Автор: Лейла Болтаева

құрылыс

Алматыда инклюзивті спортты дамытып, параспортшыларға қолдау көрсететін жаңа спорт кешенінің құрылысы басталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Спорттық орталық мүмкіндігі шектеулі жандар үшін спорт инфрақұрылымының қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Екі қабатты заманауи кешеннің жалпы ауданы – 7,6 мың шаршы метр. Мұнда бассейндер, әмбебап әрі жаттығу залдары, үстел ойындары, үстел теннисі мен садақ атуға арналған арнайы бөлмелер, сондай-ақ конференц-зал орналаспақ. Жаңа инклюзивті спорт орталығында жүзу, жеңіл атлетика, пауэрлифтинг, бадминтон, үстел теннисі, дзюдо, таэквондо, отырып ойнайтын волейбол, голбол, бочча, арба биі, паравелоспорт, ату спорты және басқа да бейімделген спорт түрлерінен жаттығулар ұйымдастырылады. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың тамыз айында басталды. Спорт кешенін толық пайдалануға беру 2026…

Толық оқу
Айрау

Қазақстандық танымал продюсер Баян Алагөзованың қызы Айару әлеуметтік желіде өзіне күтім жасау мен гаджетке тәуелділік туралы ой қозғап, философиялық жазба жариялады, деп жазады Ertenmedia.kz. Айарудың сөзінше, өзіңді жақсы көру дегеніміз – денсаулығыңа мән беріп, дұрыс тамақтанып, таза әрі ұқыпты жүру. – Денсаулығыма мән беруді айтсам, анам күлетін шығар. Себебі ол менің бұл мәселеде немқұрайлы екенімді үнемі ескертіп отырады. Өзіңнің уақытыңды құрметтеу – күн тәртібін сақтау, телефонға тәуелді болып, тәулік бойы одан көз алмай отырмау. Әрине, менің бұл тұста жұмыс істейтін тұстарым бар. Өміріңді босқа өткізбеу маңызды, – дейді Айару. Дегенмен, блогер бұл қағидаларды ұстанудың кейде қиынға соғатынын да жасырмайды. Ол…

Толық оқу
папиллома

Онколог Алексей Шевчук адам ағзасындағы папилломалардың кейбір түрлері қатерлі ісікке айналуы мүмкін айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Папилломалар адамның папиллома вирусы (АПВ) жұққаннан кейін тері мен шырышты қабаттарда пайда болатын түзілістер. Мамандардың айтуынша, бүгінде АПВ-ның 200-ден астам түрі анықталған. Олардың арасында қатерлі ісікке әкелетін түрлері бар. Атап айтқанда, олар жатыр мойны, жыныс мүшелері, вульва, қынап, анальді аймақ және көмей ісіктерін тудыруы мүмкін. «Әрбір папиллома мұқият бақылауды қажет етеді. Оның тез үлкеюі, гиперпигментацияның пайда болуы немесе қан кетуі дәрігерге дереу жүгінуді талап етеді», – дейді Алексей Шевчук. Мұндай белгілер вирус тудырған папилломаның қатерлі ісікке айналуы немесе тіпті басқа себептен, мысалы, меланома сияқты…

Толық оқу
Жұлдыз жорамал

Эмоцияңызды еркін жіберудің арты күтпеген жағдайларға әкелуі мүмкін. Сондықтан жұлдыздар бүгін сезімдеріңізді сабырға жеңдіріп, байыпты болуға шақырады, деп жазады Ertenmedia.kz. Тоқты Табиғи тартымдылығыңыз бүгін ерекше байқалып, айналаңыздағы адамдармен тез тіл табысасыз. Жалғыз жүрген Тоқтылар үшін қызықты таныстық болуы ықтимал. Қазіргідей кезеңде басталған қарым-қатынас болашаққа жол ашады. Жұбы бар жандар үшін бүгін романтикалық кеш өткізіп, байланысты тереңдетуге ыңғайлы уақыт. Жаңа бастамаларыңызды ұсынуға да таптырмас мүмкіндік. Торпақ Айдың әсерімен бүгінгі күн берекелі әрі тұрақты өтеді. Торпақ белгісіндегі жандар үшін бұл өте маңызды. Жұмыстарыңызды жүйелеп, жоспарлап қоюға сәтті күн. Жақын адамыңызбен арадағы жылулық ерекше сезіледі. Кәсіби салаңызда өзгерістер күтіледі. Егіздер Бүгін ортаның назарында…

Толық оқу
ауа райы суық боран көктайғақ

Қазақстанның көп бөлігінде 7 ақпан күні ауа райының қысқы сипаты сақталады. Әсіресе солтүстік, шығыс және орталық облыстарда аяз күшейіп, қар жауып, бұрқасын соғады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, деп жазады Ertenmedia.kz. Петропавл, Қостанай және Көкшетау қалаларында күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді. Түнде ауа температурасы −20…−26 градусқа дейін төмендейді, күндіз −13…−15 градус шамасында сақталады. Павлодар мен Қарағандыда қар жауып, бұрқасын соғады. Жолдарда көктайғақ болуы ықтимал. Қарағандыда түнгі мезгілде жел екпіні күшейеді. Бұл өңірлерде ауа температурасы −10…−15 градус аралығында. Жезқазғанда түнде аздап қар жауады, күндіз ауа температурасы −8…−10 градус болса, түнде −18 градусқа дейін төмендейді. Өскемен мен Семей қалаларында қар жауып,…

