Ауа райының нашарлауына байланысты Астанадағы бірінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары 6 ақпан күні қашықтан оқуға көшірілді, деп жазады Ertenmedia.kz. «Қазгидромет» болжамы бойынша, 6 ақпанда Астанада бұлтты болып, қатты жауын-шашын (көбінесе қар), көктайғақ күтіледі. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз -1…-3°C болып, әрі қарай төмендейді. Бүгін оңтүстікте дауылды жел соғады. Барлық өңірлерде ауа райы өте қолайсыз.
Автор: Лейла Болтаева
«Дьявол носит Prada 2» фильмі әлі жарыққа шықпай жатып рекорд орнатты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. 20th Century Studios студиясының мәліметінше, фильмнің трейлері бір тәулікте 222 млн рет қаралған. Бұл – студия үшін рекордтық көрсеткіш. Бұған дейін, 2025 жылы шыққан қысқа тизер де бір күнде 181,5 млн қаралым жинаған болатын. «Дьявол носит Prada» фильмінің алғашқы бөлімі 2006 жылы жарық көріп, көрермен ықыласына бөленген еді. Онда сән әлемінің қатал талаптары мен ішкі тартыстары көрсетілді. Жаңа бөлімде бұрынғы актерлер Мэрил Стрип, Энн Хэтэуэй, Эмили Блант және Стэнли Туччи қайта оралды. Мэрил Стрип сән әлеміндегі қатал Миранда Пристли рөлін қайта сомдайды. Энн Хэтэуэйдің кейіпкері Энди Сакс…
Таиландтағы Кхао-Яй ұлттық саябағында туристі піл таптап өлтірді, деп жазады Ertenmedia.kz. Оқиға таңғы сағат 05:30 шамасында болған. 69 жастағы турист кемпинг аумағында серуендеп жүрген кезінде орман шетіндегі пілмен бетпе-бет келген. Куәгерлердің айтуынша, піл кенеттен ер адамға шабуылдап, оны тұмсығымен көтеріп, жерге лақтырып, таптап кеткен. Басқа туристер қауіпсіздік мақсатында араласпаған. Ер адам өз шатырынан 20 метр қашықтықта оқиға орнында көз жұмды. Оқиға туралы хабар жеткен соң ұлттық саябақ қызметкерлері мен полиция келіп, пілді кемпинг аумағынан алыстатқан. Медициналық тексеру нәтижесінде марқұмның аяқ-қол сүйектері сынғаны және ауыр дене жарақаттары алғаны белгілі болды. Қайтыс болған адамның кім екені анықталды ол 69 жастағы Джиратхачай Джирапатбуньяторн…
6 ақпанға арналған жұлдыз жорамалын астрологтар ұсынады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Тоқты «Сыйлық әкелгендердің де сыйынан сақ бол! » деген дана сөз әлі күнге маңызын жоғалтқан жоқ. Бүгін соны есіңізде ұстаңыз. Торпақ Бүгін ұсақ-түйекке мән бермей, жағдайды тұтас қараңыз. Сонда көп нәрсе анық әрі қызықты болады. Егіздер Жалғыздық та ләззат сыйлайды, әсіресе сирек әрі қалағаныңыз болса. Дегенмен, ұзақ жалғыздықтың зиянды екенін де ұмытпаған жөн. Шаян Айналаңыздағылардың сынай қарап, жақтырмаған көзқарастарына мән бермеңіз. Мүмкін олар жай ғана қызғаныштан істеп отырған шығар. Ашуға бой алдырсаңыз, өзіңізге зиян келтіресіз. Арыстан Ой-қиялыңыз бүгін өзіңіздің физикалық мүмкіндіктеріңізден асып түседі. Артық күш жұмсап, шаршап қалмаңыз. Бикеш Бүгін…
6 ақпанға арналған ауа райы болжамы: оңтүстікте дауылды жел, Астана мен солтүстік өңірлерде қатты жауын-шашын мен көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Астанада күн бұлтты, қар жауады, желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы тәулік бойы -1…-3°C, одан әрі төмендейді. Алматыда күн ала бұлтты, жаңбыр мен қар жауады, жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +4…+6°C болады. Шымкентте күн ала бұлтты, жаңбыр мен қар жауады, жел екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы тәулік бойы +2…+4°C аралығында. Ақтауда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -10…-12°C, күндіз 0…-2°C аралығында. Ақтөбеде күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 2-4…
