«Қазгидромет» мамандары Қазақстан бойынша 7-8 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады Ertenmedia.kz. Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері еліміздің солтүстік-батысынан келетін циклондар әсерінен көптеген аймақтарда жауын-шашын болады. Республиканың батысында жаңбыр аралас қар жауып, жолдарда көктайғақ күтіледі. Ал солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде қар жауып, бұрқасын соғады. «Оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда антициклонның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Бірақ республика аумағында тұман түсіп, жел күшеюі мүмкін», – дейді синоптиктер. Температураға келсек, батыс аймақтарда түнде 5-16 градус аяздан 0-8 градус аязға дейін жылынады, ал күндіз –10 градус суық пен +3 градус жылылық аралығынан –3 градус пен +8 градус аралығына дейін көтеріледі. Солтүстік, шығыс…
Автор: Лейла Болтаева
Қазақ футболдың ардагері, «Қайрат», «Қайсар» клубтары мен ұлттық құрамада өнер көрсеткен Марат Есмұратов 65 жасында өмірден өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Марат Жалғасұлы Есмұратов ойыншылық мансабында Қазақстан премьер-лигасында 265 матчқа қатысып, ұлттық құрама сапында 7 кездесу өткізген. Футболшы ретіндегі мансабын аяқтағаннан кейін бапкерлік қызметпен айналысты. «Қазақстандық футболдың ардагері, еліміздің футболын дамытуға зор үлес қосқан Марат Жалғасұлы Есмұратов 65 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Қазақстан футбол федерациясы марқұмның отбасы мен жақындарына, барша футбол қауымдастығына қайғыра көңіл айтады», – делінген Қазақстан футбол федерациясының хабарламасында. Қызылорда футболының түлегі Есмұратов спорттық мансабының басым бөлігін Алматының «Қайратында» өткізіп, 1992 жылы елдің алғашқы чемпиондарының бірі атанған еді.…
Франция соты президент Эммануэль Макронның жары Брижит Макронды желіде қорлап, кибербуллинг жасаған 10 адамға қатысты үкім шығарды, деп жазады Ertenmedia.kz. Le Monde басылымына сілтеме жасап. Сотталғандар интернетте Францияның бірінші ханымын «ер адам болып туған» деген жалған ақпарат таратып, ар-намысына тиетін жазбалар жариялаған. Сот үкіміне сәйкес, бір адам нақты түрме жазасына кесілсе, тағы сегізі шартты жазаға тартылды. Айыпталушылардың барлығы 41 мен 65 жас аралығындағы сегіз ер және екі әйел адам. Олар әлеуметтік желілерде Брижит Макронды трансгендерлік болмысқа жатқызып, күйеуімен арасындағы 24 жас айырмашылығын педофилиямен байланыстырған. Сот бұл жазбаларды «аса қорлаушы, намысқа тиетін әрі әдейі арандатушылықпен жазылған» деп бағалады. Бірінші отбасы төңірегіндегі…
Алматы облысына қарасты Шеңгелді ауылында 1200 басқа арналған сүт-тауарлы фермасының құрылысы басталады, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл жоба үшін жергілікті әкімдік тарапынан 1955 гектар жер бөлінген. Қазіргі таңда оның 700 гектарында мал азығын дайындауға арналған егістік жерді игеру жұмыстары жүріп жатыр. Мұнда суару үшін тамшылатып және жаңбырлатып суару секілді заманауи әдістер қолданылады. Жобаны жүзеге асыруға тартылатын инвестиция көлемі 15 миллиард теңгеден асады деп күтілуде. Құрылыс жұмыстары толықтай 2030 жылға дейін аяқталуы тиіс. Осы жобаның іске қосылуының нәтижесінде 100 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Толық қуатына шыққанда ферма жылына 13 миллион литр сүт өндіретін болады. Жобаның басты екі технологиялық бағыты бар. Бірінші, жоғары…
Полиция банктен жалпы құны 100 миллион еуроға жететін ақша мен құнды бұйымдарды қолды қылған ұрларға қатысты жаңа деректер тапты, деп жазады Ertenmedia.kz. Тәртіп сақшылары Дортмунд вокзалындағы такси тұрағы маңындағы қоқыс контейнерінен күдіктілер пайдаланған көліктің мемлекеттік нөмірлерін тауып алған. Бұған дейін полиция қылмыскерлердің оқиға орнынан қашқан автомобильдерінің суреттерін жариялаған болатын. Сол фотосуреттерден көліктің нөмірі анық көрінген еді. Еске салсақ, 29 желтоқсан күні таңертең Sparkasse банкінің Гельзенкирхен қаласындағы бөлімшесінің қызметкерлері қоймада тұрған 3200-ден астам сейфтің тоналғанын байқаған. Қаскөйлер банк қоймасына автотұрақ жақтан қабырғаны тесіп кірген. Тоналған сейфтерде ақша, алтын бұйымдар және басқа да құнды заттар сақталған. Оқиға белгілі болған соң, 29 және…
