Сутегі отын ретінде болашақтың қуат көзі деп аталғанымен, оның әлі күнге кеңінен тарамауының нақты себебі бар. Басты себеп таза сутекті алудың қиындығы мен оған кететін шығындардың тым жоғары болуы, деп жазады Ertenmedia.kz. Әлемде сутегі ең көп таралған элемент болғанымен, оны отын ретінде қолдану үшін таза күйде алу қажет. Бүгінде әлемдегі сутегінің шамамен 96%-ы табиғи газдан алынады. Мұндай әдіс қоршаған ортаға зиянды бір тонна сутегі өндірілгенде атмосфераға 9-12 тонна көмірқышқыл газы бөлінеді. Қазіргі кезде АҚШ-та өндірілетін сутегінің шамамен 95%-ы «сұр сутегі» деп аталатын, жоғары температурада табиғи газдан алынатын сутегі болып отыр. Бұл әдіс бір килограмм сутегі өндіргенде шамамен 12 килограмм көмірқышқыл газын шығарады.…
Автор: Лейла Болтаева
Қазақстанда теміржол инфрақұрылымын модернизациялау аясында 37 вокзалдың ғимараты толық бұзылып, қайта салынатын болды. Бұған олардың техникалық жағдайының тым нашарлауы себеп болған, деп жазады Ertenmedia.kz. «Қазақстан темір жолы» компаниясының хабарлауынша, елдегі 124 вокзалдың жай-күйіне сараптама жасалып, олардың 37-сінің негізгі конструкцияларының айтарлықтай тозғаны анықталды. Сондықтан оларды жөндеу экономикалық және техникалық жағынан тиімсіз деп танылып, орнына жаңа вокзал ғимараттарын салу туралы шешім қабылданды. Қазіргі кезде тізімдегі бір нысан Рудный қаласындағы Железорудная станциясының вокзалы толық бұзылып, жаңа вокзалдың жобасы мемлекеттік сараптамадан өтуде. Құрылыс жұмыстарына дайындық та басталып кетті. Жалпы, вокзалдарды жаңғырту бағдарламасы 2026 жылы аяқталмақ. 11 наурыздағы мәліметке сәйкес, қазірдің өзінде 48 вокзалдың құрылысы аяқталуға жақын,…
Түркістан қаласында халықаралық маңызы бар «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» көлік дәлізі бойында автокөлік компрессорлық газ құю станциясы (АГТКС) бар заманауи жол бойы сервистік орталығы ашылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа нысанның салтанатты ашылу рәсіміне Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов, Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Азат Абайдилдин, жобаны жүзеге асырған «Компрессорные технологии-3» ЖШС құрылтайшысы Болат Бушанов және сала мамандары қатысты. Шара барысында облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов жобаның өңір үшін экономикалық және экологиялық маңызы зор екенін атап өтті. Ол Түркістан облысының әкімдігі инвестициялық жобаларға тұрақты түрде қолдау көрсететінін, ал аталған кешен өңірдің көлік-логистикалық…
Қазақ ғалымдары электр энергиясын сақтау мен жинақтауға арналған инновациялық материал – екі өлшемді MXene наноматериалдарын зерттеуде жаңа жетістіктерге жетті, деп жазады Ertenmedia.kz. Satbayev University зерттеушілері осы бірегей материалды алудың тың әдістерін әзірлеп, олардың қасиеттерін кремний және белсендірілген көмір қосу арқылы жақсартуды сынақтан өткізді. PhD докторы, жоба жетекшісі Қалижан Шәкеновтың айтуынша, алынған MXene-композиттерінің электрохимиялық сыйымдылығы дәстүрлі материалдардан айтарлықтай жоғары болып шыққан. Бұл энергия жинақтау құрылғыларының тиімділігін арттыруға зор мүмкіндік бермек. Зерттеушілер MXene материалдарының алғашқы тәжірибелік үлгілерін әзірлеп, оларды зертханалық сынақтардан сәтті өткізді. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға университеттің докторанттары мен магистранттары белсенді атсалысып отыр. – Біздің материалдарымыз жаңа буындағы энергия сақтау құрылғыларының дамуына жол…
Жаңа Конституция елдегі мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған маңызды құқықтық құжат ретінде демократиялық институттарды нығайтуға ерекше мән береді, деп жазады Ertenmedia.kz. Негізгі заңда билік тармақтарының өзара тепе-теңдігі мен тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қағидаттар айқындалған. Бұл өз кезегінде мемлекеттің басқару жүйесінің тұрақтылығын күшейтіп, демократиялық үдерістердің дамуына жол ашады. Конституцияда заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тармақтарының өзара үйлесімді қызмет етуіне құқықтық негіз қалыптастырылған. Билік тармақтарының теңгерімі мен өзара тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесі мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттырып, шешім қабылдау үдерісінің тиімділігін қамтамасыз етеді. Мұндай қағидаттар мемлекеттік биліктің бір қолға шоғырлануына жол бермей, демократиялық басқару қағидаларын нығайта түседі. Сонымен қатар жаңа Конституция мемлекеттік институттардың…