Толық оқу
Ауа райы жаңбыр

7 ақпан, сенбі күні еліміздің басым аумағында ауа райы жауын-шашынды болады, деп жазады Ertenmedia.kz. Астанада көшпелі бұлт шығады, күн жауын-шашынсыз. Жел жылдамдығы – 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -16…-18°C, күндіз -13…-15°C шамасында. Алматыда ауа райы құбылмалы болып, жаңбыр жауып, қарға ұласуы мүмкін. Жел жылдамдығы – 3-8 м/с. Түнде температура -2…-4°C болса, күндіз 0…+2°C аралығында. Шымкентте күн құбылмалы, жауын-шашын болмайды. Жел – 8-13 м/с. Температура түнде -1…-3°C, күндіз +4…+6°C аралығында болжанды. Ақтауда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін. Түнде -6…-8°C, күндіз 0…+2°C шамасында. Ақтөбеде аспан ашық, жауын-шашын жоқ. Жел – 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -23…-25°C,…

Толық оқу
Пәкістанда жарылыс

Пәкістан астанасы Исламабадтағы шииттер мешітінде 6 ақпан күні болған жарылыс салдарынан кем дегенде 31 адам қаза тауып, 170-ке жуық адам жарақат алды, деп жазады Ertenmedia.kz. Оқиға жұма намазы кезінде болған. Полицияның мәліметінше, шабуыл жасаған жанкешті мешітке кіре берісте тоқтатылған кезде жарылғыш затты іске қосқан. Дегенмен куәгерлердің айтуынша, шабуылдаушы алдымен қауіпсіздік күштеріне оқ атып, кейін ғимарат ішінде жарылғыш белбеуін іске қосқан. Қазір жарылыс орнында жедел жәрдем бригадалары жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендердің біразы ауыр халде. Исламабадтағы ауруханалардың бірінде төтенше жағдай жарияланғанын жергілікті Dawn басылымы хабарлады. Соңғы жылдары Пәкістанның шекаралық өңірлерінде экстремистік ұйымдар белсенділік танытып келеді. Олардың ішінде «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымы…

Толық оқу
Жазушылар одағы

Алматыдағы Достық үйінде Қазақстан Жазушылар одағының ұйымдастыруымен жаңа Конституция жобасына арналған мазмұнды жиын өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Басқосуға шығармашылық зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, Мәжіліс депутаттары мен Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшелері қатысып, ел дамуы үшін айрықша маңызы бар құжат төңірегінде ой бөлісті. Жиынды Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының төрағасы Мереке Құлкенов жүргізіп, сөз басында жаңа Конституцияның тек құқықтық қана емес, рухани құжат екенін атап өтті. – Жаңа Конституция еліміздің рухани бағдарын айқындайтын басты құжат. Бұл Ата Заңда әділеттілік, жауапкершілік пен азаматтық сана сияқты ұғымдар көрініс табуы қажет. Осы тұрғыда жазушылардың айтары бар, себебі Конституциядағы әр сөз – халықтың жанын, рухын білдіретіндей болуы…

Толық оқу
Мадияр Оразалиев

Сайрам ауданында биылғы жылдың соңына дейін жалпы сомасы 43,9 млрд теңгені құрайтын 21 инвестициялық жоба жүзеге асырылады, деп жазады Ertenmedia.kz. Осы жобалардың нәтижесінде аудан көлемінде 1232 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Бұл туралы Сайрам ауданының әкімі Мадияр Оразалиев БАҚ өкілдерімен өткізген арнайы брифинг барысында мәлімдеді. Аудан басшысы атап өткендей, қазіргі таңда Сайрам өңірінің өндірістік әлеуетін арттыру мақсатында бірнеше маңызды жобалар қолға алынып жатыр. Солардың ішінде, құрылысы 95%-ға аяқталып қалған «Kuzov Karabulak» ЖШС ерекше орын алады. Бұл кәсіпорын автобөлшектер өндірумен айналысып, жобаға 2,5 млрд теңге инвестиция тартылған. Аталмыш зауытта 500 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Мадияр Мұхтарұлы өткен жылы атқарылған жұмыстарға да кеңінен…

Толық оқу
Нұрдәулет Қилыбай

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың Конституциядағы қазақ тілінің мәртебесіне қатысты пікірі әлеуметтік желіде кеңінен таралып, қоғам назарын аударды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оның бұл мәлімдемесі қазіргі уақытта талқыланып жатқан конституциялық өзгерістер аясында аса маңызды әрі өзекті мәселе ретінде қарастырылуда. Әкімнің айтуынша, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі Конституцияда нақты белгіленген әрі ол өзгермейтін аксиома ретінде сақталады. – Қазақ тілі бұл біздің ана тіліміз. Конституцияның 7-бабының 1-тармағында мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілі анық көрсетілген. Бұл мәселеге қатысты ешқандай дау жоқ және болуы да мүмкін емес. Ал жиналыстарда, мемлекеттік ұйымдарда қазақ тілімен қатар ресми түрде орыс тілін пайдалануға да мүмкіндік берілген. Бұл Конституцияда белгіленген норма, – деді…

Толық оқу