Қазақстанның бірқатар өңірінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Антитеррорлық орталығы хабарлады, деп жазады Ertenmedia.kz. Ведомство мәліметінше, 5 маусым мен 30 маусым аралығында республика аумағында «Найза-Антитеррор-2026» атты антитеррорлық оқу-жаттығулары өтіп жатыр. Жаттығулар барысында кейбір аудандарда автокөлік қозғалысы уақытша шектелуі немесе арнайы қауіпсіздік шаралары енгізілуі мүмкін. Мұндай әрекеттер оқу-жаттығу сценарийлерін пысықтау және күштік құрылымдардың өзара іс-қимылын тексеру мақсатында жүзеге асырылады. Антитеррорлық орталық азаматтарды жүргізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауға шақырды. Сондай-ақ қауіпсіздік талаптарын сақтап, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындау қажеттігі ескертілді. ҰҚК өкілдері тұрғындарға ақпаратты тек ресми дереккөздерден алуға кеңес берді. Әсіресе әлеуметтік желілерде таралатын расталмаған…
Автор: Лейла Болтаева
Ақсуат ауданында дәстүрлі «Асыл бесік – Ақсуат» спорт және өнер фестивалінің алғашқы күні республикалық тоғызқұмалақ турнирімен ашылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Биылғы фестивальге еліміздің әр өңірінен жүздеген спортшы мен өнерпаз жиналды. «Туған жерге туыңды тік» ұранымен өтіп жатқан ауқымды шара ұлттық спортты, өнерді және туған жерге деген құрметті дәріптеуге бағытталған. Фестивальдің алғашқы күнінде тоғызқұмалақ шеберлері бақ сынады. Республикалық турнирге қатысушылар жоғары дайындық көрсетіп, ұлттық зияткерлік ойынның терең тактикалық мүмкіндігін танытты. Жарыс қорытындысы бойынша алматылық Елдар Дәкен 6 ұпай жинап, бас жүлдені жеңіп алды. Ол 1 миллион теңге көлеміндегі сыйақыға ие болды. Екінші орынды Қостанай облысының өкілі Айдын Жакиев, үшінші орынды Қызылорда…
Қазақстанда шикі мұнай арзандағанымен, жанармай өндірушілер бағасы керісінше өсті, деп жазады Ertenmedia.kz. Ұлттық статистика бюросының дерегіне сүйенсек, 2026 жылғы мамырда ел бойынша бір тонна шикі мұнайдың орташа бағасы 99,7 мың теңге болды. Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 2,2 пайызға төмен. Мұнай бағасы ең көп Ақтөбе облысында арзандаған. Онда бір тонна мұнай 113,5 мың теңгеге дейін төмендеп, жылдық төмендеу 4,8 пайызды құрады. Атырау облысында баға 3,6 пайызға, Қызылорда облысында 1 пайызға түскен. Алайда мұнайдың арзандауы жанармай бағасына әсер етпеді. Керісінше, өндірушілер бензин бағасын бір жылда 15,6 пайызға көтерді. Мамырда бір тонна бензиннің орташа бағасы 197,3 мың теңгеге жетті. Жазғы дизель отыны…
Қазақстан ғылым мен инновация саласында Еуропамен әріптестікті жаңа деңгейге көтеруге ниетті. Еліміз Еуропалық одақтың Horizon Europe бағдарламасына қауымдасқан ел мәртебесінде қосылуды жоспарлап отыр. Бұл – әлемдегі ең ірі ғылыми-инновациялық бағдарламалардың бірі. Оның жалпы бюджеті 175 млрд еуроны құрайды, деп жазады Ertenmedia.kz. Мұндай мүмкіндік Қазақстан университеттері мен ғылыми-зерттеу институттары үшін үлкен жол ашады. Егер ел аталған бағдарламаға толыққанды қатысушы ретінде қосылса, отандық ғалымдар еуропалық гранттарға, бірлескен зерттеу жобаларына және халықаралық ғылыми консорциумдарға тікелей қатыса алады. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, Қазақстанның мақсаты – Horizon Europe бағдарламасына толыққанды қатысушы ретінде кіру. – Біздің мақсатымыз Horizon Europe ғылыми қаржыландыру бағдарламасына…
Астанада «Әділет» партиясының Саяси кеңесінің отырысы өтіп, ұйымның алдағы даму бағыты, өңірлік құрылымдарды нығайту және партиялық жұмысты жетілдіру мәселелері талқыланды, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиын барысында партия төрағасы Айбек Дәдебай соңғы уақытта әділдік идеясына деген қоғамдық сұраныстың күшейіп келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, партияның құрылуы да қоғамдағы әділеттілікке деген ұмтылыс пен белсенді азаматтардың қолдауының нәтижесі болды. – Бүгінде әділдік идеясын қоғам барған сайын кеңінен қолдап келе жатқанын көріп отырмыз. Партия төңірегіне еңбек адамдары, кәсіби қауымдастық өкілдері, жастар мен қоғам қайраткерлері топтасып жатыр. Біздің басты міндетіміз – азаматтардың сенімін ақтау және нақты істер арқылы әділетті қоғам құруға үлес қосу, – деді…
