Автор: Лейла Болтаева

Есік қаласындағы №1 перинаталдық орталығы

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының денсаулық сақтау саласында маңызды өзгеріс орын алды. Есік қаласындағы №1 перинаталдық орталық енді жеке медициналық ұйым ретінде жұмыс істейтін болды, деп жазады Ertenmedia.kz. Осы уақытқа дейін орталық Еңбекшіқазақ көпсалалы орталық аудандық ауруханасының құрамында жұмыс істеп келген еді. Ал енді оның дербес мәртебеге ие болуы – аудандағы босандыру қызметін жетілдіру мен аймақтық денсаулық сақтау жүйесінде орталықтың институционалдық рөлін нығайту бағытындағы стратегиялық қадам. Жаңа мекеме басшысы болып тәжірибелі маман Дәурен Иманалиев тағайындалды. Оны ұжымға Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Әбілқасымұлы Сүлейменов арнайы таныстырды. Басқарма өкілдерінің айтуынша, бұл шешім ана мен бала денсаулығын қорғау, босандыру кезіндегі асқынулар…

Толық оқу
Түркістан аэропорты

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиында Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындаудың нақты жолдары талқыланды, деп жазады Ertenmedia.kz. Мәжіліске облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, аудан мен қала әкімдері, сондай-ақ аумақтық департаменттердің жетекшілері қатысты. Жиын барысында Президент жүктеген 7 негізгі бағыт: инфляцияны төмендету, жаңа Салық кодексін тиімді енгізу, цифрлық технологияларды кеңінен қолдану, инвестициялық белсенділікті арттыру, заманауи өнеркәсіпті дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, көлік логистикасын жетілдіру және энергетика тапшылығын азайту мәселелері кеңінен қаралды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров өңір басшыларына нақты міндеттер жүктеді: – Президент тапсырмаларын орындауда жүйелілік пен нәтижеге басымдық береміз. Барлық салада цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні кеңінен енгізуіміз…

Толық оқу
молекула

Ғылымда әдетте ДНҚ-ның аты жиі аталғанымен, өмірдің пайда болу тарихындағы негізгі кейіпкер – РНҚ молекулалары болуы мүмкін, деп жазады Ertenmedia.kz. Ғалымдар ұзақ уақыттан бері РНҚ молекулаларын өмірдің пайда болуындағы басты катализатор ретінде қарастырып келеді. Себебі олар бір мезгілде генетикалық ақпаратты сақтап әрі өздігінен көшірмесін жасай алатын қасиетке ие. Дегенмен бүгінге дейін зерттеушілер толықтай өз-өзін көшіре алатын РНҚ-ны анықтай алмай келген еді. Алайда Science журналында жарияланған жаңа зерттеу бұл бағытта үлкен қадам жасалғанын байқатты. Ғалымдар өз-өзінің айнадай көшірмесін жасап, сол арқылы қайтадан түпнұсқалық молекуланы синтездей алатын РНҚ молекулаларын жасап шығарған. Бұл жаңалықты ғалымдар үлкен жетістік деп бағалайды. «Бұл – өмірдің пайда…

Толық оқу
Аида Балаева

Бүгін Алматыда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қатысуымен «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесуі өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиынға Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов, Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» бірлестігінің президенті Рауан Кенжехан ұатысты. Бұдан басқа елге танымал мәдениет қайраткерлері, жоғары оқу орындарының профессорлары мен студенттер қатысты. Кездесу барысында Аида Балаева елімізде жүзеге асып жатқан саяси реформалар мен жаңа Конституция жобасының маңыздылығына тоқталды. Вице-премьер Президент бастамасымен қолға алынған жаңа өзгерістердің негізгі мақсаты – әділеттілік, заң үстемдігі мен тәртіпті қамтамасыз ету арқылы Қазақстанның жаңа…

Толық оқу
BMW компаниясы

BMW компаниясы әлем бойынша жүздеген мың көлігін техникалық ақауға байланысты кері қайтарып жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Немістің әйгілі автоконцерні көлік қозғалтқышын іске қосу жүйесіндегі ақау салдарынан өрт шығу қаупі туындағанын мәлімдеді. Ақау 2020 жылдың шілдесінен 2022 жылдың шілдесіне дейін шығарылған көліктерге қатысты болып тұр. Германияның өзінде 28 582 автокөлік кері қайтарылмақ. Жалпы әлем бойынша бұл кампания аясында шамамен 575 мың көлік шақыртылуы мүмкін деген ақпарат бар. Дегенмен, BMW басшылығы нақты санын және науқанға жұмсалатын қаржы көлемін жариялаған жоқ. Компания өкілдерінің айтуынша, қозғалтқышты іске қосу жүйесіндегі соленоидты түйінде ұзақ уақыт пайдаланудан кейін шамадан тыс тозу пайда болады. Бұл қозғалтқыштың іске қосылуын қиындатады…

