2026 жылдың наурыз айы қазақстандықтар үшін ерекше жомарт болып, бірнеше ұзақ демалыс күндерін сыйлайды, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл айда елімізде бірден екі мемлекеттік мереке атап өтіледі. Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамы. Мерекелік күндердің демалыстармен сәйкес келуіне байланысты азаматтар айдың жартысына жуығын демалып өткізеді. Наурыздағы жұмыс және демалыс күндері қалай белгіленген? 2026 жылдың наурызы демалыс күндеріне ең бай айлардың бірі болады. Нақтырақ айтсақ: Бес күндік жұмыс аптасында: 13 күн демалыс және 18 жұмыс күні. Алты күндік жұмыс аптасында: 9 күн демалыс және 22 жұмыс күні. 8 Наурыз мерекесіндегі демалыс кестесі: Халықаралық әйелдер күні жексенбіге түсіп тұр. Сондықтан демалыс күнін ауыстыру…
Автор: Лейла Болтаева
Кофе ішу гипертонияның (жоғары қан қысымы) пайда болу қаупін арттырмайды. Ғалымдар 315 мыңнан астам адамның қатысуымен өткен 13 зерттеудің нәтижесін талдап, осы қорытындыға келді, деп жазады Ertenmedia.kz. Зерттеу туралы The Conversation басылымы хабарлады. Талдау нәтижесінде бір шыны кофе ішкеннен кейін систолалық қысым орта есеппен 3-15 мм сынап бағанына көтерілген. Ал диастолалық қысым 4-13 мм сынап бағанына уақытша көтерілуі мүмкін екендігі анықталды. Ал бұрыннан гипертониямен ауыратын адамдарда бұл көрсеткіштер одан да жоғары болуы мүмкін. Дегенмен ғалымдар қысымның мұндай қысқа мерзімді көтерілуі кофеден мүлдем бас тартуға себеп емес дейді. «Жынысы, ішу жиілігі, кофеиннің болуы және зерттеу ұзақтығы секілді факторларға қарамастан, кофе тұтыну…
Қазақстан Халық партиясы еліміздің барлық аймақтарында жаңа Конституцияның жобасын талқылау мен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, деп жазады Ertenmedia.kz. Абай облысы Ақсуат ауданындағы партия өкілдігінің басшысы Қайрат Қайырбаев жергілікті партия белсенділерімен «Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық тірегі» тақырыбында пікірталас өткізді. – Іс-шараның басты мақсаты – Конституциялық реформаның маңыздылығын түсіндіру, құқықтық мемлекет құрудағы негізгі бағыттарды талқылау және осы мәселедегі партия ұстанымын жеткізу, – деп атап өтті жиын ұйымдастырушылары. Пікірталас барысында жаңа Конституцияның еліміздің саяси жүйесін дамытудағы рөлі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтудағы маңызы, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудегі орны сарапқа салынды. Қатысушылар реформаның ел дамуына тигізер оң ықпалын атап өтіп, қоғамда «Әділетті Қазақстанды» қалыптастырудың…
Таңғы ас кезінде тәтті және майлы тағамдарды тұтыну когнитивтік қызмет пен таңғы сергектік деңгейіне кері әсер етеді. Мұндай қорытындыға Жапониядағы Хего университетінің ғалымдары келді, деп жазады Ertenmedia.kz. Зерттеу нәтижелері Food and Humanity ғылыми журналында жарияланды. Ғалымдардың пікірінше, күнді тәтті тоқаштармен және құрамында қанты көп сусындармен бастау зейіннің шоғырлануын төмендетіп, мидың тиімді жұмыс істеуіне кедергі келтіреді. Ғылыми топ таңғы астың құрамының вегетативті жүйке жүйесіне қалай әсер ететінін зерттеген. Бұл жүйе ағзадағы еріксіз процестерді басқарады: оның симпатикалық бөлігі сергектік пен әрекетке дайындыққа жауап берсе, парасимпатикалық бөлігі босаңсу мен тынығу режиміне жауап береді. Экспериментке 13 сау студент қыз қатысқан. Олар екі түрлі таңғы…
Энергетика министрлігі 2030 жылға дейінгі көмір генерациясын дамытудың ұлттық жоспарын таныстырды, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл құжат Қазақстандағы энергетика тапшылығын жойып, ескірген инфрақұрылымды жаңғырту үшін әзірленіп жатыр. Ұлттық жобаның жалпы құны 8 трлн теңгеден асады деп бағаланған. Жоспар елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін кешенді шараларды қамтиды. Жобаның тұсаукесерінде сөйлеген Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мұның теңдестірілген тәсіл екенін айтты. – Ұлттық жоба инвестиция тартудан бастап, отын-логистикалық инфрақұрылымды жаңғыртуға және кадрлық әлеуетті күшейтуге дейінгі мәселелерді қамтиды. Осындай жүйелі әдіс экономикаға мультипликативтік әсер беріп, елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етеді, – деді министр. Жоспар аясында алты ірі энергетикалық нысан салынады. Атап айтқанда, Екібастұзда үшінші мемлекеттік аудандық…
