болғалы тұр. Қазақта «ақша тиыннан құралады» дейді, қаржы мәселесінде батыл қадам жасауға қолайлы сәт. Көптен бері армандаған дүниені сатып алсаңыз, қуанышқа кенелесіз. Дегенмен, ақшаны оңды-солды шашпай, әр қадамыңызды жеті рет өлшеп барып…

Толық оқу
Абзал Құспан Детектив заң

Мәжіліс депутаты Абзал Құспанов Қазақстанда «Жеке детективтік қызмет туралы» заңның қабылдануына белсенді түрде күш салып жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, елімізде детектив ұғымы заң жүзінде әлі күнге дейін жоқ. Десе де, бұл сөздің мағынасын білмейтін адам кемде-кем. Детектив ұғымымен бесіктен белі шықпаған балаға дейін таныс болса, ересектер оны Агата Кристи мен Артур Конан Дойлдың кітаптарынан, Альфред Хичкок, Дэвид Финчер, Квентин Тарантино фильмдерінен жақсы біледі. – 2023 жылы депутат болып сайланғаннан бері қолға алған бастамаларымның бірі «Жеке детективтік қызмет туралы» заң. Бұл мәселемен Парламентаризм институтымен бірлесіп екі жылға жуық жұмыс істедік. Соның нәтижесінде былтыр заң жобасы Мәжілістің қарауына енгізілді, –…

Толық оқу