Жаңа Конституция жобасындағы 18-бапты нақтылау қажет. Бұл туралы Конституциялық комиссияның VIII отырысында ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Жандос Өмірәлиев мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, Конституция жобасының 18-бабына қатысты заңгерлер мен сарапшылардан бірнеше ұсыныс түскен. – Осы баптың 2-тармағында: «Сот шешімінсіз адамды заңда көзделген мерзімнен артық ұстауға болмайды» деп жазылған. Бұл тұжырым жалпы алғанда дұрыс. Алайда оның орыс тіліндегі нұсқасында «мерзімнен артық ұстау» деген шешуші сөз тіркесі түсіп қалған, – деді Жандос Өмірәлиев. Оның пікірінше, бұл кейбір мамандардың «сот шешімінсіз күдіктіні ұстауға мүлдем болмайды» деген түсінігіне әкелуі мүмкін. – Мәтінге зер салып қарасақ, шынымен де солай ойлауға негіз бар. Алайда…
Конституцияның қазақ тіліндегі мәтінімен жұмыс істейтін арнайы топ құрылып, маңызды әрі сапалы жұмыс атқарылды. Бұл туралы Конституциялық комиссияның сегізінші отырысында ҚазГЗУ АҚ басқарма төрағасы, профессор Талғат Нәрікбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, Конституция мәтініндегі терминдер жүйеленіп, қазақ тілінің заңдылықтары мен ерекшеліктеріне сай реттелген. – Комиссияның алғашқы отырысында көтерілген терминдерді біріздендіру мәселесі толық ескерілді. Бұған дейін заңгерлер қолданыстағы Конституцияда «құқылы», «хақылы», «құқығы бар», «құқығы жоқ», «хақысы бар» секілді терминдердің бір мәтінде әртүрлі қолданылуын сынға алған еді. Жаңа мәтінде осы терминдер нақты мағынасына қарай жүйеленіп, бірізділік сақталды. Сонымен қатар терминологияда қазақ тілінің табиғи заңдылықтары мен ерекшеліктері басты назарға алынды, – деді…
Түркістан облысында 200 орындық жаңа перинаталдық орталықтың құрылысы ресми түрде басталды. Маңызды медициналық нысан Ордабасы ауданының Ордабасы ауылында салынып жатыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Орталықтың іргетасын қалау рәсіміне Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысты. Әкімнің айтуынша, бұл жобаның маңызы зор өңірдегі демографиялық өсім мен халық санының тұрақты артуы осындай заманауи медициналық нысандардың қажеттілігін тудырып отыр. – Бүгін Түркістан облысында тағы бір игі бастаманың куәсі болып отырмыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында медициналық инфрақұрылымды дамыту керектігін ерекше атап өткен болатын. Бүгін соның нақты қадамы ретінде жаңа перинаталдық орталықтың іргетасын қаладық. Бұл орталық Ордабасы, Бәйдібек, Сайрам, Түлкібас аудандары мен Арыс қаласының тұрғындарына…
ҚР Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы, Конституциялық комиссияның мүшесі Сатыбалды Дәулеталин жаңа Конституция жобасы бойынша кәсіподақ ұйымдарының өкілдерімен кездесу өткізді. Жиында негізгі заңның еңбек адамын қорғауға бағытталған тұстары жан-жақты талқыланды, деп жазады Ertenmedia.kz. ҚРКФ Төрағасы Сатыбалды Дәулеталин жаңа Конституциядағы басты құндылық адам екенін атап өтті. – Жаңа Конституция жүйеден жоғары тұратын адам құндылығын бекітетін құжат. Онда еңбек ету құқығы, лайықты жалақы мен еңбек жағдайына қатысты мемлекеттің жауапкершілігі нақты белгіленген. Енді заңдар бір ғана орталықтың қалауымен емес, халықтың қатысуымен қабылданады. Әрбір жұмысшының өз дауысын естіртуге мүмкіндік беретін қадам, – деді Сатыбалды Дәулеталин. ҚРКФ Төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев Конституция жобасында «еңбек ету бостандығы» ұғымының…
Қазақстан Ұлттық банкі «Цифрлық теңгені шығару, айналымға енгізу және өтеу тәртібін бекіту туралы» қаулы жобасын әзірлеп, талқылауға ұсынды, деп жазады Ertenmedia.kz. Цифрлық теңге ұлттық валютаның цифрлық үлгісі және заңды төлем құралы. Оның шығарылуы, айналымы және өтелуі Ұлттық банктің Цифрлық теңге платформасында жүзеге асады. Жеке және заңды тұлғалар үшін цифрлық шоттарды банктер мен жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар ашады және қызмет көрсетеді. Қаулы жобасы цифрлық теңгені шығару, айналымға енгізу және өтеу ережелерін, оның ішінде цифрлық шоттарды ашу, жүргізу және жабу тәртібін, цифрлық теңгенің таңбалануын, смарт-келісімшарттарды қолдануды, сондай-ақ Цифрлық теңге платформасы қатысушыларына қойылатын талаптар мен олардың өзара іс-қимыл тәртібін белгілейді. Құжатты…










