Автор: Лейла Болтаева

туризм керме жол шаңғы

Алматыда тау туризмін дамыту жөніндегі Еуразиялық форум аясында Almaty Tau Management компаниясының басқарма төрағасы Жан-Пьер Барало сараптамалық баяндама жасап, Алматыдағы тау кластерін дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талдады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Сарапшы өз сөзінде әлемдік тәжірибеге сүйеніп, кластерлік модельдің артықшылықтары мен оның өңірлердің экономикалық өсуіне тигізер әсеріне тоқталды. Жан-Пьер Барало Франция мен Австрия елдеріндегі табысты тәжірибені мысал етті. Бұл мемлекеттерде тау курорттары бірыңғай инфрақұрылымдық жүйеге біріктіріліп, соның нәтижесінде туризмнің тұрақты өсімі қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, аталған елдерде тау кластері өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі тетігіне айналған. Сарапшының айтуынша, мұндай тәсіл тек туристік саланың дамуын ғана емес, жалпы аумақтың кешенді дамуына, инфрақұрылым сапасының жоғарылауына…

Толық оқу
Созақ ауданы әкімі Мұхит Тұрысбеков

Созақ ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері соңғы бір жылда айтарлықтай жоғарылаған. Атап айтқанда, былтыр ауданның жалпы өңірлік өнім көлемі 1 трлн 42 млрд 134 млн теңгені құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 129,9%-ға өсті, деп жазады Ertenmedia.kz. Аудан экономикасына тартылған инвестиция көлемі де айтарлықтай артып, 311 млрд 427 млн теңгеге жетті. Бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 71 млрд теңгеге көп. Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбековтің айтуынша, ауыл шаруашылығына тартылған инвестиция да жақсы нәтиже көрсетіп отыр. Мәселен, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2 млрд 35,5 млн теңгеге жетіп, жоспар 101,8 пайызға орындалған. Тамақ өндірісіне бағытталған инвестиция көлемі 254 млн теңгені құрады. Су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстары белсенді…

Толық оқу
Аида Балаева

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде 2025 жылдың жұмыс қорытындылары мен 2026 жылға арналған негізгі міндеттер талқыланған алқа мәжілісі өтті. Жиында еңбек қатынастары мен өндірістік қауіпсіздік саласындағы ахуал жан-жақты сараланып, алдағы кезеңге арналған стратегиялық басымдықтар айқындалды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. 2025 жылы еңбек қатынастарын реттеу және өндірістегі қауіпсіздікті күшейту бағытында жүйелі шаралар қабылданды. Еңбек заңнамасының сақталуына тұрақты мониторинг жүргізіліп, жұмыскерлердің құқықтарын қорғау тетіктері жетілдірілді. Өндірістік қауіпсіздікті арттыру мақсатында профилактикалық жұмыстар кеңейтіліп, кәсіпорындарда тәуекелдерді бағалау жүйесі жаңартылды. Қауіпсіз еңбек мәдениетін қалыптастыру үшін оқыту, түсіндіру және әдістемелік қолдау шаралары ұйымдастырылды. Әлеуметтік әріптестік аясында жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы жауапкершілік нығайтылды. Мемлекеттік бақылау процестеріне…

Толық оқу
Нұрымбет Сақтағанов

ХХV жазғы Сурдлимпиада ойындарының чемпионы Фаина Мейірмановаға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов үш бөлмелі пәтердің сертификаты мен кілтін табыстады. Марапат спортшының халықаралық аренадағы жоғары нәтижесі мен өңір абыройын асқақтатқан жетістігіне берілген нақты қолдау ретінде бағаланды, деп жазады Ertenmedia.kz. Өткен жылдың қараша айында Токио қаласында өткен ХХV жазғы Сурдлимпиада ойындарында Фаина Мейірманова жеңіл атлетикадан биіктікке секіру сайысында 1,79 метр нәтижесін тіркеп, алтын медаль жеңіп алды. Бұл көрсеткіш жарыс рекордын жаңартуға мүмкіндік беріп, қазақстандық спортшыны Сурдлимпиада чемпионы деңгейіне көтерді. Сурдлимпиада есту қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы ең беделді халықаралық жарыс. Ойындар Халықаралық саңыраулар спорт комитетінің қолдауымен ұйымдастырылады және әлемнің мықты атлеттері бас қосатын…

Толық оқу
Woosong University Kazakhstan университеті

Астана қаласында Woosong University Kazakhstan университетінің 12 студенті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атына алғыс хат жолдады, деп жазады Ertenmedia.kz. Олар “Dostyq Fellowship” бағдарламасы аясында Корея Республикасында өткен Capstone Project жобасына қатысып, халықаралық тәжірибемен оралып отыр. Студенттердің айтуынша, елде білім беру саласын жүйелі түрде дамытуға бағытталған мемлекеттік саясат жастарға шетелдік жоғары оқу орындарымен әріптестік орнатып, халықаралық стандарттарға сай білім алуға мүмкіндік беруде. Мұндай қолдау қазақстандық жастардың жаһандық бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына жол ашады. Үш аптаға созылған Capstone Project барысында қазақстандық студенттер жасанды интеллект, IT және бағдарламалау бағыттарында нақты жобалар әзірлеген. Олар халықаралық профессорлар мен сала мамандарымен бірге жұмыс істеп, идеяны…

