Автор: Лейла Болтаева

Серік Жұманғарин

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин өңірге жұмыс сапары барысында жергілікті бизнес өкілдерімен кездесті, деп жазады Ertenmedia.kz. Облыс әкімі Нариман Төреғалиев төрағалық еткен жиынға орталық мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор және қаржы институттарының басшылары қатысты. Кездесу басында Серік Жұманғарин еліміздегі конституциялық реформаның маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, жаңа Конституцияның жобасында меншік нысандарының бәрі тең қорғалады. Бұл өзгеріс инвесторлар мен кәсіпкерлер, әсіресе шағын және орта бизнес өкілдері үшін маңызды. – Конституцияның жаңа жобасы егемендікті нығайтуға, ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, әлеуметтік-экономикалық дамуға және халықты біріктіруге берік құқықтық негіз қалыптастырады. Қазақстандықтар енді құжат мазмұнына ғана емес, ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдайды.…

Толық оқу
Tesla Cybertruck

Tesla АҚШ-та Cybertruck моделінің арзанырақ жаңа нұсқасын таныстырды, деп жазады Ertenmedia.kz. Компания бейсенбі күні екі моторлы, толық жетекті жаңа Cybertruck бағасын $59,990 деп белгіледі. Жаңа модель ең қолжетімді нұсқа. Сонымен қатар, Tesla Cybertruck-тың ең қымбат Cyberbeast моделінің де бағасын $114,990-нан $99,990-ға дейін төмендетті. Осы арқылы компания Cybertruck көліктерінің қолжетімділігін арттыруды көздеп отыр. Бағаның төмендеуіне байланысты, Tesla былтыр тамыз айында ұсынған «Luxe Package» арнайы пакетін алып тастамақ. Бұған жүргізуші бақылауымен толық автономды басқару (Supervised Full Self-Driving) жүйесі мен Supercharger зарядтау стансасын тегін пайдалану мүмкіндігі кіретін еді. Өзге Cybertruck модельдерінің бағасы өзгеріссіз қалды. Бұған дейін Tesla танымал Model Y SUV автокөлігінің де жаңа…

Толық оқу
Түркістан маслихат

Түркістан облыстық мәслихатының сегізінші шақырылымындағы жиырма бірінші кезекті сессиясы өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов, әкімдік мүшелері, қалалық және аудандық мәслихаттардың төрағалары, Түркістан қаласы мен Мақтаарал ауданының әкімдері, облыстық басқарма басшылары, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты. Сессия жұмысын облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов жүргізді. Күн тәртібіне шығарылған 18 мәселе бойынша маңызды шешімдер қабылданды. Түркістан қаласы мен Мақтаарал ауданы әкімдері республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген қаржының жұмсалуы жөнінде баяндады. Бұдан бөлек, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, денсаулық сақтау, жер қатынастары, сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармалары басшыларының есептері тыңдалды. Депутаттар басқарма басшыларының жұмысына байланысты ұсыныстарын…

Толық оқу
рефрендум 15 наурыз

15 наурыз жаңа Конституция қабылданса, Қазақстанның күнтізбесінде жаңа атаулы күн пайда болуы мүмкін. Биыл дәл осы күні елде жаңа Конституцияны қабылдау бойынша республикалық референдум өтеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазір Конституция күні ресми түрде 30 тамызда аталып келеді. Бұл 1995 жылы қабылданған қолданыстағы Конституцияның бекітілген күні. Осыған орай, қазақстандықтарда «30 тамыз 2026 жылы да демалыс болып қала ма, әлде бірден өзгертіле ме?» деген заңды сұрақ туындады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімдеуінше, 2026 жылы 30 тамыз әзірше мемлекеттік мереке және демалыс күні болып қала береді. Бірақ Конституция бойынша жаңа өзгерістер күшіне енсе, мереке күні заң жүзінде өзгертілуі ықтимал. Егер жаңа…

Толық оқу
Берікболсын Хабиболла

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 3656 әскери бөлімінде әуе кемесінің командирі қызметін атқаратын майор Берікболсын Хабиболла аспан төрінде 900 сағаттан астам уақытын өткізген, деп жазады Ertenmedia.kz. Әскери авиациядағы алғашқы тәжірибесі Астанадағы ұшқыштарды даярлайтын оқу-техникалық мектебінен басталған. Кейін Алматыдағы Азаматтық авиация академиясында білімін жалғастырып, ұшу өнерін жетілдірген. Оқу барысында жас ұшқыш шетелдерде тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алды. Латвия, Литва, Эстония, Германия мен Испания сынды мемлекеттерде тәжірибе жинақтады. – Аспан тәртіп пен сабырды талап етеді. Ұшаққа отырғаннан бастап көкке көтерілгенше ұшақпен біртұтас организмге айналасың. Әрбір ұшу жаңа жауапкершілік жүктейді, – дейді Берікболсын Хабиболла. Оның кәсіби жолы тек оқу-жаттығулармен шектелмеген. Түркия мен Сирияда болған жер…