2025 жылдың желтоқсан айында Қазақстандағы инфляция деңгейі 0,9%-ды құрады, деп жазады Ertenmedia.kz. Соның ішінде азық-түлік тауарлары 1,2%, азық-түлік емес тауарлар 0,7%, ақылы қызметтер 0,6%-ға қымбаттаған. Желтоқсан айында кейбір өнімдер бағасының төмендеуі байқалды. Мәселен, апельсин 2,6%-ға, сәбіз 2%-ға, қант 1,3%-ға арзандаса, жұмыртқаның бағасы аздап (0,1%) төмендеген. Ал концентратталған сүт 2,1%, қатты ірімшік 1,8%, көкөніс шырындары 1,6%-ға қымбаттаған. Дәрі-дәрмектер нарығында да айтарлықтай өзгерістер бар. «Супрастин» бағасы 18,5%, «Энап» 5,2%, «Канефрон» 1,4%, «Йодомарин» және «Азитромицин» 0,9%-ға арзандаған. Тұрмыстық техника мен автокөлік нарығында жеңіл автокөліктер 0,4%, электр құралдары 0,9% арзандаса, смартфондар – 0,9%, жеке гигиена тауарлары 1,1%-ға қымбаттаған. Коммуналдық қызметтер арасында су бұру тарифі…
Белгілі сарапшы Ильгар Велизаде Қазақстанда қолға алынған модернизация қоғамның нақты сұранысына жауап беретін жол деп бағалады, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл пікірді «Оңтүстік Кавказ» саясаттанушылар клубының жетекшісі, белгілі сарапшы Ильгар Велизаде арнайы сұхбат барысында білдірді. Сарапшы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы кезде көтеріп жүрген мәселелерін, елде жүріп жатқан саяси-экономикалық реформалардың бағыт-бағдарын егжей-тегжейлі талдап, өз бағасын берді. Тоқаевтың модернизациясы – қоғамның айнасы – Президент Тоқаев елдегі модернизацияның жаңа кезеңін жариялады. Бұл бастаманың Қазақстанның саяси және экономикалық дамуы үшін маңызын қалай бағалайсыз? – Президент қоғамның даму үдерісі ешқашан тоқтамайтынын әрдайым еске салып отырады. Шын мәнінде, Қазақстан қоғамы өте серпінді даму үстінде. Осы серпінді…
Қазақстан Ұлттық банкі теңге бағамындағы соңғы өзгерістерге талдау жасады, деп жазады Ertenmedia.kz. Ұлттық банктің дерегіне сүйенсек, желтоқсан айының қорытындысы бойынша ұлттық валюта АҚШ долларына қатысты 1,3 пайызға нығайып, бір доллар үшін 505,73 теңге деңгейінде тұрақтады. Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күнделікті орташа сауда көлемі де айтарлықтай өсіп, 280 миллион доллардан 359 миллион долларға жетті. Ал жалпы сауда көлемі желтоқсан айында 7,9 миллиард долларды құрады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша теңге бағамы жалпы алғанда 3,7 пайызға нығайған. Осылайша бір жыл ішінде валюта бағамы 525,10 теңгеден 505,73 теңгеге дейін төмендеді. Бір жылдағы валюталық сауданың жалпы көлемі 63 миллиард долларды құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 15…
Назарбаевтың үлкен немересі Нұрәли Әлиев 41 жасқа толған туған күнін Дубайда дүркіретіп өткізді, деп жазады Ertenmedia.kz. Әлеуметтік желіде тараған кадрлардан байқалғандай, туған күні кеші Дубай маңындағы бес жұлдызды «Terra Solis Dubai» қонақ үйінде, шөл даладағы глэмпинг форматында өткен. Ашық аспан астында, пальмалар ортасында, шығыстық сән-салтанат аясында өткен мерекеде дизайнерлік торт та ұсынылды. Оның бетіне «Spark of life» («Өмір ұшқыны») деген ерекше жазу жазылған. Әлеуметтік желідегі кадрларда Нұралы Әлиевтің 13 жастағы қызы Амира және ұлы Аланмен бірге торт бетіндегі шамдарды үрлеп жатқан сәті түсірілген. Глэмпинг пен гламур Кешті ұйымдастырған әлемдегі ірі сәнді шаралар мен шоу-бағдарламаларға қатысатын әйгілі продюсер Николас Броше. Ол…
Қарағанды облысындағы Бесқару қорғаныс зауытында түріктің «ОТОКАР» компаниясымен бірлескен жоба қолға алынды, деп жазады Ertenmedia.kz. Алдағы уақытта зауыт базасында танымал «Отокар Тұлпар» атты заманауи шынжыр табанды жауынгерлік машиналар шығарылмақ. Бұл қадам Қазақстанның қорғаныс өнеркәсібіндегі сыртқы тәуелділікті азайтып, әскери техникаларды өндіруде жергілікті үлесті арттыруға бағытталған стратегиялық бастама ретінде қарастырылып отыр. Бронды техника дипломатиясы Ресми деректерге қарағанда, Қазақстанның Қарағанды өңіріндегі Бесқару зауыты осыған дейін түрік технологиясына негізделген бірнеше бронетехниканың отандық үлгілерін шығарып келген. Мысалы, сегіз доңғалақты «Taimas» көлігі «OTOKAR Arma 8×8» негізінде жасалса, төрт доңғалақты амфибиялық «Айбар» бронемашинасы әйгілі «Cobra II» көлігіне сүйеніп жасалған. Ал енді шынжыр табанды машиналарды қосу арқылы зауыт…