2025 жыл жаһандық алтын нарығы үшін тарихта бұрын-соңды болмаған нәтижемен аяқталды. Әлемдік алтынға сұраныс рекордтық деңгейге 5002 тоннаға жетті, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл нарық тарихындағы ең жоғары көрсеткіш. Бұрынғы рекордтар бұл санның жанында ғана емес, сапалық жағынан да қарапайым болып көрінеді. Баға жағынан да нарық таңғаларлық деңгейге көтерілді. Қаңтар айының соңында алтын бағасы бір унциясы үшін 5000 доллардан асып, 5600 долларға дейін жетті. Дегенмен көп ұзамай күрт төмендеп, аптаның соңында бір унция 4982 доллар болып бекітілді. Осыған қарамастан, апта ішіндегі өсім шамамен 0, 7 пайызды құрады. Жыл басынан бері алтын бағасы шамамен 14 пайызға артқан. Қазір жүздеген долларға ауытқу нарық…
Ғалымдар Англияның Саффолк графтығынан ежелгі адамдар от тұтатқан ең көне дәлел тапты. Бұл от жағу орны шамамен 415 мың жыл бұрын неандертальдықтар тарапынан жасалғаны анықталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Осы жаңалық адамзат эволюциясындағы маңызды кезеңнің бұған дейін болжанған мерзімнен әлдеқайда ерте болғанын көрсетеді. Археологтар Барнхэм ауылы маңындағы бұрын кірпіш өндіруге арналған көне саз карьерінен ерекше жәдігерлер от әсерінен өзгерген саз қабатын, ыстықтан сынған шақпақтас құралдарын және екі дана темір пиритті тапқан. Темір пирит шақпақтасқа соғылғанда ұшқын шығарып, от тұтатуға мүмкіндік беретін минерал. – Адамдар пиритті арнайы от жағу мақсатымен осы орынға алып келген деп ойлаймыз. Бұл жаңалық отты әдейі тұтату тәжірибесінің…
Елнұр Бейсенбаев Президент әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, деп жазады Ertenmedia.kz. «Мемлекет басшысының өкімімен Елнұр Сабыржанұлы Бейсенбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды», – делінген хабарламада. Елнұр Бейсенбаев 1986 жылы Кентау қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Саясаттану бакалавры» және «Саясаттану магистрі» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын «Болашақ» республикалық қозғалысының белсендісі, волонтері және жастар қанатының жетекшісі болып бастаған. Әр жылдары «Болашақ» қозғалысы төрағасының орынбасары, «Жастар Үні» журналының бас редакторының орынбасары, «Жастар Үні» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қазақстанның халықтық-коммунистік партиясының Алматы қалалық филиалының хатшысы қызметтерін атқарған. 2017-2019 жылдары «Qadam PRO» ЖШС директоры болса,…
Белгілі кәсіпкер Марғұлан Сәрсенбай Біріккен Араб Әмірлігі үкіметінен ерекше құрмет «алтын визаға» (Golden Visa) алды, деп жазады Ertenmedia.kz. «Алтын виза» (Golden Visa) – БАӘ үкіметінің шетелдік инвесторларға, талантты кәсіпкерлерге, ғылым мен мәдениет саласындағы көрнекті тұлғаларға беретін ұзақ мерзімді, 10 жылдық арнайы резиденттік рұқсаты. Бұл визаның басты ерекшелігі оның иесіне БАӘ аумағында өмір сүріп, бизнес жүргізуге, еркін жүруге, сондай-ақ тұрақты түрде тұруға рұқсат беретіндігінде. Бұрынғы визалардан айырмашылығы иесі БАӘ-де тұру мерзімін ұзартып отыру үшін демеуші (спонсор) іздеуге міндетті емес. «Алтын визаны» кімдер ала алады? Инвесторлар. БАӘ-де 2 млн дирхамнан (шамамен 545 мың АҚШ доллары) астам инвестиция салған азаматтар. Кәсіпкерлер. Инновациялық жобаларды…
Ғалымдар ғарыштағы алып қара құрдымнан бұрын-соңды болмаған, аса қуатты жарқылды бақылады, деп жазады Ertenmedia.kz. Мамандардың болжамынша, бұл ерекше жарқыл алып қара құрдым өзіне тым жақын ұшып өткен алып жұлдызды жұтып қоюы салдарынан туындаған оқиға екенін алға тартты. Зерттеушілердің мәліметіне сүйенсек, жарқыл шарықтау шегіне жеткен сәтте Күннен 10 триллион есе жарық болған. Алып қара құрдым Жерден шамамен 11 миллиард жарық жылы қашықтықта орналасқан. Ал оның массасы Күн массасынан 300 миллион есе үлкен. Бір жарық жылы дегеніміз шамамен 9,5 триллион шақырым қашықтық. Қара құрдым ғарыштағы өте тығыз және ауыр дене, оның тартылыс күші соншалықты, жарықтың өзі одан қашып құтыла алмайды. Ғалымдар көптеген…