Толық оқу
Газдандыру

Газдандыру Қазақстанның энергетикалық инфрақұрылымын дамытудағы негізгі бағыттың бірі. Бүгінгі күні еліміз бойынша 13 миллионға жуық тұрғын көгілдір отынның игілігін көріп отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. 2026 жылдың қорытындысы бойынша, газдандыру деңгейі 64,3 пайызға жетеді деп күтілуде. Бұл көрсеткіш өткен жылғы нәтижемен салыстырғанда (62,4%) айтарлықтай өсімге ие. 2025 жылы 94 ауылға табиғи газ тартылып, 354 мың тұрғынның тұрмысы жақсарды. Биыл тағы 40 газдандыру жобасы жоспарланған. Оның нәтижесінде он ауылдың 32 мыңнан астам тұрғыны көгілдір отынға қол жеткізеді. Бұл жобалар Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Ұлытау және Жетісу өңірлерінде жүзеге асырылады. Астананы газбен қамту мәселесіне де ерекше назар аударылып…

Толық оқу
скарпион жұлдыз жорамал

20 ақпанға арналған күннің ұсыныстары мен барлық жұлдыз белгісіне қатысты астрологиялық болжамды шетелдік мамандар әзірледі, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл күннің басты сипаты эмоциялық айқындық пен ішкі тұрақтылық. Баяу болса да сенімді әрекет еткендер жетістікке жетеді. Экономик Таймс астрологтарының айтуынша, интуиция мен практиканы ұштастырған жөн. Асығыстық пен артық күйгелектіктен аулақ болған дұрыс. Тоқты Істе серіктестеріңізге арқа сүйеген дұрыс. Жалғыз әрекет еткеннен гөрі ынтымақтастық арқылы жеңіске жетесіз. Торпақ Қаржыға қатысты мәселелер шыдамдылық пен сабырлылықты талап етеді. Асығыс шешімнің орнына тұрақтылық маңыздырақ. Егіздер Ұзақ күткен хабар жетіп, жағдай айқындалады. Маңызды әңгіме өрбуі мүмкін. Шаян Эмоция басым түседі. Бұл сәтті жақындарыңызды тереңірек түсінуге, қарым-қатынасты…

Толық оқу
жаңбыр ауа арайы құс

Қазақстанның оңтүстігінде 20 ақпан күні ауа райы күрт құбылады. Кейбір аудандарда жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болады, кей жерлерде жауын қатты жауады, сонымен қатар ауа температурасы айтарлықтай төмендейді, деп жазады Ertenmedia.kz. Астанада күн құбылмалы болғанымен, жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы түнде 2-7, күндіз 9-14 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 8-10 градус аяз шамасында. Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Батыстан басталып, шығысқа ауысатын желдің екпіні 3-8 м/с болады. Түнде 4-6 градус жылы болса, күндіз 12-14 градусқа дейін жылиды. Шымкентте күн райы құбылмалы, жауын-шашынсыз өтеді. Түнгі және таңғы уақытта тұман басуы ықтимал.…

Толық оқу
Аида Балаева

Алматы облысындағы «Фирма-Бент» зауытында Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Жалпыұлттық коалиция мүшелерінің еңбек ұжымымен кездесуі өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиын жаңа Конституция жобасы мен 15 наурызға белгіленген республикалық референдумға арналды. Шараға Мәжіліс депутаттары Мақсат Толықбай, Жанарбек Әшімжанов, Сергей Пономарев, қоғамдық институт өкілдері, білім беру саласының мамандары және жастар ұйымдарының белсенділері қатысты. Аида Балаеваның айтуынша, Коалиция мүшелері еңбек ұжымдарына арнайы барып, жаңа Конституция жобасын азаматтармен тікелей талқылауда. Құжат әділеттілік пен қоғамдағы ашық ережелерге деген сұранысты ескере отырып, азаматтардың мүддесін қорғауға бағытталған. – Жаңа Конституцияны халықтық деп атауға толық негіз бар. Себебі құжатты заңгерлер, депутаттар мен сарапшылардан…

Толық оқу
референдум Жиналыс

Қонаев қаласының Мәдениет үйінде жаңа Конституция жобасы мен 15 наурызға жоспарланған республикалық референдумды талқылауға арналған жалпыұлттық коалицияның кездесуі өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиынға Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева төрағалық етті. Сонымен қатар Мәжіліс депутаттары Мақсат Толықбай, Жанарбек Әшімжанов, Сергей Пономарев, қоғамдық институт өкілдері, әлеуметтік сала мамандары мен жастар ұйымдарының белсенділері қатысты. Кездесу барысында Аида Балаева ұсынылған Конституция жобасының негізгі мақсаты азаматтардың мүддесін қорғап, елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету екенін атап өтті. – Жаңа Конституцияның Преамбуласында алғаш рет адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің басты басымдығы ретінде бекітілген. Мемлекет енді азамат үшін қызмет етеді дегенді білдіреді. Сонымен қатар,…

Толық оқу