Толық оқу
Нәрәлі Әлиев

Нұрәлі Әлиевтің соңғы мәлімдемелері әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазақстандағы активтерін сатып, Дубайға қоныс аударған Назарбаев әулетінің өкілі кейінгі уақытта философиялық әрі мистикалық сипаттағы ойларымен жұрт назарын аударып отыр. Нұрәлі Әлиев жариялаған жазбаларында «матрица», «шифт», «адамзатты басқаратын бағдарлама» секілді терминдерді жиі қолданады. Көпшілік үшін бұл ұғымдар күнделікті өмірден алыс, тылсымға жақын көрінеді. Сол себепті желідегі аудитория оның сөздерін әртүрлі қабылдауда. Бір топ қолданушы оны рухани ізденіске бет бұрған, өмірдің терең мәнін іздеп жүрген адам ретінде бағаласа, енді бірі бұл мәлімдемелерді оғаш әрі алаңдатарлық құбылыс деп санайды. «Миллиондары бар адам ерте ме, кеш пе, өмірдің мәнін іздейді» деген…

Толық оқу
Қамшыбек Ташиев

Қырғызстанның саяси алаңында тосыннан басталып кеткен тартыстың түйіні шешілер емес, деп жазады Ertenmedia.kz. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Қамшыбек Тәшиев 13 ақпан күні таң ата Бішкектегі «Манас» әуежайына қонып, ешкіммен тілдеспестен көлікке отырып, белгісіз бағытқа кетті. Бұған дейін Германияда емделіп жатқан саясаткердің елге оралуы оның командасының да, билік өкілдерінің де арасында үлкен сұрақ тудырып отыр. Қырғыз президенті Садыр Жапаровтың Қамшыбек Тәшиевті ҰҚК төрағалығынан алып тастауы күтпеген шешім болып көрінгенімен, мұның астарында күрделі саяси ойын жатқаны анық. Мемлекет басшысы бұл әрекетін «мемлекеттің бірлігін нығайту және биліктегі алауыздықты болдырмау үшін қабылданған шешім» деп түсіндіргенімен, іс жүзінде оның сөзі шындыққа мүлдем жанаспайды. Тіпті…

Толық оқу
Фрагменттер

АҚШ-тың Орегон штатындағы үңгірлерден адамзат тарихындағы ең көне тігіліп тігілген киім бөлшектері табылды. Бұл жәдігерлер ежелгі адамдардың өмір сүру дағдысы туралы түсініктерді түбірімен өзгертуі мүмкін, деп жазады Ertenmedia.kz. Америкалық ғалымдар Орегонның Үлкен бассейн аймағындағы Кугар-Маунтин үңгірінен жануарлар терісінен тігіліп жасалған киімдердің фрагменттерін тапқан. Бұл жәдігерлер шамамен 12 мың жыл бұрын, яғни соңғы мұз дәуірінің аяқталу кезеңіне тиесілі екені анықталды. Демек, Солтүстік Америкада адамдар жануарлар терісінен киім тігіп, өсімдіктер мен ағаштан бұйымдар жасауда едәуір дамыған технологияларды меңгерген болып шықты. Бұл Мысырдағы Ұлы пирамидалар салынған кезеңнен мыңдаған жыл бұрын болған оқиға. Осыған дейінгі зерттеулер бойынша, қазіргі АҚШ аумағында өмір сүрген ежелгі адамдар…

Толық оқу
Жұлдыз жорамал

Жұлдыз жорамал бүгін көптеген белгілер үшін жағымды әрі табысты күн болатынын айтады. Біреулер бұрыннан кейінге қалдырған шаруаларын тезірек шешсе, енді біреулер күтпеген әрі қызықты кездесулерге тап болады. Әсіресе, шығармашылықпен айналысатындар мен қарым-қатынас орнатуда белсенділік танытқандар үлкен жетістікке жетуі ықтимал, деп жазады Ertenmedia.kz. Тоқты Бұл күн сізге күш-қуат береді. Бұрыннан кейінге қалдырып жүрген істеріңізді қолға алуға қолайлы уақыт. Ойда жоқта келген идеялар сіз күтпеген нәтижелерге жеткізуі мүмкін. Торпақ Сізді үйіңізге немесе жеке жоспарларыңызға қатысты жағымды жаңалықтар күтіп тұр. Кешті жайлы жерде өткізгеніңіз жөн, бұл бойыңызға жаңа күш береді. Жұлдыздар сізді кездейсоқ жағымды кездесумен қуантады. Егіздер Бүгін сіздің басты артықшылығыңыз белсенді қарым-қатынас.…

Толық оқу
қалың қар тұман

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райының күрт бұзылуына байланысты тұрғындарға ескерту жарияланды, деп жазады Ertenmedia.kz. Синоптиктердің болжауынша, алдағы тәуліктерде республиканың басым бөлігінде тұман, көктайғақ және қатты жел күтілуде. Әсіресе Жамбыл, Алматы және Түркістан облыстарының таулы аймақтарында қалың қар жауып, су тасқыны қаупі де бар. Жамбыл облысының таулы аймақтарында түнгі уақытта қалың қар жауады. Тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні оңтүстік-батыс, солтүстік-шығыс пен таулы аймақтарда 15-20 м/с, кей жерлерде 23 м/с-ке дейін күшейеді. Тараз қаласында да тұман мен көктайғақ болады деп күтілуде. Сондай-ақ, 13-15 ақпан аралығында облыстың тау бөктеріндегі өзендерінде су деңгейі көтеріліп, елді мекендерді су басу қаупі бар.…

Толық оқу