Автор: Лейла Болтаева

Алтынбек Сәрсенбаев

Қазақстандағы ауыр әрі қайғылы оқиғалардың басым бөлігі күз бен қысқа дөп келіп отырған. «Әсіресе қараша мен желтоқсанның суық күндерінде жанымызды жаралаған оқиғалар жиі қайталанады», дейді Болат Әбілов. 2005 жылдың қараша айында белгілі саясаткер Заманбек Нұрқаділов өз үйінде белгісіз жағдайда өлтірілді. Оның қазасына себеп болған қылмыскерлер мен тапсырыс берушілер әлі күнге дейін табылмады. Желтоқсан айы да еліміз үшін ауыр кезең. 1986 жылғы Алматыдағы жастар көтерілісі, 2011 жылғы 16–17 желтоқсандағы Жаңаөзендегі қайғылы оқиға осының дәлелі, деп жазады Ertenmedia.kz. Қаңтар мен ақпан да жүректі сыздатар қасіретті айлар. 2022 жылдың қаңтарында болған қантөгіс, ал 2006 жылдың ақпанында көрнекті саясаткер, «Ақ жол» партиясының тең төрағасы…

Толық оқу
Артем Примак

Танымал шоумен мен диджей Air Astana ұшағының кешігуіне байланысты Астанада жоспарланған іс-шараға қатыса алмай қалды. Артынша сотқа жүгінуге мәжбүр болған, деп жазады Ertenmedia.kz. Осылайша шоумен мен диджей азуын айға білеген әуе компаниясынан сот арқылы 2 миллион теңгеден астам өтемақы өндіріп алды. Осы жайттан елімізде азаматтардың құқықтық сауатының артқанын көрсетеді. 2024 жылы шоумен Артем Примак пен диджей Ян Пинчук Грузиядан Астанаға арнайы іс-шараға шақырылып, мейрамхана алдында келісімшартқа қол қойған. Бірақ Air Astana рейсті бір тәулікке кешіктіріп, екеуі Астанаға уақтылы жете алмай, іс-шараға қатыса алмаған. Нәтижесінде екеуі ұйымдастырушыларға айыппұл ретінде миллион теңгеден астам қаржы төлеп, кейін сотқа жүгініп, бұл шығындарын Air Astana компаниясынан…

Толық оқу
Қар тазалау Абай облысы

Абай облысында қар тазалау жұмыстары тәулік бойы жалғасуда. Коммуналдық қызметтер мен жол тазалау мекемелері елді мекендер мен автокөлік жолдарында күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Бесқарағай ауданында жыл басынан бері 10 780 текше метр қар шығарылған. Аудан орталығындағы 42 көшені қардан тазалауға 4 арнайы техника мен 8 жұмысшы жұмылдырылды. Сонымен қатар, 158 су өткізу құрылымының су ағарлары тазартылып, су тасқынына қарсы 6 200 қап дайындалды. Көкпекті ауданында биылғы қардың қалыңдығы әдеттегіден әлдеқайда көп. «Қазгидромет» мәліметінше, қар қалыңдығы 60 сантиметр, жердің қату тереңдігі 98 сантиметрге жеткен. Аудан аумағындағы 500,6 шақырым жолды тазалауға 17 арнайы техника жұмысқа кіріскен. Осы уақытқа…

Толық оқу
Отбасы банк

Қазақстанда 2026 жылдың наурызынан бастап тұрғын үй жинақтарының жаңа жүйесі іске қосылады. Енді баспана алуға арналған арнайы депозиттерді тек «Отбасы банкінен» емес, екінші деңгейлі коммерциялық банктерден де ашуға мүмкіндік туады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Осы жылдың 16 қаңтарында президент Тоқаев тиісті заңға қол қойды. Жаңа ережелер 19 наурызда күшіне енеді. Бұған дейін тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінде халық қаражатын жинақтау, мемлекеттік сыйақы алу және тұрғын үй займдарын рәсімдеу мүмкіндігі «Отбасы банкінің» құзырында болатын. Енді дәл сондай қызметті екінші деңгейлі коммерциялық банктер де көрсете алады. Оларға бөлек лицензия алудың қажеті жоқ. Бұдан сіз бен бізге қандай пайда? Қаржы нарығын реттеу агенттігінің мәліметінше,…

Толық оқу
Дәрігерлер

Денсаулық сақтау министрлігі жұмыс берушілер 2026-2028 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік әріптестік туралы салалық келісімге қол қойды, деп жазады Ertenmedia.kz. Құжат медицина қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалуын күшейтуге, кадрлық әлеуетті дамытуға және әлеуметтік әріптестікті нығайтуға бағытталған. Келісімге AQNIET, SENIM, QazMed кәсіподақтарының және РҚБ «Қазақстандық медициналық ұйымдар альянсының» басшылары қол қойды. Жаңа келісім еңбекпен қамту, жалақы төлеу, әлеуметтік кепілдіктер, еңбек қауіпсіздігі және еңбек дауларын алдын алу мәселелерін қамтиды. Құжаттағы маңызды жаңалықтардың бірі медицина қызметкерлерінің жұмыс пен жеке өмір арасындағы теңгерімді сақтау құқығы. Құжатқа сәйкес, қызметкер жұмыс уақытынан тыс кезде міндеттерді орындауға тек төтенше жағдайлар, кезекшілік немесе заңда көрсетілген басқа да жағдайларда ғана тартылуы…