Толық оқу

Бүгін Алматы қаласында «Қазақстанның Жаңа Конституциясы — қоғамның топтастырушы әлеуеті» тақырыбында сарапшылық талқылау өтті. Іс-шараны ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты (ФСДИ) ұйымдастырды. Жиынға Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты, ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты сарапшылары, сондай-ақ Философия, саясаттану және дінтану институтының ғылыми қызметкерлері қатысты. Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Луиза Узарова өз сөзінде: «Жаңа Конституция жобасы тең құқықтар қағидатын және Қазақстанның сан алуандылығына құрметті нығайтады. Ол қоғамдық келісімді әділдікке, диалогқа және өзара мойындауға негізделген жүйе арқылы қалыптастырады», – деп атап өтті. Сарапшының пікірінше, Конституция жобасы қоғамдық қатынастарды дамытудың жаңа кезеңін көрсетеді және қазақстандық қоғамды топтастырудың жинақталған тәжірибесін…

Толық оқу
«Boran–Буран» көрмесі

Таяуда Астанадағы ÓzgeEpic креатив хабында суретші әрі сәулетші Әсел Есжанованың «Boran–Буран» атты алғашқы жеке көрмесі ашылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Экспозиция мәдени жад, автор өмірінің естеліктері, ғарыштық әрі метафизикалық кеңістіктер тақырыбын біріктіріп, келушілерді көркемдік әрі дыбыстық саяхатқа шақырды. Әсел Есжанова бұл көрмеге жеті жыл бойы дайындалған. Оның шығармашылығындағы бетбұрыс Арал теңізіне сапарынан бастау алады. Автор бұл сапар кезінде сәулет өнерінің мүмкіндігі жетпейтін күрделі экзистенциалды сұрақтарға тап болғанын айтады. Осы сұрақтардың жауабы жаңа материалдар мен жаңа медиумдар арқылы ғана мүмкін екенін түсінген суретші сәулеттен көркем өнерге көшкен. Көрме адамның табиғатпен байланысының үзілуі, тарихи жаралар мен ұмытылған естеліктерді қайта жаңғыртуға бағытталған жауап ретінде…

Толық оқу
Дәулет Бақберген

«Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамының бұрынғы басқарма төрағасы Дәулет Бақберген қамауға алынды. Журналист Михаил Козачков оған қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылғанын жазды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Алдымен түсінікті болу үшін қысқаша анықтама бере кетейік. Проблемалық кредиттер қоры Қаржы министрлігіне қарасты ұйым. Оның басты міндеті екінші деңгейлі банктерден проблемалық активтерді қабылдап, реттеп, кейін сатылымға шығару. Банктер несие алған азаматтар немесе кәсіпорындар қарыздарын өтей алмаған жағдайда олардың меншігіндегі мүліктер қорға өтеді. Қор мамандары бұл нысандарды қалпына келтіріп, қайта саудаға қоюы керек. Алайда бұл қордың жұмысы депутаттар мен сарапшылар тарапынан үнемі сынға ұшырап келді. Өйткені ондаған үлкен кәсіпорындар мен мүліктерге ие болып отырған мекеменің…

Толық оқу
Конститутция

Алматыда Парламент депутаттары, қоғам белсенділері, әлеуметтік сала мен білім беру өкілдері және жастардың қатысуымен маңызды кездесулер өтіп жатыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Кездесулерде еліміздің даму бағдары, әлеуметтік саясат, білім мен денсаулық сақтау салаларындағы өзекті мәселелер талқыланып, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған жаңа бастамалар қаралуда. Осындай маңызды басқосулардың бірі Алматы қаласындағы Балаларға жедел медициналық көмек көрсету орталығында өтті. Сенат депутаттары, «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мен AMANAT партиясының өкілдері медициналық мекеменің ұжымымен жүздесіп, әлеуметтік саясат пен денсаулық сақтау жүйесіндегі өзгерістерді талқылады. Кездесу барысында Сенат депутаты Сұлтанбек Макежанов бюджет шығыстарының әлеуметтік бағытта жұмсалуы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы болып қала беретінін тілге…

Толық оқу
МАЭК

«МАЭК» ЖШС (Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты) ұжымы еліміздің жаңа Конституциясын қолдау туралы шешім қабылдады. Бүгінде кәсіпорында 3500-ден астам адам еңбек етеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «МАЭК» Маңғыстау өңірінің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін стратегиялық маңызды кәсіпорын. Ұжым мүшелері өңірдегі энергия жүйесінің тұрақтылығын сақтап, халықтың тұрмыс сапасын арттыруға үлес қосып келеді. Ұжым атынан сөз сөйлеген «МАЭК» ЖШС басшысы Кинис Ураков референдумға қатысудың еңбек ұжымының азаматтық жауапкершілігі мен белсенді ұстанымының көрінісі екенін атап өтті. – Біз күнделікті еңбегімізді өңіріміздің тұрақты дамуы үшін арнаймыз. Әрбір қызметкердің жұмысы Маңғыстаудың өркендеуіне қосылған үлес. Алдағы референдум әрқайсымызға елдің болашағын өз дауысымызбен айқындауға берілген маңызды мүмкіндік. Ортақ шешім қабылдай отырып, біз…

Толық оқу