Астанада балаларға арналған әскери-спорттық лагерьде қоршаған ортаны қорғау және табиғатқа құрметпен қарау тақырыбында экологиялық іс-шара өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Іс-шараға әскери сала өкілдері, алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдері және оқушылар қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, кездесудің негізгі мақсаты – жасөспірімдердің экологиялық мәдениетін қалыптастырумен қатар, олардың бойында отансүйгіштік, жауапкершілік және тәртіп дағдыларын дамыту. Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының директоры Ғинаят Сыздықовтың айтуынша, мұндай шаралар балаларға табиғатты қорғау ұғымын нақты әрекет арқылы түсіндіруге мүмкіндік береді. – Бүгінгі іс-шара балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және қоршаған ортаға ұқыпты қарау дағдыларын тәрбиелеуге бағытталды. Қатысушылар табиғи ресурстарды сақтаудың маңызын, экологиялық мінез-құлық қағидаларын және…
Астана қаласындағы №7 Балалар кітапханасында мектепке дейінгі жастағы бүлдіршіндерге арналған «Экология – табиғат жүрегі» атты ақпараттық сағат өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Іс-шара балалардың табиғатқа ұқыпты қарау дағдысын ерте жастан қалыптастыруға бағытталды. Кітапханаға жеке балабақша тәрбиеленушілері тәрбиешілерімен бірге келді. Олар тақырыптық әдебиеттермен танысып, экологиялық тәртіп ережелері туралы мәлімет алды. №7 Балалар кітапханасының қызметкері Кенжегүл Әбдікәрімованың айтуынша, мұндай кездесулер балаларға кітап арқылы қоршаған ортаны тануға мүмкіндік береді. – Бүгінгі қонақтарымыз жеке балабақшаға баратын қыздар мен ұлдар. Олар тәрбиешілерімен бірге кітапханаға жиі келіп, кітап оқуды үйренеді, сурет салады, ойын ойнайды. Ақпараттық сағат барысында балалар экологиялық тәртіп ережелері мен табиғи ресурстарды сақтау жолдары туралы…
Астанада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті тазалық жұмысы өтті. Іс-шара Алматы ауданы әкімдігі мен «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының бастамасымен Махтұмқұлы көшесі бойында ұйымдастырылды. Тазалық жұмысына белсенді жастар мен еріктілер қатысты, деп жазады Ertenmedia.kz. Қатысушылар көше бойы мен қоғамдық аумақтарды қоқыстан тазартып, елорданың санитарлық жағдайын жақсартуға үлес қосты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шараның мақсаты тек қоқыс жинау емес, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының өкілі Сұлтан Өмірғалиевтің айтуынша, қаланың тазалығы әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі саналады. Сондықтан сенбілік ерекше форматта өткізіліп, тазалық жұмысы ойын және танымдық әдістермен ұштастырылған. Оның сөзінше, мұндай тәсіл еріктілердің белсенділігін арттырып, жастардың қоршаған ортаға…
Италияның Болонья қаласында өткен World Dog Show 2026 дүниежүзілік көрмесі қазақы тазы үшін тарихи жетістікпен аяқталды. Әлемдік кинологиядағы ең беделді алаңдардың бірінде Қазақстанның ұлттық тұқымы жоғары бағаланып, халықаралық сарапшылардың назарын өзіне аударды, деп жазады Ertenmedia.kz. Биылғы көрме Қазақстан үшін ерекше маңызға ие болды. Өйткені 2024 жылы Халықаралық кинологиялық федерация (FCI) қазақы тазыны алдын ала мойындап, Қазақстанды тұқымның ресми шыққан елі ретінде бекіткен еді. Сондықтан Болоньядағы әрбір нәтиже қазақы тазының толық халықаралық мойындалуына апаратын жолдағы маңызды қадам саналады. Көрме аясында Қазақстан кинологтар одағы алғаш рет халықаралық сарапшылар алдында қазақы тазы туралы арнайы дәріс өткізді. Онда тұқымның тарихы, қазақ халқының мәдениетіндегі орны,…
Байбатшанов Мұхтар Қасенұлы Халықаралық ақпаранттандыру академиясының академигі. ҚР Ұлттық аграрлық ғылым академиясының корреспондент мүшесі. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты. Қауымдастырылған профессор. Бөдене құсын зерттеп Қазақстанда тұңғыш кандидаттық диссертация қорғаған — ғалым. 1977 жылы 26-желтоқсанда Алматы облысы Алакөл ауданы Екпінді ауылында дүниеге келген. 2005 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «Аңшылықтану және аң шаруашылығы» мамандығы бойынша үздік дипломмен тәмамдаған (осы мамандықтан қазақ тобында бірінші қызыл диплом алған қазақ). 2005 жылы қыркүйек-желтоқсан айларында Қазақ ұлттық аграрлық университеттің физиология және морфология кафедрасының ассистенті. 2005-2008 жылдары 3-жылдық күндізгі бөлімде аспирантурада оқыған. 2008 жылы 12-желтоқсанда «Жергілікті бөдене популяциясының өнімділік қасиеттері» тақырыбындағы кандидаттық диссертация қорғаған. Қазақстан Республикасы Ғылым…










