Автор: Лейла Болтаева

Қзақ күресі сумо Ерсін Балтағұл

Жапонияда ел намысын қорғап жүрген кәсіпқой сумошы Ерсін Балтағұл қазақстандық спортшылармен және жас балуандармен жүздесті, деп жазады Ertenmedia.kz. Кездесу ұлттық күрес пен халықаралық тәжірибенің сабақтастығын айқындаған мазмұнды диалог алаңына айналды. Жиынға қазақ күресінің түйе балуандары, Qazaqstan Barysy турнирінің жеңімпаз-жүлдегерлері Бейбіт Ыстыбаев, Руслан Әбдіразақов, Мұхит Тұрсынов, Ерасыл Қажыбаев, сондай-ақ Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев бастаған дзюдо құрамасының өкілдері қатысты. Әртүрлі мектептен шыққан балуандардың бас қосуы күрес мәдениетінің ортақ негізін талқылауға мүмкіндік берді. Шара барысында жас спортшылар төл күрестің әдіс-тәсілдерін көрсетіп, сумо мен қазақ күресінің техникалық ұқсастықтарын паш етті. Ерсін Балтағұл сумода жиі қолданатын айла-тәсілдерін таныстырып, дайындық процесі, рингтегі психологиялық тұрақтылық…

Толық оқу
Бибісара Асаубаева

Шахматшы қызымыз Бибісара Асаубаева әлемнің 12-чемпионы Александра Костенюкті жеңіп, ірі турнирде маңызды жеңіске қол жеткізді, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл нәтиже оған 2027 жылы Вайсенхауста өтетін Фристайл-шахмат бойынша әлем чемпионатына қатысуға жолдама берді. Кез келген қарсыласты ұту спортшы үшін үлкен қуаныш. Ал әлем чемпионы атанған тәжірибелі гроссмейстерді тізе бүктіру кәсіби деңгейдің айқын көрсеткіші. Александра Костенюк әлемдік шахмат элитасындағы беделді есімдердің бірі. Сондықтан бұл партия тек турнирлік ұпай ғана емес, Бибісараның тактикалық ойлау жүйесі мен психологиялық тұрақтылығын дәлелдеген матч болды. Фристайл-шахмат форматы классикалық дебюттік дайындыққа емес, таза шығармашылық ойлауға сүйенеді. Мұндай форматта импровизация, позициялық сезім және уақытты тиімді пайдалану шешуші рөл атқарады.…

Толық оқу
Сабыржан Махметов

Сабыржан Махметовтің дүниеден озғаны туралы суық хабар бүгін спорт қоғамына жетті, деп жазады Ertenmedia.kz. Ол елге кеңінен танымал спортшы, шығыс жекпе-жегі саласының хас шебері, “Жекпе-жек” федерациясының негізін қалаушы әрі президенті ретінде қазақ жастарына ержүректілік пен төзімділікті тәрбиелеуде айрықша үлес қосқан тұлға еді. Сабыржан Махметов спортқа бала күннен бері берілген жан болды. Жекпе-жек өнерін жаны тоқтатқан ешбір нәрсемен салыстыру қиын оның бұл өнерге деген құштарлығы сан алуан белестерден өткен еңбек пен қажырлы тәртіптің ұштасуы еді. Спорттық мансабында Сабыржан жанкешті пәлсапа мен айқас тактикасын үйлестіре білді. Ол өзін тек күш пен төзімділік тұрғысынан ғана көрсетіп қойған жоқ, сонымен бірге рухани жинақтылық пен…

Толық оқу
Duonychus динозавр

Моңғолияның Гоби шөлінде су құбырын тарту кезінде табылған қазба қалдықтары динозаврлар әлеміндегі ең тосын өкілдердің бірін анықтады, деп жазады Ertenmedia.kz. Ғалымдар оған Duonychus tsogtbaatari деген атау берген. Ерекшелігі екі саусақты қолы және әрқайсысы шамамен 30 сантиметрге жететін иілген, өткір тырнақтары бар. Зерттеушілердің мәліметінше, Duonychus шамамен 3 метрге жуық ұзындықта, салмағы 260 келі шамасында болған. Ол 90-95 миллион жыл бұрын, Бор кезеңінде өмір сүрген. Табылған дара толық жетілмеген деп есептеледі. Duonychus теризинозаврлар деп аталатын біршама оғаш көрінетін топтың орташа көлемдегі өкілі. Бұл топқа жататын динозаврлар дене бітімі жағынан өзгеше болған: жуан дене, ұзын мойын, шағын бас, екі аяқпен жүру, денесін қауырсын…

Толық оқу
Ләйлә Сұлтанқызы

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы өміріне «аскеза» енгізу арқылы айтарлықтай өзгеріс болғанын айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Өз кезегінде танымал тележүргізуші өзін-өзі шектеу тетігі тек салмақ тастауға емес, ішкі тәртіп пен сенімді қалыптастыру керектігін алға тартты.  Тәттіден, газдалған сусыннан бас тартқан, жаяу жүруді көбейткен, ойлау мәдениетіне назар аударып, ұйқы режимін тұрақтандырған. Мұндай қадам денсаулық тренді ретінде емес, жеке мақсатқа байланған ішкі келісім форматына құрылған. Өз сөзінде ол өзін «келісімшартқа отырған адамдай» сезінгенін айтады. Егер тәртіп бұзылса, ниет орындалмайды деген психологиялық тосқауыл орнатқан. Сол шектеу миға сигнал беріп, өзін-өзі бақылау механизмін күшейткен. Сұлтанқызы мұндай аскетикалық тәртіп ерік-жігері әлсіз адамдарға өзін жинақтауға көмектесетінін алға…