Толық оқу
Жұлдыз жорамал

11 ақпан күнгі жұлдыздар сізге маңызды ескертулер жасап отыр. Бүгін қаржы, денсаулық, мансап пен жеке қарым-қатынаста ерекше сақ болыңыз. Әрбір қадамды ойланып басып, кез келген шешімді мұқият қабылдаңыз. Себебі, бүгінгі күннің басты қаруы қырағылық пен сақтық, деп жазады Ertenmedia.kz. Тоқты Бүгін айналаңыздағы адамдардың ниетіне мұқият болыңыз. Сіздің жоспарларыңызды бәсекелестерге біреу әдейі жеткізуі мүмкін. Враг алыстан емес – сіздің шаруаларыңызға тым белсенді араласатын адам. Сіздің үнсіздігіңіз – бүгінгі күннің ең бағалы активі. Торпақ Онлайн-банкіңіздің балансын емес, шығыс тарихын тексеріңіз. Бүгін байқамай төлеп жүрген қосымша қызмет немесе сақтандыру анықталуы мүмкін. Түске дейін бұл төлемді тоқтатсаңыз, жұма күні қаржыңыз жаңа арнамен құйыла бастайды.…

Толық оқу
ауа райы аяз боран

11 ақпан, сейсенбі күні еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей өңірлерде қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ сақталады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Астанада көшпелі бұлт шығып, кейде аздап қар жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде -16…-18, күндіз -4…-6 градус аязды көрсетеді. Алматыда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, бірақ түнде және таңертең тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Түнде -10…-12 градус суық болса, күндіз 0…+2 градус жылылық байқалады. Шымкентте күн бұлтты болып, жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Сонымен қатар тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Түнде -2…-4 градус аяз, күндіз 0…+2 градус жылы. Түркістанда да дәл осындай ауа райы сақталып, түнде -3…-5…

Толық оқу
Алма жапырағы

Таз қотыр (парша) алма ағаштарына жиі зиян келтіретін аурулардың бірі. Бұл аурумен күресудегі ең тиімді әдіс – алдын алу шараларын уақтылы жүргізу. Ағаштарға дұрыс күтім жасау арқылы аурудың таралуына жол бермеуге болады, деп жазады Ertenmedia.kz. Алма ағашын аурудан қорғау жұмыстарын ерте көктемде бастаған жөн. Ол үшін ағаш бүршіктенбей тұрып, фунгицидтермен міндетті түрде өңдеу қажет. Бұл ағашта аурудың алғашқы белгілерінің пайда болуына тосқауыл қойып, ағаштың жыл бойы сау өсуіне мүмкіндік береді. Өсімдік қалдықтарын жинау. Жерге түскен жапырақтар мен жемістер – инфекцияның негізгі көзі. Сондықтан оларды дереу жинап, бақтан алыстатқан дұрыс. Жер бетінде қалған қалдықтарда аурудың споралары қыстап шығады. Ағаштарды санитарлық кесу.…

Толық оқу
топырақты құнарландыру

Топырақтың құнарын қалпына келтірудің басты жолы тыңайтқыштарды дұрыс пайдалану. Олар жерге дәрумен секілді әсер етіп, өнімділігін еселеп арттырады. Бірақ тыңайтқыштардың қай түрін қашан, қалай қолдану керектігін нақты білмесе, топыраққа пайдасынан зияны көп болуы мүмкін, деп жазады Ertenmedia.kz. Органикалық тыңайтқыштардың артықшылығы олар топырақты тек қоректендіріп қоймай, оның құрылымын жақсартады. Малдың қиы, компост немесе қарашірік азот, фосфор, калий сияқты өсімдікке қажет барлық элементтерге бай. Мысалы, тауық саңғырығы – өте күшті әрі пайдалы тыңайтқыш, дегенмен оны дұрыс мөлшерлемесе, топырақты «артық тамақтандыру» қаупі бар. Минералды тыңайтқыштардың да маңызы зор. Егер топырақтың құнары күрт төмендесе, минералды препараттар жылдам көмектеседі. Әсіресе азот, калий мен фосфордың жоғары…

Толық оқу
Асхат Бердіханов

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Қонаев қаласындағы коммуналдық жағажайлар кезең-кезеңімен абаттандырылып, туристер мен тұрғындарға жайлы демалыс орындарына айналады, деп жазады Ertenmedia.kz. Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов №6 және №7 жағажай аумақтары мен Алматы демалыс аймағында болып, жобалау жұмыстарымен танысты. Әкім жобаны дайындаушылармен бірге жағажайларды абаттандыру жоспарын талқылап, бірқатар нақты ұсыныстар мен өзгерістер енгізді. Қала басшысы алдымен жаяу жүргіншілерге арналған тротуарларды бұзбай, керісінше сақтай отырып, жөндеу жұмыстарын жүргізу керектігін атап өтті. Сонымен қатар, жағажайларды көгалдандыру ісінде Алматыдағы Ботаникалық бақтың мамандарымен бірлесіп әрекет ету қажеттігін ескертті. – Құмды аумақта кез келген ағаш пен бұта жерсіне бермейді. Сондықтан мамандармен ақылдасып, жергілікті табиғи…

Толық оқу