Жаңа Конституция ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етудің негізгі құқықтық іргетасын қалауды мақсат етеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Қоғамның тұрақты дамуының алғышарты ретінде бұл қағидалар мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Негізгі заңда еліміздің көпұлтты және көпмәдениетті ерекшелігі ескеріліп, барлық азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының теңдігі қамтамасыз етілген. Азаматтардың заң алдындағы теңдігі, олардың құқықтары мен еркіндіктерін сақтау, өзара сыйластықты нығайту – қоғамдық келісімнің берік негізі. Сонымен қатар Конституция мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді арттыруға ықпал етеді. Азаматтық бірегейлікті дамыту мен ортақ құндылықтарды дәріптеу арқылы ел ішіндегі татулықты нығайту көзделген. Конституцияда белгіленген осы қағидалар елдегі тұрақтылықты сақтап, азаматтардың ауызбіршілігін нығайтып, Қазақстанның бейбіт әрі…
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды ғылыми және қоғамдық қауымдастық өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесуде ел дамуына бағытталған Жаңа Конституция жобасы талқыланды, деп жазады Ertenmedia.kz. «Достық» үйінде өткен шараға сарапшылар, ғалымдар және қоғам қайраткерлері қатысып, ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің маңызын ортаға салды. Шараның ашылуында қала әкімі Ата заң заман талаптарына сай, азаматтардың сұранысын қанағаттандыратын және елдің тұрақты дамуына ықпал ететін негізгі құжат болуы керек екенін атап өтті. – Жаһандық өзгерістер жағдайында экономиканың қарқынды дамуы мемлекеттік басқаруға жаңа тәсілдерді енгізуді қажет етеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Жаңа Конституция еліміздің цифрлық экономикасын нығайтуға, жасанды интеллект технологияларын дамытуға жол ашады, – деді Дархан Сатыбалды. Кездесуге қатысушылар конституциялық…
Қостанай облысында жылыту маусымын ойдағыдай аяқтау және алдағы жөндеу науқанына дайындық бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Бұл туралы Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы Ержан Ертаев сапарында мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Комитет төрағасы алдымен Рудный ЖЭО-да жүргізіліп жатқан қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты. Қазір мұнда №1 қазандықтың монтаждау жұмыстары аяқталуға жақын. Жоспарға сәйкес, наурыздың 30-на дейін монтаж аяқталып, сәуір-маусым аралығында іске қосу-реттеу жұмыстары атқарылады. Осы қазандықтың іске қосылуы станцияның жалпы қуатын қосымша 30 МВт-қа арттырады деп күтілуде. Сонымен қатар, ЖЭО-да №3 турбинаның генераторы жаңартылып жатыр. Қытайдан әкелінген жаңа генератордың монтаждау жұмыстары тамыз айында аяқталуы тиіс. Бұған қоса биылғы жылы бір қазандық…
Қазіргі заманауи көліктердің барлығында дерлік USB порттары бар, олар смартфондар мен бейнетіркеуіштер сияқты құрылғыларды қуаттандыруға арналған. Бірақ бұл порттарға үнемі қосылып тұрған USB-құрылғылар автомобиль аккумуляторын әлсіретіп немесе оны толық разрядтап жіберуі мүмкін, деп жазады Ertenmedia.kz. Көптеген көлік өндірушілері аккумулятордың зарядын сақтау мақсатында Retained Accessory Power (RAP), яғни «қосымша құрылғыларды уақытша қуаттандыру» функциясын қолданады. Оның басты міндеті қозғалтқыш өшкеннен кейін көліктің USB порттары мен мультимедиалық жүйелерін бірнеше минут бойы ғана қосып, белгілі бір уақыт өткеннен кейін олардың бәрін ажырату керек. Көліктің USB порттары қозғалтқыш жұмыс істеп тұрғанда генератордың арқасында энергиямен үздіксіз қамтамасыз етіледі. Бұл кезде аккумулятор қайта қуатталып отырады. Бірақ көлік…
Барлық деңгейдегі референдум комиссиялары республикалық референдумды өткізуге дайындық жұмыстарын толық аяқтады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының отырысында комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлім етті, деп жазады Ertenmedia.kz. – Барлық деңгейдегі референдум комиссиялары дайындық жұмыстарын аяқтады. Қажетті ұйымдастырушылық іс-шаралар жүргізіліп, комиссиялардың қызметіне әдістемелік қолдау қамтамасыз етілген. Дауыс беру рәсімдерін қолдану мен референдум туралы заң талаптарын сақтауда бірыңғай тәсіл қалыптастырылды. Бұл біздің республикалық референдумды өткізуге және оны заң талаптарына қатаң сәйкес ұйымдастыруға толық дайын екенімізді айтуға мүмкіндік береді, – деді Нұрлан Әбдіров. Комиссиялардың дайындығындағы негізгі бағыттардың бірі референдум комиссияларының мүшелерін оқыту болды. Жоспар бойынша 13 наурыз күні оқытудың қорытынды кезеңі аяқталды.…