Толық оқу
Алматы қаласы қар жауды

16 ақпан, дүйсенбі күні ел аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, деп жазады Ertenmedia.kz. Елдің басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі жаңбыр мен қар аралас түседі. Солтүстік-батыста түнде қалың қар жаууы ықтимал, ал оңтүстікте күндіз нөсер жаңбыр болжанып отыр. Тек шығыста антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшеюі мүмкін. Үш қаладағы ауа райы мынадай. Астанада құбылмалы бұлтты болады. Күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, төменгі боран және көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысады: түнде 2–7 м/с, күндіз 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде –10–12°С, күндіз 0–2°С шамасында.…

Толық оқу
Эльдар Жақыпбеков

Қырғызстанда күштік құрылымдар ішіндегі кадрлық өзгерістер үдей түсті, деп жазады Ertenmedia.kz. Бішкек қаласы бойынша Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті бас басқармасының бұрынғы жетекшісі Эльдар Жақыпбеков қамауға алынып, астаналық ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оны Әскери прокуратура тергеп жатқан іс аясында ұстаған. Қылмыстық істің мазмұны әзірге жарияланған жоқ. 14 ақпанда Бішкек қаласы бойынша ҰҚМК бас басқармасының жаңа басшысы болып Ұлан Бийбосунов тағайындалғаны белгілі болды. Оған дейін Жақыпбеков кадрлық резервте тұрған. Айта кетерлігі, оның ұсталғаны жөніндегі ақпарат 10 ақпанда тарағанымен, сол кезде ҰҚМК ресми түрде жоққа шығарған еді. Саяси кеңістіктегі кадрлық ротация тек бір қызметкермен шектелмей отыр. Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің…

Толық оқу
Жұлдыз жорамал егіздер

Бүгінгі күн әдеттегі тірлікке, жоспарланған жұмыстарды жүйелеуге қолайлы. Артық жүктемеден аулақ болып, денсаулыққа көңіл бөлсеңіз, нәтижесі көңілден шығады, деп жазады Ertenmedia.kz. Тоқты белгісіндегілер үшін ірі шығыннан сақтанған жөн. Егер қаржы алдын ала жоспарланып, қаражат бөлек жиналмаса, тәуекелге бармаңыз. Кешкі уақыт романтикалық кездесу үшін сәтті. Торпақтарға тосын жағдайлар туындауы ықтимал. Эмоцияны бақылауда ұстап, сабыр сақтаңыз. Күннің екінші жартысында батылдықты талап ететін әңгіме болуы мүмкін. Егіздер махаббат сезімін бір көргеннен бастан кешуі ықтимал. Алайда әсерге еріп кетпей, сенім мәселесін саралаған дұрыс. Кешке қарызға ақша бермеген жөн. Шаяндар үшін жаңа бастамаға қолайлы кезең. Бұрыннан ойда жүрген жобаны қолға алу мотивацияны арттырады. Кіші қадамдардың өзі ішкі…

Толық оқу
Дархан Сатыбалды

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары кезінде қаладағы бірқатар инвестициялық жобаның жүзеге асу барысын бағамдады, деп жазады Ertenmedia.kz. Алатау ауданының Көкқайнар шағынауданында салынып жатқан «А» санатындағы қойма кешені – соның бірі. Жалпы аумағы 46 500 шаршы метрді құрайтын логистикалық нысанның құрылысы наурыз айында аяқталмақ. Электрондық коммерция қарқын алған кезеңде мұндай инфрақұрылымдық жобалар мегаполистің тарату тізбегін күшейтіп, жеткізу жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді. Сарапшылар қойма сегментіндегі сапалы алаңдардың тапшылығы шағын және орта бизнеске қосымша шығын жүктейтінін айтып келеді. Сондықтан «А» санатындағы кешен іске қосылғанда логистикалық экожүйе жаңа деңгейге көтеріледі деген күтілім бар. Қала басшысы Индустриялық аймаққа да барып, «Telli Ondiris» тұрмыстық химия…

Толық оқу
Burger King

Burger King аутизмі бар аспаз жігітті жұмыстан шығарып жіберді, деп жазады Ertenmedia.kz. Оқиғаға қатысты Әлібек Қаратайдың анасы Жанат Қаратай әлеуметтік желі арқылы көпшіліктен қолдау сұрап, жағдайдың жай-жапсарын баяндады. Әлібек 27 жаста, аутизм диагнозы бар ерекше жан. Анасының айтуынша, ұлы екі жасқа толғанда-ақ ерекшелігін байқаған. Сол кездері елімізде аутизм туралы түсінік те, мамандар да тапшы еді. Жанат ханым сол кезде-ақ табысты ІТ-карьерасын құрбан етіп, ұлының реабилитациясына толығымен бет бұрған. Жылдар бойы тынымсыз еңбек, педагогикалық ізденіс өз нәтижесін берді. Әлібек Жүргенов атындағы колледжді аяқтап, мүсінші мамандығын алды, пластилиннен анимациялық мультфильмдер жасауға әуестенді. Бірақ ең үлкен жетістігі Burger King фаст-фуд желісінде аспаз болып…

Толық оқу